«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
87
5 «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ
ТӘСІЛДЕР МЕН ПРИНЦИПТЕР
Қоғамда болып жатқан қарқынды өзгерістер мектеп өміріне серпінді
өзгерістер енгізуде, яғни пәндердің мазмұнына, оқыту жүйесіне жаңалықтар
кіргізу жүзеге асырылуда. Оқытудың бастауыш деңгейінде пәндерді кіріктіру
тиімді болып табылады, өйткені бастауыш сынып оқушылары үшін көптеген
заттардың арасында шекара болмауына байланысты, қоршаған ортаны біртұтас
қалпында қабылдайды. Сондықтан да, қазіргі кезде еңбекке баулуды бейнелеу
өнерімен біріктіру, құрастыру түріндегі жұмыстарды «Математика» және басқа
пәндерге енгізу тәжірибесі кең таралуда.
Пәндерді кіріктіріп оқыту әдісі қазіргі кездегі білім берудің маңызды
қажеттілігі болып қабылдануда. Оқу пәндері бойынша бағдарламаларды талдау
жұмысы, пәндердің мазмұнында бір біріне ұқсас тақырыптардың көптеп
кездесетінін көрсетті. Алайда, бұл тақырыптарды оқу уақыты және
қарастырылатын мәселелердің мазмұны бойынша сәйкессіздіктер кездеседі.
Пәндердің арасындағы бұндай кедергілерді болдырмау үшін, оларды негізгі
ұғымдар мен тақырыптар айналасында біріктіруге болады. Бұл жағдай пәннің
мазмұнын жан-жақты қарастыруға, олардың өзара байланысын ашуға
мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда пәндерді кіріктірудің өзіндік ерекшеліктері бар,
себебі түрлі заттар мен құбылыстарды жергілікті және жекелеп қарастырудан,
оларды өзара байланыстырып кешенді оқуға мүмкіндік береді. Кіріктіру
жүйесін енгізу жан-жақты білімді, тұтас дүниетанымдық көзқарасы бар, алған
білімін өздігінен бір жүйеге келтіре алатын және мәселелерді шешудің өзіндік
жолын таба білетін адам тәрбиелеуге ықпал етеді. Сонымен бірге кіріктіріп
оқытуды өзара бір біріне жақын салаларды біріктіру арқылы жүзеге асыру
қажет.
Кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнінде еңбекке баулу мен бейнелеу өнері
бір-бірін өзара толықтырып отырады, сонымен қатар оқушылардың
технологиялық мәдениетін, техникалық-технологиялық құзыреттілігін және
шығармашығын дамытуды жүзеге асыруды қарастырады.
Бұл пәннен оқушылар алғашқы көркем материалдарды меңгеріп, еңбек
әрекетінің және бейнелеу өнерінің технологиясын үйренеді [17].
Бастауыш сынып оқушылары нысанды бақылауға (зерттеуге), бақыланған
нысанның қасиеті мен сапасын анықтауға, баға беруге үйренеді. Сонымен
қатар, қоршаған ортасын жан-жақты зерттей отырып түрлі суреттер салып,
оның құрылысын құрастырады немесе оның бейнесін мүсіндей отырып дайын
өнім шығарады, олардың назарын қоршаған ортадағы адамдардың кәсібіне,
суретшілерге қажет маңызды іскерліктер: өмірді суретші көзімен көре білу,
әрбір көрген затты көңілімен қабылдау, адамның істеріне, туған жердің
әсемдігін түсіне білуіне, ол өнімдердің қандай техникамен жасағандарын
дәлелдеп, жұмысты қорғайды, ол жайлы жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар,
өлеңдер айтады. «Көркем еңбек» пәнінен зат жасауда, яғни қандайда бір өнімді
|