Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет4/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

 


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 

1  «ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН  ӘДЕБИЕТІ  (Т2)»  КІРІКТІРІЛГЕН  ПӘНДЕРІН 
ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРИНЦИПТЕР 
 
Р.  Декарттың  «Барлық  ғылымдардың  байланыстылығы  сондай,  олардың 
бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген 
пікірін  еске  алсақ,  пәнаралық  байланыс  білім  берудің  кіріктірілген 
технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
 
Философиялық-педагогикалық  ұстаным  жағынан  бұл  технология  –  жеке 
тұлғаның ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық 
даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш.
 
Кіріктіру  ұстанымының  басты  қағидасы  –  ғылыми-жаратылыстану  және 
қоғамдық-гуманитарлық  білімдерді  жеке  білім  аймағында  шартты  түрде 
қарастыра  отырып,  оқушыларға  әлемнің  біртұтастығы  жайлы  ғылыми  - 
синтездік білім беру болып табылады.
 
Кіріктіріп  оқыту  ұстанымдары  кіріктіріп  оқытудың  басты  мақсатына  – 
оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына тікелей бағытталған. Яғни: 
1.  Білімдердің  синтезі.Оқу  материалын  тұтас,  жинақталған,  жүйеленген 
түрде қабылдау оқушының ой-өрісініңкеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен 
зерделенетін  мәселені  шешу  ойлау  қабілетін  белсенділігі  мен  мақсаттылығын 
дамытады. 
2. Оқу материалын тереңдету.Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды 
ойлауға ықпал етеді. 
3. Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. Оқу 
материалын  меңгеру  барысында  практикалық  мәселені  шешу  оқытудың 
тәжірибелік  бағытын  күшейтеді,  оқушының  сын  тұрғысынан  ойлауын,  теория 
мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады. 
4.  Баламалы  шешім.  Белгілі  жағдайда  жаңа  тәсілдерді  қолдана  алу, 
мәселені  ерекше  шеше  алу,  шешу  жолдарын  таңдай  алу,  ойлау  ерекшелігін 
дамытуға  ықпал  етеді.  Шешімдерді  салыстыру  ой  ұшқырлығын,  сын 
тұрғысынан  ойлауды,  ойдың  жинақтығын,  жүйелілігін  дамытады. 
Оқушылардың  дұрыс  шешімді,  мақсатқа  жетудің  қысқа  жолын  таңдау 
барысында ұтымды, тиімді, мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.  
5.  Шешімнің  дәлелдігі.  Мәселені  дәлелді  шешу  ойлау  қабілетін 
дамытады [2].  
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары 
жүйелі.  Зиялы  азаматты  –  әлеуеті  жоғары  дамыған,  жаңашыл  ойлай  білетін, 
рухы  мықты,  өз  білімін  қоғамның  алға  басуына  жұмсай  алатын  адамды 
тәрбиелеуге  ұмтылатын  білім  беру  бағдарламасында  тәрбие  мен  оқыту 
ажырамас байланыста болады.  
«Білім  туралы»Қазақстан  Республикасының  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым 
мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға 
және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау» 
деп  көрсетілген.  Осы  тұста  кіріктірілген  білім  бағдарламасы  көп  табыстарға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет