Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата31.12.2021
өлшемі5,34 Mb.
#23391
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
 
 


 
48 
ГЛОССАРИЙ 
 
1.   
Виктимдік балалар 
бұл дезадаптация, әлеуметтік 
ауытқулар, әлеуметтендіруге қайшы 
жағдайларға әкелетін өмір 
шарттарының құрбаны болуға бейім 
балалар; 
 
2.   
Бақылаусыз қалған балалар 
тұратын жері бар, бірақ ата-аналар 
тарапынан қамқоршылықсыз қалған 
балалар 
3.   
Мүмкіндіктері шектеулі 
балалар 
18 жасқа толмаған, дене және/немесе 
психикалық кемшіліктері бар, 
заңнамамен қарастырылған тәртіппен 
расталған туа біткен, тұқым қуалаған, 
кейін пайда болған аурулар немесе 
жарақат салдарынан тіршілік әрекеті 
шектеулі балалар 
4.  4 
Девиантты мінез-құлық 
бұл нақты қоғамдастықтардың белгілі 
даму кезеңіндегі жалпы қабылданған, 
әлеуметтік тарапынан қолданған, 
кеңінен тараған және қалыптасқан 
нормалардан ауытқыған мінез-құлық 
5.   
Қосымша білім 
білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің жан-жақты 
қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мақсатымен жүзеге асырылатын 
тәрбиелеу және оқыту үдерісі 
6.   
Оқытудың жеке бағдарламасы  оқушының өзекті даму деңгейін, 
меңгеріп жатқан пән саласы және 
дамудың жақын аймағындағы 
білімдері мен дағдыларын есепке алу 
арқылы оқушы үшін жасалатын 
бағдарлама 
7.   
Инклюзивті білім 
бұл ерекше оқытуды қажет ететін 
барлық тұлғаларды олардың дене, 
психикалық, зияткерлік, мәдени-
этникалық, тілдік және басқа 
ерекшеліктеріне қарамастан жалпы 
білім беру үдерісіне қосуды көздейтін 
жалпы білімді дамыту үдерісі 
8.   
Қашықтықтан білім беру 
технологиясы 
білім алушы мен педагог қызметкердің 
жанама (алыстан) немесе толық емес 
жанама өзара іс-қимылы кезінде 
ақпараттық-коммуникациялық 


 
49 
технологияларды және 
телекоммуникациялық құралдарды 
қолдана отырып жүзеге асырылатын 
оқыту 
9.   
Білім алушыларды қорытынды 
аттестаттау 
тиісті білім беру деңгейінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартында көзделген оқу пәндерінің 
көлемін олардың меңгеру дәрежесін 
айқындау мақсатында жүргізілетін 
рәсім 
10.  
Қабылдау квотасы 
техникалық және кәсiптiк, орта 
бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің 
білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын бiлiм беру ұйымдарына 
қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк 
бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде 
бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi 
саны 
11.  
Түзету сабақтары 
оқушылардың дене және (немесе) 
психикалық кемшіліктерінің орнын 
толтыруды немесе төмендетуді 
қамтамасыз ететін сабақтан тыс 
уақытта білім беру үдерісін 
ұйымдастыру формасы 
12.  
Инклюзивті оқыту сыныптары  бұл мүмкіндіктері шектеулі балалар 
және мұндай шектеулері жоқ балалар 
бірге оқитын жалпы білім беру 
мектептерінің қалыпты сыныптары; 
13.  
Арнайы сыныптар 
 
жалпы білім беру мектебінде оқуға 
қайшы көрсеткіштері жоқ, 
мүмкіндіктері шектеулі балаларға 
арналған жалпы білім беретін 
мектептер құрылымындағы сыныптар 
14.  
Инклюзивті білім беруді 
жүзеге асыратын білім беру 
ұйымы 
білім беру ұйымы: жалпы білім беретін 
мектепте шектеуліктері жоқ 
оқушылармен бірге оқуға қайшы 
көрсеткіштері жоқ даму мүмкіндіктері 
шектеулі және ерекше қажеттіліктері 
бар балалардың білім алуы үшін 
арнайы жағдайлар құрылған мектепке 
дейінгі ұйым, жалпы білім беретін 
мектеп 
15.  
Жалпы білім беру 
бағдарламасы 
типтік оқу жоспарының инвариантты 
компонентіне кіретін әр оқу пәні 
бойынша меңгеруге арналған білімдер, 


 
50 
дағдылар және құзыреттердің мазмұны 
мен көлемін анықтайтын бағдарлама 
16.  
Жалпы білім беру мектебі 
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білімнің жалпы білім беру оқу 
бағдарламаларын, сонымен қатар білім 
алушылар мен тәрбиеленушілердің 
қосымша білім алу оқу 
бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу 
мекемесі 
17.  
Оралман 
Қазақстан Республикасы егемендігін 
алғанға дейін үнемі шетелде тұрған 
этникалық қазақ, және оның Қазақстан 
Республикасы егемендігін алғанға 
дейін шетелде туып өскен, ұлты қазақ 
балалары, тарихи отанында тұрақты 
қоныстану мақсатымен Қазақстан 
Республикасына келген және 
Қазақстан Республикасы Үкіметі 
белгілеген аймақтарға қоныстанған, 
қолданыстағы Заңмен орнатылған 
тәртіп бойынша тиісті мәртебеге ие 
болған этникалық қазақ 
18.  
Ерекше оқыту қажеттілігі 
білім алу мүмкіндігін қамтамасыз 
ететін арнайы психологиялық-
педагогикалық және басқа қолдау 
көрсетудегі баланың қажеттіліктері 
19.  
Оңалту 
мүмкіндіктері шектеулі баланы 
психикалық және дене мүмкіндіктері 
аясында қалыпты өмір сүру мен 
еңбекке жарамды ету мақсатында 
медициналық, әлеуметтік, білім беру 
және кәсіби сипатындағы шаралардың 
тұтас кешенін қолдану 
20.  
Әлеуметтік бейімделу 
мүмкіндіктері шектеулі балалардың 
қоғамда қалыптасқан құндылықтар, 
мінез-құлық ережелері мен 
нормаларын меңгеру арқылы 
әлеуметтік орта жағдайларына 
белсенді бейімделу 
21.  
Психологиялық-
педагогикалық қолдау 
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне 
сәйкес әр баланың табысты білім алу 
мен дамуы үшін әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық 
жағдай жасайтын мамандардың 
(психолог, логопед, арнайы педагог, 


 
51 
әлеуметтік педагог, мұғалімдер, 
тәрбиешілердің) тұтас, жүйелі түрде 
ұйымдастырылған іс- әрекеті 
22.  
Ерте араласу (ерте қолдау 
көрсету) 
психофизикалық бұзылыстарын 
скринингілеу мен психикалық және 
дене дамуында ауытқулары бар 
балаларды оқыту, тәрбиелеу мен емдеу 
проблемаларын шешуді қамтитын ерте 
жастағы (0-ден 3-жасқа дейін) 
балаларға әлеуметтік және түзету-
педагогикалық қолдау көрсету 
23.  
Мүмкіндіктері шектеулі 
балаларға әлеуметтік және 
медициналық 
педагогикалық қолдау көрсету – 
мүмкіндіктері шектеулі балалардың 
қоғам өмірінде басқа азаматтармен тең 
қатысу мүмкіндіктерін жасауға 
бағытталған және өмірлік әрекетінің 
шектеулерін өтеуге, алдын-алу 
жағдайларын қамтамасыз ететін 
мемлекеттік әлеуметтік, медициналық 
және білім беру мекемелерінің 
қызметтерін ұсынатын білім беру, 
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық 
сақтау ұйымдарының қызметі 
24.  
Арнайы білім беру 
жағдайлары 
техникалық тәсілдерін және өмір 
әрекеті ортасын қосатын 
дербестендірілген оқыту мен тәрбиелеу 
әдістері, сондай-ақ ерекше оқытуды 
қажет ететін адамдардың білім беру 
бағдарламаларын меңгеруі мүмкін 
болмайтын медициналық, әлеуметтік 
және басқа да қызметтер 
25.  
Арнайы білім беру 
мүмкіндіктері шектеулі адамдарға 
арнайы жағдайлар құрылған мектепке 
дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру 
26.  
Мектептегі психологиялық-
медициналық-педагогикалық 
консилиум 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық  қолдауға арналған 
білім беру ұйымдары мамандарының 
өзара әрекет ету формасы 
27.  
Оқу бағдарламасы 
әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша 
меңгерілуге тиісті білімнің, 
шеберліктің, дағдылар мен 
біліктіліктің мазмұны мен көлемін 
айқындайтын бағдарлама 
28.  
Арнайы білім беру ұйымдары  мүмкіндіктері шектеулі балаларды 
диагностикалау және кеңес беру, оқыту 


 
52 
мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар 
29.  
Оқу жоспары 
тиісті білім беру деңгейінде білім 
алушылардың оқу пәндерінің, 
сабақтарының (модульдерінің), 
практикаларының, өзге де оқу қызметі 
түрлерінің тізбесін, бірізділігін, 
көлемін (еңбекті қажетсінуін) және 
бақылау нысандарын регламенттейтін 
құжат 
30.  
Білім алушыларды қорытынды 
аттестаттау 
тиісті білім беру деңгейінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартында көзделген оқу пәндерінің 
көлемін олардың меңгеру дәрежесін 
айқындау мақсатында жүргізілетін 
рәсім 
31.  
Білім беру 
имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік 
жағынан дамыту және кәсіби 
құзыреттілікті қалыптастыру 
мақсаттарында жүзеге асырылатын 
тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз 
процесі 
32.  
Білім алушыларды аралық 
аттестаттау 
білім алушылардың бір оқу пәнін оны 
зерделеп бітіргеннен кейінгі бір 
бөлігінің немесе бүкіл көлемінің 
мазмұнын меңгеру сапасын бағалау 
мақсатында жүргізілетін рәсім; 
33.  
Ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар адамдар 
(балалар 
денсаулығына байланысты білім алуда 
ұдайы немесе уақытша қиындық көріп 
жүрген, арнайы, жалпы білім беретін 
оқу бағдарламалары мен қосымша 
білімнің білім беру бағдарламаларын 
қажет ететін адамдар 
34.  
Сыртқы жиынтық бағалау 
негізгі орта және жалпы орта білім 
беру аяқталғаннан кейін меңгерген 
білім мен қалыптасқан дағдылар 
деңгейін айқындау 
35.  
Ішкі жиынтық бағалау 
 
оқу тоқсанының соңында оқу 
бағдарламасының бөлімдерін оқып 
аяқтағаннан кейін білім алушылардың 
меңгерген білімі мен қалыптасқан 
дағдылары деңгейін айқындайтын 
бағалау 
36.  
Білім беру саласы 
мәндес оқу пәндерінің жиынтығын 
қамтитын  бастауыш білім берудің 
базалық мазмұнының құраушы бөлігі 


 
53 
37.  
Ерекше білім беру 
қажеттіліктері (мұқтаждықтар) 
дене бітімінде және ақыл-есінде 
кемістігі бар балаларды қоса алғанда, 
білім алуда қандай да бір себептермен 
тұрақты немесе уақытша 
қиындықтарға тап болатын балалардың 
қажеттіліктері 
38.  
Оқу жүктемесінің 
инвариантты компоненті 
білім беру ұйымдарында типіне, түріне 
және меншік нысанына, сондай-ақ 
оқыту тіліне қарамастан барлық білім 
алушылардың оқып білу үшін міндетті 
оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу 
жоспарының құраушы компоненті 
39.  
Бағалау критерийлері 
мұғалім мен оқушыға формативті 
бағалау кезінде оқытудың мақсатына 
қол жеткізгенін тануға мүмкіндік 
беретін тұжырым (табыс критерийі) 
және ішкі жиынтық бағалау кезінде 
білім алушының жұмысты 
қаншалықты орындағанын бағалауға 
мүмкіндік беретін тұжырымдар 
(балдарды қою критерийлері); 
40.  
Білім беру процесін 
мониторингтеу 
білім беру ұйымдарында білім беру 
процесін жүзеге асырудың нәтижелері 
мен жағдайларындағы өзгерістердің 
динамикасын жүйелі бақылау, 
диагностикалау, талдау, бағалау және 
жай-күйін болжау 
41.  
Үлгілік оқу жоспары 
оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін 
регламенттейтін және тиісті білім беру 
деңгейінің оқу жүктемесінің 
инварианттық және вариативтік 
компоненттерінің көлемін 
айқындайтын құжат 
42.  
Формативті бағалау 
сабақта және/немесе үйдегі күнделікті 
жұмыс барысында білім алушылардың 
меңгерген білімдері мен қалыптасқан 
дағдыларының ағымдағы деңгейін 
айқындайтын және ол оқыту 
барысында білім алушылар мен 
мұғалім арасындағы жедел өзара 
байланысты жүзеге асыратын, білім 
алушыларға жаңа материалды меңгеру 
кезеңінде тапсырманы қаншалықты 
дұрыс орындағанын және оқыту 
мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге 


 
54 
мүмкіндік беретін бағалау 
43.  
Интеграцияланған білім беру 
бағдарламалары 
білім беру бағдарламаларының тиісті 
мазмұнды аспектілерін біріктіру 
негізінде әзірленген білім беретін оқу 
бағдарламалары 
44.  
Дескриптор 
тапсырмаларды  орындау  кезіндегі 
әрекетті көрсететін сипаттама; 
 
45.  
Критериалды бағалау 
 
белгіленген  критерийлер  негізінде 
білім 
алушылардың 
нақты 
қол 
жеткізген 
нәтижелерін 
оқытудың 
күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру 
үдерісі; 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет