Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет117/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

 
 


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ  
 
118
 
7  «КӨРКЕМ  ЕҢБЕК»  КІРІКТІРІЛГЕН  ПӘНДЕРІ  БОЙЫНША 
ОҚЫТУДЫҢ 
ҚАЗІРГІ 
ЗАМАНҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
Соңғы онжылдықтарда әлемде болып жатқан өзгерістер, білім беру жүйесі 
қызметіне  қоғамның  жасайтын  әлеуметтік  тапсырысын  анықтап  отыр.  Білім 
берудің  мақсаттарын  және  мектеп  жұмысын  ұйымдастырудың  жүйесін 
түбегейлі  қарастырмайынша  білім  алушылардың  қоғамның  әлеуметтік  жаңа 
жағдайларына және «ақпараттық жарылысқа» бейімделуі күрделі болады. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
педагогикалық 
технологияларды 
сипаттайтын  көптеген  терминдер  кездеседі,  мысалы:  бағдарламалық  оқыту, 
проблемалық оқыту, дәстүрлі технология, авторлық технология және т.б. 
Заманауи 
педагогикалық 
технологиялардың 
шетелдік 
танымал 
авторларына  Дж.  Кэрролл,  Б.Блум,  Д.Брунер,  Г.Гейс,  В.Коскарелли  және  т.б. 
жатады.  Оқытудың  технологиялық  тәсілдерінің  ресейлік  теориясы  мен 
практикасының 
тәжірибесі 
П.Я.Гальпериннің, 
Н.Ф.Талызинаның, 
Ю.К.Бабанскийдің,  П.М.Эрдниевтің,  В.П.Беспальконың,  М.В.Клариннің  және 
т.б.  ғылыми  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  Педагогикалық  технологиялардың 
тәрбиелік мағынасы қазақстандық ғалымдар В.М.Коротовтың, Н.Е.Щурковтын, 
В.Ю.Питюковтың  және  т.б.  зерттеулерінің  нысаны  болып  отыр. 
А.Е.Абылқасымова,  М.Ж.Жадрина,  С.Н.Лактионова,  А.К.Рысбаева  және  т.б. 
педагогикалық технологияны жаңа оқу пәні ретінде зерттеді. 
В.П.Беспалько  педагогикалық  технологиялардың  келесі  белгілерін  атап 
көрсетеді: 

оқытудың,  тәрбиелеудің  нақты,  бірізді  педагогикалық,  дидактикалық 
мақсаттарын әзірлеу; 

қабылдануға тиісті ақпаратты құрылымдау, реттеу, нығыздау; 

оқытудың  және  бақылаудың  дидактикалық,  техникалық,  сонымен  қатар 
компьютерлік құралдарын кешенді қолдану

оқыту  мен  тәрбиелеудің  диагностикалық  функцияларын  мүмкіндігінше 
күшейту; 

оқыту сапасының жеткілікті биік деңгейін кепілдендіру.  
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты, 
ол қажетті мазмұнды іріктеп алуды, оқытудың бағдарламаға және білім берудің 
міндеттеріне  сәйкес  қолайлы  әдістері  мен  құралдарын  пайдалануды 
қарастырады.  Педагогикалық  технологияны  толық  меңгеру  педагогикалық 
шеберлік  дегенді  білдіреді.  Бір  технологияны  әр  мұғалім  өзінше  жүзеге 
асырады  және  оның  жүзеге  асыру  ерекшелігінен  педагогикалық  шеберлікті 
көруге болады.  
Дамыта оқыту технологиясы.  
1. Л.В.Занков дамыта оқытуды келесідей жүйелейді: 

бала тұлғасын дамыту; 

жеке тұлғаның жалпы дамуының жоғары деңгейі; 

тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына негіз жасау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет