Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
96
нәтижесін бақылауды, түзетулер енгізуді және қорытынды жасауды үйренеді.
Сонымен қатар, оқушыларды технологиялық процестерді талдауға, өзінің
жұмыс орны мен жұмысын ұйымдастыруға, шығармашылық әрекеттер жасауға
үйрету, саналылығы мен белсенділігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Оларды
өнертапқыштық біліктерге және құрылымдауға үйретудің ерекше мәні бар.
Оқушылар технологиялық құжаттар, бұйымдардың сызбаларын әзірлеу және
оларды істеп шығару бойынша орындалатын жұмыстарға қатысады, оларды
орындау барысында еңбек біліктері мен дағдыларын меңгереді. Осылай
оқытудың арқасында оқушылар мұғалімнің көрсеткен жұмыс тәсілдерін, еңбек
іс-әрекеттерін механикалық тұрғыда ғана меңгеріп қоймайды. Олар оны
бүтіндей барлық технологиясы мен оның жекелеген элементтерін толық түсініп
орындайды. Оқушылар өздерінің іс-әрекеттерінің келешек нәтижесі мен оларды
дұрыс орындамауының мүмкін нәтижесінің үлгісін ұсынады. Үлгінің бар
болуы, оларға өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы және жіберген қателерін
түзеуіне мүмкіндік береді.
Оқушылар техникалық-технологиялық білім алғанда жаңа терминдер мен
анықтамаларды есте сақтап қана қоймай, олардың мазмұнын ұғыну, нақты
еңбек процестерімен байланыстырулары керек. Олай болмаған жағдайда
оқушылар материалды айтып береді (басынан бастап және тек ретімен ғана),
бірақ оның мәнін түсінбейді және іс жүзінде қолдана алмайтын білімге деген
формализм дамитын болады. Формализмнің бір себебі мұғалімнің материалды
догматтық тұрғыда баяндауы (кейде диктант түрінде) және оны оқушылардың
ойша талдаусыз игеруі болып табылады.
Оқушылардың ойын дамыту және білімді саналы меңгерту құралы,
олардың алдына танымдық міндеттер қою, эвристикалық әңгімелесуді және
материалды проблемалық баяндауды пайдалану, экспериметтік есептер құру
және шығару, тәжірибелік жұмыста білімдерін қолдану және т.б. болып
табылады.
Оқушының тілі оймен тығыз байланыста дамиды. Оның кемшіліктері
ойдың дамуына кедергі жасайды. Сондықтан мұғалімге оқушылардың тілін
қадағалау және олардың терминдерді дұрыс қолдануы, өз ойларын дәл жеткізу
дағдыларын қалыптастыру, қателіктерін түзету қажет.
Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге
алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе
ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін
қалыптастырудың басты тәсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу;
ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен
және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке
элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол
процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына
және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар
тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер
оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде