Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
24
(оқушылардың жұмыс істеуіне бағдар), оқу процесінің құралдары мен
сатыларын ашатын сабақ жоспары.
Орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді пән жоспары әзірленеді.
Қысқа мерзімді пән жоспары – сабақтың мақсаттарын (мұғалімнің жұмыс
істеуіне бағдар) және оқыту мақсаттарын (оқушылардың жұмыс істеуіне
бағдар), оқу процесінің құралдары мен сатыларын ашатын сабақ
жоспары.Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды жоспарлағанда сабақтың мақсаты
оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақ
барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін.
Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті,
белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді
үйренуге тиіс екені жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында
оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір
нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Бұл:
-
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен
айналысатынына назар аударуға;
-
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
-
оқуды бағалауды жеңілдетуге;
-
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:
1. Сабақ жоспарында бөлек бағанда cабақта қолданылатын
дифференциация, бағалау, пәнаралық байланыс, АКТ дағдылары және
құндылықтар нақты көрсетіледі.
2. Рефлексиябөлігінде мұғалім өз сабағына қысқаша талдау жасап жазады,
яғни, сабақтың сәтті болған тұстары және келесі сабақта дамыту керек
тұстарын анық көрсетеді [4].
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби
стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл – өзіндік сана, өзін-өзі
ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби
мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны
дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай
білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты
міндеттерінің бірі болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі
болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды
үйренеді.
Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан
Абайдың қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. «Егер де есті кісілердің
қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең
болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!»- деген, біз өзімізге есеп бере
отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге
іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре
кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға
беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары