Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2 қателік - 
«баланы ерте дамыту». Қазіргі кезде ата-аналар баланы 
дұрыс сөйлеуге үйретуден бұрын оқуға үйретуге тырысады. Көптеген ата-
аналар баламен көбірек сөйлесуге, қоршаған ортамен таныстыруға салғырт 
қарайды, олар бала қоршаған ортаны өздігінен таниды деп ойлайды. Бірақ, 
күнделікті тұрмыста іс-әрекет барысында балаларды дамыту қажет. 
Мысалы, түскі ас дайындап жатсаңыз, баланыздан сәбіздің түсін, қанша 
кесек сәбіз кескеңізді, сәбіз бен орамжапырақтың айырмашылығын, 
көкөністер мен жемістердің түсін, пішінін сұрауыңызға болады. Өзіңіз 
тұратын үй, ауладағы көрші үй неше қабаттан тұратынын санауды ұсынуға 
болады. Мектеп жасына дейінгі балаға аяқ киімінің бауын байлау, 
күртешесінің түймесін салу қиындық келтіреді. Ерте дамыту – бұл 
қарапайым дағдыларға үйрету. Ата-аналарға баламен сөйлесіп, әңгіме, 
ертегі айтып бергеннен гөрі, кітап сатып әперіп, өзін отырғызып қою оңай 
болып келеді. Аналары әрдайым асығып жүреді, сол себепті баланың 
киімінің түймесін өздері салып, баусыз аяқ киім сатып алуға тырысады. 


15 
Алайда, баланың табиғи дамуы зардап шегеді, бірдеңе жасауға деген 
ұмтылысы жойылады, сондықтан оны күштеп мәжбүрлеуге болмайды
оның әлемді тануына мүмкіндік беру қажет.
3 қателік – 
балалар әлеуметінен алыстату. Кейбір ата-аналар баласы 
балабақшада уақытты босқа өткізеді, яғни ештеңемен айналыспайды немесе 
жиі ауырады деп ойлайды. Осыған байланысты балаларын түрлі 
үйірмелерге беруді дұрыс деп санайды. Бірақ, баланы балабақшадан 
алшақтату – бұл келешекте оның ұжымға бейімделе алмауына және 
құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға тап болуына 
әкеп 
соғуы 
мүмкін. 
Мектепке 
дейінгі 
ұйымда 
балалардың 
қызығушылықтары бірдей, олар бір-бірімен тең дәрежеде – жанында ата-
аналары болмағандықтан өздері тіл табысуға ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет