Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
52
тақырыпты талқылудағы өзінің пікірін жеткізеді. Мұғалімнің бағыт беруімен
сыртқы шеңбер сағат тілімен ауысып отырады. Екі шеңберді кезекпен сөйлетіп
отыруға болады. Берілген сұрақ аясында немесе бірнеше оқылым мәтінін түсіну
мақсатында ұйымдастыруға болады. Осылайша шеңберде орналасқан
оқушылар бірлескен білім ортасында өздерінің білік, дағдыларын жетілдіре
түседі. Өз пікірін бірнеше оқушыға баяндап беруі және сонша оқушының ойын
тыңдауы өтілген тақырыпты бекіте түсуге, мәтін мазмұнын толық түсінуге,
түрлі көзқарастарды талқылай алуға, пікір алмасуға алып келеді.
«Бос орындық»әдісі. Мақсаты: нақты қойылған сұраққа пікір алмасу жолымен жауап табу. Бұл
ізденіс оқушыларды шындықты ашуға, заттардың фактілік күйін анықтауға
әкелуі тиіс. «Бос орындық» әдістемесі сыни ойлауды дамытады, өз ойын
дәлелдей білуге, сұрақ қоюға үйретеді, оқушылардың көпшілігін белсенділігін
арттырады, оларды пікірталас мәдениетіне үйретеді. 3-
4 орындыққа ақ қағазға жазылған проблема жайлы түрлі адамдардың
пікірлері және «?» сұрақ белгісі бар парақ қойылады. Оқушылар түрлі
пікірлермен танысады және өздері таңдаған пікірдің қасына барып тұрады.
Басқа пікірдегі балалар «?» сұрақ белгісі бар жерге тұрады. Әр топ таңдаған
пікірін талдайды және пікірталас үшін өзінің өкілін ұсынады. Пікірталасқа
қатысушылардың барлығы дөңгеленіп отырады. Пікірталасты бір-біріне
қарама-қарсы орындықтарда отырған топтың өкілдері бастайды. Жүргізуші
(мұғалім) тағы бір орындық қояды. Егер де басқа біреу пікір айтқысы келсе,
онда ол бос орындыққа отырады. Жүргізуші (мұғалім) ең басты болып
табылатын нәрсені естіген кезде пікірталасты тоқтатады.
«Идеялар кілемі» Проблеманы шешу әдістерінің бірі. Ол үш кезеңде өтеді. Оқушылар 3-4
топқа бөлінеді. Бірінші кезең – проблеманы түсіну. Оқушыларға «бұндай проблема не
себепті орын алып отыр?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады. Әр топқа
түрлі-түсті қағаздар мен стикерлер таратылып беріледі. Оқушылар
проблемалық сұраққа жауап береді, мысалы, Мектепте оқу неге қиын? Топ
жауапты стикерлерге жазады, содан соң «Идеялар кілемі» плакатына іледі.
Екінші кезең – шешімдерді іздеу. Нені өзгертуге болады? Әр топ өз
жауаптарын береді және оларды әртүрлі қағаздарға жазады.
Үшінші кезең – әрекетті жеке даралау. Орын алған жағдаятты өзгерту үшін
мен не істеймін?
Төртінші кезең – идеяларды бағалау. Жеке дара шешім қабылдау:
проблеманы шешу үшін не істей аламын және не істеуге тырысамын?
Практикалық жағдаятты талдау. Шешім қабылдау дағдыларына оқыту әдісі. Оның мақсаты: оқушыларды
ақпаратты талдауға үйрету, негізгі проблеманы айқындау, шешімнің баламалы
жолын құру, оларды бағалау, оңтайлы шешім қабылдау және әрекеттер
бағдарламасын құру.