Методические указания к семинарским занятиям и срсп для студентов всех специальностей дневного отделения Өскемен Усть-Каменогорск 2020



бет21/34
Дата01.05.2022
өлшемі78,54 Kb.
#33009
түріМетодические указания
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
Мәдениеттану әдістемелік нұсқаулар және СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары

Бақылау сұрақтары :

1 Түрік халхы қандай жерлерді мекендеген ?

2 Түріктер қандай шаруашылық түрлерімен айналысқан ?

3 М.Қашқаридың «Түркі тілдер сөздігі» қандай маңызы бар?

4 Орхон-Енсей жазулары туралы не білесіз ?
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)

Тақрып : Ортағасырлық Қазақстандағы мәдени өмірдің дамуындағы қалалардың рөлі.

Нұсқау :

1.Қазақтардың материялды мәдениеті: қолөнер және кәсіпкер,үйі, киімі, азығы.

2.Рухани мәдениет: қазақтардың халық білімі, күнтізбе, дін мейрамдары (наурыз, соғым, құрбан айт), дәстүрлі салттары.

3.Әдебиеті,халықтың ауыз екі өнері (мақалдар мен мәтелдер,еңбек және салт өлеңдері, тарихи және жазба әдебиеттері (Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати).



Отырарда  теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.

Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет