Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет87/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ  
 
90
 
жолын  көрсету,  яғни  оқушы  ғылыми  ізденіске  қатысушы  және  орындаушы 
болады. Бастауыш сыныпта проблемалық мәселелерді «неліктен?» «неге?» т.б. 
сұрақтар  қою  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Мысалы,  «Інжугүл»  құттықтау 
ашық хатын (9-сурет) әзірлеу барысында: 

Бұл ашық хатты қандай мерекеге сыйлауға болады деп ойлайсыңдар? 

Неліктен 8-наурызға сыйлағыларың келеді?  
 
9-
сурет -«Інжугүл» ашық хаты 
 
 
Оқытудың  проблемалық  әдісі  оқушылардың  шығармашылық  және  ойлау 
әрекеті нәтижесінде жүзеге асатын нақты мәселелер қоюды қарастырады. Бұл 
әдіс  оқушыларға  ғылыми  таным  логикасын  ашуға,  проблемалық  сұрақтар, 
жағдаяттар  қою  арқылы  болжам  жасауға,  пікір  айтуға  көмектеседі,  әр  түрлі 
тәжірибелер,  эксперименттер  жасау,  бақылаулар  жүргізу  нәтижесінде 
болжамның  дұрыстығын  дәлелдеуге  немесе  теріске  шығаруға,  өз  бетінше 
негізделген қорытындылар жасауға үйретеді. Сонымен бірге мұғалім түсіндіру, 
әңгімелесу, көрсету, бақылау жүргізу және тәжірибе жасау әдістерін қолдануы 
тиіс. Бұның бәрі оқушыларды ғылыми ізденіске тарта отырып, олардың ойлау 
қабілеттерін белсендендіреді, оларды болжауға және эксперименттер жүргізуге 
тарту  арқылы  проблемалық  жағдай  тудырады,  дегенмен  балалардың  жас 
ерекшелігін есепке алып отыру қажет.  
Көркем  еңбек  сабақтарында  көрнекіліктер  есте  сақтауды  белсендендіру 
үшін  ғана  қолданылмайды,  сонымен  қатар  сабақ  барысында  эксперименттік 
мәселелер мен проблемалық жағдаяттар туындату үшін де қолданылады.  
Оқу танымдық шығармашылық дағдыларды дамыту мақсатында көпшілік 
жағдайларда  проблемалық  әдіс  қолданылады,  олар  оқушылардың  білімді 
саналы және өз бетінше игеруіне жағдай жасайды. 
Бұл  әдіс  оқушыларға  ғылыми  танымның  логикасын  ашуға  көмектеседі. 
Проблемалық  әдіс  элементтерін  бастауыш  мектептің  3-сыныбында  кіргізе 
бастауға  болады.  Мысалы,  кемелерді  модельдеу  барысында  мұғалім 
тәжірибелер көрсету арқылы оқушылардың алдына нақты проблемалар қояды. 
Су  құйылған  стақанға  бір  тілім  жұқалтыр  (фольга)  салады.  Балалар 
жұқалтырдың судың түбіне кететінін бақылайды. 
Неліктен жұқалтыр батады? Балалар өз ойларын айтады: жұқалтыр – ауыр 
материал,  сондықтан  да  суға  батады.  Мұғалім  сол  жұқалтырдан  қорапша 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет