99
оқушылардың бойында заманауи өндірістің ең типтік ерекшеліктері туралы
түсініктердің қалыптасуын, оқушылар жаңа жұмыс жағдайына көшіре
алатындай жинақталған политехникалық біліктердің қалыптасуын талап етеді.
Мұғалім көркем еңбектің затын дайын бұйымға айналдыру процесімен
балаларды таныстыруы керек, ал бұл дегеніміз материалдан бұйым (еңбек
өнімі) қалай жасалатынын балаларға рет-ретімен көрсету және айтып беруді
білдіреді. Жұмыс уақытында балалар материалдардың қасиеттерімен,
құралдармен және оларды қолдану ережелерімен, жұмыстағы адамның іс-
әрекетімен, техникалық операциялармен танысады және еңбек бұйымдарын
пайдалануды үйренеді.
Политехникалық принциптің мәні, оқушылардың білім алу және біліктерге
ие болуында.
Осыған орай бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауда осы
ұсынылған әдістер сақталса, оқу мақсатына жету шарты жүзеге асырылатыны
сөзсіз.
Сонымен, оқытудың барлық принциптері бір бірімен тығыз байланысты:
ғылымилық принципі жүйелілік және бірізділік принципінсіз мүмкін емес,
оқытудың қолжетімділігіне сүйене отырып қана жүзеге асырылуы мүмкін.
Қолжетімділікті жүзеге асыру үшін көрнекілікті қолдану оқу материалын
саналы және белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың жастық
және тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін, яғни қолжетімді материалдар
берік меңгеріледі.
Оқыту принциптері – оқытудың мақсаттарына тәуелді және олардың
өзгеруіне байланысты өзгеріс отыратын тарихи санат. Сонымен бірге,
кіріктірілген пәндерді оқыту кезіндегі тәсілдер мен принциптер бірін-бірі
толықтырып отырады және өзара тығыз байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: