Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет21/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   317
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
21 
-  
күнделікті  тақырыптар  аясында  және  таңдау  тақырыбына  байланысты: 
ғылыми және т.б. белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу;  
-  
ауызша  тілдесімді  түсіне  білу  және  оны  қысқаша  мазмұндай  білу,  оны 
жалғастыру; 
-  
ақпараттардағы  негізгі  байланысты  анықтай  білу  және  оны  жүйелі 
баяндау; 
-  
әртүрлі  мәтіндердің  стильдері  мен  ерекшеліктерін  түсіне  білу  және 
бағалау; 
-  
бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну; 
-  
тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну; 
-  
мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту; 
-  
тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою; 

мәтін бойынша жоспар құру; 

тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру; 
-  
мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу; 
-  
ұсынылған  тақырып  бойынша  сұхбат  алу  немесе  сұхбат  беру  және 
нәтижесі бойынша ауызша есеп беру; 
-  
жоспарланған  тақырыптар  бойынша  пікірталас  ұйымдастыру  (мысалы, 
«Бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет?»); 
-  
жұпта  ым-ишараны  пайдаланып,  оқиғаны  жазуға  дайындалу 
(мысалы,«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»); 
-  
ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу; 
-  
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен оқылым дағдысын дамытуға 
ықпал ететін тапсырма үлгілері:  
-  
қазақ  тіліндегі  әртүрлі  оқылым  материалдарын  меңгеру,  яғни  бүгінгі 
таңдағы  газет-журналдар,  қысқа  әдеби  мәтіндер,  пікірталас  туғызатын  және 
белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.; 
-  
көз  жүгіртіп  оқу,  жалпы  мазмұнын  түсіну  және  нақты  ақпаратты  табу 
үшін  оқу,  ақпараттарды  алу  үшін  оқу,  көркем  шығармаларды  оқу,  автор 
көзқарасын табу үшін оқу; 
-  
кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау; 

интернет  ресурстарымен  жұмыс  (тақырып  мазмұны  бойынша 
презентациялар, жобалар дайындау); 
-  
мәтіннің  тақырыбы  мен  бастапқы  бөлігіне  сүйене  отырып,  оқиғаның 
дамуын болжау; 
-  
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау); 
-  
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; 
-  
мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу; 
-  
ақпаратты  табу  үшін  оқу,  қызығып  оқу  және  өз  көзқарасын  айту  үшін 
оқу.  
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кіріктірілгенпәнінен  жазылым  дағдысын 
дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет