Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет85/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ  
 
88
 
алу үшін оның дәстүрлі түрлері қарастырылады: мысалы, өнім алу процесінде 
оны  құрастыруды,  көркемдік  жағын,  жұмыс  нәтижесін,  оған  қолданатын 
заттарды  таңдай  біледі.  Балалардың  психологиялық,  жас  ерекшеліктері 
ескеріледі,  білім  беру  процесінің  нәтижесінде  дәстүрлі  іс-әрекеттің 
көріністерінде  күнделікті  қайталауға,  бекітуге  және  білімдерін  тереңдетуге 
болады.  Сонымен  қатар,  тақырыптар  сыныптан  сыныпқа  қарай  тереңдетіліп 
отырады. 
Бейнелеу  өнері  мен  еңбекке  баулу  сабақтарының  бір  тақырыпқа 
біріктірілуі  балалардың  табиғатты,  қоршаған  ортаны  қызығушылықпен 
қабылдауына,  кез  келген  нақты  істі  орындау  барысында  оқушының  бойында 
шеберліктің бастамасын қалыптастыруға жағдай жасайды.  
Пәнді оқу барысында алға қойылатын басты мақсат қолдың моторикасын 
дамытуға  қажетті  жаттығулар  жасауға  арналған  қызықты  бұйымдарды  жасау 
ғана  емес,  сонымен  бірге  шеберлік  арқылы  жоғары  рухани  байлық  пен  ақыл-
парасатты қалыптастыру. 
«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәнін  оқытуды  жоспарлауға  қойылатын 
талаптар: 

 
бір  оқу  жылында  сыныпта  өтілетін  кіріктірілген  сабақтар  жүйесін 
анықтау;  

әр  сабақты  жоспарлау  барысында  басты  және  қосалқы  мақсаттарды 
белгілеп отыру; 

басты  мақсатқа  жетуге  ықпал  ететін  тақырыптардың  мазмұнын 
қосымша ақпартпен толықтыру, сабақтың мазмұнын модельдеу; 

сабақтың  түрін,  құрылымын,  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді,  оқыту 
құралдарын,  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  түрлерін  алдын-ала  мұқият 
жоспарлау; 

балалардың  сабақтан  алатын  әсерінің,  олардың  білім,  білік  және 
дағдысы үшін ұтымды болуы.  
«Әдіс» (грек тілінде «бір нәрсеге жетудің жолы») – мақсатқа жету тәсілі, 
білім алу тәсілі деген мағынаны білдіреді.  
Педагог-ғалым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерінің түрлерін үш үлкен топқа 
бөлген: 
-  
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдісі; 
-  
оқу-танымдық іс-әрекетіне ынталандыру; 
-  
оқу-танымдық  іс-әрекетінің  тиімділігін  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау 
әдісі.  
М.А.Данилов және Б.П.Есипов оқыту әдістерін үш топқа жіктейді: 

жаңа білім алу әдістері; 

білімді  тәжірибеде  қолдану  бойынша  біліктер  мен  дағдылар 
қалыптастыру әдістері; 

білім, білік және дағдыны бақылау мен бағалау әдістері. 
ХХ  ғасырдың  65-ші  жылдарында  И.Я.Лернер  мен  М.Н.Скаткин  келесі 
әдістерді  ұсынды  және  бұл  әдістер  қазіргі  заман  талабына  сәйкес  келіп, 
маңызды болып отыр: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет