Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


(Т):  Ойнау, жұмыс  жасау, оқу  етістіктерін келер  шақта 3  топ  ауызша жіктеп  шығады.   Рефлексия



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#9076
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
(Т):  Ойнау, жұмыс  жасау, оқу  етістіктерін келер  шақта 3  топ  ауызша жіктеп 
шығады.  
Рефлексия.  Стикерлерді  тақтаға  жабыстыру  арқылы  сабаққа  кері  байланыс 
жасайды[9]. 
Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған орта» 
Оқу мақсаты:  
Т 2 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. 
А4 Диалогқа қатысушылардың айтқанын түсінеді. 
 
Сабақтың мақсаты:
  
Барлық оқушылар орындай  алады:  
Жауабында   жаңа сөздерді (орман, тау, көл, өзен) қолдана алады. 
Оқушылардың көбі жасай алады:  
Зат  есім  мен  сын  есімді  тіркестіріп  қолдана  алады.  (қалың  орман,  биік  тау,  
терең өзен,  үлкен көл) 
Оқушылардың кейбірі орындай алады: 
Көрсеткен  суреттерді атай алады. 
 
Тілдік мақсат:
  
Негізгі терминдер мен сөз тіркестер:орман, тау, өзен, көл,  байлық, т.б. 
 
Сабақтың басы 
37 

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. 
Шаттық шеңбері 
«Жүректен  жүрекке»    Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен  келесі  сөйлемдерді 
қайталай отырып, бір-біріне тілектерін білдіреді. 

 
Сәттілік тілеймін! 
Жақсы  көңіл-күй тілеймін! 
 
Сабақтың ортасы 
«Миға шабуыл»    
Оқушылар суретке қарап отырып сабақтың тақырыбын ашуға тырысады. 
 
  
(
Т) Қазақстан туралы не білесіңдер? Картадан Қазақстанды көрсете аласыңдар ма? 
(Ж) Оқушылар жұптасып өзгелерден сұрау үшін үш сұрақ құрастырады. Мысалы: 
Қазақстанның астанасы қай қала?  
(
Т) Жұптар кезекпен қарапайым сұрақ қояды . 
(
Т) Қазақстанның Туы туралы сұрау. Мысалы:  
Ту туралы кім не біледі?  
Оқушылар жауап беріп болған соң, тудың суретін көрсету.  
Қолдануға болатын сипаттаушы сөздер: көк, аспан көк, сары, алтын, дөңгелек, 
шеңбер, күн, күн шуағы, ою, құс, бүркіт (көрнекті жерге іліп қою). 
Түстерді қайталау 
(
Ж) Оқушылар әртүрлі түстер мен оюларды пайдалана отырып ту жасайдыАуызша 
сипаттайды.  
Сергіту сәті. 
Атыңды жаттап өсемін 
Аңызымен атаның, 
Дархан дала, кең дала 
Менің туған Отаным! 
(Ж) 
Оқушылар жұпта жаңа сөздерді пайдаланып, диалог құрады. 
Диалог үлгісі. 
-
Біз қай елде тұрамыз? 
-
Біз Қазақстанда тұрамыз. 
-
Қазақстанның астанасы қай қала? 
-
Қазақстанның астанасы қай қала? 
38 


Тудың түсі қандай? 
-
Тудың түсі көгілдір. 
Сабақтың соңы 
 
 
Рефлексия 
Мұғалім  смайликтер бойынша бағалайды. 
 
Оқушылардың смайликтеріне қарап, қалай жұмыс істегендерін, қандай баға  алдық 
деп ойлайтындарын сұрауға болады[10]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
39 

3  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  (Т2)»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқытудың 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары  
 
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасын  табысты  жүзеге  асыру  үшін  белсенді 
оқыту,  командалық  оқыту,  пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқыту,  (CLIL)  т.б.  озық 
педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. 4-сурет. 
 
ТІЛ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Белсенді 
оқыту 
Сын 
тұрғысынан 
ойлау
CLIL
CBI
Саралап 
оқыту
Ұжымдық 
оқыту

Белсенді білім 
алушы 

Сұрақ қоюшы

Жеке білім 
алушымен қатар 
топпен білім 
алушы 

Оқушы 

басты 
рөлде

Өнім, нәтижемен 
қатар іс
-
әрекет те 
маңызды 

Мұғалім 

білім 
алуды     
ұйымдастырушы

Жалпы шеңбер

Пассив білім 
алушы

Сұраққа жауап 
беруші

Жеке білім алушы               
ОҚУШЫ
МҰҒАЛІМ

Мұғалім 

басты рөлде

Өнім, нәтиже маңызды

Мұғалім 

білім 
тасымалдаушыПән 
шеңбері                    
13
 
 
4-
сурет – Тіл пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен

 
 
Оқыту  процесінде  жаңа  технологияларды  енгізу  бір  күннің  немесе  бір 
жекелеген  ғалымның  ісі  емес,  ол  ұзақ  та  күрделі  кезеңнен  өткен  ғылыми 
ізденістердің,  ұстаздар  ұжымының,  ғалымдар  қауымдастығының  ынтымақтасқан 
еңбегінің  нәтижесі  екені  белгілі  құбылыс.  Сондықтан  біз  осы  әдістемелік  құралға 
қазақстандық  және  шетел  ғалымдарының  оқыту  үдерісіне  енгізген  жаңа 
технологияларына тоқталып, саралауды жөн көрдік. 
Жобаларды  қорғау  әдісі  француз  педагогы  және  ойшыл  С.  Френенің  «еркін 
еңбек  технологиясы»  негізінде  ұсынылған.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  тапсырма 
түрлеріне  қарай  жұмыс  топтарының  құрылуын,  ақпараттардың  құндылығын, 
жоспарлау,  өздігінен  еңбектенудің  құндылығын  көрсете  білуінде.  Мұғалім 
көмегімен әрбір оқушы жұмыс түрі (кітаппен жұмыс, сауалнама өткізу, сұхбат алу, 
бақылау)  көрсетілген  жеке  апталық  жоспар  құрады.  Білім  негізін  құрайтын 
ақпаратты қайдан, қалай алудың  мүмкін жолдарын іздеп, ақпарат иелерімен жеке 
қарым-қатынасқа  түсу  нәтижесінде  білім  жинақтайды,  өзара  талдайды,  бірін-бірі 
бағалайды.  Бағалау  өлшемдері  бойынша  жүзеге  асырылады:  мазмұндаудың 
түсініктілігі,  шынайлығы,тыңдаушыны  қызықтыруы,  тақырыпты  толық  аша  білуі, 
40 

шығармашылығы.  Оқушының  таным  қызметі  неғұрлым  өзі  іздеп  тапқан  білімге 
көбірек  тәуелді  болса,  соғұрлым  материалды  меңгеру  нәтижелі  болады.  Мәселен, 
терең ойлы оқушының тұлғасын қалыптастыру үшін «Абай жолы» роман-эпопеясын 
оқудың  маңыздылығын  дәлелдеуге  бағытталған  жобаларды  қорғауға  болады. 
Бірінші тапсырма: «Абай жолы» туралы жазылған зерттеу жұмыстарын  талдау; осы 
шығарма бойынша сұрақтар әзірлеп, оның қорытындысын талдау; әртүрлі әлеумет 
өкілдерінен  сұхбат  алу  арқылы  М.Әуезовтің  аталған  туындысының  тартымды 
эпизодын анықтау және оның себептерін түсіндіру [11]. 
Дебат әдісі оқушылардың қабілетін ашуға, дамуына бағытталған. М.М.Бахтин 
«Эстетика  в  словесном  творчестве»  кітабында:  «диалогизм  является  формой 
взаимодействия между равноправными  и разнозначными сознаниями, в то же время 
как монологизм завершен и глух к чужому ответу, не ждет его и не признает за ним 
решающей  силы»,-  деп  диалогтық  сипаттағы  оқыту  әдістерін  жоғары  бағалайды. 
Шын  мәнінде  бұл  әдіс  ғылыми    принциптің  белсенділігіне  сәйкес  келеді.  Осы 
әдістің  негізін  қалаушы  К.Поппер  күрделі  практикалық    мәселелерді  интуитивтік 
жолмен  шешуді  ұсынған  («метод  мозговой  атаки»).  Интуицияның  өзі 
философиялық интуиция (интуиция - суждение) және психоэвристикалық интуиция 
(интуиция  –  догадка)  деп  екіге  бөлінеді.  К.Поппер  жоғарыда  көрсетілген 
әдістемедегі  дедуктивті жолды таңдайды. Қорытындылауда жалпы ұғымнан жекеге 
келуді дедукция деп атайды[11]. 
Саралап оқыту әдісі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мақсатында кіріктірілген 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдануға 
болады. 
Өзге тілдегі мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлету немесе үйретуде саралап 
оқытуды қолданудың екі бағытын атап көрсетуге болады. 
Біріншіден,  оқушылардың  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  білу  деңгейлерінің  түрлі 
болып келуін ескеру. 
Екіншіден,  тіл  мен  әдебиеттен  берілетін  тапсырмалар  жүйесіне  саралау 
тұрғысынан қарауды білдіреді. 
Коммуникация  –  адамдардың  танымдық  еңбек  қызметінің  процесінде  өзара 
қарым-қатынас  жасау  формасының  ерекше  түрі  болып  табылады.  Адамдар 
арасындағы қарым-қатынас, негізінен, тіл арқылы жүзеге асады.  
Тілдің коммуникативтік функциясында оның құралдық-белгілік мәні ашылады. 
Осыған  орай  коммуникация  кез  келген  жеке  адамның  әлеуметтік  тұлға  ретіндегі 
қалыптасуының және сол әлеуметтің жеке және топтық ниеттерін қалыптастырушы 
тетігіне айналады.  
Тілде  коммуникацияға  қатысушылар  «коммуниканттар»  мен  «тыңдаушылар» 
болып  табылатын  коммуникативтік  актілерден  тұрады.  Олар  өз  кезегінде  мәтін 
тудырушылар мен ол мәтіннің түсініктеме берушілері болып табылады. Қазақ тілі 
арқылы  жүзеге  асырылатын    коммуникацияның  бастапқы  және  қорытынды 
кезеңдері  ішкі  сөйлеу  механизмдеріне,  оның  терең  құрылымдарына  барады.  Кез 
келген  коммуникация  экстралингвистикалық  факторлармен  шартталады.  Ол 
факторлар  жағдаяттылық,  ұлттық-мәдени  дәстүрлер  т.б.  болып  бөліне  береді. 
Осыған қатысты коммуникация сонда «ақпарат алмасудың ерекше түрі және де ол 
ақпарат  алмасулар  эмоционалдық  және  интеллектуалдық  мазмұнда  болады
Коммуникацияда  маңызды  болып  табылатыны  –  ақпарат  және  пікір  алмасу. 
Коммуникация    адам  қызметінің  талаптарын  толықтай  қанағаттандыруы  тиіс. 
41 

Сондықтан  да,  тілді  меңгеру  екі  жолмен  жүреді:  табиғи  және  арнайы 
ұйымдастырылған.  Ал  олардың  екеуінің  де  түпкі    мақсаты  –  тілді  қарым-қатынас 
құралы ретінде игеруді көздеу. 
Қазақ  тілін  оқушы  толық  игеруі  үшін  коммуникативтік  бағыттағы 
жаттығулардың  міндетті  түрде  динамикалық  тәртібінде  болуын  қамтамасыз  етіп 
отыруы керек. Ондай жағдай тек қана коммуникативтік жаттығулардың көмегімен 
ғана  жүзеге  асып  отыратыны  белгілі.  Сонымен,  ауызша  сөйлеу  формасы  сөйлеуді 
есту арқылы түсіну болып табылады, яғни түсініп тыңдау және сол сөйлеуге дұрыс 
жауап  беру.  Ал  жазбаша  сөйлеу  графикалық  сөйлеуді  көздейді,  яғни  басылған 
мәтінді  түсіну,  яғни  графикалық  берілген  ақпаратты  пайдалана  отырып,  өз  ойын 
жазбаша түрде жеткізу. 
Түсініп - тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу оқушылардың қарым-қатынас жасауын 
қамтамасыз  етуге  қажет  қалыптастырылатын  сөйлеу  қызметінің  түрі  болып 
табылады.  Сондықтан  да  осы  сөйлеу  қызметі  түрлерін  негізі  міндетті  түрде 
оқушылардың бойында қалыптастырылуы керек.  
Қазақ  тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  оқыту  –  функционалдық-мағыналық 
тұрғыдан  меңгертуді  білдіреді.  Коммуникативтік  технология,  негізінен,  сөйлеу 
әрекетінің есту, сөйлеу, оқу, жазу түрлерінің өзара біртұтас байланыстағы кешенді 
оқытуға сүйенеді. 
Коммуникативтік  технология  жүйесімен  қазақ  тілін  үйрету  арқылы  тіл 
үйренуші  қазақ  тілінің  түрлі  салада  қызмет  ету  тетіктерін  түсінеді  және  қолдану 
дағдыларын меңгереді. Ондай қызмет ету тетіктері: 
1)
 
 
тілдің  құрал  болу  қызметі  -  тілді  бір  нәрсе  туралы  ақпарат  алу  үшін 
қолданғанда; 
2)
 
 
тілдің  реттеушілік  қызметі  -  сөйлеуші  тілді  өз  айналасындағы  адамдардың 
мінез-құлығын реттеу үшін қолданғанда; 
3)
 
 
тілдің  интерактивтік  қызметі  -  сөйлеуші  тілді  басқа  адамдармен  өзара 
байланысу мақсатында қолданғанда; 
4)
 
 
тілдің  жеке  тұлғалық  қызметі  -  сөйлеуші  тілді  жеке  басының  ойы  мен 
сезімін білдіру үшін қолданғанда; 
5)
 
 
тілдің эвристикалық қызметі - тілді әлемді танып-білу үшін қолданғанда; 
6)
 
 
тілдің бейнелік қызметі - тілді қиял әлемін бейнелеу үшін қолданғанда; 
7)
 
 
тілдің репрезентативтік қызметі - тілді ақпаратты жеткізу үшін қолданғанда 
[11].  
Қазақ тілін коммуникативтік технология негізінде оқытуда басты ерекшелік – 
сөйлеу жағдаяттары мен сөйлеу іс-әрекеттерінен құралатын жеке тұлғаның сөйлеу 
барысындағы мінез-құлығы. 
Тілді оқытудың мақсаты – ол «коммуникативтік құзыреттілікті» қалыптастыру. 
Бұл  терминді  алғаш  рет  Хаймс  (Hymes)  енгізген  болатын.  Хаймстің 
коммуникативтік  құзыреттілік  теориясы  сөйлеушінің  нақты  бір  сөйлеу 
қауымдастығында өзін түсінгендігін білуі болып табылады. 
Білім беруде коммуникативтік құзыреттілік – оқыту процесінің негізгі мақсаты 
болуы тиіс. Осыған байланысты біз сипаттамаларды көрсетеміз. Үйренушінің тілді 
жетік  білуі,  орташа  білуі,  нашар  білуі  көптеген  факторлармен  байланысты. 
Коммуникативтік құзырет үйренген тіл құралдарын тілдік қарым-қатынаста таңдап 
пайдалана білуге қабілет, тақырыпқа сәйкес коммуникативтік жағдаятты бағалауы, 
жағдаятқа  тез  арада  кері  байланыс/реакция  жасап,  екінші  тілде  жауап  беруі. 
42 

Коммуникативтік  құзыреттілік  –  қарым-қатынастағы  мәдени  мәнмәтін,  вербалды 
емес, мінез-құлықтық міндеттерді дұрыс түсінуі және бағалауы.   
Коммуникативтік құзырет дегеніміз – оқушының қазақ тілін қолдана отырып,  
тұрмыстық,  оқу,  кәсіби,  мәдени  өмірінде  өзіне  өзекті  болып  табылатын  қазақша 
тілдік  міндеттерді  шеше  алуы;  қазақ  тілінің  нормасына  сай  қазақ  тілінде    сөйлеу 
және  жазу,  тыңдау-түсіну,  оқу-түсіну  міндеттерін  шеше  алуы.  Коммуникативтік 
құзырет  адамның  жеке  тұлғалық  қасиетіне  бірден  айналмайды,  ол  қазақ  тілінде 
қарым-қатынас жасау барысында ғана танылады. 
Еуропалық  тіл  үйрету  жүйесінде  тілдерді  үйрену  мен  үйретуге 
коммуникативтік-бағдарлық тұрғыдан келудің мақсаты: 

 
 
түрлі тілдердің ұлттық болмысын, тілдік және мәдени жәдігері болып қалған 
тілдік қорды сақтап қалу; 

 
 
адамдардың  ел  арасындағы  мәдени,  ғылыми  және  техникалық  жетістіктерді 
өзара  оңтайлылықпен  алмаса  отырып  игеруіне  мүмкіндіктер  жасау  болып 
белгіленген. 
Коммуникативтік-бағдарлық  тұрғыдан  келудің    негізгі  бір  түйіні  – 
еуропалықтардың  басқа  тілді  үйренуде  нақты  өмірлік  жағдаяттарды  бастан  кешу 
мүмкіндіктерін тіл үйрету сабақтарында қолдану қажеттілігін таныту.   
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту тәсілі. Негізгі орта білім 
беру  деңгейіне  арналған  бағдарлама  мақсаттарының  бірі  –  түрлі  әлеуметтік 
топтармен  тиімді  тіл  табысуға  қабілетті  азаматтарды  тәрбиелеу.  Осы  мақсатқа 
жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны 
құру керек. Коммуникацияның түрлі формаларын қолдану құнды болып саналатын 
мұндай ортада оқушылар өз пікірін еркін білдіре алады.  
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды 
белсенді  ойлау  және  практикалық  әрекетке  итермелейтін  әдістер.  Белсенді  оқыту  
мұғалімнің  дайын  білімдерді  баяндауына,  оларды  есте  сақтауы  мен  қайта 
жаңғыртуына  емес,  оқушылардың  белсенді  ойлау  және  практикалық  әрекет 
үдерісінде  өз  бетінше  білімдер  мен  біліктерді  меңгеруіне  бағытталған  әдістер 
жүйесін пайдалануды білдіреді.  
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және 
ойлау  әрекетіне  талпындыру  жатыр.  Онсыз  білімдерді  игеруде  алға  жылжу 
болмайды.  Оқытудың  белсенді  әдістерінің  пайда  болуы  және  дамуы  оқытудың 
алдына  оқушыларға  білім  ғана  беріп  қоймай,  танымдық  қызығушылықтар  мен 
қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы 
мен  дамуын  қамтамасыз  ету  т.б.  жаңа  міндеттер  қойылуымен  байланысты.  Жаңа 
міндеттердің  пайда  болуы  ақпараттың  қарқынды  дамуына  тәуелді.  Егер  бұрын 
мектепте, оқу орындарында  алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, 
қазіргі  ақпараттық  заманда  оларды  үнемі  жаңартып  отыру  қажет.  Бұл  өз  бетінше 
білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті, өз 
бетінен ізденуді талап етеді. 
Әрбір  мұғалімнің  басты  міндеті  -  оқушыларға  белгілі  бір  білім    жиынтығын 
беру  ғана  емес,  сонымен  қатар  оларда  оқуға  деген  қызығушылықты  дамыту,  оқи 
білуге  үйрету.  Жақсы  ойластырылған  оқыту  әдістерінің  көмегінсіз  оқу 
материалының игерілуін ұйымдастыру қиын. 
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:  
43 

1. 
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық бетбұрыс 
(эпиграф,  сахналанған  көрініс,  бейнеүзінді,  ребус,  жұмбақ,  анаграмма), 
мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді айқындау. 
2. 
Проблемалық  сұрақтар  қою  және  шешу,  проблемалық  жағдаяттар  құру. 
Сабақта  қолданылатын  проблемалық  жағдаяттардың  типтері:  күтпеген  нәрсе 
жағдаяты;  шиеленіс  жағдаяты;  белгісіздік  жағдаяты;  болжам  жағдаяты;  таңдау 
жағдаяты. 
3. 
Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру. 
4. 
Оқу материалының презентациясы – ақпараттық технологияны, электронды 
оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану. 
5. 
Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану. 
6. 
Интербелсенді  оқыту  формаларын  немесе  олардың  элементтерін 
пайдалану: «жобалар  әдісі»,  «миға  шабуыл»,  «пікірталас»,  «түрлі  кейіпкерлерден 
сұхбат алу» жатады [8]. 
Белсенді  оқыту  әдістерін    таңдау  бірқатар  факторларға  тәуелді.  Белгілі  бір 
дәрежеде ол оқушылардың санымен анықталады. Көптеген оқыту әдістерін шағын 
топтарда  пайдалану  ұсынылады.  Бірақ  әдісті  таңдау,  бірінші  кезекте,  сабақтың 
дидактикалық мақсатымен анықталады. Сабақта төмендегі белсенді оқыту әдістерін 
пайдалануға болады. 
Сабақтың  әр  кезеңінде  қолданылатын  өзінің  белсенді  әдістері  болады. 
Ұйымдастыру кезеңдері:  
1. 
«Күншуақ».  Оқушыларды  топқа  бөлу,  тақтаға  түрлі-түсті  шуақ  шашып 
түрған  күннің  суреті  ілінеді.  Оқушыларға  кірген  бетте  өзіне  ұнаған  түсті  шуақты 
таңдап  алу  ұсынылады  (осы  әдіс  арқылы  оқытушы  баланың  сол  сабақтағы  көңіл 
күйін де аңғаруына болады).Таңдап алынған түсіне байланысты топқа бөлінеді. 
 

Шынтақпен сәлемдесу»: 
Мақсаты: сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.  
Уақыт: 2 - 3 минут. 
Дайындық: оқушылар емін-еркін қозғалатындай жағдай жасау үшін алдын ала 
парталар мен орындықтарды жылжыту қажет.  
Барысы: 
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір оқушыдан бастап бір, екі, 
үш ретімен санауды сұрайды. 
Содан соң: 
Әр «бірінші» оқушы қолдарын желке тұсында айқастырады ал шынтақтары екі 
жаққа жазылады;  
Әр  «екінші»  оқушы  шынтақтары  екі  жаққа  жазылатындай  етіп  қолдарын 
мықындарына қояды;  
Әр «үшінші» оқушы еңкейіп қолдарын тізелеріне қояды, шынтақтары екі жаққа 
қарауын ескертеміз. 
Енді  әр  оқушы  бір-біріне  шынтақтарын  тигізіп  неғұрлым  көп  оқушымен 
сәлемдесіп  шығуы  керектігін  және  осы  жаттығуға  қанша  уақыт  берілетінін 
ескертеді. Мұғалімнің өзінің де қатысуы оқушыларға еркіндік береді. 
3.«Жеміс бағы» 
44 

Мақсаты: Сабақтың мақсатын айқындау (оқушылардың сабақтан не күтетінін, 
қандай күдіктерінің барын анықтау). 
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары 
Уақыт: 5 - 7 минут 
Дайындық:  алдын  ала  лимон  мен  алманың  пішінінде  әзірленген  түрлі-түсті 
қағаздар,  скотч,  маркерлер.  Тақтада  «Алма  ағашы»  мен  «Лимон  ағашы»  суреттері 
ілінген. 
Барысы:  мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  сабақтағы  күтетін  және  күдіктерін 
неғұрлым нақты етіп жазуларын сұрайды. Оқушылар «алмаға» бүгінгі сабақтан не 
күтетінін (нені білгілері келетінін), «лимонға» қандай күдіктері барын жазып, «алма 
ағашы»  мен  «  лимон  ағашына»  іледі  (күтетіні  мен  күдіктеріне:  сабақтың  өту 
әдістері,  іс-әрекет  түрлері,  сыныптағы  атмосфера,  оқушылар  арасындағы  қарым-
қатынас,  оқушының  көңіл-күйі  жатады).  Тапcырманы  мұғалімнің  өзінің  де 
орындауы  оқушылардың  өздеріне  деген  сенімділігін  арттырады.Оқушылардың 
барлығы  тапсырманы  орындаған  соң  оқушылардың  жазғанын  мұғалім  дауыстап 
оқып, сабақты қай бағытта жүргізу керектігі жөнінде қорытынды жасайды. 
Жаңа сабақтың презентациясындағы белсенді әдістер: 
1. 
«Автобус аялдамасы» әдісі. 
Мақсаты: берілген тақырыпты шағын топтарда талдау, өз беттерімен меңгеру. 
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары шағын топтарға 5-7 адамнан бөлінген.  
Уақыты: 20 - 25 мин.  
Алдын ала дайындық: А3 беттер,ватман, плакат, флипчарт беттері, түрлі түсті 
маркерлер.  
Барысы:  мұғалім  меңгерілуі  керек  тақырыпты  сыныптағы  топтардың  санына 
байланысты бірнеше тақырыпшаларға бөледі. Әр тақырыпша бойынша 4 - 5 сұрақ 
жазылған  бетті  топтардың  қасындағы  қабырғаға  жапсырады.  Әр  топтың  мүшелері 
сұрақтарға жауап іздеп өзара талдайды. Алдарында жатқан плакатқа сызба немесе 
сурет,  қысқаша  негізгі  ұғымдар  жазуға  болады.  Мұғалімнің  қалауы  бойынша 
тақырыптың  күрделігіне  байланысты  тапсырманы  орындауға  берілетін  уақытты 
алдын  ала  хабарлайды.  Мысалы,  5  минут.  Уақыт  біткен  соң  әр  топтың  мүшелері 
өздері  жазып  отырған  плакатты  немесе  беттерін  сол  жерге  қалдырып,  сағаттың 
бағытымен  келесі  «аялдамаға»  барады.  Келесі  тапсырма  бойынша  берілген 
қабырғаға  ілінген  сұраққа  жауап  іздейді  (3  минут).  Өздеріне  дейінгі  топ 
мүшелерінің  жұмысымен  танысады,  олардың  бастап  жазған  түсіндірмелерін 
жалғастыруға  болады  немесе  өздері  қалаулары  бойынша  толықтырады,  бірақ 
түзетуге  болмайды.  Осы  әрекет  бірнеше  рет  қайталанған  соң,  әр  топ  өз 
«аялдамаларына»  қайта  оралады.  Толтырылған  парақтағы  түсіндірмені 
қорытындылап, ортаға шығып өз тараулары бойынша тұсаукесер жасайды. 
Екерту:  бұл  әдістің  басқа  әдістерден  (тақырыпты  бірнеше  абзацқа  бөліп  әр 
оқушы  өз  абзацын оқып,  түсіндіру)  тиімділігі -  әр  топ  мүшелері бүкіл  тақырыпты 
меңгереді. 
2. 
«Ақ бет» әдісі 
Мақсаты:  жаңа  сабақты  ұсыну,  оқушылардың  зейінін  тақырыпқа 
шоғырландыру. 
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.  
Уақыт: тақырыптың күрделілігіне байланысты.  
Алдын ала дайындық: ватман беттері, әртүрлі түсті маркерлер. 
45 

Барысы:  мұғалім  оқушыларға  сабақтың  тақырыбын  атайды.  Қабырғада  ақ 
ватман жапсырылған беттің ортасында тақырып жазылған. Беттің басқа бөлігі таза 
ақ  қалпында,  бірақ  секторларға  бөлініп  нөмірленген.  Мұғалім  1  сектордан  бастап 
тақырыпша  жазады  да,  оқушылардан  осы  тақырыпша  бойынша  қандай  аспектілер 
туралы  сөз  болғалы  тұрғаны  туралы  ойланып  жауап  берулері  сұралады. 
Оқушылардың  айтқандарын  маркермен  мұғалім  секторға  жазып  шығады. 
Оқушылардың  ойларын  негізгі  ұғымдарға,  дұрыс  жауапқа  бағыттап  толықтырады. 
Осы әрекет алдын ала бөлінген секторлар бойынша қайталанады. Нәтижесінде бүкіл 
«ақ  бет»  толтырылады,  жаңа  сабақ  меңгеріледі  (оқушы  енжар  тыңдаушыдан, 
сабақты  түсіндірудің  белсенді  мүшесіне  айналады).  Осы  әдіс  арқылы  жаңа 
тақырыпты секторларға, негізгі ұғымдарға бөлу арқылы меңгереді. 
Ескерту: егер сабақ барысында оқушылардың шаршағанын байқасаңыз, сергіту 
сәтін ұйымдастырыңыз.  
Сергітудің белсенді әдістері.  
1.«Жер, ауа,от және су»  
Мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру.  
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары.  
Уақыт:2-3 минут  
Барысы: мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар жер, ауа, от және су күйлерін 
көрсетулері керек.  
Ауа.  Оқушыларға  терең  тыныс  алу,  одан  кейін,  біртіндеп,  тыныс  шығару 
жаттығуын  жасау  ұсынылады.  Тыныс  алу  кезінде  ауаның  мұрын  қуысынан  өтіп 
барлық жасушаларына сіңіп жатқаны туралы ойлану тапсырылады.  
Жер.  Мұғалім  оқушыларға  аяқтарымен  еденге  салмақ  салып  қатты  басып, 
орындарында  бірнеше  рет  ақырын  секіріуге  болатыны  және  аяқта  нық  тұру 
оқушының  өзіне  деген  сенімділігі  мен  тұрақтылықты  білдіретіні  жайлы  нұсқау 
береді.  
От.  Оқушылар  қолдарын  жоғары  көтеріп  қимылдатып,  денелерін  жан-жаққа 
қозғап оттың жалынын бейнелейді.  
Су.  Оқушылар  көздерін  жұмып  ойша  сынып  бөлмесін  бассейн  деп  елестетіп, 
суда жүзген қимылдар жасауларына болады.  
Ескерту.  Осы  жаттығуларды  мұғалімнің  балалармен  бірге  орындауы 
оқушыларда, әсіресе, ұялшақ оқушылардың ашылуларына мүмкіндік туғызады. 
Сабақты қорытындылаудағы белсенді әдістер. 
1. «5 – 5 - 
1» әдісі 
Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін анықтау. 
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта қалыптасқан ұғымдарды 5 сөйлем түрінде 
жазуды тапсырады. 
Келесі қадамда осы 5 сөйлемді негізгі деп ойлаған 5 сөзге қысқарту қажеттігі 
айтылады. 
Ең соңында осы тақырып бойынша бір маңызды сөзбен қорытындылайды. 
Ескерту: Оқушылар бірін бірі қайталамауы керек. 
2. 
«Мейрамхана» әдісі. 
Мақсаты: оқушылармен кері байланыс орнату. 
Уақыт: 5 мин.  
Құралдар: стикерлер, түрлі түсті маркерлер  
46 

Барысы:  мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  күнді  мейрамханада  өткіздік  деп  ойлап,  
сұрақтарға жауап беру керектігін айтады. 

мен тағы ..... тапсырыс берер едім  

маған бәрінен ұнағаны...…  

менің асқазаным қорытты…  

келесіде маған қосыңызшы…  
Оқушылар өздерінің жазғанын оқып, қысқаша түсіндіріп тақтаға жапсырады.  
Ескерту: мұғалім үшін осы кезең ең маңызды, себебі оқушылар нені ұғып, нені 
ұқпағаны  соған  қарай  келесі  сабақта  мұғалімнің  қандай  әрекет  жасау  керектігі 
көрінеді. 
«Сократ стиліндегі әңгіме» әдісі
Белсенді оқытудың анық көрінісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бір-
біріне бетпе-бет орналасады. Алдымен ішкі шеңберде тұрған оқушылар тақырыпты 
талқылудағы  өзінің  пікірін  жеткізеді.  Мұғалімнің  бағыт  беруімен  сыртқы  шеңбер 
сағат  тілімен  ауысып  отырады.  Екі  шеңберді  кезекпен  сөйлетіп  отыруға  болады. 
Берілген  сұрақ  аясында  немесе  бірнеше  оқылым  мәтінін  түсіну  мақсатында 
ұйымдастыруға болады. Осылайша шеңберде орналасқан оқушылар бірлескен білім 
ортасында  өздерінің  білік,  дағдыларын  жетілдіре  түседі.  Өз  пікірін  бірнеше 
оқушыға  баяндап  беруі  және  сонша  оқушының  ойын  тыңдауы  өтілген  тақырыпты 
бекіте түсуге, мәтін мазмұнын толық түсінуге, түрлі көзқарастарды талқылай алуға, 
пікір алмасуға алып келеді. 
«Бос орындық» әдісі.  
Мақсаты:  нақты  қойылған  сұраққа  пікір  алмасу  жолымен  жауап  табу.  Бұл 
ізденіс  оқушыларды  шындықты  ашуға,  заттардың  фактілік  күйін  анықтауға  әкелуі 
тиіс. «Бос орындық» әдістемесі сыни ойлауды дамытады, өз ойын дәлелдей білуге, 
сұрақ  қоюға  үйретеді,  оқушылардың  көпшілігін  белсенділігін  арттырады,  оларды 
пікірталас мәдениетіне үйретеді. 
3  - 
4  орындыққа  ақ  қағазға  жазылған  проблема  жайлы  түрлі  адамдардың 
пікірлері және «?» сұрақ белгісі бар парақ қойылады. Оқушылар түрлі пікірлермен 
танысады  және  өздері  таңдаған  пікірдің  қасына  барып  тұрады.    Басқа  пікірдегі 
балалар «?» сұрақ белгісі бар жерге тұрады. Әр топ таңдаған пікірін талдайды және 
пікірталас  үшін  өзінің  өкілін  ұсынады.  Пікірталасқа  қатысушылардың  барлығы 
дөңгеленіп  отырады.  Пікірталасты  бір-біріне  қарама-қарсы  орындықтарда  отырған 
топтың  өкілдері  бастайды.  Жүргізуші  (мұғалім)  тағы  бір  орындық  қояды.  Егер  де 
басқа  біреу  пікір  айтқысы  келсе,  онда  ол  бос  орындыққа  отырады.  Жүргізуші 
(мұғалім) ең басты болып табылатын нәрсені естіген кезде пікірталасты тоқтатады. 
«Идеялар кілемі» 
Проблеманы шешу әдістерінің бірі. Ол үш кезеңде өтеді. Оқушылар 3 - 4 топқа 
бөлінеді.  
Бірінші кезең - проблеманы түсіну. Оқушыларға «бұндай проблема не себепті 
орын  алып  отыр?»  деген  сұраққа  жауап  беру  ұсынылады.  Әр  топқа  түрлі-түсті 
қағаздар мен стикерлер таратылып беріледі. Оқушылар проблемалық сұраққа жауап 
береді, мысалы, Мектепте оқу неге қиын? Топ жауапты стикерлерге жазады, содан 
соң «Идеялар кілемі» плакатына іледі. 
Екінші  кезең  –  шешімдерді  іздеу.  Нені  өзгертуге  болады?  Әр  топ  өз 
жауаптарын береді және оларды әртүрлі қағаздарға жазады. 
47 

Үшінші кезең – әрекетті жеке даралау. Орын алған жағдаятты өзгерту үшін мен 
не істеймін? 
Төртінші кезең – идеяларды бағалау. Жеке дара шешім қабылдау: проблеманы 
шешу үшін не істей аламын және не  істеуге тырысамын? 
Практикалық жағдаятты талдау.  
Шешім  қабылдау  дағдыларына  оқыту  әдісі.  Оның  мақсаты:  оқушыларды 
ақпаратты  талдауға  үйрету,  негізгі  проблеманы  айқындау,  шешімнің  баламалы 
жолын  құру,  оларды  бағалау,  оңтайлы  шешім  қабылдау  және  әрекеттер 
бағдарламасын құру. 
Практикалық  жағдаятты  талдау  немесе  жасау  барысында    бірқатар  міндетті 
талаптарды есепке алу маңызды: 

жағдаят  мазмұны шынайы  оқиғалар  мен  фактілерді  көрсетуі,  қарастырылып 
отырған тақырыпқа, мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс; 

ұсынылған  жағдаятта  проблеманы  шешу  педагогтердің  қолынан  келуі,  оны 
жеңу тілегін оятуы және табыс сезімін бастан кешіруі тиіс. 
Жоғарыда  берілген  белсенді  оқыту  әдістері  шынайы  өмірден  алынған    және 
ойдан  шығарылған  жағдайларды  қолдана  отырып  оқушыларды  ойланып,  күрделі 
мәселелерді  шешуге  жетелейді.  Белсенді  оқу  білім,  дағды  және  көзқарас  деп 
аталатын  оқудың  негізгі  үш  саласын  қамтып,  оны  оқу  процесінің  мақсаты  деп 
санауға болады. 
Үй  тапсырмасын  мұғалім  күрделі  түрде,  жаттығуларды,  сұрақтар  мен 
тапсырмаларды  оқушы  орындай  алатындай,  анықталған  мөлшерде  бере  алады. 
Мысалы, мұғалім оқушыға ол орындай алатын он тапсырма береді.  
Күрделі тапсырма:  
1) баланың өз келісушілігі болады, ол бір көргеннен тапсырманың қиындығын 
бағалайды; 
2)  балалар  әртүрлі  тапсырмаларды  орындайды,  олардың  өзара  тапсырмалар 
алмасуына қосымша мүмкіндік туады; 
3) өз тапсырмаларын таңдай отырып, оқушы басқаларын оқиды, оның ой-өрісі 
дамиды, өзіне ұсынылған тапсырмалардан да көп біледі. 
Сонымен,  шынайы  педагогикалық  процесте  оқытудың  белсенді,  дамытушы 
әдістерін тиімді пайдаланған жөн. 
Жұптық  жұмыс:  «Иә,  бірақ…».Бұл  жұптық  жұмыс  оқушының  айтылым 
дағдысын  жетілдіруге  негізделген.  Әрбір  айтылған  ойды  «Иә,  бірақ…»  деп  жоққа 
шығарып  отыру  оқушыдан  сыни  тұрғыда  ойлай  алуды  және  танымдық  қабілеттің 
жоғарылығын  талап  етеді.  Дәлелді  жоққа  шығару  үшін  нақты  дәйектеме  айту 
қажеттілігі оқушыны ойландыра түседі, өз пікіріне сендіруге үйретеді. 
Оқушы  телебағдарламаға  өзі  қоятын  бірнеше  талаптарды  жазады.  Қойған 
талабының бірін таңдап, жұбымен талқыға салады. Мысалы:«Бағдарлама қызықты 
болу  керек»  дейді,  жұбы  «Иә,  бірақ…»  деп  оның  ойын  жоққа  шығарып  отырады. 
Қатысушылар орын ауыстырады. 
«Өзгерісті  тап»  ой  сергегінің  орындалу  жолдарын  қолдану.  Оқушыларды  етіс 
түрлеріне қарай топқа бөлу.Оқушылар топқа бөліну ретімен орналастыру. 
1-
топ: өздік 
2-
топ:өзгелік 
3-
топ: ырықсыз 
4-
топ: ортақ 
48 

Мысалы:  тыңдалым  тапсырмасы  .«Сауда»  тақырыбындағы  мәтінді  тыңдап, 
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді  
«Төрт сөйлем» тәсілі  
1. 
Пікір.  
Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.  
2. Дәлел.  
Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.  
3. Мысал.  
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.  
4. Қорытынды 
Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.  
Ойлаудың алты қалпағы 
«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді. 
«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады. 
«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды. 
«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды. 
«Жасыл  қалпақ»  киген  оқушы  тақырып  бойынша  креативті,  жаңа  идеялар 
айтады. 
«Көк  қалпақ»  киген  оқушы  тақырыпқа  сараптама  жасайды.  Айтылым 
тапсырмасы  «Екі  жақты  сауда  қатынастары»  мәтіні  негізінде  «Ойлаудың  алты 
қалпағы» әдісі арқылы өз ойларыңызды айтыңыздар, өзгенің пікірін бағалаңыздар. 
«ПОПС» формуласы 
1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » 
2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 
3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын 
… » 
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...». 
Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, сауда туралы өз ойларыңызды жүйелі жеткізіп, 
пікір айтып, бағалаңыздар. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыздар. 
Оқушылардың  оқу  белсендігін  арттырып,  әрі  сабақта  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін бағалауда тиімді әдістердің бірі Блум таксономиясын қолдану. 
Бенджамин  Блум  –  америкалық  оқыту  әдістемесінің  психологі,  Блум 
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған,          1935 
жылы  Пенсильван  университетін  бакалавр  және  магистр  деңгейлерімен  бітірген, 
1942  жылы  Чикаго  университетінде  докторлық  деңгейін  қорғады.  «Блум 
таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі 
мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
 
Таксономия  -  белгілі  бір  критерийлер  мен  ұстанымдар  бойынша  объектіні 
жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
 
Блум  таксономиясы  бойынша  ұйымдастыру  оқушылардың  дайын  ақпаратты 
қабылдауынан  гөрі,  ондағы  қойылған  мәселені  зерттеуіне,  талдауына  және 
салыстыруына,  ой  толғауына  және  бағалауына  қолдау  ететінін  айта  кеткен  жөн. 
Блум  таксономиясы  адамның  ақыл-ой  қабілеттерінің  құрылымы  танымдық 
процесінің  қарапайымнан  бастап  күрделіге  біртіндеп  өту  барысында  белсенді 
әрекетке  жетелейтін  6  деңгейге  сәйкес  тапсырмаларды  құруды  қажет  етеді. 
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістерінің мәні – оқушыларды кәсіби іс-
әрекетті  меңгеруге  бағытталады.  Сабақ  жоспарын  Блум  таксономиясына  салып, 
49 

бағдарламада  белгіленген  жеті  модульді  ықпалдастырудың  арқасында 
оқушылардың  не  білетінін  және  нені  жасай  алатынын,  сондай-ақ 
қызығушылықтарын  түсініп,  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  тиімді  және  орынды 
пайдаланып, оқушы  бойында  ішкі  уәж  тудырып, өз  қабілеттеріне  сенім  арттырып, 
ол  өз  кезегінде  жаңа  материалды  саналы  түрде  меңгеруіне  әсер  етеді  деп                
күтілді [12].  
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
 
1) Білім;
 
2) Түсіну;
 
3) Қолдану;
 
4) Талдау;
 
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
 
6) Бағалау.
 
І. Білу.
 
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау 
немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен 
деректердi еске түсiредi.
 
ІІ Түсіну.
 
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
 
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға 
болады:
 
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, 
математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, 
схемамен көрсету, т.б.);
 
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
 
Жорамалдау  –  оқу  материалдары  бойынша  әңгіменің  әрі  қарай  не  туралы 
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
 
ІІІ Қолдану.
 
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
 
Бұл  категория  оқу  материалын  нақты  жағдайда  және  мүлдем  жаңа  жағдаятта 
қолданады.  Мұнда  ережелерді,  әдістерді,  ұғымдарды,  заңдарды,  қағидаларды, 
теорияларды,  практикалық  тұрғыдан  қолдану  кіреді.  Оқу  нәтижелері  материалды 
тереңірек игеруді талап етеді.
 
IV Талдау
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
 
Оқу  материалының  құрылымы  анық  көрінуі  үшін  оны  құрамдас  бөліктерге 
бөлу:  бүтіннің  бөліктерін  ажырату;  бүтіннің  бөліктерінің  арасындағы  өзара 
байланыстарды  анықтау,  бүтіннің  қалайша  ұйымдастырылғандығын  сезіну.  Бұл 
категория  оқу  материалының  мазмұнын  сезінумен  қатар  оның  ішкі  құрылысын 
қалайша құралатындығын көрсетеді.
 
V Синтез (жинақтау, жүйелеу).
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
 
Оқу  материалының  элементтерінен  жаңашыл  сипаттан  бүтінді  (нәтижені) 
құрастыру.  Жаңа  нәтиже  ретінде  оқу  материалдарын  мүлдем  өзгеше  реттейтін 
хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу 
нәтижелері  жаңа  мазмұн  мен  жаңа  құрылымдарды  жасап  шығаратын 
шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
 
50 

VI Бағалау
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
 
Оқу  материалының  маңызын  анықтау,  ол  туралы  өзіндік  пікір  келтіру,  ойын 
білдіру.  Бұл  деңгей  алдыңғы  категориялардың  оқу  нәтижелелеріне  қол  жеткізуді 
меңзейді [12].
  
 
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 
1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы 
сыни 
тұрғыдан 
ойлау, 
яғни, 
RWCT 
жобасы 
29 
мемлекетте 
қолданылады.Технологияның  негізін  қалаушылар  американдық  ғалымдар  Чарльз 
Темпл,  Джон  Дьюи,  Мередит.  «Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясы»  RWCT  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің 
түпкір-түпкірінен  жинақталған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Кезінде  жоба 
ретінде  ұсынылып,  көпшіліктің  қолдауын  тапқан  бұл  технологияда  Ж.Пиаже, 
Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың және басқа да ғалымдардың еңбектерінің 
ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті. 
Мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан 
қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға 
сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізде  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты, 
«Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде 
мектеп тәжірибелеріне енгізілген. 
Бұл ұғым белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін 
зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу,  сол 
идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау 
деп түсіндіреді авторлар. 
Сыни  деңгейіндегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып  оқушыларына 
ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс 
ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір 
жетістіктерге жетері сөзсіз. 
Технология  жобасының  әдіс  -  тәсілдері  оқушыларды  тынымсыз 
ізденімпаздыққа  баулиды.  Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс 
жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру 
кезіндегі  оқушыны  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушымен  салыстырғанда  нәтижесі 
жақсы болды. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  оқу  мен  жазуды  дамыту  бағдарламасы.  Оқушыны 
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын 
тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты 
жеңуге баулитын бағдарлама. 
Оны үйрету үшін төмендегі іс-шаралар орындалуы шарт: 
1) уақыт керек; 
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; 
6)  оқушылардың  бір-бірінің  жауабына  жасаған  сынының  дәлелді,  дәйекті 
болуын талап ету; 
7) бағалау. 
Ал оқушылардан осыған байланысты: 
51 

-
 
 
сенімділікпен жұмыс жасау; 
-
 
 
бар ынтасымен оқуға берілу; 
-
 
 
пікірлерді тыңдау, құрметтеу; 
-
 
 
өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. 
Тек сонда ғана олар: 
-
 
 
мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 
-
 
 
осы  мазмұннан  алған  ақпарат  менің  бұрынғы  осы  мәселе  туралы  білетіні 
сәйкес пе? 
-
 
 
осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? 
-
 
 
маған  бұл  жаңа  ойлар,  идеялар  қаншалықты  әсер  етті?  деген  сауалдар 
төңірегінде ойлауға үйренеді.  
Сыни ойлау деген не? 
Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап 
ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі 
айқындайды.  Сыни  ойлау  –  әлеуметтік  ойлау,  бірлесе  оқыту  идеясы.  Мақсаты: 
Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым 
бір  пікірдің  біреуін  таңдауға,  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарға  үйрету.  Бұл 
бағдарлама оқулықтардың талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін 
көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуға,  ойларын  еркін  айтуға,  тез  арада 
дұрыс  шешім  қабылдауға  көмектесетін  бірден  –  бір  тиімді  технология.  Сын 
тұрғысынан ойлау (бұдан әрі – СТО) технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өзінің 
педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген 
де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. 
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады: 
I. 
Қызығушылығын  ояту  («көпір  жасау»,  ой  қозғау).  Эвокация  –  қызу  оқу 
жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы 
білетін  білімдерін  жаңа  материалмен  ұштастыруға  жағдай  жасайды.  Сабақтың 
мазмұнына  сай  алынған  стратегиялар  арқылы  оқушылардың  ойы  шыңдалып, 
ашылады.  Сабаққа  белсенділігі,  ынта-жігері  артады.  Бұл  кезеңде  мұғалім  жаңа 
ақпаратты  таныстырады.Тақырып  бойынша  жұмыс  жасауға  негіз  болады.  Таңдап 
алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. 
II. 
Мағынаны  таныту  (мағынаны  ажырату).  Реализация  –  оқып  жатқан 
тақырыптардың  қажетін  түсіну..  Мағынаны  тану  кезеңі  негізгі  кезең  сондықтан 
оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.  
III.  Ой-толғаныс  (рефлексия,  жаңа  білім  құрастырылады).  Рефлексия 
тұжырымға  келу,  қорытындылау,  жаңа  білімді  бекіту.  Бұл  бағдарламаның 
қорытынды  үшінші  кезеңінде  үйренгенін  саралап,  салмақтап  ой  елегінен  өткізеді, 
білімді  бекітеді.  Оқушылар  осы  кезеңде  өз  шығармашылықтарын  көрсете  алады. 
Өзіне  және  сыныптастарына  сын  көзбен  қарайды.  Өздерін  бағалайды.  Оқып, 
білгендерін таразылайды. 
Келесі  құрылымы:  ER  (  ERR)  R.  Бұдан  шығатын  тұжырым:  сабақ  кезеңі 
тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу 
процесінде  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып,  өздігінен  білім  алуға 
құштарлықтарын  дамыту  болып  табылады.  СТО  –  дамыту  сабақтарының  мақсаты 
біреу  нақты  сабаққа  байланысты.  Міндеттері  үш  түрлі  болады.  Олар:  мазмұнға 
байланысты,  технологияны  дамытуға  байланысты,  топпен  жұмысқа  байланысты. 
Сабақ  құрылымы  үш  кезеңнен  тұрғанымен,  ондағы  қолданылатын  стратегиялар 
52 

ауыса  береді.  Ал,  кейбір  стратегиялар  кезеңге  нақты  арналған  (7-кесте).  Сол 
себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдері байланысты 
қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:  
 
7-
кесте – Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары  
 
Cабақ кезеңдері 
Қолданылатын стратегиялар 
Қызығушылығын ояту 
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т 
кестесі, 
Бір 
айналым 
күнделік, 
Блум 
таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру 
Мағынаны тану кезеңі 
Т  кестесі,  Пікір  —  талас,  Аквариум,  İNSERT, 
RAFT,  ДЖИК  СО,  Куббизм,  Геометриялық 
фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта 
талқылау,  Бағытталған  оқу,  Талдау  картасы, 
Топтастыру 
Ой толғаныс кезеңі 
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т 
кестесі,  Sinkuein  немесе  бес  жолды  өлең,  RAFT, 
Түйін  сөз,  Семантикалық  карта,  Концептуалды 
таблица, Бір айналым сұхбат. 
 
 
Дереккөзі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
 
СТО  технологиясын  қолдануымен  жүргізілген  сабақтың  жоғары  деңгейде 
өтуінің  алғы  шарты  оның  қағидаларында,  яғни,  стратегияларында.  Стратегия 
дегеніміз  –  философия,  әдістемелік  ұстаным.  Мұғалім  мен  оқушы  кез  келген 
стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс 
нәтижелі  болмақ.  Стратегиялар  оқушыларды  шығармашылықпен  әрекет  етуге, 
ізденімпаздыққа  баулиды,  еркін,  терең,  жан-жақты  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс 
жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай 
стратегияларды  өзгертіп  те  жіберуге  болады.  Технологияны  пайдалана  отырып, 
сабақ  құрылымын  жоспарлауға  шығармашылықпен  қарау,  әдістемелік  зертхананы 
жинақтау  секілді  мүмкіндіктерге  қол  жеткізуге  болады.  Оқушылардың  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жазу  мен  оқу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау 
қабілеттерін 
арттыру 
мақсатында 
қолданып 
жүрген 
стратегиялардың 
мүмкіншіліктеріне тоқталайық: 
РАФТ.  Бұл  стратегияны  «кейіпкерге  хат»  деп  алса  да  болады.  Формасын 
түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. 
Оқушы  жұмысқа  кіріспес  бұрын  мәтіннің  мазмұнын  жетік  түсінуге  тырысады,  ол 
үшін  оны  бірнеше  қайтара  оқып,  ой  елегінен  өткізеді.  РАФТ  оқушылардың  тілін 
дамытады,  қиялын  өрбітеді,  өз  ойларын  қағаз  бетіне  түсіру  арқылы  эссе  жазуға 
жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. 
Жуан  -  жіңішке  сұрақтар:  оқушылар  мәтінмен  жұмыс  істей  отырып,  мәтін 
мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық 
53 

әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға 
тырысады,  қойған  сұрағына  өзі  жауап  беруге  дайын  тұрады,  басқа  оқушылардың 
сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік 
сұрақтарға ілтипат білдіреді. 
Қосжазба  күнделігі:  мәтінде берілген  оқиғаларға өзінің  пікір  жазады,  ендеше, 
оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. 
Осындай  жұмыстар  арқылы  ең  әуелі  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығы  артады,  бір-бірімен  пікір  алмасып,  сөздік  қоры  молаяды,  еркін 
сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, 
бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы 
технологияның  мүмкіндіктері  негізінде  оқушының  субъект  ретінде  қаншалықты 
өскенін аңғаруға болады. 
Миға  шабуыл  стратегиясы  –  бұл  ұжымдық  талқылау,  мәселенің  шешімін 
іздеуде  қолданылатын  тиімді  әдіс.  Қандайда  бір  проблеманы  әр  мүшенің  пікірін 
еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, 
дұрыс  пайдаланса  оқушының  стандарты  емес  шығармашыл  ойлауын  жақсы 
дамытады.  Мұғалім  топ  құрады  да,  қандай  да  бір  проблеманың  шешімін  табуды 
өтінеді (айтады). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын 
бөліп,  өз  пікірін  айта  алмайды  және  бағаланбайды.  Іс  тәжірибеден  байқағанда 
бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде 
пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. 
Қағидасы: 
-
 
 
ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды; 
-
 
 
жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, 
соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады); 
-
 
барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы; 
-
 
белгіленген уақыт сақталуы тиіс. 
ДЖИК  СО  стратегиясы  –  ұжымдық  оқыту  әдісі.  Мақсаты:  жалпы  мәселені 
алдымен  жұпта  сосын  ұжымда  талқылау.  Қолданылуы:  Алдымен  сынып  4  топқа 
бөлініп  отырады  –  бұл  жұмыс  немесе  бастапқы  топтар  деп  аталады.  Бірдей  мәтін 
бөлігін  алған  оқушылар  енді  сарапшы  немесе  жанұя  топтарын  құрады,  яғни 
сарапшы  топтар  басқа  топ  құрады,  мәтіннің  бірдей  бөліктерін  талдайды.  Төрт 
логикалық  бөлікке  бөлінген  мәтіннің  1-бөлігін  бірлер,  2-бөлігін  екілер,  3-бөлігін 
үшіншілер, 4,5-бөліктерін бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. 
Келесі  кезекте  бастапқы  топтар  қайта  табысып,  үйреніп  келген  бөліктерінің 
мазмұнын ортаға салады. 
INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш 
алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені 
таң  қалдырды  -  деген  белгілерді  қойып  отырып  мәтіннің  мазмұнын  түсінеді.  Бұл 
әдіс  оқығанын  саналы  түсінуге,  өз  ойын  басшылыққа  алуға,  ойын  білдіруге 
үйрететін  ұтымды  әдіс.  Оқушылар  білгендерін  анықтап,  білмейтіндерін  сұрауға 
әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білетіндерімен  жаңа 
материалды байланыстыруға дағдыланады. 
Куббизм стратегиясы – ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған 
сөздер  бойынша  жұмыс  жасайды.  Қандайда  бір  затты  жан-жақты  талдайды, 
талқылайды,  сол  арқылы  білімдерін  қайталайды,  жаңа  білім  қосады.  Кубикпен 
жұпта немесе топта жұмыс жасайды.  
54 

Sinkuein  немесе  бес  жолды  өлең  стратегиясы  –  оқушы  берілген  тапсырма 
бойынша өлең құрастырады.  
Кім?- Ана 
Қандай? -Мейірімді, ақылды 
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді. 
Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу. 
Синоним- Адам 
Геометриялық  фигуралар  стратегиясы  –  бұл  стратегияның  құралдары 
геометриялық  пішіндер.  Мақсаты:  оқушының  сөздік  қорын,  әдеби,  мәдени  сөйлеу 
тілін,  күрделі  ойлау  қабілетін  дамыту.  Себебі  бала  оқылып  отырған  мәтіннің 
кейіпкерлерінің  мінез-құлқына,  сипаттама  бере  отырып  қорытынды  жасайды. 
Кейіпкерлерді  түрлі  фигуралардың  сипатына  қарай  ұқсастығын  табады.  Жұмыс 
жұпта немесе топта орындалады. 
Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей 
алу,  еске  түсіру,  болжау  оқушыны  да,  жаңа  бір  әлемнің  жаңалығын  ашқандай 
қалыпқа  жеткізеді.  Әрі  қарай  ойын  айтуға  ынталандырады.  Бұрынғы  қолданылған 
оқыту  әдістерінде  мұғалім  басты  орын  алып  оқушы  тек  тыңдаушы  ғана  болса, 
қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен 
толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау – 
өте күрделі маңызды құбылыс [13].
 
 
Командалық  оқыту  «Team  teaching»  –  бұл  оқушылардың  оқуын  жетілдірудегі 
ортақ мақсатқа жету үшін екі оқытушының бірлесе жұмыс атқаруы. Бірлесе оқыту 
екі педагогтің  жұптаса  өзіндік  тәжірибені дамыту  мен  оқытудың үздік  түрі болып 
табылады. 
Топтық  оқытуда  екі  мұғалімнің  оқыту  тақырыптары  тең  дәрежеде  бөлінеді. 
Оқыту мақсаттары кіріктірілген оқыту бағдарламасында көрсетіліп, ол басшылыққа 
алына отырып, сабақ барысындағы іс-әрекеттер талқыланады. Сабақ типтеріне сай 
екі  мұғалімнің:  қазақ  тілі  және  әдебиет  пәндерінен  сабақ  беретін  мұғалімдердің 
сабақ  барысындағы  рөлдері  айқындалып,  оқушыларға  жеткізу  әдістемелері  мен 
тәсілдері  ортаға  салынады.Топтық  оқыту  әдістемесінде  екі  мұғалімнің  рөлі, 
атқаратын  іс-әрекеттері  тең  дәрежеде  өтуі  қажет.  Жоспарлау  кезінде  жекелеген 
оқушылар  мен  топтарға  көмек,  қолдау  тиімді  бөлінуін  қадағалауымыз  керек.  Екі 
мұғалім  арасындағы  ынтымақтастық  пен  байланыс  сынып  атмосферасына  әсер 
етеді, сондықтан мұғалім арасындағы ауысу қалыпты өтуі шарт.  
Сабақ  барысындағы  іс-әрекетті  анықтай  отырып,  оқушыларға  берілетін 
тапсырмалар жиынтығы да қарастырылады. Мұғалім бағыт беруші рөлін ойнайды, 
ал  ол  оқушыларға  сыни  тұрғыда  және  зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыру 
сияқты  нақты  тапсырмаларға  құрылады  .  Оқушылардың  нақты  міндеттері  айқын, 
оларға қойылатын талаптар да сондай болуы шарт.
 
Бұл оқушылардың практикалық 
дағдыларын қалыптастыруда әсер етеді. 
Пәндік-тілдік  кіріктірілген  оқыту (CLIL)  әдісін  Еуропалық  комиссия                             
2004-
2006  жылдарға  арналған  Еуропада  көптілді  білімді  дамыту  іс-қимылдар 
шеңберінде ұсынған. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында 
мектеп  түлектерінің  бәсекеге  қабілеттіліктерінің  бір  белгісі  болып  табылатын 
тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеру жүзеге асыру үшін әзірленген. 
CLIL әдісі тілдік пән емес мұғалімдерінің пәндік мазмұнды екінші және үшінші 
тілде оқытуды білдіреді.Халықаралық тәжірибе мұндай әдістің орынды пайдаланған 
55 

жағдайда жақсы нәтиже беретінін көрсеткен. Өйткені, пән мазмұны мен тілді оқыту 
өзара терең байланысты болады. Екеуі де ойлау қабілеті мен оқуды жақсарту үшін 
маңызды.Мағыналық мазмұнды талқылау мақсатымен басқалармен өзара әрекеттесу 
үшін тілді пайдалана отырып, адамдар өздерінің ойлау қабілеттерін жақсартады, бұл 
өз кезегінде олардың оқу қабілетін жақсартуына септігін тигізуі мүмкін. Осылайша 
бала біріншіден, «математика», «тарих» немесе химия сияқты пәндік салаларға тән 
академиялық тілді, оған тән терминология мен грамматикалық ережелерді игереді, 
екіншіден екінші немесе үшінші тілде тиісті мәнмәтінде өмірдегідей тікелей араласу 
үшін пайдалануға үйренеді. 
CLIL  әдісін  қолдануда  4  «С»  ескеру  қажет:  сontent  (мазмұны),  сommunication 
(жанасушылық),  сognition  (ойлау  қабілеттері),  сulture  (мәдениеттану  білімдері). 
Сонымен қатар, CLIL әдісінің ұстанымдарында 5 аспектті айырықша айқындайды: 
-
 
 
мәдени аспект; 
-
 
 
әлеуметтік аспект; 
-
 
 
тілдік аспект; 
-
 
 
пәндік аспект; 
-
 
 
оқыту аспекті. 
Әр аспект оқушылардың жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік тілдік ортасына сай 
іске асырылады. Оқу материалын таңдау анықтаған курс құрылымына байланысты 
болады.  Мәтінді  өндеу  тапсырмалары  пәндік  мазмұнын  түсінуге,  оқушыларды 
түсіну  процесіне,  мәтіннің  басты  мақсатын  талқылауға  оны  тексеруге 
бағыттайтындай болу керек.  
Тапсырмалар  тілдік  формалардың  ерекшелігін  көрсетіп,  оқушыларды  оларды 
жасай  алуға,  қолдана  алуға,  өз-өзін бағалау,бір-бірін бағалау  сияқты  түрлі  бағалау 
мен тексеру түрлерін пайдалануға дағдыландыру керек. 
Тапсырмалар  оқушыларды  өзіндік,  шығармашыл  әрекетіне,  коммуникативтік 
тапсырмалар  олардың  ауызша  және  жазба  қарым-қатынас  жасауға  ынталандыру 
керек. 
Кіріктірілген  оқытуда    грамматикаға  қарағанда  лексика  мен  мазмұнға  баса 
назар аударады. 
«Диалогтік  оқыту»  оқушылардың  ойын  толық,  ашық,  әрі  нақты  жеткізуге 
көмегін  тигізеді.  Оқушылар  арасында  сұхбаттың  пайда  болуына  сабақ  кезінде 
орындауға қызықты тапсырмалар өз септігін тигізеді. Мысалы, қазақ тілі сабағында 
«сан  есім»  тақырыбын  қарастыратын  болсақ,оқушылар  қолына  берілген 
материалдарда: «Сан есімдерді қолданып, көршіңмен жұп болып «Кездесу» ойынын 
ойна»;  «Сан  есімдерді  пайдаланып,  анаңның  немесе  әкеңнің  мерейтойына  арнап 
құттықтау  жаз  да,  оны  ашық  хат  бетіне  түсір»  және  т.б.қызықты  тапсырмалар 
кездесуі  балалардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырады.  Берілген 
тапсырмаларды қызу талқылып, шығармашылықпен орындауларына түрткі болады. 
Берілген  тапсырма  бойынша  жағдаяттық  сұрақтардың  қойылуы  ол  тапсырманы 
орындау  барысында  топ  ішінде  қызу  пікірталастың  тууына,  оқушылардың  ортаға 
түрлі пікірлер тастауына себепші болып, олардың сөйлеу мәдениетін дамытады. 
Диалог  -оқушының  өзін  еркін  және  жайлы  сезінетін  ортасы.  Жанға  жайлы, 
жағымда  көңіл-күй  сыйлайтын  әңгіме  алаңында  әрбір  оқушы  өзін  жақсы  сезініп, 
шешіліп сөйлеп, құнды пікірлермен алмасып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай 
алады. Диалогтік, комуникативтік атмосфера оқушының жаңа тақырыпты игеруіне 
себепкер  болып  қана  қоймай,  бала  бойында  жеке  тұлғаға  тән  қасиеттердің 
56 

қалыптасуына  да  жағдай  жасайды.  Диалог  –  бұл  ақиқатты  бірлесіп  іздейтін  жол. 
Диалог  кезінде  адам  бойында  кездесетін  сыйластық,  жанашырлық,  түсінісушілік 
секілді тамаша қасиеттер қалыптасады. Диалог барысында әрбір оқушы тақырыпты 
қалай  қабылдап  отырғандығы  көрсете  алады,  сондай-ақ,  басқа  балалардың  осы 
тақырыпқа деген мүлдем басқа ой-пікірлері мен тың көзқарастарының бар екендігін 
көре  алады.  Диалогтік  оқыту  ұстаздарға  шәкірттерінің  білім  деңгейінің  қандай 
дәрежеде тұрғандығын бірден байқауға мүмкіндік береді. 
Диалог  барысында  оқушылар  сыни  ойлауға,  қолдағы  бар  ақпаратты  қолдана 
отырып,  нақты  жағдаяты  талдау  арқылы  пікірлерді  салыстыруға,  дұрыс  шешім 
қабылдауға  үйренеді.  «Диалогтік  әдістер»  қолданылған  сабақтарда  оқушылар 
көбірек  ойланып,  жиі  сұхбаттасады,  ойлау  және  сөйлеу  мәдениеттерін  белсенді 
түрде  қалыптастырады.  Нәтижесінде  оқушылар  жаңа  білім  алады,  оны  тәжірибеде 
қолдануды үйренеді. Топтық жұмыс барысында оқушылар сұхбаттасу кезінде өзін-
өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға дағдыланады. Кластер құру тапсырмасы берілген 
кезде  оқушылар  арасында  диалог  қызу  түрде  жүреді.  Зерттеушілік  жұмыс 
барысында  топтағы  оқушылардың  әрбіреуі  өз  пікірін  айтып,  кластерді  қорғау 
жоспарын жасайды. Бірігіп жасалған жұмыс нәтижесін көрсететін «оқушы-оқушы» 
диалогі пайда болады. Оқыту диалогінде бір ғана көшбасшы болады. Ол – мұғалім. 
Ал  оқушылар  диалогінде  көшбасшылық  оқушыдан  оқушыға  ауысып  отырады. 
Кейде ол мұғалімнен оқушыға да ауысып отыруы мүмкін.  
«Диалогтік  оқыту»  әдіс-тәсілі  қолданылған  сабақтарда  оқушылардың  өздерін 
мүлдем  өзгеше  ұстағаны  байқалды.  Олар  бір-бірлерінен  қысылып-қымтырылмай 
көп сұрақтар қойып, өздері сирек араласатын сыныптастарынан көмек сұрай алды. 
Бір-бірімен мүлдем араласпайтын екі оқушының қазақ тілі және әдебиеті сабағында 
бірігіп  постер  жасап,  оны  қалай  қорғау  керектігін  жұп  болып  талдап  отырғанын 
байқауға болады. 
Бір қарағанда диалогсіз оқытудың болуы мүмкін емес секілді көрінеді. Алайда, 
диалогтің  компьютерлік  тестілеу,  интернет-емтихандар,  қашықтықтан  оқытудың 
көмегімен кейін қарай ысырылып қалу қауіпі де жоқ емес. Бір бойына жанды сөз, 
қызу  пікірталас,  ашық  эмоция,  кері  байланыс,  танымға  деген  қызығушылықты 
сыйдырған диалогті  «өнер  атаулының биігі»  деп  айтсақ  та  артық болмас  емес  пе? 
Өнер болғанда да, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған, әрбіріміздің бойымызда 
кездесуі міндет болып саналатын өнер емес пе? 
Қорытындылай келсек, «Диалогтік оқыту» әдісі дегеніміз: 
-
 
 
оқушының сұраққа дұрыс жауап беруге үйренуі; 
-
 
 
оқушының сұхбат жүргізуге үйренуі;  
-
 
 
оқушының өз ойын жеткізуге үйренуі; 
-
 
 
оқушының сөздік қорының баюуы, дүниетанымының кеңеюі. 
Оқыту  диалогі  -  мұғалім  мен  оқушы  іс-әрекетінің  ең  маңызды 
бөлігі.Сондықтан,  сұхбаттың  бұл  түріне  күнделікті  өмірдегі  сұхбаттан  гөрі өзгеше 
көзқарас қажет [14].  
Мұндай жұмыс түрлері мұғалімнен жоғары әдіскерлік шеберлікті, жоғары кәсіби 
деңгейді талап етеді.  
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  білім  берудің  мақсаты  –  қазіргі  қоғам 
талабына сай алынған терең білім, ойын еркін білдіру, тиімді шешімдер қабылдауға 
жеке тұлғаны қалыптастыру. Мақсатты жүзеге асыру үшін, түрлі тәсілдер, әдістер 
57 

және  инновациялық  технологияларды  қолдануымыз  керек.  Әр  ұстаздың 
жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  жаңа  технологияларды  пайдалануы  білім 
сапасын  тереңдетіп,  кіріктірілген  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәніне  деген 
қызығушылығын арттыра түседі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет