34
- дидактикалық жүйені ұсынатын технологияның тұтастық принципі;
- алға қойылған мақсаттарға жету үшін нақты педагогикалық ортада
технологияны жаңғырту принципі;
- педагогикалық құрылымдардың сызықсыз болу принципі және тиісті
педагогикалық жүйелердің өзін-өзі жүзеге асыру механизміне әсер ететін
факторлардың басымдылығы;
- оқыту процесін оқушының тұлғасына және оның танымдық қабілетіне
бейімдеу принципі;
- жалпыланған білімді қалыптастыру үшін оңтайлы жағдай жасайтын
оқу ақпаратының әлеуетті артық болуы принципі.
Осылайша, технология көмегімен білімді, іскерлікті, дағдыларды
меңгеру процесінде жеке қасиеттерді дамытуда тиімді нәтижеге (мақсатқа)
қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта жетекші педагогтар осы көзқарасты ұстанады. Білім
беру жүйесінде қолданылатын көптеген жаңалықтардың арасында мұғалім
оқу ақпаратының көзі емес, шығармашылық оқу процесін ұйымдастырушы
және үйлестіруші болып табылатын, әр оқушының жеке қабілетін ескере
отырып,
оқушылардың
қызметін
қажетті
арнаға
бағыттайтын
технологияларға ерекше назар аударылады.
Педагогика туралы айтқан кезде, ең алдымен, әрбір оқушының өзге
адамдарға, өзге мәдениет өкілдеріне және т.б. гуманитарлық қарым-
қатынастың конструктивтілігін түсінуіне және ұғынуына себепші болатын
педагогикалық өзара іс-әрекетмен білім беру процесін басқарудың теориясы
мен технологиялары туралы сөз болады.
Әдебиетте
педагогикалық
технологиялардың
бірнеше
–
В.Г.
Гульчевская, В.П. Беспалько, В.Т. Фоменко және т.б. жіктемелері ұсынылған.
Педагогикалық ғылым мен практикада белгілі барлық технологияларды Г.К.
Селевко жүйелендіріп, классификациялық топтар түрінде ұсынды.
Типологиялардың көптүрлілігі оларды бөлудің әртүрлі критерийлерімен
байланысты.
Қолдану деңгейі бойынша жалпы педагогикалық, жеке-әдістемелік
(пәндік) және жергілікті (модульдік) технологиялар бөлінеді.
Философиялық негіз бойынша: материалистік және идеалистік,
диалектикалық және метафизикалық, ғылыми (сциентистік) және діни,
гуманистік
және
антигумандық,
антропософтық
және
теософтік,
прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және мәжбүрлеу
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: