Ашық хат әзірлеу және безендіру. Мерекелік ашық хаттар. Ашық хат –
бұл өзіндік тарихы бар өнердің бір түрі. Оны оқушылар өздерінің туыстары мен
достарына арнап өз қолдарымен жасай алады. Ашық хат жасау барысында
бастауыш
сынып
оқушыларының
шығармашылық
экспериментпен
айналысуларына жағдай жасалады, себебі балалар мерекелік ашық хатты өз
қиялдарынан шығарып қолдарымен жасау арқылы өз шығармашылығын жүзеге
асыра алады. Сонымен қатар мерекенің пайда болу тарихымен танысуларына да
жағдай жасалады. Мысалы, «Інжугүл» құттықтау ашық хатын әзірлеу
барысында оқушыларды інжугүлдің өсетін жерлерімен таныстыра отырып, оны
әсемдік үшін қыста да өсіруге болатын айта кетуге болады. Оқушыларға
інжугүл туралы қосымша материалдар іздеу тапсырылуымен қатар, «ашық
хатты қандай мерекеге және кімге сыйлар едің?», «неліктен?» сияқты сұрақтар
қою арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасау
«Інжугүл» құттықтау ашық хаты.
Бұл ашық хат аппликациясы інжугүлдің қоңырауларын еске түсіретін екі
жапырақтан және гүлдерден тұрады. Жапырақтар ортасынан екіге бүктелген
қою жасыл түсті қағаз кесіндісіне інжугүлдің жапырағына ұқсас жапырақтың
кескінін салу, соңынан сол кескінді қайшымен қиып алу арқылы әзірленеді.
Жапырақтардың үстіне жапырақ талшықтарына ұқсас өрнектер салуға болады
Інжугүлдің гүлдері 5-7 кішкене қоңыраулардан тұрады. Қоңырауларды
әзірлей үшін диаметрі кішкентай күмістер қажет. Күмістің көмегімен жұқа ақ
қағаздан 5-7 дөңгелекше қиып алынады. Әр дөңгелекшені алақанға салып
қаламсаптың жұмыр жағымен жаншу қажет. Қоңыраушалар бір-бірінен онша
алыс емес қашықтықта негізгі қағазға жапсырылады (9-сурет). Құттықтауға
арналған «Інжугүл» ашық хаты дайын.
Бастауыш мектептің алғашқы жылдарында орындауға болатын жұмыстың
қызықты түрі «аппликациялық мозаика». Аппликациялық мозаиканы орындау
барысында «Математика», «Дүниетану» пәндерімен тығыз пәнаралық байланыс
жүзеге асырылады, яғни өлшем жұмыстары орындалады және гүлдің өсу
жағдайларымен таныстырылады.
«Күзгі ағаш» аппликациялық мозаикасы (13-сурет) түрлі-түсті қағаздардың
ұсақ қиындыларынан әзірленеді, оларды қайшымен қию немесе қағазды қолмен
103
үзу арқылы да дайындауға болады. Түрлі-түсті қағаздардың қалдықтарын
қолдануға болады.
Негізгі түс ретінде қошқыл түсті қатырма қағаз пайдаланылады. Жасыл
түсті қағаз қиындыларынан мозаика тәсілімен көгал жасалады. Көгал жасау
үшін негізгі түсті қағазға алдымен желім жағып, содан кейін мозаиканың
бөлшектері жапсырылады.
Ақ түсті қағаз кесіндісінен еркін формада ағаштың (қайың ағашының) діңі
кесіліп алынады. Оның үстіне қара қаламмен немесе қарындашпен қара дақтар
немесе бедерлер салынады, сондай-ақ бұл дақтарды қара түсті қағаздан ұсақ
жолақтар кесіп алып, жапсыру арқылы да орындауға болады.
13-
сурет – Күзгі ағаш
Ағаштың ұшар басын жасыл, қызыл, қызғылт сары түсті қағаз
қиындыларынан, бір-біріне жақын орналастырылып, арасында саңылау
болмайтындай етіп жапсыралады. Парақтың сол жақ немесе оң жақ жоғары
бұрышында сары түсті қағаз қиындыларынан шуағын шашып тұрған Күннің
көзі жапсырылады.
Жұмыстың бір нұсқасы ретінде орман әсерін беру үшін бірнеше ағаш
жасауға болады.
Қағаз пластика – бұл бейнелеу өнерінің мүсіндеу, аппликация, сурет салу,
қағаздан қиып құрастыру, коллаж тәрізді әртүрлі түрлерінің синтезі деп санауға
болады. Орындалатын жұмыстың көлемділігі, қолданылатын материалдың
әсемдігі оны мүсіндеумен және коллажбен, сондай-ақ, жазық форманы бүктеу,
қию арқылы алғашқы түрін өзгерту – қағаздан қиып құрастырумен
жақындатады. Нақты немесе ойдан шығарылғанды бейнелеу, қосымша
бөлшектерді салуды аяқтау сурет салуды қағаз пластикамен байланыстырады.
Оқушыларды қағаз пластикаға үйретудің мақсаты мен міндеттері бейнелеу
өнерінің міндеттерімен тығыз байланысты, олар: балалардың біліміне, білігіне
және ойлау іс-әрекетіне қажетті қиялдау, елестету тәрізді шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
104
Қағаз пластика техникасын дайын материалдарды қолдану арқылы да
жүзеге асыруға болады. Ол үшін күнделікті өмірде бір-ақ рет қолданылатын
қағаз ыдыстарды (тәрелкелер, пластикалық қасықтар, шанышқылар т.б.)
қолдануға болады. Қағаз ыдыстарды әдемі ашық түстерге бояу, жасалатын
заттың бейнесін салу және қиып алып, басқа түсті қағазға жапсыру арқылы
жасауға болады. Мысалы, 14 - суретте қағаз тәрелкеден жасалған құстың
бейнесі берілген.
14-
сурет – Қағаз тәрелкеден жасалған құс
Достарыңызбен бөлісу: |