Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#9076
түріМетодическое пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Тақырыбы: Ою өрнек түрлері. Көрпе құрау. 
Мектеп-лицейі:  
Күні:  
Мұғалімнің аты-жөні: 
Усаева Гульмира Елтаевна 
Сынып: 1 
Қатысқандар: 
Қатыспағандар: 
Осы  сабақ  арқылы 
жүзеге  асатын  оқу 
мақсаттары 
1.2.4.2.  Үлгіге  қарап,  геометриялық  пішіндерді  сала  отырып,  «Сегіз 
қанат» ою құрау. 
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен танысу, ұлттық бұйымды 
геометриялық фигурамен безендіру. 
Сабақ мақсаттары 
Барлық оқушылар: 
Ұлттық үй жиһаздарды біледі. 
Оқушылардың көпшлігі: 
Ұлттық ою-өрнектердің түрлерін атай алады. 
Кейбір оқушылар: 
Ұлттық  ою-өрнек  түрлерін,  құрақтың  пайдалануы  және  тұтыну 
ерекшеліктері туралы түсінік береді. 
Жоспар 
Жоспарланған 
Уақыт есебі 
Жоспарланған жаттығу түрлері 
Ресурстар 
Басы 
Психологиялық  тренинг  Оқушыларға  үшбұрыш 
таратып беру. 
-
 
Үшбұрыштың  үш  бұрышына  сыныптағы  үш  оқушының 
атын жазу. 
-
 
Бірінші бұрышқа жазған оқушымен қол алысу. 
-
 
Екінші бұрышқа жазған оқушының басын сипау. 
-
 
Үшінші бұрышқа жазған оқушымен құшақтасу. 
Ой қозғау 
-
 
Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер. 
-
 
Үйлеріңде құралған көрпеше, жастықшалар бар ма? 
-
 
Құрақты кімдер құрайды? 
-
 
Құрақ қандай маталардан құралады? 
 
104 

Ортасы 
 
 
 
 
Үштілділік: 
Үш тілде айтып 
үйрену: өрнек, 
ою-өрнек, 
композиция 
 
Құрақ  –  мата  қалдықтарынан  жасалатын  үй  бұйымының 
бірі.  Құрақты  қазақ  халқы  тек  төсеніш  ретінде  емес, 
сонымен  бірге  сәндік  үшін  жастық  бетіне  де  жасаған.  Еш 
оқытатын мектеп жоқ кездің өзінде шеберлер геометрияны 
оқымасы  да  түрлі  геометриялық  фигуралардан  тұратын 
құрақты  сәндеп  құрай  білгендігін  оқушыларға  үлгі  етіп, 
ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын 
айтып  кетемін.  Бүгінгі  күнде  де  құрақ  бұйымынсыз  бірде 
бір қазақтың үйі жоқ екендігі бәрімізге мәлім. 
 
Құрақтың қолдануы – үй жиһаздарының бірі: құрақ көрпе, 
көрпеше  ата-бабаларымыздың  дәстүрлі  төсеніші  болған 
және  тұрмысымызға  көрік  беретін  сәндік  бұйымдырдың 
бірі.  Құрақтан  қолдорба  да  жасалған,  керме,  аяққап, 
шайдорба,  сандық  жапқыш  т.б.  көптеген  бұйымдар 
жасалғанына мысалдар келтірейік.  
Киіз  үй  жиһаздары  –  құрақпен  безендірілген  бұйымдарды 
естеріңе түсіріңдер. 
 
Тапсырма: Жеке-жеке тапсырма орындау
Бейнелеу . 
Сегіз қанат құрақты құрау үшін: 
-
 
Жалпы  құрақ  құрауда  аса  шеберлік  қажет  екенділігі 
ескертіледі. 
-
 
Құрақ  құрағанда  мата  таңдау  және  мата  түстері  туралы 
ұлттық  ұғымдар  айтылады.  Қызыл  түс  –  гүлдің, 
қызғалдақтың,  көктемнің  белгісін  білдіреді;  сары  түс  – 
күннің  белгісін  білдіреді;  көк  түс  –  аспанның  түсін 
білдіреді;  жасыл  түс  –  даланың  көгал  шөбінің,  жердің 
белгісі. 
-
 
Сегіз  қанат  құрағы  геометриялық  фигуралар  арқылы 
құрылады. Ендеше үшбұрыш фигурасын салуға кірісеміз. 
-
 
Сегіз қанат құрағын құрау үшін сегіз бір түсті үшбұрыш, 
сегіз басқа түсті үшбұрыш салып бояймыз. 
-
 
Үшбұрыштың суретін салып гуашпен бояу. 
Еңбекке баулу
-
 
Үшбұрыштарды  қиып,  бір-бірімен  беттестіріп,  екі-екіден 
түстері бойынша ақ картонға жапсыру. 
АКТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түсті  бояулар 
альбом, 
қайшы, 
түсті қағаз, 
желім 
Соңы 
-
 
Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа 
ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік. 
-
 
Құрақ  қырау  өнерінің  шығуы  тікелей  үй  жиһаздарының  сәнділігі,  мата 
түрлерін  пайдаланудағы  үнемділігі  адам  баласы  күнделікті  тұтынатын 
төсеніш екенін меңгердік 
Қорытынды сұрақтар: 
-
 
Ұлттық үйлесім бойынша қанша түсті білесіңдер? 
-
 
Сегіз  қанат  құрағының  үлгісінің  бөлшектері  қандай  геометриялық 
фигурадан тұрады ? 
-
 
Қауіпсіздік сақтау ережелерінің қолдануын ата. 
-
 
Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын бұйымдарды ата. 
Рефлексия 
Сабақтың  мақсаттары  мен  міндеттері 
орындалды ма? 
Бүгін оқушылар не үйренді? 
Сабақ қалай өтті? 
-
 
иә, мақсаттарымен міндеттері орындалды 
 
 
Айтылым  және  тыңдалым  бойынша  тапсырма 
үлгілері: 
105 

Жоспарлау мен саралау іске жақсы асты ма? 
Мен  жоспарыма  қандай  өзгерістер  енгізер 
едім? Неліктен? 

шығармашылық  жұмыс  орындау  үшін  түрлі 
идеяларды талқылау 
 
 
Қарлығаш Дулатқызы Сулейменова 
І санатты бастауыш сынып мұғалімі 
№ 9 орта мектебі Степногорск қаласы  
Ақмола облысы 
Еңбекке баулу және бейнелеу өнерінен кіріктірілген сабақ жоспары 
2-
сынып 
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек туралы түсінік. 
Сабақтың мақсаты: 
білімдік: қазақ ұлтының ою-өрнегі туралы түсінік беру; 
дамытушылық:  өрнектердің  орналастыру  ерекшеліктерімен  таныстыру, 
графикалық білімдер мен дағдыларды дамыту; 
тәрбиелік:  туған  мәдениетке  қызығушылық  туғызу  және  оны  құрметтеуге 
баулу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақта қолданатын технология түрі: АКТ, СТО 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет салу, жапсыру 
Көрнекі құралдар: ою-өрнек түрлері, суреттер, слайдтар. 
Сабақтың барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық дайындық. 
Күннен шуақ аламыз.  
Биікке қанат қағамыз,  
Болашаққа талпынып  
Оттай лаулап жанамыз  
Сабақты жақсы оқып,  
Кілең бестік аламыз. 
 
ІІ. Өткен сабаққа шолу жасап, техника қауіпсіздігі ережесін еске түсіру. 
Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан. 
Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан. 
Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама. 
Қайшыны ашық күйінде қалдырма. 
Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын. 
Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама. 
Қайшының алмасына зер салып қи. 
Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой. 
Желімнің қақпағын абайлап аш. 
Қағазға ұқыпты, керегінше жақ. 
Артығын сүрткішпен алып таста. 
Қолыңды сүрткішпен сүрт. 
Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой. 
Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста. 
Қылқаламды ешкімге нұсқама. 
106 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 
«Ою-өрнек» сөзі – латынның «орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» 
сөзі  –  «сәндеу»  немесе  «әсемдеу»  деген  ұғымды  білдіреді.  «Ою»  сөзі,  біріншіден, 
ағаш  немесе  темір  материалдарын  ойып,  затты  көркемдеу  дегенді  білдірсе, 
екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау деген ұғымды білдіреді. Ал 
«өрнек»  сөзі  –  бірнеше  көркемдеп  сызылған  сызықтар  жиынтығынан  құралған 
әсемдік  сызба.  Ою-өрнек  –  бұл  сызба.  Халық  ерте  заманнан  ою-өрнекті  дамытып 
келеді. Ою-рнек түрлері көп. Ол – көркем қолөнердің бір саласы. Халық шеберлері 
ою-өрнекті  өсімдік,  құс,  жануарлар,  ғарыштық  денелер  бейнесіне  ұқсатып 
құрастыра  білген.  Ою-өрнекті  тұрмыстық  мүліктер  мен  бұйымдарды  безендіруге 
қолданған. 
Ою-өрнек түрлері 
 
ІV. Практикалық жұмыс. 
Сурет дәптеріне қошқармүйіз өрнегін салып және оны қағаздан қию, жапсыру 
жұмыстарын ұйымдастыру. 
«Қошқармүйіз» оюын қию 
Төрт бөліктен құралған «қошқармүйіз» оюын қиып үйрену үшін өлшемі 10х10 
см шаршы пішінді қағаз қиып аламыз, өлшемін өз қалауыңша алуға да болады.  
Жұмыстың орындалу реті: 
-
 
 
қағазды төрт қабаттап бүктейміз. 
-
 
 
төртке бүктелген қазақдың бетіне үлгінің көмегімен оюды сыз. 
-
 
 
сызылған оюды сызық боймен қиып ал.  
-
 
 
оюыңды жазып, тегісте. 
Төрт  бөліктен  тұратын  «қошқармүйіз»  оюы  дайын.  Оюды  басқа  түсті  қағазға 
жапсырамыз. 
 
 
107 

V. Сабақты қорытындылау. 
Жұмыстың орындалу барысына талдау жасау. 
VI. Сабақты бекіту сұрақтары: 
1. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер? 
2. Ою-өрнекті қайда қолданады? 
Сабақ  соңында  оқушылардың  сабақ  барысында  көрсеткен  белсенділік 
ынталарына қорытынды жасай отырып, жұмыстарын сапасына қарай бағау. 
VII. Үйге тапсырма беру. 
 
Солтанбекова Алтын Алпысбаевна 
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі 
№72 мектеп-лицейі  
Астана қаласы  
«Бейнелеу  өнері»  пәніндегі  «Еске  түсіру  арқылы  көбелектің  суретін  саламыз» 
тақырыбы  мен  «Еңбекке  баулу»  пәніндегі  «Көбелек  және  гүл»  композициясы 
тақырыптарын кіріктіру 
Сабақ тақырыбы: «Көбелек» 
Мақсаты:  Табиғатқа  деген  өзінің  құнтты  қарым-қатынасын  көрсете  білуге 
үйрету;  күрделі  пішіндегі  затты  бейнелеу  және  көлемді  заттың  композициясын 
жапсырмалау  әдісіне  баулу.  Өзіндік  көзқарасын  білдіру  және  бағалау.  Шығарма 
мазмұны  бойынша түйінді ой  қорытады,  басқалардың пікірі  мен  көзқарасына  баға 
береді. 
І. Ұйымдастыру. «Үш көбелек» ертегісін тыңдау 
Ертегіні  тыңдап  болғаннан  кейін:  «Шын  достар  –  тек  қиындықта  сыналады» 
деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қою арқылы оқушылардың 
сын тұрғысынан ойлауларына мүмкіндік жасау. 
ІІ. Ой қозғау. 
«Суреттер сыры».  
Төменде  ұсынылған  суреттерге  назар  аударту.  Суреттерде  не  бейнеленгені 
туралы ойланып, өз ойларын ортаға салу 
 
 
 
 
Дереккөзі: http://erketai.kz/balalarga/ertegiler-alemi/ush-kobelek-nemis-ertegisi/ 
ІІІ. Практикалық жұмыс 
Көбелек  салудан  бастаймыз.  Негізгі  өлшемін  белгілейміз.  Кеудесінің  пішінін 
бейнелеу үшін барлық ұзындығын тең бөліп, ортасынан көлденең сызық жүргіземіз. 
Кеудесінің  ортасын  алдыңғы  қанаттарының  көлденең  жатқан  төменгі  сызығы 
белгілейді.  Оның  түзу  сызықпен  белгілеп  қойып,  кеудесін  сопақшалау  етіп 
көрсетміз. 
 
 
 
108 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басын,  құрсағын  саламыз.  Қанаттарын  сызба  түрінде  көрсетеміз.  Негізгі 
бөліктердің  кескініне  қарап,  алдыңғы  қанаттарының  жоғарғы  бұрышын  қосатын 
түзу көлденең сызық жүргіземіз. Алдыңғы және артқы қанаттарын қосатын иілген 
сызықтар,  артқы  қанаттарының  төменгі  жағынан  көлденең  сызықтар  сызамыз. 
Сөйтіп, трапеция пішініндегі көбелек дайын. 
Көбелектердің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігінің өрнектері бірдей болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бояу жұмысы 
Бояуларды  араластыра  отырып,  қаншама  тамаша  түсті  алуға  болатындығын 
еске түсіру. 
қызыл + сары = қызғылтсары 
сары + көк =  жасыл 
қызыл + көк = күлгін 
 
 
 
 
 
 
 
Жіңішке қылқаламмен басы, кеудесі, сосын көзі, мұрты салынады. 
«
Көбелек және гүл» композициясын жасау 
Оқушыларға  әртүрлі  дәндер  (өрік,  шие,  т.б.)  таратылады.  Ермексазбен 
біріктіріп гүл пішінін құрастыру жұмысы орындалады. 
 
 
 
 
 
Өздері  бейнелеген  көбелек  суретін  қиып 
алып таңдалған өңге жапсырады. 
Көбелектің 
қанатына, 
денесіне 
шие 
сүйектерін желімдеуге болады. 
109 

 
 
 
 
 
 
Гүлдерді  өрік  пен  шие  жемістерінің 
сүйектерінен  жасауға  болады.  Оларды 
ермексаздың көмегімен біріктіру 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гүлдердің 
жапырақтарын 
үлгіде көрсетілгендей жасыл 
қағаздан жасауға болады 
 
 
Жапырақтың  ортасын  дөңес 
етіп  көтеріп,  екі  ұшын  ғана 
желімдеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әр оқушы өзінің біткен жұмысын қорғайды. Нені бейнеледі, қандай заттарды 
қолдана білді, т.б. (бұл жұмысты топта да орындауға болады). 
Үйге тапсырма: Көбелектің басқа да түрлерінен композиция құрастырып келу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
110 


«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқытудың  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиялары  
 
Соңғы  онжылдықтарда  әлемде  болып  жатқан  өзгерістер,  білім  беру  жүйесі 
қызметіне қоғамның жасайтын әлеуметтік тапсырысын анықтап отыр. Білім берудің 
мақсаттарын  және  мектеп  жұмысын  ұйымдастырудың  жүйесін  түбегейлі 
қарастырмайынша  білім  алушылардың  қоғамның  әлеуметтік  жаңа  жағдайларына 
және «ақпараттық жарылысқа» бейімделуі күрделі болады. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  педагогикалық  технологияларды  сипаттайтын 
көптеген терминдер кездеседі, мысалы: бағдарламалық оқыту, проблемалық оқыту, 
дәстүрлі технология, авторлық технология және т.б. 
Заманауи  педагогикалық  технологиялардың  шетелдік  танымал  авторларына 
Дж. Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Г.Гейс, В.Коскарелли және т.б. жатады. Оқытудың 
технологиялық  тәсілдерінің  ресейлік  теориясы  мен  практикасының  тәжірибесі 
П.Я.Гальпериннің, 
Н.Ф.Талызинаның, 
Ю.К.Бабанскийдің, 
П.М.Эрдниевтің, 
В.П.Беспальконың,  М.В.Клариннің  және  т.б.  ғылыми  еңбектерінде  көрініс  тапқан. 
Педагогикалық  технологиялардың  тәрбиелік  мағынасы  қазақстандық  ғалымдар 
В.М.Коротовтың,  Н.Е.Щурковтын,  В.Ю.Питюковтың  және  т.б.  зерттеулерінің 
нысаны  болып  отыр.  А.Е.Абылқасымова,  М.Ж.Жадрина,  С.Н.Лактионова, 
А.К.Рысбаева және т.б. педагогикалық технологияны жаңа оқу пәні ретінде зерттеді. 
В.П.Беспалько  педагогикалық  технологиялардың  келесі  белгілерін  атап 
көрсетеді: 

оқытудың,  тәрбиелеудің  нақты,  бірізді  педагогикалық,  дидактикалық 
мақсаттарын әзірлеу; 

қабылдануға тиісті ақпаратты құрылымдау, реттеу, нығыздау; 

оқытудың  және  бақылаудың  дидактикалық,  техникалық,  сонымен  қатар 
компьютерлік құралдарын кешенді қолдану; 

оқыту  мен  тәрбиелеудің  диагностикалық  функцияларын  мүмкіндігінше 
күшейту; 

оқыту сапасының жеткілікті биік деңгейін кепілдендіру.  
Педагогикалық  технология  педагогикалық  шеберлікпен  өзара  байланысты,  ол 
қажетті  мазмұнды  іріктеп  алуды,  оқытудың  бағдарламаға  және  білім  берудің 
міндеттеріне  сәйкес  қолайлы  әдістері  мен  құралдарын  пайдалануды  қарастырады. 
Педагогикалық  технологияны  толық  меңгеру  педагогикалық  шеберлік  дегенді 
білдіреді.  Бір  технологияны  әр  мұғалім  өзінше  жүзеге  асырады  және  оның  жүзеге 
асыру ерекшелігінен педагогикалық шеберлікті көруге болады.  
Дамыта оқыту технологиясы.  
1. Л.В.Занков дамыта оқытуды келесідей жүйелейді: 

бала тұлғасын дамыту; 

жеке тұлғаның жалпы дамуының жоғары деңгейі; 

тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына негіз жасау. 
Іс-әрекетті жүзеге асыруға үйрену оқытудың мақсаты болып табылады. 
2. 
Д.Б.Эльконин  мен  В.В.Давыдовтың  дамыта  оқыту  технологиясының 
мақсаттары: 

теориялық  сана-сезім  және  ойлау  қабілетін  қалыптастыру,  білімді  ғылыми 
ұғымдар деңгейінде меңгеру; 

іс-әрекетті жүзеге асыруға үйрену; 
111 


балалардың оқу қызметінде ғылыми таным логикасын еске түсіру; 

оқушылар  мазмұнды  қорытынды  жасай  білулері  тиіс,  яғни  бастапқы 
ұғымдарды нақтылау, іс-әрекетті ойша орындаудан нақты орындауға ауыса алу; 

белгілер моделі түрінде берілген оқу іс-әрекетінің жаңа құралдарын меңгеру. 
3. 
А.А.Востриковтың  диагностикалық  тура  дамыта  оқыту  технологиясының 
мақсаты: 

туа біткен және өмір сүру барысында пайда болған қабілеттерді тура дамыту 
және оларды оқу үдерісіне қосу; 

баланың оқу және мінез-құлықтық енжарлығын серпінді жеңу; 

баланың табысты іс-әрекет жасауына және ұйымдастырушылық тәжірибесіне 
қажетті белсенділік қалыптастыру; 

оқыту  әдістерінің  жүйесіне  және  мазмұнына  енгізілген  педагогикалық 
психотерапия  кешенінің  көмегімен  баланын  жүйкелік  мазасыздануын  болдырмау 
(денсаулық сақтау технологиялары және қолайлылық принципі); 

құрбыларымен және отбасы мүшелерімен достық қарым-қатынас қабілеттерін 
қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту; 

жеке  және  топтық  шығармашылық  жұмыс  істеу  барысында  ауқымды 
ақпаратпен  жұмыс  істеу,  сол  ақпаратты  күнделікті  өмірде  қолдану,  іздеу,  өңдеу 
дағдыларын қалыптастыру және дамыту; 

дамыған ақыл-парасат көрінісі ретінде сезім және жан толғанысы мәдениетін 
дамыту; 
4.  Тұлғаның  шығармашылық  дарынын  дамытуға  бағытталған  дамыта  оқыту 
жүйесінің мақсаттары (И. П. Волков, Г. С. Альтшуллер, И. П. Иванов): 

шығармашылық қабілеттерді анықтау, есепке алу және дамыту; 

оқушыларды нақты нәтиже алуға болатын шығармашылық іс-әрекетке тарту; 

шығармашылық қиялдың түрлерімен таныстыру; 

ойлап тапқыштық міндеттерін шешуге үйрету; 

құқықтық  демократиялық  қоғам  құруға  өз  үлесін  қосатын,  қоғамның 
мәдениетін арттыратын қоғамдық-белсенді тұлға тәрбиелеу.  
5
.  И.С  Якиманскаяның  тұлғаға  бағытталған  дамыта  оқыту  технологиясының 
мақсаты: 

әр оқушының тұлғалық танымдық қабілеттерін дамыту; 

баланың жеке тәжірибесін анықтау, ынталандыру, пайдалану; 

баланың  бойында  бұрын  пайда  болған  қасиеттерді  қалыптастырмай,  оның 
өзін-өзі тануына, өз тағдырын өзі шешуіне көмектесу.  
6. 
А.А.Ухтомский және Г.К.Селевконың оқушы тұлғасының өздігінен дамыту 
технологиясының мақсаты – өз бетінше кемелдене алатын адам қалыптастыру, 
7
. Л.Г Петерсонның дамыта оқытудың кіріктірілген технологиясының (жүйелі-
әрекеттік педагогиканың технологиясы) мақсаттары: 

өскелең  ұрпақтың  бойында  өздігінен  дамуға  дайын  болу  қасиетін 
қалыптастыру; 

жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесін және оның жеке тұлғалық сапаларда 
көрініс табуын қалыптастыру;  

іс-әрекеттік оқыту арқылы ойлауды қалыптастыру; 

белгілі  бір  жүйеде  ондағы  қалыптасқан  тәртіптерге  сәйкес  бейімделе  алу 
шеберлігін қалыптастыру; 

өзінің іс-әрекетін мақсатқа жетуге бағыттап жоспарлау және өзінің іс-әрекеті 
112 

мен нәтижелерін бағалай білу дағдысын қалыптастыру; 

білім  беру  бағдарламалары  деңгейіне  және  заманауи  білім  деңгейіне  сәйкес 
әлем бейнесін қалыптастыру. 
Қазіргі кезде білім саласында қолданылып жүрген көптеген технологиялардың 
ішінде  дамыта  оқыту  технологиясы  көпшілікке  неғұрлым  танылған 
технологиялардың бірі болып отыр. 
Егер  бастауыш  сыныптардағы  кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнінде  дамыта 
оқыту  технологиясын  қолдану  туралы  айтатын  болсақ,  мақсаттар  жүйесі  білімді 
дамытып  отыруға  негізделген.  Мысалы,  «Қоршаған  ортаны  білу  және  түсіну» 
бөлімшесін қарастырайық. 
1-
сыныпта мақсат – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер 
мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.).  
2-
сыныпта мақсат – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін таныс бейнелер 
мен пішіндерді зерттеу барысында сипаттау  (түс, фактура, пішін және т.б.). 
3-
сыныпта  мақсат  –  Бейнелер  мен  пішіндерді  зерттеу  барысында  олардың 
айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын    меңгере  отырып,  қоршаған  ортаның  
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және  т.б.).  
4-
сыныпта мақсат – Қоршаған ортаның ерекшеліктерін, аса күрделі бейнелері 
мен  пішіндерін  зерттеу  барысында  олардың,  айырмашылығын,  ұқсастығын  және 
өзара байланыс себептерін түсіну және түсіндіру (түс, фактура, пішін және т.б.).  
Мақсаттар  жүйесінен  бір  тақырып  аясы  жылдан  жылға  тереңдетілу  арқылы, 
оқушылардың білімі, білігі, дағдысы дамытылатынын көруге болады.
 
Ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру технологиясы. 
Ақыл-ой 
қызметін 
кезең-кезеңмен 
қалыптастыру 
технологиясы 
П.Я.Гальпериннің, Д.Б.Элькониннің, Н.Ф.Талызинаның және басқалардың теориясы 
негізіне  сәйкес  әзірленген.  Аталған  теорияның  авторлары  білім,  біліктер  және 
дағдылар  адамның  іс-әрекетінен  сытқары  қабылдануы  және  сақталуы  мүмкін 
еместігін  анықтады.  Тәжірибелік  іс-әрекет  барысында  әрекетті  жүзеге  асырудың 
мақсаты, жоспары және құралдары жүйесі ретінде адамның бойында бағдарлы негіз 
қалыптасады. Яғни адам іс-әрекетті дұрыс орындауы үшін жұмыс істеу барысында 
қандай өзгерістер болуы мүмкін, қандай мәселелерге көңіл аудару, нені бақылауда 
ұстау  қажет  екенін  алдын  ала  ойластырып  отыруы  тиіс.  Бұл  жағдайлар  ақыл-ой 
қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясының негізін құрайды. 
Аталған технологияны кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнінде қолдану бойынша, 
жоғарыда  қарастырылған  «Қоршаған  ортаны  білу  және  түсіну»  бөлімшесіндегі  (1-
сынып) – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін 
білу (түс, фактура, пішін және т.б.) мақсатына мысал келтірейік. Мысалы, көбелек 
суретін  салу  және  қиып  алу  жұмысына  балалардың  ынтасын  арттыру  үшін, 
көбелектер 
туралы 
мультфильм 
тамашалауға 
болады. 
Мультфильмді 
тамашалағаннан  соң,  «көбелектердің  түстері  қандай?»,  «олардың  пішіні  қандай?», 
«көбелектер қандай өсімдіктерді жақсы көреді?» т.с.с. сұрақтар қою арқылы мұғалім 
оқушыларды  іс-әрекетке  бағыттайды.  Іс-әрекетті  меңгеру  кезеңде  мұғалім 
оқушыларға  көбелектің  дайын  пішінінің  көмегімен  сурет  салуды  ұсынады,  яғни 
оқушылар  ақыл-ой  қызметін  объектілермен  (пішінді  қолдану  арқылы)  бірге 
орындайды.  
Келесі  сатыда  мұғалім  қатты  сөйлеу  әрекетін  орындауды  жүзеге  асырады 
немесе «көбелектің пішінін парақтың үстіне қоямыз. Пішінді сол қолымызбен басып 
113 

тұрамыз,  көбелек  жылжымауы  тиіс.  Оң  қолымызбен  пішінді  айнала  қарындашпен 
сызамыз.  Көбелектің  пішінін  алып  партаның  шетіне  қоямыз.  ...»  (одан  әрі 
орындалатын  әрекеттерді  дауыстап  айтып  отырады).  Оқушылар  мұғаліммен  бірге 
қайталап  отыруларына  да  болады,  ал  келесі  кезеңде  оқушылар  осы  әрекеттерді 
іштей  қайталай  отырып,  өз  беттерінше  жұмыс  істейді.  Соңғы  кезеңде  оқушылар 
дайын  суреттен  бұйымды  (көбелекті)  қиып  алып,  өз  еріктерінше  немесе 
қиялдарындағы көбектің түсіне ұқсатып бояп, соңғы нәтижені көреді.  
Сонымен,  Гальпериннің  ақыл-ой  қызметін  кезең-кезеңмен  қалыптастыру 
теориясы  бойынша  білімді  меңгеру  –  бұл  игерілген  ұғымды  қолдану  бойынша  іс-
әрекеттің  меңгерілу  негізінде  жүзеге  асырылатын  үдеріс.  Білім  –  бұл  біріншіден 
ұғым, ал міндеттерді шешу – нысанның айрықша белгілерін пайдалану. Белгілерін 
пайдалану бойынша іс-әрекетті меңгеру ұғымды түсінуге әкеледі. Іс-әрекетті және 
білімді меңгеру 6 кезеңнен тұрады: мотивациялау; бағыттаушы негіздегі іс-әрекетті 
меңгеру;
 
материалдық  формадағы  іс-әрекетті  меңгеру;  қатты  сөйлеу  әрекетін 
орындау;  «іштей»  сөйлеу  әрекетін  орындау;  ақыл-ой  формасындағы  әрекетті 
орындау (17 - сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мотивация кезеңі 
Бұл кезеңде объектіге жеке қатынас пайда 
болады, объектіге қызығушылық (ішкі мотив) 
іскерлік, пікір ой, жарыс (сыртқы мотивация) 
қалыптасады. 
Бағыттаушы негіздегі іс-әрекетті 
меңгеру кезеңі. 
Бағыт пен нұсқаулар жүйесін айқындайды, 
бағыттаушы негіздегі іс-әрекет қандай болса, оқу 
процесі соған байланысты болады. Бағдарланған 
негіздегі әрекетті жаңа іс-әрекетті атқарғанға дейін 
қалыптастыру керек  
Материалдық формадағы  
іс-әрекетті меңгеру кезеңі 
Бағыттаушы негіздегі іс-әрекеттен соң ақыл-ой 
қызметі материалдық формада, яғни мәтін, схема, 
жоспар, үлгі ретінде ұсынылады. Оқушылар ақыл-ой 
қызметін объектілермен біге орындайды. 
Қатты сөйлеу әрекетін орындау 
кезеңі 
«Іштей» сөйлеу әрекетін орындау 
кезеңі 
Бұл кезеңде тілдің көмегі арқылы санада мазмұн 
маңызды орын алады, себебі мазмұн іс-әрекеттің 
тірегі болады. 
Қатты сөйлеу қызметі іштей сөйлеуге ауысады. 
Сөздің дайындық жағы біртіндеп жоғалады. 
114 

 
 
 
 
 
17 - 
сурет – Гальпериннің ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру 
теориясы 
 
Шебер  ұстаздың  арнайы  ұйымдастырған  дамытушылық  кеңістігі  оқушыларға 
білімді меңгерудің (ашудың) ұжымдық бірлескен ізденісін құруға мүмкіндік береді, 
бұл  ұжымдық  қарым-қатынас  технологиясының  мәні  болып  табылады. 
Оқушылардың сана-сезімінің, ойлауының, тәжірибелік іс-әрекетінің қолайлы жаққа 
өзгеруі бұндай білім беру кеңістігінің нәтижелілік критерийлері болып табылады. 
Ұжымдық  қарым-қатынас  (ұйымдастырылған  диалог,  үйлесімді  диалог, 
оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  жұптық  жұмыс)  технологиясын  А.Г.Ривин  және  оның 
шәкірттері  В.В.  Архипова,  В.К.Дьяченко,  А.С.Соколов  және  басқалардың 
қатысуымен әзірленген. 
Ұжымдық қарым-қатынас технологиясы үш компоненттен тұрады: 
-
 
оқу материалын дайындау; 
-
 
оқушыларды бағыттау; 
-
 
сабақтың технологиялық кезеңі. 
Оқу  материалын  дайындау  оқу  мәтіндерін,  тақырып  бойынша  қосымша  және 
анықтамалық әдебиеттерді іріктеуден тұрады; оқу материалын меңгеру бірліктеріне 
бөлу (мағыналық абзацтар); мақсатқа бағытталған тапсырмалар (сонымен қатар үй 
тапсырмаларын да) әзірлеу. 
Кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәніндегі  ұжымдық  қарым-қатынас 
технологиясы,  балаларды  ұжымда  бірлесіп  жұмыс  істеуге,  өз  ойын  дәлелдеуге, 
достарын тыңдай білуге, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
Алдыңғы  технологияларда  қарастырылған  «Қоршаған  ортаны  білу  және  түсіну» 
бөлімшесіндегі  (1-сынып)  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін,  таныс 
бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.) мақсаты бойынша тағы 
бір  мысал  келтіруге  болады.  Дайын  көбелек  бейнелерін  қолданып,  оқушыларға 
топта  «Жазғы  дала»  немесе  «Көбелектер  алаңы»  атты  шығармашылық  жұмыс 
орындауды тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындау барысында оқушылар өздері 
әзірлеген  көбелектерді  пайдаланады,  сонымен  қатар  бірлесе  отырып 
шығармашылық  жұмыс  орындайды,  яғни  біреуі  гүлдердің  суретін  салады,  біреуі 
бояйды т.с.с. 
Профессор  Ж.Қараевтың  деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясы  жаңаша 
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді 
талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім 
алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
 
Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясында  жұмыс  міндетті  үш  деңгейлік, 
қосымша  шығармашылық  деңгей  талаптарынан  тұрады.  Оның  басты  мақсаты  – 
сынып  оқушыларын  «қабілетті»,  «қабілетсіз»  деген  жіктерге  бөлуді  болдырмау. 
Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты              І 
деңгейден  орындайды.  І  деңгей  тапсырмаларын  орындау  мемлекеттік  білім 
стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы 
Ақыл-ой формасында әрекетті 
орындау кезеңі 
Абстрактідегі мазмұнды ақыл-ойды өзгертуге 
әкеледі. Тілдік процесс санадан кетеді, онда тек 
соңғы нәтижені қалдырады. 
115 

«3»  деген  бағамен  бағаланады.  Әрбір  оқушы  І  деңгейді  орындауға  міндетті  және 
одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда 
«үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге 
болады?  -  деген  сұрақ  туады.  І  деңгейден  аса  алмай  жатқан  жағдайда  қалған 
тапсырмаларды  үйде  орындауға  беру  керек.  Деңгейлеп-саралап  оқыту 
технологиясының  екінші  бір  жағы  –  оқушыларды  дүниежүзілік  білім  жүйесінде 
қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
 
Деңгейлік  тапсырмалар  рейтинг-ұпай  –  балл  жинау  әдісімен  бағаланатынын 
ескерсек,  оқушылардың  деңгейлік  сабақ  өткеннен  кейін  де  сол  тапсырмаларда 
жіберген  қателіктеріне,  тапсырмаларын  орындауда  қолданған  тәсілдеріне  талдау 
жасап,  қателіктері  мен  кемшіліктерін  анықтай  білуге  мүмкіндік  береді.  Келесі 
тапсырмаларда  оқушы  неғұрлым  көбірек  ұпай  жинау  үшін  ізденіп  оқытушыдан, 
жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды
 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
 
-
 
оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
 
-
 
оқушының ынталандыруға;
 
-
 
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
 
-
 
оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
 
-
 
баға әділдігіне;
 
-
 
білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді [19]. 
 
Толық меңгеру технологиясы. 
Американдық  ғалымдар  Дж.Кэрролл  және  Б.Блум  толық  меңгеру 
технологиясының авторлары болып табылады. Олардың айтуынша баланың қабілеті 
оның білім алуына қолайлы жағдай жасалған кезде оның оқу темпімен анықталады. 
Толық меңгеру технологиясы бойынша барлық оқушылардың білімді, білікті және 
дағдыларды  меңгеруіне  арналған  белгілі  бір  деңгей  ұсынылады,  бірақ  әр  оқушы 
үшін уақыт, әдіс-тәсілдер, жұмыс істеу жағдайы әр түрлі болады. 
Аталған технология: 

балаларды оқу мақсатымен таныстыру; 

берілген тарау бойынша сыныпты жалпы оқу жоспарымен таныстыру; 

мұғалімнің материалды баяндауы; 

ағымдық тексеруді диагностикалық тест бойынша жүргізу; 

тексеру  нәтижесін  бағалау  арқылы,  тарау  мазмұнын  толық  меңгерген 
оқушыларды анықтау; 

тарауды  толық  меңгермеген  оқушылармен  түзету  оқуларын  жүргізуді 
қарастырады [20].
 
 
Сонымен,  барлық  оқушылардың  қол  жеткізуі  тиіс,  оқытудың  жоспарлы 
нәтижесі,  яғни  толық  меңгеру  үлгісі  –  бұл  технологияның  анықтаушысы  болып 
табылады. Толық меңгеру үлгісі жүйеленген мақсаттар таксономиясының көмегімен 
беріледі  немесе  ойлау,  сана-сезімдік  және  психомоторлық  салаларға  арнап 
әзірленген педагогикалық мақсаттар жүйесінің өзара байланысы. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  –  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдіс-тәсілдері  бойынша  оқытудың 
дербестігін қамтамасыз етеді.  
«Модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне 
(алдын-ала  жоспарланған  нәтиже)  жету  үшін  іріктелген,  дидактикалық  тұрғыдан 
өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік 
116 

нұсқауы  немесе  аяқталған  оқу  ақпараты  болып  табылатын  модульдік 
бағдарламаның  негізгі  құралы.  Басқаша  айтқанда,  адамның  өзіндік  дамуының 
шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. 
«Модуль  мазмұны»  өзіндік  мағына  беретін  оқу  материалының  көлемі  ретінде 
ұсынылады.  
Модуль  –  оқу  мазмұны  мен  технологияны  біріктіріп  тұрған  мақсатты 
функционалды  байланыстырушы.  Оқу  модулі  үш  құрылымды  бөліктен:  кіріспе, 
сөйлесу және қорытынды бөлімінен тұрады.  
Модульдік  оқыту  технологиясы  –  жеке  тұлғаның  өзін  өзі  дамытуға, 
шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  қажетті  шеберліктері  мен  дағдыларын 
қалыптастыратын технология. 
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:  
-
 
қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 
-
 
 
оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-әрекетін  бағалау  үшін  диалогтық  қарым-
қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; 
-
 
 
барлық тақырыптар бойынша сынақ жүргізу [21].  
Мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламаларында негізінен оқушылардың 
ойлау  қабілетін,  ізденушілік,  өзбетінше  талдау  жасау,  өз  көзқарасын  дәлелдеу, 
өзіне-өзі  баға  беру  қабілеттерін  дамытатын  жобалау-зерттеушілік  технологиясына 
басым көңіл аударылады.  
Жобалау  әдісі  –  бұл  оқу  үдерісін  тұлғаландыруды  мүмкін  қылатын,  білім 
алушының  өз  бетінше  жоспар  құруына,  өз  іс-әрекетін  ұйымдастыруына  және 
бақылауына  жағдай  жасайтын  кешенді  оқыту  әдісі.  Оқушылар  жобалық 
практикалық  тапсырмаларды  жоспарлау  және  орындау  барысында  өз  беттерінше 
білім  алады.  Жобалық  әдістің  басты  мақсаты  –  білім  алушының  практикалық 
міндеттерді немесе проблемаларды шешуі барысында түрлі білім салаларынан алған 
білімдерін кіріктіру арқылы, өз бетінше білімін толықтыруына жағдай жасау.  
Жобалық  оқыту  технологиясы  –  бұл  белгілі  бір  нәтижеге  қол  жеткізуге 
бағытталған  оқушының  өзіндік  іс-әрекетін  ұйымдастыру  тәсілі.  Ол  тұлғаның 
шығармашылық  дербестігіне,  қызығушылықтарына,  өзін  қызықтыратын  мәселенің 
шешімін  табу  жолындағы  іс-әрекет  үстінде  оның  интеллектуалдық  және  дене 
мүмкіндіктерінің,  еріктік  қасиеттері  мен  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына 
бағытталған.  
Заманауи педагогикада жобалық оқыту жүйелі пәндік оқытудың орнына емес, 
сонымен қатар білім беру жүйелерінің компоненті ретінде қолданылады.  
Жобалық  оқыту  технологиясы  оқу  жобасын  орындау  барысында  оқушының 
қиыншылықтарды жеңу үшін нақты жағдаяттарды басынан кешіруді, құбылыстың, 
үдерістің түбіне жетуді қатыстыруды көздейді.  
Оқу жобасына қойылатын талаптар: 
1.
 
Әлеуметтік  маңызы  бар  зерттеушілік,  ақпараттық,  тәжірибелік  міндеттің 
(мәселенің) бар болуы қажет. 
2.
 
Жобаны  орындау  мәселені  шешу  бойынша  іс-әрекетті  жоспарлаудан, 
басқаша  айтқанда  –  жобаны  жобалаудан,  атап  айтқанда  –  өнімнің  түрі  мен 
презентацияның түрін анықтаудан басталады.  
3.
 
Әр жоба, міндетті түрде, оқушылардың зерттеушілік жұмысын талап етеді.  
Жобалық  іс-әрекеттің  басты  ерекшелігі  –  ақпарат  іздеу.  Ол  кейін  өңделеді, 
зерделенеді және жобалау тобының қатысушыларына ұсынылады. 
117 

Жоба бойынша жұмыстың нәтижесі өнім болып табылады 
Кешенді  және  көп  мақсатты  әдіс  ретінде  оқыту  жобасының  түрлері  де  көп. 
Жобадағы іс-әрекет түрінің басымдылығына қарай олар: 

тәжірибелік бағытты; 

зерттеушілік; 

ақпараттық; 

шығармашылық; 

рөлдік болып бөлінеді. 
Жобаға қатысушылар санына қарай: 
-
 
 
жеке-дара 
-
 
 
топтық болады. 
Ұзақтығына қарай: 
-
 
 
шағын жобалар (1 сабақ көлемінде орындалады); 
-
 
 
қысқа мерзімді (3-4 сабақ); 
-
 
 
орта мерзімді; 
-
 
 
ұзақмерзімді болып бөлінеді.  
Отандық  және  шетелдік  педагогтар  мен  психологтардың  пікірлерімен 
келіспеуге  болмайды.  Олардың  пайымдауынша  «жобалық  оқыту  сыныптық-
сабақтық  жүйені  ығыстырып  тастамау  керек,  оны  «оқытудың  тура  және  жанама 
түрлеріне» қосымша ретінде қолданған жөн». 
Жобалық  технологияның  тиімділігі  мен  7-10  жасар  оқушылардың  жас 
мүмкіншіліктерін  ескере  отырып,  оны  мектептік  оқытудың  бастауыш  буынында 
қолдана бастаған жөн. Соған байланысты жобалау әдісінің ерекшеліктері мен оны 
бастауыш мектеп оқушыларымен ұйымдастырудың нұсқаларын қарастыру қажет. 
Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  әзірленген  «Көркем  еңбек»  пәні 
оқу  бағдарламасының  «материалдар  және  шығармашылық  жұмыс  техникалары» 
бөлімшесіндегі  «әр  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  пайдаланып,  өзідігімен  таңдалған 
материалдарды  (табиғи  және  жасанды)  және  құралдарды  қолданып,  эксперемент 
жүргізу» мақсатын жобалық технология арқылы жүзеге асыруға болады. Тапсырма: 
табиғи материалдардың қандай түрлерін және қай жерлерде қолдануға болатынын 
анықтау; табиғи материалдарды қолданып ойыншықтар жасау. 
Мысалы: оқушылар жаңғақтар туралы мәліметтер жинайды. 
-
 
 
жаңғақтардың түрлері (грек жаңғағы; орман жаңғағы; жер жаңғағы; самырсын 
жаңғағы т.б.); 
-
 
 
олардың өсетін жерлері, өсуіне қажетті жағдайлар; 
-
 
 
көркем  еңбекте  қолданылуы  (қандай  бұйымдар  жасауға  болады).  Самырсын 
жаңғақтарын  аңдардың  аяқтарын,  орман  адамдарын  жасау  барысында  қолдануға 
болады. Бұл жаңғақтарды бізбен тесуге болады, жеңіл желімденеді). 
Көркем  еңбек  туындыларын  жасауда  сандық  компьютерлік  технологияларды 
қолданудың негізінде, Д.Дьюидің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша күнделікті 
өмірден  алынған  практикалық  мәселелерді  шешу  идеялары  жатыр.  Д.Дьюи  білім 
мазмұнын  стандарттаудың  қажеттілігін  теріске  шығарады  және  оқытуды 
балалардың қызығушылығына бағытталуы тиіс деген көзқарас айтады. 
Жоба  –  бұл  ой,  жоспар;  бір  құрылыстың,  механизмнің  алдын  ала  әзірленген 
планы; кезкелген бір құжаттың алдын ала әзірленген мәтіні. 
118 

Жобаның түрлері: пәнаралық, көппәндік болады.  
Жобалық технологияның мәні: оқушылардың нақты мәселелерді шешуге деген 
қызығушылығын  арттыру.  Мәселенің  шешімін  табу  үшін  оқушының  сол  саладан 
жинақтаған  білімі  болуы  және  ол  мәселені  шешу  үшін  білім  мен  тәжірибелік  іс-
әрекеттерді сабақтастыра отырып нәтижесін практикалық жолмен көрсете білуі тиіс. 
Сонымен жобалық оқыту технологиясы өнім ала отырып оқыту идеясын жүзеге 
асырудың тәжірибелік нұсқасының бірі болып табылады. Өнімді оқыту дегеніміз – 
оқыту үдерісі барысында орындалған іс-әрекеттің жеке нәтижесін көрсету арқылы 
түсіндіріледі.  
Ойын технологиясы. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі  саласы 
сабақ. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушылардың білімі, біліктілігі, іскерлігі, 
дағдысы,  дүниетанымы  дамиды.  Кез  келген  сабақтың  басты  мақсаты  –  оқушы 
білімінің сапасын арттыру, яғни түпкі нәтижені көре білу, сабақ барысында берген 
білімнің  қайтарымын  көру.  Ол  үшін  сабаққа  сыныптағы  оқушының  барлығын 
қызықтыра  отырып  қатыстыру  қажет.  Әр  оқушының  жас  және  даму  ерекшелігіне 
байланысты  сабаққа  қызығушылығы,  дүниетанымы,  даму  ерекшеліктері  әртүрлі 
болады.  Сондықтан  оқушылардың  осы  топтарына  әртүрлі  деңгейде  талап  қоюға 
тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  ойын  арқылы  берілген  тапсырмаларды  асқан 
қызығушылықпен,  белсенділікпен 
орындайды.  Оқушылардың  қызығушылықтарын 
туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар. 
Ойын  элементтерін  қолдана  отырып  мұғалім  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын,  зейінін  арттырады.  Атап  айтқанда,  мұғалім  ойын  жағдаяттарын 
туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, 
түсіндіріп  ойын  сюжетін  құрастырады.  Бастауыш  сынып  оқушылары  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  әлі  де  ойын  баласы,  сондықтан  мұғалім  оларды 
жалықтырмай  әртүрлі  ойындарды  қолдану  арқылы  сабақты  қызықты  өткізуге 
тырысуы  қажет.  Бастауыш  сыныптардың  барлық  пәндерінде,  сонымен  қатар 
«Көркем  еңбек»  сабақтарында  да  дидактикалық  ойындарды  жаңа  тақырыпты 
түсіндіру  барысында,  қайталау,  пысықтау,  сурет  салу,  құрастыру,  желімдеу  т.б. 
жұмыс түрлерін ойын элементтерін пайдалану арқылы өткізуге болады.  
Ойын  технологиясы  оқушылардың  ой-өрісін,  сана-сезімін  дамытып,  ойлау 
қабілетін  арттырумен  қатар,  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен  әсер 
етеді.  Шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік  қорларын 
молайтып,  сауатты  жазуға  да  баулиды.  Ойын  ойнау  барысында  үйренген  сөздерін 
айтып  қана  қоймай,  оның  қандай  мағынада  қолданылатынын  да  біледі.  Ойын  оқу 
пәндерінің  мазмұнымен  тығыз  байланыста  жүргізілгенде  ғана  дұрыс  нәтижелер 
береді. 
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді? 
119 

Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 
Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді 
өз бетінше шеше білуге үйренеді. 
Оқу процесінде алған білімдерін нақты істе қолдана білуге мүмкіндік алады. 
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 
Уақытты үнемдеуге үйренеді. 
Психологиялық жағымды ортада білім алады. 
Шешім қабылдауға, жауапкершілікке үйренеді. 
Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренеді. 
Ойын  арқылы  оқушылар  өздері  жеткен  жетістіктері,  әсерлері,  алған  білімі 
туралы ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен бөлісе алады.  
Ойын  технологиясын  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлілігін,  тартымдылығын 
күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. 
Педагогикалық  технологиялардың  мәні  оқушыны,  оның  қабілеттерін, 
қажеттіліктерін  дамыту  және  сол  арқылы  оның  қоршаған  ортада  еркін  және 
өздігінше өмір сүруге бейімделуін қамтамасыз ету.  
Сонымен, кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнін оқыту барысында пән бойынша 
білім  стандарты  және  оқу  бағдарламалары  қойған  мақсаттарға  жетуге  жағдай 
жасайтын, яғни оқушылардың бойында: 
-
 
 
топта жұмыс істеу шеберлігін; 
-
 
 
өз ойын дәлелді және ашық айту дағдысын; 
-
 
 
сыныптастарының, достарының ойын тыңдау дағдысын; 
-
 
 
қолайлы  психологиялық  жағдай  қалыптастыра  алатын  технологиялар 
қолданылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет