Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет59/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
55 
іс-әрекетті  меңгеруге  бағытталады.  Сабақ  жоспарын  Блум  таксономиясына 
салып,  бағдарламада  белгіленген  жеті  модульді  ықпалдастырудың  арқасында 
оқушылардың  не  білетінін  және  нені  жасай  алатынын,  сондай-ақ 
қызығушылықтарын  түсініп,  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  тиімді  және  орынды 
пайдаланып,  оқушы  бойында  ішкі  уәж  тудырып,  өз  қабілеттеріне  сенім 
арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді 
деп күтілді [12]. 
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
 
1) Білім;
 
2) Түсіну;
 
3) Қолдану;
 
4) Талдау;
 
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
 
6) Бағалау.
 
І. Білу.
 
Таным  мен  ойлау  деңгейі  –  төмен  деңгей.  Бұл  категория  мәлiметтердi 
қайталау  немесе  тану  арқылы  есте  қалай  сақталғанын  тексеруге  бағытталады, 
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
 
ІІ Түсіну.
 
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
 
Оқу  материалын  түсінгендіктің  ретінде  келесідей  әрекеттерді  атқаруды 
атауға болады:
 
Трансляция  –  оқу  материалын  бір  «тілден»  екінші  «тілге»  ауыстыру 
(мысалы,  математикалық  формуланы  сөзбен  айтып  беру;  сөзбен  келтірілген 
мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
 
Интерпретация  –  оқу  материалын  «өз  сөзімен»  түсіндіру,  қысқаша 
баяндау;
 
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы 
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
 
ІІІ Қолдану.
 
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
 
Бұл  категория  оқу  материалын  нақты  жағдайда  және  мүлдем  жаңа 
жағдаятта  қолданады.  Мұнда  ережелерді,  әдістерді,  ұғымдарды,  заңдарды, 
қағидаларды,  теорияларды,  практикалық  тұрғыдан  қолдану  кіреді.  Оқу 
нәтижелері материалды тереңірек игеруді талап етеді.
 
IV Талдау
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
 
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге 
бөлу:  бүтіннің  бөліктерін  ажырату;  бүтіннің  бөліктерінің  арасындағы  өзара 
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл 
категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын 
қалайша құралатындығын көрсетеді.
 
V Синтез (жинақтау, жүйелеу).
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет