Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
49 2 .« Шынтақпен сәлемдесу»: Мақсаты: сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.
Уақыт: 2-3 минут.
Дайындық: оқушылар емін-еркін қозғалатындай жағдай жасау үшін алдын
ала парталар мен орындықтарды жылжыту қажет.
Барысы:
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір оқушыдан бастап бір,
екі, үш ретімен санауды сұрайды.
Содан соң:
Әр «бірінші» оқушы қолдарын желке тұсында айқастырады ал
шынтақтары екі жаққа жазылады;
Әр «екінші» оқушы шынтақтары екі жаққа жазылатындай етіп қолдарын
мықындарына қояды;
Әр «үшінші» оқушы еңкейіп қолдарын тізелеріне қояды, шынтақтары екі
жаққа қарауын ескертеміз.
Енді әр оқушы бір-біріне шынтақтарын тигізіп неғұрлым көп оқушымен
сәлемдесіп шығуы керектігін және осы жаттығуға қанша уақыт берілетінін
ескертеді. Мұғалімнің өзінің де қатысуы оқушыларға еркіндік береді.
3.«Жеміс бағы» Мақсаты: Сабақтың мақсатын айқындау (оқушылардың сабақтан не
күтетінін, қандай күдіктерінің барын анықтау).
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары
Уақыт: 5-7 минут
Дайындық: алдын ала лимон мен алманың пішінінде әзірленген түрлі-түсті
қағаздар, скотч, маркерлер. Тақтада «Алма ағашы» мен «Лимон ағашы»
суреттері ілінген.
Барысы: мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтағы күтетін және күдіктерін
неғұрлым нақты етіп жазуларын сұрайды. Оқушылар «алмаға» бүгінгі сабақтан
не күтетінін (нені білгілері келетінін), «лимонға» қандай күдіктері барын
жазып, «алма ағашы» мен « лимон ағашына» іледі (күтетіні мен күдіктеріне:
сабақтың өту әдістері, іс-әрекет түрлері, сыныптағы атмосфера, оқушылар
арасындағы қарым-қатынас, оқушының көңіл-күйі жатады). Тапcырманы
мұғалімнің өзінің де орындауы оқушылардың өздеріне деген сенімділігін
арттырады.Оқушылардың барлығы тапсырманы орындаған соң оқушылардың
жазғанын мұғалім дауыстап оқып, сабақты қай бағытта жүргізу керектігі
жөнінде қорытынды жасайды.
Жаңа сабақтың презентациясындағы белсенді әдістер:
1. «Автобус аялдамасы» әдісі. Мақсаты: берілген тақырыпты шағын топтарда талдау, өз беттерімен
меңгеру.
Оқушы саны:барлық сынып оқушылары шағын топтарға 5-7 адамнан
бөлінген.
Уақыты: 20 - 25 мин.