Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет18/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ  
 
18
 
байланыс  оқушылардың  басқа  пәндерді  меңгеруге  қажетті  ғылыми  тілдерін 
дамытуға  көмектеседі.  Мысалы,  тақырыпты  әртүрлі  мақсаттарға  пайдалану, 
салдар  мен  себепті  анықтау,  факті  мен  көзқарасты  ажырату,  тақырыпты  жан-
жақты  талқылау,  әртүрлі  ресурс  көздерінен  алынған  мәліметтерді  бағалау, 
ақпаратты  анық  таныстыру  барысында  қажетті  сөздер.  Тіл  мамандары  пән 
мұғалімдерімен  сол  пәндерде  кездесетін  мәтіндер  мен  тапсырмалар  туралы 
кеңесе  алады  және  бірлесе  отырып,  пәнді  игеруге  қажетті  сөздерді  анықтай 
алады [4].  
«
Қазақ 
тілі 
мен 
әдебиеті» 
пәнінің 
кіріктіріліп 
оқыту 
бағдарламасындатұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесінде  оқушының  білім  алу 
деңгейін  жоғарлатуда,  сапасын  жақсартуда  әрбір  сабақтың  алатын  орны 
маңызды. 
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі әр пән бойынша ұйымдастырылып 
өткізілетін әрбір сабақтың мақсаты: 
-  
оқушыда  өзінің  әлеуетті  танымдық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру 
тетіктерін қалыптастыру; 
-  
оқушыда өзін-өзі дамытуға ұмтылыс тетіктерін қалыптастыру; 
-  
жаңа  әдістерді  қолдана  отырып,  өзінің  тұлғасында  ерекше  жақтарын 
ашуға, дамытуға оқушының өзі қатысуына бейімделу тетіктерін қалыптастыру; 
-  
оқушы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін,  ортасын,  білім  мазмұны  мен  өзінің 
танымдық  күш-қуатын  білімді  сапалы  меңгеруге  қарай  бағыттауда  өзін-өзі 
реттеп отыра алу тетіктерін қалыптастыру; 
-  
өзінің өмірлік тәжірибесін қалыптастыруда, білім алу процесінің керекті 
жерінде қолдануға, өз ойы мен білім алу әдістерінің тиімділігіне сенімді болып, 
өзін-өзі әрдайым қорғай алу тетіктерін қалыптастыру; 

адамгершілік  қасиеттерге  және  еңбексүйгіштік  пен  білім,  ғылыми 
ізденгіштікке өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру. 
Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесіндегі  сабақтарды  әзірлеу,  ұйымдастыру, 
өткізу, оның нәтижесін талдау барысы: 
-  
деңгейлі  оқыту; 
-  
саралай оқыту; 
-  
жекелей оқыту; 

Субъективтік-тұлғалық оқыту қырларынан қарастырылады. 
Сонымен  қатар,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  кіріктіріліп  оқыту 
бағдарламасын жүзеге асырудың әрекет бағдарлы тұғыр да маңызды орында. 
Оқушының  психикасы  –  әрекеттің  ерекше  формасы.  Яғни,  материалдық 
өмірдің даму барысында ішкі әрекетке, сананың қызметіне айналатын сыртқы 
материалдық қызмет дамуының жемісі. 
Әрекеттің құрылымдық ерекшеліктері мен ішкі деңгейлері «қозғалыс – іс-
әрекет – қызмет» триадасы түрінде де, өзара сәйкестігі бірқалыпты емес болып 
келетін «әрекет, процесс, зат, мотив» түрінде де кездеседі.  
Әрекеттің  ішкі  дифференциалды  құрылымы  пайда  болуы  –  ұжымдық 
қызметтің салдары. Адам әрекетінің құрылымы өзгергенде, оның санасының да 
ішкі  құрылымы  өзгереді.  Әрекеттің  сыртқы  және  ішкі  түрлері  бар.  Әрекет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет