«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
107
графикасы» немесе «жіп дизайны» деп те атайды және ол сәндік-қолданбалы
өнер түріне жатады. Сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп эстетикалық
сапаларға ие, өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын суреттерді, заттарды,
көркем туындыларды айтамыз. Сонымен бірге, сәндік өнерді меңгеру
нәтижесінде оқушылардың бойында өзінің ұлттық мәдени тарихына үңілуге,
этнографикалық ерекшелігін білуге ынталандырып, ұлттық өнерге деген
қызығушылығы артып, жалпы өнерге деген құрмет сезімі пайда болады.
Жіп сурет техникасымен тігуге қажетті құрал-жабдықтар:
-
жұмыстың негізгі фоны ретінде түрлі-түсті қатырма қағаз;
-
былғары;
-
барқыт қағазы;
-
керілген бір түсті мата;
-
СD дискілері, пластика тақтайшалар қолдануға болады.
Жіптің түрлері: шарғы жіп, ирис, мулина, гарус, жүн жіп, алтын, күміс
түсті люрекс жіптерін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ине, біз, оймақ,
қайшы, желімді лента, пенопласт тақтайшасы қажет болады. Сызғыш түрлері,
бұрыш шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар.
Жіп сурет техникасымен жұмысты тігу барысында оқушылар түстердің
үйлесімділігін айыра білуі керек, себебі жұмыстың әдемілігі түстерді сауатты
қолданумен тығыз байланысты болады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларды
түстік спектрмен (негізгі, қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын,
жылы, қосымша, контрасты) таныстыру қажет.
Жіп сурет техникасы деп қатырма қағазға барқыт қағазға салынған
суреттің бойымен жіппен тігуді айтады. Қолөнердің бұл түрінде балалар
сызғышпен, үлгімен, шаблонмен жұмыс істеуге үйренеді, ине-жіпті қолдану
дағдыларын бекітеді. Көзбен өлшеу дағдылары дамиды, қол саусақтарының
шағын моторикасы жетіледі, көркем-шығармашылық әрекетпен айналасу
барысында ұқыптылыққа үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшелігін ескере отырып сабақта жіп сурет техникасының бір түрі – суретті
кескінді толтыру (16 - сурет) әдісін қолдануға болады.
16-
сурет – С
уретті кескінді толтыру
Жұмысты орындау үшін:
-
негізгі түске гүлдің суретін салу (алдын ала дайындалған шаблонның
көмегімен салуға болады);
-
жіптердің бір-біріне сәйкес келетін түстерін таңдау;
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
108
-
үстелді зақымдамау мақсатында пенопласт тақтайшасын қолдана
отырып, суреттің бойымен бірдей қашықтықта инемен тесіктер жасап алуға
болады, бұл тігу жұмысын жеңілдетеді;
-
жіп және иненің көмегімен суреттің доғаларын тігіп шығу.
Тігу барысында түрлі доғалар қолданылады. Оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып неғұрлым жеңіл суреттер алу қажет және
суреттердің ұсақ элементтері көп болмауы тиіс. Суреттерді балаларға арналған
кітаптардан және бояу кітапшаларынан алуға болады.
Сонымен, бастауыш сыныптардағы «Көркем еңбек» пәнінде оқушыларды
шығармашылықпен жұмыс істеуге, қиялдауға, өз еңбегінің нәтижесін көруге
тартатын жұмыстардың түрлері алуан түрлі. Еліміздің жалпы білім беретін
мектептерінде «Көркем еңбек» пәні қолданысқа енгізілмегенімен өз
тәжірибелерінде «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің кейбір
тақырыптарын кіріктіріп оқытып жүрген мұғалімдер баршылық.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әл-Фараби мектеп-
лицейінің жоғары санатты, Қазақстан Республикасы педагог кадрларының
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері)
деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтаған
Темирбулатова Гүлнар Салаутовна өзінің сабақтарында «Бейнелеу өнері» мен
«Еңбекке баулу» пәндерін кіріктіріп оқытуды қолданып жүрген мұғалімдердің
бірі. Гүлнар Салаутовна өзі өткізген «Сәукеле» тақырыбындағы сабақтың
үлгісін ұсынады. Бұл сабақты екі сағат көлемінде өткізуге болады (бір сабақ
теория, екінші сабақ практикалық жұмыс).
Кіріктірілген сабақ: еңбекке баулу
және бейнелеу өнері
Тақырыбы: Сәукеле
Мектеп : қазақ мектеп-гимназиясы
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 3
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
Үлгіге қарап, табиғи және жасанды материалдардан бұйымдар жасау.
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен танысу, ұлттық бұйым
сәукелені бейнелеу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Ұлттық бас киімдерді біледі.
Оқушылардың көпшлігі орындай алады:
Ұлттық бас киімдердің ерекшеліктерін атай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Бас киімдердің түрлерін, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері
туралы түсінік береді.
Тілдік мақсат
Барлық оқушылар орындай алады:
Ұлттық бас киімдердің түрлерін, қажеттілігін түсінеді.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Сәндік қолданбалы өнер, сәукеле
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Үш тілде айтып үйрену: Өрнек, ою-өрнек, бас киім.
Талқылауға арналған сұрақтар:
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
109
Ою-өректердің түрлерін білеміз бе?
Не себепті........ деп ойласыз?
Не себепті олай ойлайсың?
Алдыңғы оқу:
Қазақ халқының кәсіп түрлерін ажырату.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы
Психологиялық тренинг «Менің көңіл-күйім»
Шешуі келесі бас киімдерді білдіретін сөзжұмбақтар
құрастыру: бөрік, тымақ, сәукеле, кимешек, тақия, шәлі,
мұрақ. (Сөзжұмбқтар келесідей болуы мүмкін)
1. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киім.
2. Ерлердің қыстық бас киімі.
3. Қалыңдықтың бас киімі.
4. Жас келін балалы болған соң киетін бас киім.
5. Тұрмыс құрмаған қыз балалар киетін бас киім.
6. Орамал тәрізді тоқылған әйел бас киімі.
7. Елбасы, ел ағалары киетін қалпақтың түрі.
Ой қозғау
-
Балалар сөзжұмбақта қандай бас киімдер туралы
айтылды? (Бөрік, тымақ, сәукеле, кимешек, тақия, шәлі,
мұра).
-
Балалар, ер адамдар қандай бас киімдер киген?
-
Әйелдер қандай бас киімдер киген?
-
Әйелдер бас киімі мен қыз бала баскиімі арасында
айырмашылық бар ма?
-
Сәукелені
кімдер
киеді?
(қалыңдықтар,
жас
келіншектер).
Ортасы
8 минут.
Үштілділік:
Үш тілде айтып
үйрену: бас киім,
өрнек, ою-өрнек,
композиция
Халқымыз ұлттық киімге айрықша мән берген. Қазақ халқы
ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай
бас киім киген.
Сын тұрғысынан ойлау
1. Баскиімнің қандай пайдасы бар? (қыста аяздан, жазда
күннің ыстығынан қорғайды)
2. Топтарға алдын ала жинақталған әдебиеттерден бас
киімдердің шығу тарихы, әзірлену жолдары туралы
мағлұматтар жинауға тапсырма беру. Мысалы:
-
бас киімдердің шығу тарихы;
-
жас ерекшеліктеріне және ер адамдар мен әйел адамдарға
қатысты бас киімдердің бөлінуі;
-
сәукеленің әзірлену жолы;
-
ою-өрнектің түрлері.
Тапсырма: жеке-жеке тапсырма орындау.
Бейнелеу.
Сәукелені үлгілеу. Акварельмен/гуашпен, түрлі-түсті
карандаштармен бояу, сәукеленің суретін салу.
Көркем еңбек.
Әртүрлі ою-өрнектермен безендіру.
АКТ
түсті бояулар
альбом,
қайшы,
түсті қағаз
желім
Соңы
Киімдерге
1. Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара –
қайғының белгісі. 2. Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады. 3.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. 4. Ілулі тұрған
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
110
байланысты
ырымдар.
киімнің түймесін салмайды. 5. Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол
аяқтан шешеді. 6. Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып
береді. 7. Киім сатып алғанда: «Киімің күйрек, жаның берік болсын» деген
тілек айтады. 8. Ақ жаулықты ортаға тастау. 9. Сәукеле – «сау келеді» деген
мағына беріп, оны тек қалыңдық киген. 10. Бас киімді теріс киюге
болмайды.
Оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру
Үйге тапсырма: Қалаған бас киімнің суретін салып, түйе табан, қос мүйіз өрнектерімен
әшекейлеу.
Қосымша
мәліметтер
Ерлер бас киімі туралы мәлімет жинау
Саралап-
оқушыға
мейлінше қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - оқушы
білімін қалай
жоспарлайсыз?
Табыс критерилерін
құрамын
Дескрипторлар
бойынша
Пәнаралық
байланыс.
Денсаулық және
қауіпсіздік.
АКТ-мен
байланысы
Математикамен
Өмірмен байланыс
Бейнелеу мен еңбекке баулу
Рефлексия
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті?
Жоспарлау мен саралау жақсы іске асты ма?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізер
едім? Неліктен?
-
иә, мақсаттарымен міндеттері орындалды
Айтылым және тыңдалым бойынша тапсырма
үлгілері:
•
шығармашылық жұмыс орындау үшін түрлі
идеяларды талқылау
Усаева Гульмира Елтаевна
І санатты, деңгейлі бағдарламалар аясында үшінші деңгейдегі
бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы №72 мектеп-лицейі
Кіріктірілген сабақ: еңбекке баулу және
бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ою өрнек түрлері. Көрпе құрау.
Мектеп-лицейі:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Усаева Гульмира Елтаевна
Сынып: 1
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
1.2.4.2. Үлгіге қарап, геометриялық пішіндерді сала отырып, «Сегіз
қанат» ою құрау.
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен танысу, ұлттық бұйымды
геометриялық фигурамен безендіру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Ұлттық үй жиһаздарды біледі.
Оқушылардың көпшлігі:
Ұлттық ою-өрнектердің түрлерін атай алады.
Кейбір оқушылар:
Ұлттық ою-өрнек түрлерін,құрақтың пайдалануы және тұтыну
ерекшеліктері туралы түсінік береді.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
111
Жоспар
Жоспарланған
Уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы
Психологиялық тренинг Оқушыларға үшбұрыш
таратып беру.
-
Үшбұрыштың үш бұрышына сыныптағы үш оқушының
атын жазу.
-
Бірінші бұрышқа жазған оқушымен қол алысу.
-
Екінші бұрышқа жазған оқушының басын сипау.
-
Үшінші бұрышқа жазған оқушымен құшақтасу.
Ой қозғау
-
Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер.
-
Үйлеріңде құралған көрпеше, жастықшалар бар ма?
-
Құрақты кімдер құрайды?
-
Құрақ қандай маталардан құралады?
Ортасы
Үштілділік:
Үш тілде айтып
үйрену: өрнек,
ою-өрнек,
композиция
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының
бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес,
сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де жасаған. Еш
оқытатын мектеп жоқ кездің өзінде шеберлер геометрияны
оқымасы да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын
құрақты сәндеп құрай білгендігін оқушыларға үлгі етіп,
ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын
айтып кетемін. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бірде
бір қазақтың үйі жоқ екендігі бәрімізге мәлім.
Құрақтың қолдануы – үй жиһаздарының бірі: құрақ көрпе,
көрпеше ата-бабаларымыздың дәстүрлі төсеніші болған
және тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйымдырдың
бірі. Құрақтан қолдорба да жасалған, керме, аяққап,
шайдорба, сандық жапқыш т.б. көптеген бұйымдар
жасалғанына мысалдар келтірейік.
Киіз үй жиһаздары – құрақпен безендірілген бұйымдарды
естеріңе түсіріңдер.
Тапсырма: Жеке-жеке тапсырма орындау.
Бейнелеу .
Сегіз қанат құрақты құрау үшін:
-
Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екенділігі
ескертіледі.
-
Құрақ құрағанда мата таңдау және мата түстері туралы
ұлттық ұғымдар айтылады. Қызыл түс – гүлдің,
қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді; сары түс –
күннің белгісін білдіреді; көк түс – аспанның түсін
білдіреді; жасыл түс – даланың көгал шөбінің, жердің
белгісі.
-
Сегіз қанат құрағы геометриялық фигуралар арқылы
құрылады. Ендеше үшбұрыш фигурасын салуға кірісеміз.
-
Сегіз қанат құрағын құрау үшін сегіз бір түсті үшбұрыш,
сегіз басқа түсті үшбұрыш салып бояймыз.
-
Үшбұрыштың суретін салып гуашпен бояу.
Еңбекке баулу.
-
Үшбұрыштарды қиып, бір-бірімен беттестіріп, екі-екіден
АКТ
Түсті бояулар
альбом,
қайшы,
түсті қағаз,
желім
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
112
түстері бойынша ақ картонға жапсыру.
Соңы
-
Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа
ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік.
-
Құрақ қырау өнерінің шығуы тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата
түрлерін пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын
төсеніш екенін меңгердік
Қорытынды сұрақтар:
-
Ұлттық үйлесім бойынша қанша түсті білесіңдер?
-
Сегіз қанат құрағының үлгісінің бөлшектері қандай геометриялық
фигурадан тұрады ?
-
Қауіпсіздік сақтау ережелерінің қолдануын ата.
-
Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын бұйымдарды ата.
Рефлексия
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті?
Жоспарлау мен саралау іске жақсы асты ма?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізер
едім? Неліктен?
-
иә, мақсаттарымен міндеттері орындалды
Айтылым және тыңдалым бойынша тапсырма
үлгілері:
•
шығармашылық жұмыс орындау үшін түрлі
идеяларды талқылау
Қарлығаш Дулатқызы Сулейменова
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
№ 9 орта мектебі Степногорск қаласы
Ақмола облысы
Еңбекке баулу және бейнелеу өнерінен кіріктірілген сабақ жоспары
2-
сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
білімдік: қазақ ұлтының ою-өрнегі туралы түсінік беру;
дамытушылық: өрнектердің орналастыру ерекшеліктерімен таныстыру,
графикалық білімдер мен дағдыларды дамыту;
тәрбиелік: туған мәдениетке қызығушылық туғызу және оны құрметтеуге
баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданатын технология түрі: АКТ, СТО
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет салу, жапсыру
Көрнекі құралдар: ою-өрнек түрлері, суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күннен шуақ аламыз.
Биікке қанат қағамыз,
Болашаққа талпынып
Оттай лаулап жанамыз
Сабақты жақсы оқып,
Кілең бестік аламыз.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
113
ІІ. Өткен сабаққа шолу жасап, техника қауіпсіздігі ережесін еске түсіру.
Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
Қайшының алмасына зер салып қи.
Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желімнің қақпағын абайлап аш.
Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
Артығын сүрткішпен алып таста.
Қолыңды сүрткішпен сүрт.
Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
Қылқаламды ешкімге нұсқама.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
«Ою-өрнек» сөзі – латынның «орнамент» деген сөзінің баламасы.
«Орнамент» сөзі – «сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. «Ою»
сөзі, біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып, затты көркемдеу
дегенді білдірсе, екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау деген
ұғымды білдіреді. Ал «өрнек» сөзі – бірнеше көркемдеп сызылған сызықтар
жиынтығынан құралған әсемдік сызба. Ою-өрнек – бұл сызба. Халық ерте
заманнан ою-өрнекті дамытып келеді. Ою-рнек түрлері көп. Ол – көркем
қолөнердің бір саласы. Халық шеберлері ою-өрнекті өсімдік, құс, жануарлар,
ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою-өрнекті тұрмыстық
мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған.
Ою-өрнек түрлері
ІV. Практикалық жұмыс.
Сурет дәптеріне қошқармүйіз өрнегін салып және оны қағаздан қию,
жапсыру жұмыстарын ұйымдастыру.
«Қошқармүйіз» оюын қию
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
114
Төрт бөліктен құралған «қошқармүйіз» оюын қиып үйрену үшін өлшемі
10х10 см шаршы пішінді қағаз қиып аламыз, өлшемін өз қалауыңша алуға да
болады.
Жұмыстың орындалу реті:
-
қағазды төрт қабаттап бүктейміз.
-
төртке бүктелген қазақдың бетіне үлгінің көмегімен оюды сыз.
-
сызылған оюды сызық боймен қиып ал.
-
оюыңды жазып, тегісте.
Төрт бөліктен тұратын «қошқармүйіз» оюы дайын. Оюды басқа түсті
қағазға жапсырамыз.
V. Сабақты қорытындылау.
Жұмыстың орындалу барысына талдау жасау.
VI. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?
2. Ою-өрнекті қайда қолданады?
Сабақ соңында оқушылардың сабақ барысында көрсеткен белсенділік
ынталарына қорытынды жасай отырып, жұмыстарын сапасына қарай бағау.
VII. Үйге тапсырма беру.
Солтанбекова Алтын Алпысбаевна
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
№72 мектеп-лицейі
Астана қаласы
«Бейнелеу өнері» пәніндегі «Еске түсіру арқылы көбелектің суретін
саламыз» тақырыбы мен «Еңбекке баулу» пәніндегі «Көбелек және гүл»
композициясы тақырыптарын кіріктіру
Сабақ тақырыбы: «Көбелек»
Мақсаты: Табиғатқа деген өзінің құнтты қарым-қатынасын көрсете білуге
үйрету; күрделі пішіндегі затты бейнелеу және көлемді заттың композициясын
жапсырмалау әдісіне баулу. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау. Шығарма
мазмұны бойынша түйінді ой қорытады, басқалардың пікірі мен көзқарасына
баға береді.
І. Ұйымдастыру.«Үш көбелек» ертегісін тыңдау
Ертегіні тыңдап болғаннан кейін: «Шын достар – тек қиындықта
сыналады» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қою
арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауларына мүмкіндік жасау.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
115
ІІ. Ой қозғау.
«Суреттер сыры».
Төменде ұсынылған суреттерге назар аударту. Суреттерде не бейнеленгені
туралы ойланып, өз ойларын ортаға салу
Дереккөзі: http://erketai.kz/balalarga/ertegiler-alemi/ush-kobelek-nemis-ertegisi/
ІІІ. Практикалық жұмыс
Көбелек салудан бастаймыз. Негізгі өлшемін белгілейміз. Кеудесінің
пішінін бейнелеу үшін барлық ұзындығын тең бөліп, ортасынан көлденең
сызық жүргіземіз. Кеудесінің ортасын алдыңғы қанаттарының көлденең жатқан
төменгі сызығы белгілейді. Оның түзу сызықпен белгілеп қойып, кеудесін
сопақшалау етіп көрсетміз.
Басын, құрсағын саламыз. Қанаттарын сызба түрінде көрсетеміз. Негізгі
бөліктердің кескініне қарап, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышын
қосатын түзу көлденең сызық жүргіземіз. Алдыңғы және артқы қанаттарын
қосатын иілген сызықтар, артқы қанаттарының төменгі жағынан көлденең
сызықтар сызамыз. Сөйтіп, трапеция пішініндегі көбелек дайын.
Көбелектердің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігінің өрнектері бірдей
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |