Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет17/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


43 
3 «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)» кіріктірілген пәндері бойынша оқытудың 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары 
 
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасын  табысты  жүзеге  асыру  үшін 
белсенді  оқыту,  командалық оқыту,пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқыту,  (CLIL)  т.б. 
озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. 4-сурет. 
 
ТІЛ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Белсенді 
оқыту 
Сын 
тұрғысынан 
ойлау
CLIL
CBI
Саралап 
оқыту
Ұжымдық 
оқыту

Белсенді білім 
алушы 

Сұрақ қоюшы

Жеке білім 
алушымен қатар 
топпен білім 
алушы 

Оқушы –басты 
рөлде

Өнім, нәтижемен 
қатар іс-әрекет те 
маңызды 

Мұғалім – білім 
алуды     
ұйымдастырушы

Жалпы шеңбер

Пассив білім 
алушы

Сұраққа жауап 
беруші

Жеке білім алушы               
ОҚУШЫ
МҰҒАЛІМ

Мұғалім – басты рөлде

Өнім, нәтиже маңызды

Мұғалім – білім 
тасымалдаушыПән 
шеңбері                    
13
 
 
4-
сурет – Тіл пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен
 
 
Оқыту  процесінде  жаңа  технологияларды  енгізу  бір  күннің  немесе  бір 
жекелеген  ғалымның  ісі  емес,  ол  ұзақ  та  күрделі  кезеңнен  өткен  ғылыми 
ізденістердің, 
ұстаздар 
ұжымының, 
ғалымдар 
қауымдастығының 
ынтымақтасқан  еңбегінің  нәтижесі  екені  белгілі  құбылыс.  Сондықтан  біз  осы 
әдістемелік  құралға  қазақстандық және  шетел  ғалымдарының оқыту  үдерісіне 
енгізген жаңа технологияларына тоқталып, саралауды жөн көрдік. 
Жобаларды қорғау әдісі француз педагогі және ойшыл С. Френенің «еркін 
еңбек  технологиясы»  негізінде  ұсынылған.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  тапсырма 
түрлеріне  қарай  жұмыс  топтарының  құрылуын,  ақпараттардың  құндылығын, 
жоспарлау,  өздігінен  еңбектенудің  құндылығын  көрсете  білуінде.  Мұғалім 
көмегімен әрбір оқушы жұмыс түрі (кітаппен жұмыс, сауалнама өткізу, сұхбат 
алу, бақылау) көрсетілген жеке апталық жоспар құрады. Білім негізін құрайтын 
ақпаратты  қайдан,  қалай  алудың    мүмкін  жолдарын  іздеп,  ақпарат  иелерімен 
жеке  қарым-қатынасқа  түсу  нәтижесінде  білім  жинақтайды,  өзара  талдайды, 
бірін-бірі  бағалайды.  Бағалау  өлшемдері  бойынша  жүзеге  асырылады: 


44 
мазмұндаудың 
түсініктілігі, 
шынайлығы,тыңдаушыны 
қызықтыруы, 
тақырыпты  толық  аша  білуі,  шығармашылығы.  Оқушының  таным  қызметі 
неғұрлым өзі іздеп тапқан білімге көбірек тәуелді болса, соғұрлым материалды 
меңгеру  нәтижелі  болады.  Мәселен,  терең  ойлы  оқушының  тұлғасын 
қалыптастыру  үшін  «Абай  жолы»  роман-эпопеясын  оқудың  маңыздылығын 
дәлелдеуге бағытталған жобаларды қорғауға болады. Бірінші тапсырма: «Абай 
жолы» туралы жазылған зерттеу жұмыстарын  талдау; осы шығарма бойынша 
сұрақтар  әзірлеп,  оның  қорытындысын  талдау;  әртүрлі  әлеумет  өкілдерінен 
сұхбат  алу  арқылы  М.Әуезовтің  аталған  туындысының  тартымды  эпизодын 
анықтау және оның себептерін түсіндіру [11]. 
Дебат  әдісі  оқушылардың  қабілетін  ашуға,  дамуына  бағытталған. 
М.М.Бахтин  «Эстетика  в  словесном  творчестве»  кітабында:  «диалогизм 
является  формой  взаимодействия  между  равноправными    и  разнозначными 
сознаниями, в то же время как монологизм завершен и глух к чужому ответу, не 
ждет  его  и  не  признает  за  ним  решающей  силы»,-  деп  диалогтік  сипаттағы 
оқыту әдістерін жоғары бағалайды. Шын мәнінде бұл әдіс ғылыми  принциптің 
белсенділігіне  сәйкес  келеді.  Осы  әдістің  негізін  қалаушы  К.Поппер  күрделі 
практикалық    мәселелерді  интуитивтік  жолмен  шешуді  ұсынған  («метод 
мозговой  атаки»).  Интуицияның  өзі  философиялық  интуиция  (интуиция  – 
суждение)  және  психоэвристикалық  интуиция  (интуиция  –  догадка)  деп  екіге 
бөлінеді.  К.Поппер  жоғарыда  көрсетілген  әдістемедегі  дедуктивті  жолды 
таңдайды.  Қорытындылауда  жалпы  ұғымнан  жекеге  келуді  дедукция  деп 
атайды[11]. 
Саралап  оқыту  әдісі.  Саралап  оқытуды  жүзеге  асыру  мақсатында 
кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында деңгейлік тапсырмалар 
жүйесін қолдануға болады. 
Өзге  тілдегі  мектеп  оқушыларын  қазақ  тілінде  сөйлету  немесе  үйретуде 
саралап оқытуды қолданудың екі бағытын атап көрсетуге болады. 
Біріншіден,  оқушылардың  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  білу  деңгейлерінің 
түрлі болып келуін ескеру. 
Екіншіден,  тіл  мен  әдебиеттен  берілетін  тапсырмалар  жүйесіне  саралау 
тұрғысынан қарауды білдіреді. 
Коммуникация  –  адамдардың  танымдық  еңбек  қызметінің  процесінде 
өзара  қарым-қатынас  жасау  формасының  ерекше  түрі  болып  табылады. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынас, негізінен, тіл арқылы жүзеге асады.  
Тілдің  коммуникативтік  функциясында  оның  құралдық-белгілік  мәні 
ашылады.  Осыған  орай  коммуникация  кез  келген  жеке  адамның  әлеуметтік 
тұлға  ретіндегі  қалыптасуының  және  сол  әлеуметтің  жеке  және  топтық 
ниеттерін қалыптастырушы тетігіне айналады.  
Тілде 
коммуникацияға 
қатысушылар 
«коммуниканттар» 
мен 
«тыңдаушылар»  болып  табылатын  коммуникативтік  актілерден  тұрады.  Олар 
өз кезегінде мәтін тудырушылар мен ол мәтіннің түсініктеме берушілері болып 
табылады. Қазақ тілі арқылы жүзеге асырылатын  коммуникацияның бастапқы 
және  қорытынды  кезеңдері  ішкі  сөйлеу  механизмдеріне,  оның  терең 
құрылымдарына  барады.  Кез  келген  коммуникация  экстралингвистикалық 


45 
факторлармен  шартталады.  Ол  факторлар  жағдаяттылық,  ұлттық-мәдени 
дәстүрлер  т.б.  болып  бөліне  береді.  Осыған  қатысты  коммуникация  сонда 
«ақпарат алмасудың ерекше түрі және де ол ақпарат алмасулар эмоционалдық 
және  интеллектуалдық  мазмұнда  болады.  Коммуникацияда  маңызды  болып 
табылатыны  –  ақпарат  және  пікір  алмасу.  Коммуникация    адам  қызметінің 
талаптарын  толықтай  қанағаттандыруы  тиіс.  Сондықтан  да,  тілді  меңгеру  екі 
жолмен жүреді: табиғи және арнайы ұйымдастырылған. Ал олардың екеуінің де 
түпкі мақсаты – тілді қарым-қатынас құралы ретінде игеруді көздеу. 
Қазақ  тілін  оқушы  толық  игеруі  үшін  коммуникативтік  бағыттағы 
жаттығулардың  міндетті  түрде  динамикалық  тәртібінде  болуын  қамтамасыз 
етіп  отыруы  керек.  Ондай  жағдай  тек  қана  коммуникативтік  жаттығулардың 
көмегімен  ғана  жүзеге  асып  отыратыны  белгілі.  Сонымен,  ауызша  сөйлеу 
формасы  сөйлеуді  есту  арқылы  түсіну  болып  табылады,  яғни  түсініп  тыңдау 
және сол сөйлеуге дұрыс жауап беру. Ал жазбаша сөйлеу графикалық сөйлеуді 
көздейді,  яғни  басылған  мәтінді  түсіну,  яғни  графикалық  берілген  ақпаратты 
пайдалана отырып, өз ойын жазбаша түрде жеткізу. 
Түсініп-тыңдау,  сөйлеу,  оқу  және  жазу  оқушылардың  қарым-қатынас 
жасауын  қамтамасыз  етуге  қажет  қалыптастырылатын  сөйлеу  қызметінің  түрі 
болып  табылады.  Сондықтан  да  осы  сөйлеу  қызметі  түрлерін  негізі  міндетті 
түрде оқушылардың бойында қалыптастырылуы керек.  
Қазақ  тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  оқыту  –  функционалдық-
мағыналық  тұрғыдан  меңгертуді  білдіреді.  Коммуникативтік  технология, 
негізінен,  сөйлеу  әрекетінің  есту,  сөйлеу,  оқу,  жазу  түрлерінің  өзара  біртұтас 
байланыстағы кешенді оқытуға сүйенеді. 
Коммуникативтік  технология  жүйесімен  қазақ  тілін  үйрету  арқылы  тіл 
үйренуші қазақ тілінің түрлі салада қызмет ету тетіктерін түсінеді және қолдану 
дағдыларын меңгереді. Ондай қызмет ету тетіктері: 
1)  
тілдің  құрал  болу  қызметі  –  тілді  бір  нәрсе  туралы  ақпарат  алу  үшін 
қолданғанда; 
2)  
тілдің  реттеушілік  қызметі  –  сөйлеуші  тілді  өз  айналасындағы 
адамдардың мінез-құлығын реттеу үшін қолданғанда; 
3)  
тілдің интерактивтік  қызметі –  сөйлеуші  тілді басқа адамдармен өзара 
байланысу мақсатында қолданғанда; 
4)  
тілдің жеке тұлғалық қызметі – сөйлеуші тілді жеке басының ойы мен 
сезімін білдіру үшін қолданғанда; 
5)  
тілдің  эвристикалық  қызметі  –  тілді  әлемді  танып-білу  үшін 
қолданғанда; 
6)  
тілдің бейнелік қызметі – тілді қиял әлемін бейнелеу үшін қолданғанда; 
7)  
тілдің  репрезентативтік  қызметі  –  тілді  ақпаратты  жеткізу  үшін 
қолданғанда [11].  
Қазақ  тілін  коммуникативтік  технология  негізінде  оқытуда  басты 
ерекшелік –  сөйлеу  жағдаяттары  мен  сөйлеу  іс-әрекеттерінен  құралатын  жеке 
тұлғаның сөйлеу барысындағы мінез-құлығы. 
Тілді  оқытудың  мақсаты  –  ол  «коммуникативтік  құзыреттілікті» 
қалыптастыру.  Бұл  терминді  алғаш  рет  Хаймс  (Hymes)  енгізген  болатын. 


46 
Хаймстің  коммуникативтік  құзыреттілік  теориясы  сөйлеушінің  нақты  бір 
сөйлеу қауымдастығында өзін түсінгендігін білуі болып табылады. 
Білім  беруде  коммуникативтік  құзыреттілік  –  оқыту  процесінің  негізгі 
мақсаты  болуы  тиіс.  Осыған  байланысты  біз  сипаттамаларды  көрсетеміз. 
Үйренушінің  тілді  жетік  білуі,  орташа  білуі,  нашар  білуі  көптеген 
факторлармен байланысты. Коммуникативтік құзырет үйренген тіл құралдарын 
тілдік  қарым-қатынаста  таңдап  пайдалана  білуге  қабілет,  тақырыпқа  сәйкес 
коммуникативтік  жағдаятты  бағалауы,  жағдаятқа  тез  арада  кері 
байланыс/реакция  жасап,  екінші  тілде  жауап  беруі.  Коммуникативтік 
құзыреттілік  –  қарым-қатынастағы  мәдени  мәнмәтін,  вербалды  емес,  мінез-
құлықтық міндеттерді дұрыс түсінуі және бағалауы.   
Коммуникативтік  құзырет  дегеніміз  –  оқушының  қазақ  тілін  қолдана 
отырып,    тұрмыстық,  оқу,  кәсіби,  мәдени  өмірінде  өзіне  өзекті  болып 
табылатын қазақша тілдік міндеттерді шеше алуы; қазақ тілінің нормасына сай 
қазақ  тілінде    сөйлеу  және  жазу,  тыңдау-түсіну,  оқу-түсіну  міндеттерін  шеше 
алуы.  Коммуникативтік  құзырет  адамның  жеке  тұлғалық  қасиетіне  бірден 
айналмайды, ол қазақ тілінде қарым-қатынас жасау барысында ғана танылады. 
Еуропалық  тіл  үйрету  жүйесінде  тілдерді  үйрену  мен  үйретуге 
коммуникативтік-бағдарлық тұрғыдан келудің мақсаты: 
•  
түрлі  тілдердің  ұлттық  болмысын,  тілдік  және  мәдени  жәдігері  болып 
қалған тілдік қорды сақтап қалу; 
•  
адамдардың  ел  арасындағы  мәдени,  ғылыми  және  техникалық 
жетістіктерді  өзара  оңтайлылықпен  алмаса  отырып  игеруіне  мүмкіндіктер 
жасау болып белгіленген. 
Коммуникативтік-бағдарлық  тұрғыдан  келудің  негізгі  бір  түйіні  – 
еуропалықтардың  басқа  тілді  үйренуде  нақты  өмірлік  жағдаяттарды  бастан 
кешу мүмкіндіктерін тіл үйрету сабақтарында қолдану қажеттілігін таныту.   
Оқушылардың  коммуникативтік  дағдыларын  дамыту  тәсілі.  Негізгі  орта 
білім  беру  деңгейіне  арналған  бағдарлама  мақсаттарының  бірі  –  түрлі 
әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы 
мақсатқа  жетуге  қажетті  дағдыларды  дамыту  үшін  ынталандырушы  және 
қолдаушы  ортаны  құру  керек.  Коммуникацияның  түрлі  формаларын  қолдану 
құнды  болып  саналатын  мұндай  ортада  оқушылар  өз  пікірін  еркін  білдіре 
алады.  
Оқытудың  белсенді  әдістері  –  оқу  материалын  игеру  үдерісінде 
оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. 
Белсенді оқыту  мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы 
мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық 
әрекет  үдерісінде  өз  бетінше  білімдер  мен  біліктерді  меңгеруіне  бағытталған 
әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.  
Белсенді  оқыту  әдістерінің  ерекшеліктері  олардың  негізінде  практикалық 
және  ойлау  әрекетіне  талпындыру  жатыр.  Онсыз  білімдерді  игеруде  алға 
жылжу  болмайды.  Оқытудың  белсенді  әдістерінің  пайда  болуы  және  дамуы 
оқытудың  алдына  оқушыларға  білім  ғана  беріп  қоймай,  танымдық 
қызығушылықтар  мен  қабілеттердің,  шығармашылық  ойлаудың,  өз  бетінше 


47 
ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер 
қойылуымен  байланысты.  Жаңа  міндеттердің  пайда  болуы  ақпараттың 
қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында  алынған 
білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды 
үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы 
мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті, өз бетінен ізденуді талап етеді. 
Әрбір  мұғалімнің  басты  міндеті  –  оқушыларға  белгілі  бір  білім  
жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты 
дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз 
оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын. 
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:  
1.  Дәстүрлі  сабақтың  дәстүрлі  емес  басталуы  –  сабаққа  эмоционалдық 
бетбұрыс  (эпиграф,  сахналанған  көрініс,  бейнеүзінді,  ребус,  жұмбақ, 
анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді айқындау. 
2. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. 
Сабақта  қолданылатын  проблемалық  жағдаяттардың  типтері:  күтпеген  нәрсе 
жағдаяты; шиеленіс жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау 
жағдаяты. 
3. Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру. 
4.  Оқу  материалының  презентациясы  –  ақпараттық  технологияны, 
электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану. 
5. 
Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану. 
6.  Интербелсенді  оқыту  формаларын  немесе  олардың  элементтерін 
пайдалану: «жобалар  әдісі»,  «миға  шабуыл»,  «пікірталас»,  «түрлі 
кейіпкерлерден сұхбат алу» жатады [8]. 
Белсенді оқыту әдістерін  таңдау бірқатар факторларға тәуелді. Белгілі бір 
дәрежеде  ол  оқушылардың  санымен  анықталады.  Көптеген  оқыту  әдістерін 
шағын  топтарда  пайдалану  ұсынылады.  Бірақ  әдісті  таңдау,  бірінші  кезекте, 
сабақтың  дидактикалық  мақсатымен  анықталады.  Сабақта  төмендегі  белсенді 
оқыту әдістерін пайдалануға болады. 
Сабақтың  әр  кезеңінде  қолданылатын  өзінің  белсенді  әдістері  болады. 
Ұйымдастыру кезеңдері:  
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет