Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1615875790328 (2)

 
4 қателік 
– күтпеген жағдайдың орын алуы.
Кейде ата-аналар 
баласының қандай болуы керек екенін елестете алмайды.
Мұндай қарама- 
қайшылық орта жастағы ата-аналарда немесе егер олар отбасында жалғыз 
бала болса немесе отбасының кенжесі болған жағдайда туындайды.
Ата-
анасына бұл бала басқа балаларынан ерекше болып көрінеді, оған жоғары 
талаптар қоя бастайды, ал балада мен бәрін дұрыс жасап жатқан жоқпын 
деген ой қалыптасады. Әкелер жиі ұлдарын басқа балалармен салыстырады, 
оларға ұлдары белгілі бір критерийлерге (әлсіз, әлжуаз, сенімсіз және т.б.) 
сәйкес келмейтіндей болып көрінеді, оларға шағымдарын айтады, 
ренжітетін балалардың барлығын ұруға кеңес береді, осындай жағдайда 
бала қарама-қайшылыққа тап болады. Мектеп жасына дейінгі баланы 
ересектермен диалогқа қатысуға ынталандыру қажет. Егер ата-аналар 
баласына күмән келтіретін болса, психологке, тәжірибелі педагогке
тәжірибелі анаға жүгінуіне болады. 
5 қателік – 
баланы еңбек әрекетінен шектеу. Ата-аналар үйде баланы 
қауіпсіз жағдайлардан қорғау үшін бір іспен айналысуына рұқсат етпейді, 
бірақ баланың қимыл жасап, қоршаған ортаны тануы қажет. Балаларға 
шамасы келетін жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріп, өзіне деген 
сенімділігін қалыптастыру, еңбек сүйгіштікке баулу маңызды, нәтижесінде 
баланың өзіне-өзі баға беруі артады. 
Ата-аналар баламен қарым-қатынас жасауға көп көңіл бөліп, олармен 
дүкенге, ойын – сауық орталықтарына бару, саябақта серуендеу, кітап оқу, 
үйді бірлесіп тазалауды ұйымдастыру қажет. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ
 
Баланы отбасында тәрбеилеу – күрделі әлеуметтік-педагогикалық 
процесс. Ол бала тұлғасының қалыптасуында отбасының барлық ахуалы 
мен микроклиматының әсерін білдіреді.
Баланы мектепке даярлауда отбасы маңызды рөл атқарады. Осы 
ауқымды және жауапкершілікті жұмысты отбасынан бөлек атқаруға 


16 
болмайды, себебі ата-аналар бала туылғаннан бастап өмір бойы өз 
баласының алғашқы және басты тәрбиешілері.
Ата-ананың міндеті – баланың өмірінде кездесетін барлық жайттарға 
қызығушылық таныту, оны жақсы көретіні туралы сендіру және оған 
қамқор болу.
Болашақ мектеп оқушысында толыққанды тамақтану мен қатаң күн 
тәртібі болған кезде тек сирек шаршап қана қоймай сирек ауыратын болады. 
Мұнда бұл жастағы балаларға қимыл белсенділігіне деген сұраныс жоғары 
болғандықтан күнделікті көшеде серуендеудің пайдасы да зор.
Ата-ана баланың мектепке даярылығы тек ауызша нұсқау беруден 
тұрмайтынын түсіне отырып, баланың әрекетіне басшылық жасап, оны 
ынталандыруы және қолынан келетін еңбекке баулуы қажет.
Баланы мектепке оқуға психологиялық даярлау оны дамытудың 
маңызды қадамы болып табылады, ол оқуға деген жауапкершілікті, өзінің 
мінез-құлқын еркін басқаруға, ересектермен және құрдастарымен мәдени 
қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Баланы мектепке даярлауда бастысы жағымды көзқарасты 
қалыптастыру керек. Балаға мектепте «қиындық болады, тыңдамасаң 
бұрышқа тұрғызып қояды, ұрсады» деп айтуға болмайды. Керісінше 
«мектепте қызық болады, онда жаңа достарың көп болады, онда ол көп 
нәрсені үйретеді» деп, түсіндіріп баланы қызықтырған жөн.
Балалрдың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ата-ананың өзін 
баланың алдында ұстауы үлкен рөл атқарады. Бала үшін ата-ана көркем, 
мәдени сөйлеудің болып табылады, себебі бала тыңдап, біреуге еліктеп 
сөйлеуге үйренеді. Нәтижесінде бала дұрыс сөйлеуге және қоғамда 
әлеуметенуге үйренеді.
Белгілі балалар психологы Л.А. Венгердің айтуы бойынша «Мектепке 
дайын болу – міндетті түрде оқу, жазу, санау емес. Мектепке дайын болу – 
осының барлығына үйрену». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет