Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и развитии системы образования білім беру жүйесінің жағдайы



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата13.02.2017
өлшемі1,4 Mb.
#4045
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СТАТИСТИКИ И ОЦЕНКИ
Астана – 2014
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ 
ПО ПОДГОТОВКЕ ОБЛАСТНОГО ДОКЛАДА 
О СОСТОЯНИИ И РАЗВИТИИ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ 
МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЯНДАМАНЫ
 ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
 ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ ЖƏНЕ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ 
 
 
 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 
ДАМУЫ ТУРАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЯНДАМАНЫ 
ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК 
ҰСЫНЫМДАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСТАНА-2014 

 
2 
УДК 37.0 
ББК 74.00 
М54 
 
М54  Білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  дамуы  туралы  облыстық  баяндаманы 
дайындау  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар.  Г.А.Ноғайбаева,  Р.М.Бекіш, 
С.Б.Алшынбаева , Д.М. Қаражанова– Астана:ҰБСБО, 2014, - 111 бет.  
 
ISBN 978-601-7080-86-0 
 
Білім  басқармаларының  барлық  деңгейіндегі  мамандарына  арналған 
ұсынымдар  білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  дамуы  туралы  жыл  сайынғы 
облыстық  баяндаманы  дайындаудың  әдістемелік  материалдарын    (құрылымы, 
көрсеткіштер  жүйесі,  индикаторлар  мен  статистикалық  деректерді  талдау 
жасауға арналған есептеу әдістемесі) қамтиды. 
Ұлттық  білім  беру  статистикасы  және  бағалау  орталығының  Ғылыми-
әдістемелік  кеңесімен  (2014  жылғы  15  қаңтардағы  №1  хаттамасы)  басып 
шығаруға ұсынылған. 
 
ISBN 978-601-7080-86-0                                                 
 
 
УДК 37.0 
ББК 74.00 
 
 
 
 
©ҰБСБО Баспа қызметі, 2014 

 
3 
МАЗМҰНЫ 
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ 

КІРІСПЕ 

1. 
Баяндаманың  мақсаты мен міндеттері 


Баяндама дайындаудың ұйымдастыру кезеңдері 

3. 
Баяндаманың құрылымы 

4. 
Баяндаманың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар 
13 
5. 
Облыстық  білім  беру  саласының  жағдайы  мен  дамуын 
сипаттайтын индикаторлар тізбесі және есептеу әдістері 
16 
 
5.1.  Білім  беру  жүйесінің  қызметі  мен  дамуындағы  әлеуметтік-
экономикалық және демографиялық жағдайлар  
16 
 
5.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 
17 
 
5.3. Жалпы  орта білім беру 
20 
 
5.4. Техникалық және кәсіби білім беру 
34 
 
5.5.
 
Арнайы білім беру ұйымдары 
39 
 
5.6.Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім 
балаларға арналған білім беру ұйымдары  
 
40 
ГЛОССАРИЙ 
41 
БИБЛИОГРАФИЯ 
47 
ҚОСЫМША 
51 
 
 

 
4 
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗБЕСІ 
 
АҚ 
Акционерлік қоғам 
АБҰ 
Автономиялы білім беру ұйымдары 
ЖІӨ 
Жалпы ішкі өнім  
ОЖСБ 
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 
ЖОО 
Жоғары оқу орны 
МЖБС 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 
НЗМ 
БДМБ 
Назарбаев Зияткерлік мектебі 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы  
МДҰ  
Мектепке дейінгі ұйым 
АКТ 
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар  
ҰБТ 
Ұлттық бірыңғай тестілеу  
КТ 
Кешенді тестілеу  
ЖБ 
Жергілікті бюджет  
ЖАО 
Жергілікті атқарушы органдар 
ШЖМ 
Шағын жинақты мектеп 
ҚР БҒМ 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
МТБ 
Материалдық -техникалық база  
ҰБДҚ 
Ұлттық білім берудің деректер қоры 
ҰБСБО 
Ұлттық білім  беру статистикасы және бағалау орталығы  
ҰБТО  
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы  
ҚК 
Қамқоршылық кеңес 
ПОҚ  
Профессорлық-оқытушылық  құрам 
ЖОБ 
Жалпы орта білім 
ТжКБ 
Техникалық және кәсіби білім 
PISA 
(Programme for International Student Assessment) 15 жастағы 
оқушылардың білім жетістіктерін  бағалаудың Халықаралық 
бағдарламасы  
TIMSS 
(
Trend  in  International  Mathematics  and  Science  Study) 
математикалық және жаратылыстану бағытындағы мектептегі 
білім беру сапасын халықаралық зерттеу 
 

 
5 
КІРІСПЕ 
 
 
Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асырудың  2011-2015  жылдарға 
арналған  іс  шаралар  жоспарынының  49  –шы    тармағына  сәйкес  білім  беру 
жүйесінің  жағдайы  мен  дамуы  туралы  жыл  сайынғы  облыстық  баяндаманы 
дайындауды  әдіснамалық  қамтамасыз  ету  мақсатында  осы  әдістемелік  құрал 
ұсынылып отыр. 
ҚР  БҒМ    Ұлттық  білім  беру  статистикасы  және  бағалау  орталығы 
(Орталық)  өзінің    оң  тәжірибесі  арқылы  оқырман  қауымға  арнап  жыл  сайын 
шығарып  жүрген  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  дамуы  туралы 
Ұлттық  баяндамасы  негізінде  дайындалған  әдістемелік  құрал  ұсынымдық 
сипатқа ие. 
 
Бүгінгі  таңда  халықаралық  ұйымдар  елдерді  экономикалық  және 
әлеуметтік  деңгейінің  көрсеткіштері  бойынша  жіктеу  үшін  сандық 
статистикалық  мәліметтерді  ғана  емес,  сондай-ақ  білім  беру  үрдісіне 
қатысушыларға  сұрау  салу  арқылы  анықталған  сапалық  мәліметтерді 
пайдаланып жүр. Сондықтан, қоғам мен білім беру жүйесінің барлық деңгейлері 
арасында    жаңа  сападағы  диалогтарды  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру  туралы 
ақпараттарды  жүйелі  түрде  дайындау,  жариялау  және  тарату  қажеттілігі 
туындады. 
 
Білім  беру  жүйесінің  қызметі  туралы  тұтынушылардың  қажеттілігін 
қанағаттандырудың ең тиімді жолы-білім беру басқармасы органдарының/білім 
беру  ұйымдарының  білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  даму  перспективалары 
туралы қоғам алдында қызығушылық танытқан барлық тараптарды жүйелі түрде 
ақпараттандыруды  қамтамасыз  ететін  есеп  түріндегі  талдамалық  құжат    бұл-
облыстық баяндама болып табылады (бұдан әрі-Баяндама). 
 
Баяндама  мазмұнында  білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  дамуын 
көрсететін  «білім  беру  сапасы»  ұғымы  үш  шешуші  фактор  арқылы:  білім  беру 
жүйесінің  нәтижелілігі,  қаржыландыру  және  басқарудың  тиімді  механизмдері 
қызмет ететін жағдайлар, сондай-ақ негізгі проблемалары мен бағыттарын  және 

 
6 
ұсыныстарын  анықтайтын  индикаторлар  мен  көрсеткіштерді  кешенді 
салыстырулар және мәнмәтіндік талдаулар көрініс табуы қажет. 
Баяндамада  білім  беру  ұйымы  жұмысының  нәтижелілігі,  жетістіктері, 
дамуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ білім алушылар санының кему себептерін 
анықтау:  қандай  жағдайда  және  қандай  шаралар  қабылданғаны  көрініс  табуы 
тиіс.  Қорытындыда  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  білім  беру 
проблемалары,  негізгі  бағыттар  сипаты,  келесі  кезеңнің  басымдықтары  және 
сапасын тиімді басқаруға арналған ұсыныстар беріледі. 
Баяндаманың  қорытындысы  мен  ұсыныстары  мемлекеттің  білім  беру 
саясаты  мен  өңірлік  даму  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  аясында  қажетті 
шешімдер  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Білім  беру  жүйесі  қызметінің 
ашықтығын,  шынайылығын  қамтамасыз  ететін  талдамалық  баяндаманың 
маңыздылығымен    қатар,  аудандық,  мектептік  баяндамалар  дайындау  қажеттігі 
туындады. 
Баяндама  заң  шығарушы  билікті,  жергілікті  атқарушы  органдарды,  білім 
беру  жүйесі  қызметкерлерін,  ата-аналарды  білім  беру  жүйесінің  нәтижелері, 
әлеуеті,  білім  беру  ұйымдарының  қызмет  ету  жағдайлары  мен  проблемалары  
туралы объективті және нақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. 
 
Баяндама  жарияланатын  негізгі  ақпарат  арнасы  облыстық  Білім 
басқармаларының  ресми  сайты  болып  табылады.  Талдамалық  құжаттарды 
таратып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктерді 
талқылауға  тарту,  білім  беру  қызметтерін  тұтынушыларды  қатыстыра  отырып, 
ашық  баяндамалардың  (облыстық,  аудандық,  мектептік)  байқауларын 
ұйымдастыруды тәжірибеге енгізуді ұсынамыз. 
 Баяндаманы  жариялайтын  және  білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің 
Республикалық конференциясында таныстыру мақсатында ҚР Білім және ғылым 
министрлігіне ұсынатын оңтайлы уақыт ағымдағы жылдың 1 тамызы.  
Облыстың білім беру жүйесінің  жағдайы мен дамуы туралы жыл сайынғы 
баяндаманы дайындауға ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау 
орталығы өңірлерге кеңестер береді (1 қосымша). 
 
 

 
7 
1.
 
Баяндаманың мақсаты мен міндеттері 
 
 
Баяндаманың  мақсаты    -  облыстың  білім  беру  жүйесінің  жағдайы, 
қызметінің  нәтижелері  мен  дамуы  туралы  қоғамды  объективті  және  нақты 
ақпаратпен қамтамасыз ету. 
Баяндаманың міндеттері: 
- белгілі бір кезеңдегі негізгі даму көрсеткіштер динамикасы арқылы білім 
беру жүйесінің жағдайына кешенді сипаттама; 
- облыстағы білім беру жүйесінің жағдайы мен даму көрсеткіштеріне және 
индикаторларына талдау жасау және  түсініктеме беру; 
- негізгі проблемаларды, тенденцияларды және білім беру жүйесінің басым 
бағыттарын анықтау. 
Баяндама  білім  берудің  мемлекеттік  және  әкімшілік  статистикалық 
мәліметтерін      салыстырмалы  және  мәнмәтіндік  талдау  әдістері  негізінде 
дайындалады. 
Салыстырмалы  талдау  -  аудандық  білім  бөлімдерінің  жылдар  бойынша 
даму  динамикасын  және  қаралған  кезеңдегі  білім  беру  жүйесінің  жалпы 
жағдайын тұтастай көрсету. 
Мәнмәтіндік  талдау  -  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  және 
мемлекеттің  білім  беру  саясатынының    тиімділігіне  байланысты  білім  беру 
жүйесінің дамуы туралы ақпарат. 
Білім  беру  жүйесіндегі  динамикалық  талдауға  негізделген  өзгерістерді 
бақылау.  Соның  ішінде  динамикалық  қатардың  3  жылдық  көрсеткіштерін, 
жекелеген жағдайда - 5 жылға дейінгі оқушылар контингентінің демографиялық 
мәліметтері қамтылады. 
 
 
 
 
 

 
8 
2.
 
Баяндама дайындаудың ұйымдастырушылық  кезеңдері 
 
Баяндама дайындау ұзаққа созылатын үрдіс және ол мынандай ұйымдастыру 
кезеңдерін қамтиды. 
-
 
Жұмысшы тобын құру және жұмыстарды үйлестірушіні бекіту. Облыстық 
білім  басқармасы  басшысының  бұйрығымен  жұмысшы  тобының  құрамы 
бекітіледі және ереже бойынша құрамына тәуелсіз орталықтар мен білім сапасын 
бағалау қызметтерінің мынандай санаттағы: мамандары мен әдіскерлері кіреді. 
-
 
Жұмыстың  жоспар  -  кестесі  бекітіледі.  Жұмыстың  жоспар  –  кестесі 
бойынша  орындалатын  жұмыстар  жан-жақты  қаралып,  баяндаманың  алғашқы 
нұсқасын дайындауға ерекше назар аударылады.  
-
 
Жариялайтын  баяндаманың  сұлбасы  әзірленеді  және  келісіледі.  Баяндама 
сұлбасында  оның  құрылымындағы  әр  тараудың  негізгі  мазмұны  және 
талдамалық  қорытындыға  қажетті  кестелер  мен  диаграммалар  тізімі  көрініс 
табады.  Сұлба  әзірлеу  арқылы  баяндаманы  неғұрлым  нақтырақ  құрылымдауға, 
бөлімдер  мен  тарауларды  белгілеуге,  салыстырмалы  талдауларға  арналған 
көрсеткіштер  тізбесін  анықтауға  болады.  Сұлба  әзірлеуге  арналған  жобалық 
семинар  аясында  нысаналы  топтардың  өкілдерін  (жергілікті  атқарушы 
органдардың,  қоғамдық  ұйымдардың,  ата-аналардың    және  педагогикалық 
қауымдастық өкілдері ) тарту мүмкін болады. 
-
 
Баяндама  деректерінің  базасының  қорын    қалыптастыру  (деректерді 
жинақтау  және  өңдеу).  Баяндама  дайындауға  қажетті  деректер  жинақтау  үшін 
қосымша статистикалық мәліметтерге сұраныстар құруда кіреді. 
-
 
Баяндама  мәтінін  құру.  Бұл  кезеңнің  нәтижесінде  әртүрлі  нысаналы 
топтарға және таныстыруға арналған  жобаның вариативті нұсқасын дайындауға 
болатын баяндама жобасы құрылады. 
-
 
Баяндама  мәтінін  келісу  және  бекіту.  Әртүрлі  нысаналы  топ  өкілдерін 
тарту  арқылы  баяндама  жобасын  талқылау  –  жария  түрдегі  сараптама  жүргізу 
оңтайлы  мүмкіндік.  Баяндаманы  талқылау  нәтижесі  бойынша  баяндама  соңына 
дейін өңделіп, білім  басқармаларының  шешімімен бекітіледі. 
-
 
Баяндаманы жариялауға және таратуға дайындық.  
 

 
9 
3. Баяндаманың құрылымы 
 
Кіріспе 
1.Білім беру жүйесі облыстың  әлеуметтік-экономикалық дамуының  
жетекші факторы ретінде 
2.Білім беру көлемі және қолжетімділігі 
2.1.Білім беру ұйымдарының желісі 
2.2. Білім беру ұйымдарының контингенті  
3. Қорларды пайдалану тиімділігі 
3.1.Білім беру жүйесін қаржыландыру 
3.2.Материалдық-техникалық база 
3.3.Кадрлық әлеует 
4.Білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру 
4.1.Сабақтар ауысымы 
4.2.Сыныптар толымдылығы (топ) 
4.3.Мұғалімдердің сағат жүктемесі 
4.4. Жоғары деңгейдегі интеллектуалды дамытатын білім беру ұйымдары 
5.Қосымша білім беру 
5.1.Сыныптан тыс жұмыстар 
5.2.Мектептен тыс ұйымдар 
6.Білім беру жүйесінің нәтижелілігі 
6.1.Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау 
6.2.Білім беру қызметінің сапасын тәуелсіз бағалау 
6.3. Орта мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуы 
7.Облыс аудандарының рейтингісі 
   Қорытынды және ұсынастар 
Глоссарий 
Библиография 
 
Баяндаманың  құрылымы  нақты  және  негізгі  идеяны  бейнелей,  ұтымды 
ойластырылып  құрылады және жыл сайын толықтырылып, түзетілуі мүмкін. 

 
10 
 
Баяндаманың құрылымдық бөліктерінің мазмұнына сипаттама 
Кіріспе 
Баяндаманың мақсаты мен міндеттері қалыптастырылып, баяндаманың 
құрылымдық бөліктері мен қосымшаның мазмұнына  әдістемелік тұрғыдан 
жалпы сипаттама беріледі. 
1) Білім беру жүйесі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 
жетекші факторы ретінде. 
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы көрсеткіштері; 
-Білім  беру  жүйесінің  әртүрлі  деңгейіндегі  өзгерістерді  жүзеге  асыруға  ықпал 
ететін білім беру саясатындағы негізгі ұстанымдар; 
-  Білім  беру  саясатының  декларацияланған    ұстанымдарын  жүзеге  асырудағы 
жағдайға, бағыттарға және проблемаларға талдау
- Мемлекеттің білім беру саясатын жүзеге асырылуына талдау жасау. 
 
2) Білім берудің көлемі мен қолжетімділігі 
-Барлық  деңгейлері  және  меншік  түрлері  бойынша    білім  беру  ұйымдарының 
желісі мен контингентіне талдау. 
-Тұрғындардың  білім  беру  бағдарламаларымен(білім  беру  сатылары,  деңгейлері 
бойынша)  қамтылуы  және  өзгермелі  сипаттамалар  (білім  алушылар 
контингентіндегі қозғалыстар,қайталап оқытудағы проблемалар және білім беру 
жүйесінің  барлық деңгейлері бойынша жоғалтулар). 
-Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың,  тұрғындардың  әлеуметтік  қорғалмаған 
бөлігіндегі  балалардың  білім  алуға  қолжетімділігі,  балаларды  білім  алу 
орындарына тасымалдау. 
-  Білім  берудің  көлемі,  оқу  орындарының  желісі  және  қолжетімділігі  бойынша 
аудандардағы білім берудің даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау.  
 
3) Қорларды пайдаланудың тиімділігі 
-Білім  беру  жүйесінің  қаржылық  қамтылуы,  сатылары  мен  деңгейлері  бойынша 
қаржы  қорларының  бөлінуі  және  жұмсалуы,  білім  беру  деңгейлері  бойынша 

 
11 
мемлекеттік  бюджет  шығындарының  құрылымы,  білім  берудің  нысаналы 
ағымдық    трансферттерінің  пайдаланылуы;  жергілікті  бюджеттен  білім  беру 
шығындары  ,  жалпыға  бірдей  білім  беру  қорына  қаржы  бөлу  және  оның 
пайдаланылуы. 
-Білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  жағдайы,  жатақханалар, 
білім 
алушылардың 
жатақханамен 
қамтылуы, 
ыстық 
тамақтың 
ұйымдастырылуы. 
-Білім  беру  ұйымдарының  кадрлармен  қамтылуы  және  педагогикалық 
кадрлардың сапалық құрамы. 
-Педагогтардың  оқу  жүктемесі,  еңбек  ақы  төлеу,  педагогикалық  кадрлардың 
біліктілігін арттыру және қайта даярлау. 
 
4)Білім беру үрдісін ұйымдастыру сапасы 
-Оқулықтармен, 
оқу-әдістемелік  кешендермен,  ғылыми  әдебиеттермен, 
компьютерлермен,    Интернетке  қолжетімділігімен,  интерактивті  тақталармен 
қамтылуы. 
-Оқу  кабинеттері,  зертханалар  және  олардың  жабдықталуы,  лингофондық  және 
мультимедиялық  кабинеттердің      болуы  және  жағдайы  ,  білім  алушылар  мен 
педагогикалық  кадрлардың  арақатынасы,  сыныптар  тлымдылығы  (топтар), 
сабақтар  ауысымы,  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  формалары,  оқыту  тілі,  көтеріңкі 
деңгейдегі бағдарламалармен оқыту. 
 
5) Қосымша білім беру 
Мектептердің  өзіндегі  сондай-ақ    мамандандырылған  ұйымдардағы  -  балалар 
шығармашылығы  үйлері  мен  сарайларында,  жас  техниктер  станцияларында, 
спорттық  және  көркем  өнер  мектептерінде  ,  тұрғылықты  жердегі  клубтар 
бойынша білім алушыларға қосымша білім берудің ұйымдастырылуы. 
 
6)Білім беру жүйесінің нәтижелері 
-Білім алушылардың білім алу жетістіктерінің деңгейі (үздік аттестаттар, «Алтын 
белгі» белгісімен аттестаттар). 

 
12 
-Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  қорытындылары  (ҰБТ, 
КТ, ОЖСБ). 
-Пәндік 
олмипиадалардың 
қорытындылары, 
оқушылардың 
ғылыми 
бірлестіктерінің қызметінің нәтижелері (ОҒҚ). 
-Білім  тапсырысы  бойынша  мектеп  түлектерінің  жоғарғы  оқу  орындарына  түсу 
қорытындылары. 
-Білім  беру  ұйымдарының  барлық  деңгейлері  бойынша  білім  алушылардың 
бітіруі. 
-Халықаралық  (TIMSS,  PISA)  және  ұлттық  мониторингтік  зерттеулер 
қорытындылары. 
-Білім  беру  ұйымдары  (9,11  сынып,  ТжКБ  түлектері)  түлектерінің  жұмысқа 
орналасуы және облыс  нарығында еңбекпен  қамтылуының құрылымы. 
 
7) Облыс аудандарының рейтингісі 
-Білім  беру  жүйесінің  іріктелген  көрсеткіштері  мен  индикаторлары  бойынша 
аудандарды  жіктеу. 
Аудандардағы білім беру жүйесінің жағдайына кешенді баға беру. 
- Аудандар рейтингісінің жылдар бойынша динамикасы. 
-Аудандардағы білім беру жүйесі дамуының күшті және әлсіз тұстары. 
-  Аудандардағы  білім  беру  жүйесінің  жағдайына  салыстырмалы  талдау                         
(2 қосымша). 
 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
-Облыстағы  білім  беру    жүйесінің  дамуы  бойынша  қорытындылар  мен 
ұсыныстар. 
-Өңірдегі білім беруді  басқару сапасын  және оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру  
бойынша тиімді шешімдер шығару үшін  ұсыныстар. 
 
 
 
 

 
13 
4. Баяндаманың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар 
 
Баяндама мына талаптарға жауап беруі қажет: 
-  Көкейтестілік  (білім  саласын  басқаруда    шешімдер  қабылдау  үшін 
мақсатты  топтардың  ақпараттық  қажеттілігіне  және  қызығушылығына  сай 
ақпараттар болуы қажет) ; 
-    Нақтылық (ақпарат дәл және негізделген болуы қажет) 
-  Қажеттілік  және  жеткіліктілік  (келтірілген  фактілер  мен  деректер 
негіздеуге немесе анықталған тезистерді және облыстық баяндаманың жағдайын 
иллюстрациялау үшін қызмет етуі тиіс). 
Баяндама 
құрылымынан
  оның  тараулары  мен  тармақтарын  қамтыған  
логикасы  көрініп  тұруы  тиіс.  Нақты  бөліктерге  бөлу  оқырманға      баяндамада 
бағдарлауға мүмкіндік береді және бір сюжетті екіншісінен бөледі. 
Әрбір  тараудағы  сандық  мәліметтерді,  кесте,  тізімдер  мен  тізбелерді 
неғұрлым көбірек пайдаланылған ақпараттар жинақты түрде ұсынылады. Әрбір 
тараудағы 
мәтіндік  бөліктер
  барлық  қызығушылық  танытушылар  үшін    оқуға 
түсінікті  шағын  көлемде    берілуі  қажет.  Әрбір  тараудың  соңында  берілген 
мәліметтерді  түсіндіретін  және  жинақтайтын    қысқаша  қорытынды  жасалады. 
Есепті  жыл  ішінде  білім  беру  жүйесінің  жеткен  нақты  нәтижелерін  әр  тарау 
бойынша анық белгілеудің  ерекше маңызы бар.  
 
Дереккөздерге  сілтеме
.  Баяндамада  талдамалық  материалдарды  немесе 
жүргізілген  зерттеулер  нәтижелерін  пайдалану  оқырмандарға  жұмыс 
жағдайынан  толық  мағлұмат
 
береді,  мәтінді  неғұрлым  қызықты  және  ерекше 
етеді. Сондықтан да міндетті түрде дереккөздерге сілтеме жасау қажет. 
Көрнекілік.
  Ұсынылған  қорытындылардың  оқырмандарға  қолжетімділігін 
қамтамасыз ету үшін көрнекті құралдарды: графиктер, диаграммалар, сызбалар, 
суреттерді  мүмкіндігінше    көбірек  пайдалану  қажет.  График  және  диаграмма 
түріндегі      иллюстрациялар  жүйе  дамуындағы
   
бағыттарды    көрнекі  түрде 
көруге,  баяндама  авторларының  қорытындаларын    иллюстрация  жасауға 
мүмкіндік береді. 

 
14 
Мәтінде  мүмкіндігінше  үлкен  көлемдегі  цифрлық    мәліметтерді 
тізбелеуден аулақ болған жөн, оқырмандардың көпшілігі үшін көрсеткіштер мәні 
емес, динамиканы бейнелейтін бағыттар маңызды. 
Сандық  мәліметтерді  графиктік  түрге  айналдыру  немесе  сәйкесінше 
талдамалық мәтін фрагментін түсініктемелері бар кестелерге (егер шағын болса) 
ауыстыру, немесе қосымшаға (егер кесте көлемді болса) сілтеме жасаған дұрыс.  
Баяндаманы  жариялау,  таныстыру  және  тарату.
  Баяндаманы  ресми 
бекітілгеннен  кейін  ғана  жариялауға  болады.    Жекелеген  брошюраны 
баспаханалық  басылым  немесе  «шағын  полиграфия»  құралдарымен  көбейтуге 
болады. Баяндаманың қысқаша нұсқасын БАҚ-да жариялауға болады. 
Жарияланатын баяндама жұмыстарының маңызды сәті оны 
таныстырудың 
түрі
 мен механизмдерін әзірлеу болып табылады. 
Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  барлық  ақпарат  құралдарын  белсенді  түрде 
қолдану  керек.  Сонымен  қатар,  баяндама  мәтінін  (оның  жарияланғаны  туралы 
ақпаратты  Интернет  желісіндегі  сайттың  мекен  жайымен)  алғаннан  кейін  бұл 
ақпараттарды қызығушылықпен білім беру жүйесінің дамуына ықпал ете алатын 
әртүрлі  қоғамдық  құрылымдарға,  заңды  және  жеке  тұлғаларға  бағыттауға 
болады.  Бұл  үшін  дәстүрлі  пошталық  таратуды  және  электрондық  поштаны 
пайдалануға болады. 
Нысаналы аудиторияларға арналған шараларда баяндаманы таныстыру да 
маңызды.  Жарияланатын  баяндаманы  оның  жұмысы  аяқталмас  бұрын 
семинарларда,  мәжілістерде  және  конференцияларда  таныстыруға  болады.  Бұл 
педагогикалық  қоғамдастық  пен  басқарушылар  тарапының  ол  өнімге  деген 
тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Облыстық баяндаманың соңғы нұсқасын таныстыруға және тартуға мына 
механизмдерді пайдалануға болады: 
-
 
ата-аналар жиналыстары, қызығушылық танытқан топтармен кездесулер, 
-
 
педагогикалық  кеңестер  мен      қамқоршылық  кеңестер  мәжілістерінде 
немесе  жария  түрдегі  есептерді  ұсынуға  толығымен  арналған  білім  беруді 
қоғамдық басқарудың басқа органдарының мәжілістерінде, 

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет