Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
93 ұйымдастыруды, сабақтан тыс жұмыспен байланыс болуын және оқыту
принциптерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Оқыту принциптері дегеніміз дидактикалық процесті жүзеге асыруда
басшылыққа алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық
ұстаным және тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі талаптар. Бұл
оқыту үрдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама
нұсқау арқылы сипатталады.
Қазіргі заман дидактикасында оқу принциптері табиғи сәйкестік басты
принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық
принциптер төмендегідей:
-
көрнекілік;
-
саналылық және белсенділік;
-
жүйелілік және бірізділік;
-
беріктік;
-
түсіністік;
-
ғылымилық;
-
көңіл-күй;
-
теория мен практиканың байланысы [18].
Көрнекілік принципін қолдану барысында іске асырылуы тиіс ережелер:
-
көрнекілік оқушының ойын дамыту және оқыту құралы, сондықтан бір
көрнекілікпен шектелмеу. Алайда көрнекі құралдар санын шектен асырмау
қажет, себебі бұл оқушы зейінінің шашыраңқы болуына әкеледі де негізгі
мағынаны, ұғымды түсінуге кедергі жасайды;
-
сезімдік қабылдауды, яғни көз қабылдауына – көрінетінді, құлақ
қабылдауына – естілетінді т.б. барынша қолдану;
-
көрнекілікті проблемалық жағдаяттарда өз бетінше білім алу көзі ретінде
пайдалану, бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
-
көрнекіліктер пән мазмұны аясында өтілетін заттар, құбылыстар,
үдерістер туралы анық және дұрыс ұғым қалыптастыруға жағдай жасайды;
-
көрнекі құралдар оқушыларды ондағы бейнелерді тұтастай қабылдауға,
содан соң бастысын және екінші дәрежелілерін анықтауға, кейін қайтадан
тұтастыққа келтіруге үйретуге көмектеседі.
Көрнекі әдістерді қолдануға қойылатын талаптар:
-
қолданылатын көрнекілік оқушылардың жастарына сай келуі;
-
көрнекілік бір шамада ғана қолданылуы тиіс және оны біртіндеп,
сабақтың тиісті кезеңінде ғана көрсету;
-
бақылап көру барлық оқушыларға көрсетілетін пәннің жақсы
көрінетіндей етіп ұйымдастырылуы;
-
безендірілуін көрсеткен кезде ең бастысын, маңыздысын нақты бөліп
көрсету;
-
құбылысты көрсету барысында берілетін түсініктерді егжей-тегжейлі
ойлап алу;
-
көрсетілетін көрнекілік материалдың мазмұнымен дәл үйлесуі;