Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет104/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
107 
графикасы»  немесе  «жіп  дизайны»  деп  те  атайды  және  ол  сәндік-қолданбалы 
өнер  түріне  жатады.  Сәндік-қолданбалы  өнер  туындылары  деп  эстетикалық 
сапаларға  ие,  өзінің  әдемілігімен  адам  көзін  қуантатын  суреттерді,  заттарды, 
көркем  туындыларды  айтамыз.  Сонымен  бірге,  сәндік  өнерді  меңгеру 
нәтижесінде  оқушылардың  бойында  өзінің  ұлттық  мәдени  тарихына  үңілуге, 
этнографикалық  ерекшелігін  білуге  ынталандырып,  ұлттық  өнерге  деген 
қызығушылығы артып, жалпы өнерге деген құрмет сезімі пайда болады.  
Жіп сурет техникасымен тігуге қажетті құрал-жабдықтар:  

жұмыстың негізгі фоны ретінде түрлі-түсті қатырма қағаз; 

былғары; 

барқыт қағазы; 

керілген бір түсті мата; 

СD дискілері, пластика тақтайшалар қолдануға болады. 
Жіптің  түрлері:  шарғы  жіп,  ирис,  мулина,  гарус,  жүн  жіп,  алтын,  күміс 
түсті  люрекс  жіптерін  пайдалануға  болады.  Сонымен  бірге,  ине,  біз,  оймақ, 
қайшы, желімді лента, пенопласт тақтайшасы қажет болады. Сызғыш түрлері, 
бұрыш шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар. 
Жіп  сурет  техникасымен  жұмысты  тігу  барысында  оқушылар  түстердің 
үйлесімділігін  айыра  білуі  керек,  себебі  жұмыстың  әдемілігі  түстерді  сауатты 
қолданумен  тығыз  байланысты  болады.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін  оқушыларды 
түстік  спектрмен  (негізгі,  қосынды,  ахроматикалық,  хроматикалық,  салқын, 
жылы, қосымша, контрасты) таныстыру қажет.  
Жіп  сурет  техникасы  деп  қатырма  қағазға  барқыт  қағазға  салынған 
суреттің  бойымен  жіппен  тігуді  айтады.  Қолөнердің  бұл  түрінде  балалар 
сызғышпен,  үлгімен,  шаблонмен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  ине-жіпті  қолдану 
дағдыларын  бекітеді.  Көзбен  өлшеу  дағдылары  дамиды,  қол  саусақтарының 
шағын  моторикасы  жетіледі,  көркем-шығармашылық  әрекетпен  айналасу 
барысында  ұқыптылыққа  үйренеді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшелігін ескере отырып сабақта жіп сурет техникасының бір түрі – суретті 
кескінді толтыру (16 - сурет) әдісін қолдануға болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет