Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет55/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
51 
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары.  
Уақыт:2-3 минут  
Барысы:  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  оқушылар  жер,  ауа,  от  және  су 
күйлерін көрсетулері керек.  
Ауа.Оқушыларға  терең  тыныс  алу,  одан  кейін,  біртіндеп,  тыныс  шығару 
жаттығуын жасау ұсынылады. Тыныс алу кезінде ауаның мұрын қуысынан өтіп 
барлық жасушаларына сіңіп жатқаны туралы ойлану тапсырылады.  
Жер. Мұғалім оқушыларға аяқтарымен еденге салмақ салып қатты басып, 
орындарында  бірнеше  рет  ақырын  секіріуге  болатыны  және  аяқта  нық  тұру 
оқушының өзіне деген сенімділігі мен тұрақтылықты білдіретіні жайлы нұсқау 
береді.  
От.  Оқушылар  қолдарын  жоғары  көтеріп  қимылдатып,  денелерін  жан-
жаққа қозғап оттың жалынын бейнелейді.  
Су.  Оқушылар  көздерін  жұмып  ойша  сынып  бөлмесін  бассейн  деп 
елестетіп, суда жүзген қимылдар жасауларына болады.  
Ескерту.  Осы  жаттығуларды  мұғалімнің  балалармен  бірге  орындауы 
оқушыларда, әсіресе, ұялшақ оқушылардың ашылуларына мүмкіндік туғызады. 
Сабақты қорытындылаудағы белсенді әдістер. 
1. «5 – 5 – 
1» әдісі 
Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін анықтау. 
Мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  сабақта  қалыптасқан  ұғымдарды  5  сөйлем 
түрінде жазуды тапсырады. 
Келесі  қадамда  осы  5  сөйлемді  негізгі  деп  ойлаған  5  сөзге  қысқарту 
қажеттігі айтылады. 
Ең соңында осы тақырып бойынша бір маңызды сөзбен қорытындылайды. 
Ескерту: Оқушылар бірін-бірі қайталамауы керек. 
2. «Мейрамхана» әдісі. 
Мақсаты: оқушылармен кері байланыс орнату. 
Уақыт: 5 мин.  
Құралдар: стикерлер, түрлі түсті маркерлер  
Барысы:  мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  күнді  мейрамханада  өткіздік  деп 
ойлап,  сұрақтарға жауап беру керектігін айтады. 

мен тағы ..... тапсырыс берер едім  

маған бәрінен ұнағаны...…  

менің асқазаным қорытты…  

келесіде маған қосыңызшы…  
Оқушылар  өздерінің  жазғанын  оқып,  қысқаша  түсіндіріп  тақтаға 
жапсырады.  
Ескерту: мұғалім үшін осы кезең ең маңызды, себебі оқушылар нені ұғып, 
нені  ұқпағаны  соған  қарай  келесі  сабақта  мұғалімнің  қандай  әрекет  жасау 
керектігі көрінеді. 
«Сократ стиліндегі әңгіме»әдісі
Белсенді оқытудың анық көрінісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге 
бір-біріне  бетпе-бет  орналасады.  Алдымен  ішкі  шеңберде  тұрған  оқушылар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет