Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
23 Кіріктірілген сабақ – дәстүрлі түрдегі сабақта іске асыра алмайтын бірнеше
міндеттерге қол жеткізеді. Мысалы:
-
ұйымдастыру формасының ерекшелігінің арқасында (өзгеше, яғни
қызықты) оқу әрекеттік уәждемені арттыру;
-
әртүрлі пәндер саласында қолданылатын түсініктерді қарастыру;
-
ойлау операцияларымен мақсаттанған жұмысты ұйымдастыру:
салыстыру, жалпылау, жіктеу, талдау, жинақтау.
« Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда ұзақ мерзімді және орта
мерзімді жоспарлар міндетті құжаттар болып табылады, олар білім беру
процесін ұйымдастыруға септігін тигізіп, пәндерден оқу бағдарламасын
орындауды әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәні бойынша орта
мерзімді оқу жоспарын қолдануда төмендегілерге назар аударулары тиіс:
1. Дифференциация (саралап оқыту) – оқушылардың жеке қабілет
ерекшеліктерін ескере отырып оқыту. Сабақ жоспарын құрастыру барысында
қабілеті жоғары немесе төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып,
сабақ мақсаттары, бағалау нәтижелері, тапсырмалар деңгейі қарапайымнан
күрделіге құрастыру қажет. Сонымен қатар, жұптық және топтық жұмыстарды
ұйымдастыруда оқушыларды қабілеттеріне қарай араластырып отыру
ескеріледі. Орта мерзімді жоспардың «Мұғалімге арналған ескертпелер»
бағанында нақты түрлерін практикада жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
2. Сабақ барысында оқушыларға жеке «ойлан», жұппен «талқыла» және
топпен «бөліс» әдісін кеңінен қолдану ұсынылады. Бұл өз кезегінде
оқушыларға білім, ақпарат, идея, тәжірибе алмасуға, сыни ойлауға мүмкіндік
береді.
3. Орта мерзімді жоспарларда әр сынып бойынша әртүрлі лексикалық
тақырыптар берілген. Лексикалық тақырыптар белгілі бір салаға байланысты
сөздік қорды меңгеруге, ақпараттармен танысуға, танымын кеңейтуге
бағыттайды. Сыныптан сыныпқа өткен кезде лексикалық тақырыптар арасында
байланыс болу үшін бір тақырыпты әртүрлі мақсатта қарастыру ұсынылған.
Бұл байланыс сол тақырыпта қарастырылатын мәселеге, деректерге әртүрлі
қырынан келуге мүмкіндік береді.
4. Орта мерзімді жоспарларда әр бөлімге арналған сағат сандары
ұсынылған. Пән мұғалімі оқушылар мен сыныптардың ерекшеліктеріне қарай
сағат сандарына өзгеріс енгізе алады.Дегенмен, бір тоқсанға берілген
лексикалық тақырыптар мен оқу мақсаттары толық қамтылуы тиіс.
5. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқыту ресурстары үлгі болып
табылады.Мұғалімдер қажет деп тапқан жағдайда қосымша ресурстар қолдана
алады [2]. Орта мерзімді жоспарларда белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін
белсенді оқыту әдістері ұсынылған. Ұсынылған әдістер мұғалімге үлгі болып
табылады, яғни мұғалім сабақ жоспарын сыныптың деңгейі мен қажеттіліктерін
ескере отырып, түрлендіре алады. Қысқа мерзімді жоспар – сабақтың
мақсаттарын (мұғалімнің жұмыс істеуіне бағдар) және оқыту мақсаттарын