33
«Мен - өз Отанымның патриотымын»
тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы
(9-11-сыныптар)
Сабақтың мақсаты: қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру,
төзімділікті, ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстарды дамыту,
оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстанның
жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.
Мақсатты топтары: 9-11-сынып оқушылары, ата-аналар, жоғары
сынып мұғалімдері, аймақтың әртүрлі салада жетістікке жеткен белгілі
адамдары, мәслихат депуттары, саясаттанушылар, тарихшылар, жергілікті
атқару органдарының өкілдері.
Құрал-жабдықтар: мемлекеттік рәміздер, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір
тағдыр» стенді, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан үзінділер
(слайдтар), қазақстандық ғұламалардың ақылды ойлары, кітап көрмесі,
фотосурет көрмесі, оқушылар мен мұғалімдер жасаған халық шығармашылығы
өнімдерінің көрмесі, ұлттық киімдер көрмесі. Патриоттық тақырыптағы деректі
бейнефильмдер.
Музыкалық жабдықтау: республиканы мекендеген халықтар музыкасы,
қазақстандық патриоттық әндер.
Ұсынылатын сабақ кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.
2. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы –
әлеуметтік жаңарудағы серпілісі және республиканың жаңа өндірістік-
инновациялық экономикасы.
3. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: тарихы, қазіргісі және
болашағы. Ұлттық бірліктің Доктринасы.
4. Мемлекеттік тілдің бірегейлігі. Үш тілді білу – жаһандық өмірге
жолдама.
Өткізу нысандары: рөлдік ойындар, оқушылардың жобаларын қорғауы,
пікірталастар, пікірсайыстар, ауызша журнал, «сырттай» саяхат, ұлттық-мәдени
орталықтардың өкілдерімен, саясаттанушылармен, мұражай қызметкерлерімен
кездесулер және т.б.
34
3 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін түсіндіру шегінде
«Мен - өз Отанымның патриотымын» тақырыбы бойынша бірыңғай
білім беру сабағын өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік ұсыныстар Білім күніне арналған «Мен - өз Отанымның
патриотымын» республикалық бірыңғай білім беру сабағын өткізудің мазмұны,
негізгі түсінігі, формалары мен әдістерінің тұжырымдамасы контекстінде
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіруге бағытталған.
Әдістемелік ұсыныстар білім беру ұйымдары басшыларына, сынып
жетекшілеріне, топ тәлімгерлеріне және педагогтерге арналған.
Ұсыныстар құрылымы:
Кіріспе
1.
Сабақтың тұжырымдамасы.
2.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
3.
Сабақтың қорлары.
4.
Сабақтың түрлері.
5.
Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде
тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар.
5.1
1-4 сыныптарда,
5.2
5-8 сыныптарда,
5.3
9-11 сыныптарда.
6.
Қосымша
6.1
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі.
6.2
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан үзінді алу.
6.3
Ұсынылатын видеофильмдер.
6.4
Глоссарий.
Кіріспе
Қазақстан – оның территориясында тұратын, біртұтас ұлтқа айналған
барлық халықтардың ортақ Отаны. Ұлттардың бірлігі – біздің еліміздің
өркендеуі, тұрақтылығы, жаңаруы және серпінді дамуының негізі.
Жаһандық экономикалық дағдарыс аясында шиеленіскен гуманитарлық
мәселелер, әлеуметтік-саяси тұрақсыздық және планетаның түрлі аймақтары
арасындағы қарама-қайшылықтардың өсуі жағдайында Тәуелсіз Қазақстанды
нығайту, экономикалық және әлеуметтік өрлеуді табысты жүзеге асыру үшін
ұлттардың бірлігі жақсы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Елбасының тапсырмасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV
сессиясында
қабылданған
«Мәңгілік
Ел»
Патриоттық
актісі»,
қазақстандықтардың біртұтас ұқсастығының бірегей бағдарламасы болып
35
табылады.
Патриоттық акт және оған бекітілген, қазақстандық халықтармен
құрылған басты жалпыұлттық құндылықтар, ұлт бірлігінің маңызды факторы.
Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.
Мәңгілік Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.
Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.
Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.
Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы
Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік
проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Өскелең
ұрпақты
іргелі
мемлекет
құраушы
«Мәңгілік
Ел»
құндылықтарында тәрбиелеу, қазақстандық халықтардың тарихы, мәдениеті,
дәстүрінің біртұтастығының мәнін түсінетін, Қазақстанның отансүйгіш-
азаматы тұлғасын қалыптастыру мақсатында Білім күніне арналған «Қазақстан
– біртұтас ұлт» Республикалық сабағын өткізу ұсынылады.
1.
Сабақтың тұжырымдамасы
Білім күні 1-қыркүйекте «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін түсіндіру
мақсатында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбы бойынша бірыңғай
білім беру сабағы өткізіледі.
Патриоттық (πατριώτης грек тілінен – отандас, patria латын тілі – отан) –
Отанға сүйспеншілік, оған деген адалдық, өзінің іс-әрекеттерімен оның
мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу. (Философиялық энциклопедиялық сөздік –
М.: Совет энциклопедиясы. Бас редакция: Л. Ф. Ильичёв, П. Н. Федосеев, С. М.
Ковалёв, В. Г. Панов. 1983.)
Патротизмнің әлеуметтік-психологиялық мәнін дәлме-дәл бейнелеп
көрсететін патриотизмнің құрылымдық компоненттері: патриоттық қатынас,
патриоттық сана, патриоттық құндылықтар, патриоттық мағыналар, патриоттық
сезімдер, патриоттық уәж, патриоттық тәртіп болып табылады.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне сәйкес патриотизм, тұлғаның
құрылымында құндылық-мағыналық қатынас ретінде үш: когнетивтік (өз
халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрін білу, мемлекеттің берекесін
экономикалық іс-әрекеттері жетістігі жағдайы ретінде бағалау); тез
әсерленушілік (дамыған патриоттық сезімдер, қоғамға және мемлекетке оң
әсерлі көзқарас); қылықтық (әлеуметтік маңызды жобаларға, еңбек істеріне
қатысу, жеке патриоттық қылық тәжірибесі) компоненттерімен ұсынылады.
Оқушылар үшін білім сабағы:
-
оқу жылында мектеп пәндерін оқу барысында тұлға мен
мемлекеттің құндылықтарын біріктіруші жаңа Қазақстандық Патриотизмнің
базалық құндылықтарын игеру;
-
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген шығармашылық
өзін-өзі жүзеге асыру, ойды байыту, патриоттық тәрбие беру кеңістігі
36
жағдайындағы сабақтан тыс іс-әрекеттердегі тұлғалық өсуде импульс болуы
тиіс.
(Импульс – (impulsus латын сөзінен талаптану, ынталандыру) Бір мезетте
іштей талаптандыру, ойдан немесе әсерден түрткі, ынталандыру.
Отансүйгіш азамат тұлғаны қалыптастыруға оқытудың аса тиімді
технологиясы, қарқынды оқыту әдістерін білім беру процесіне енгізу арқылы
қол жеткізіледі.
Сабақтың лейтмотиві (Leitmotiv неміс тілі – бастаушы себеп). Қазір
әлемде адамзатты бүтіндей қозғап өтетіндей күрделі процестер өтіп жатыр,
қалыпты қалу үшін ел мықты, бірлікте және рухани бай болуы керек. Мемлекет
басшысы қазақстандықтарды этникааралық келісімді сақтауға және үкімет пен
мемлекеттік ұйымдардың ғана емес, қоғамның күшін біріктіруге шақырды.
Қазір бұрынғыдай емес біз бірлікте болуымыз керек. Бұл дегеніміз -
Қазақстанды мекендеген барлық ұлттардың мақсаттары мен ниеттері бір.
Сабақ өткізген уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Әнұранның орындалуы, безендіруде Елтаңбаның, Тудың (плакаттар) болуы
міндетті болып табылады.
Оқушылардың жеке жетістіктерін әр түрлі формада (авторлық көрме,
жеке концерт, тұсаукесер, көрсету, орындау және т.б.) көпшілікке паш ету үшін
жағдай жасау қажет.
Рефлексия «мен» - (әрбір оқушының) ойын айтуы арқылы жүргізіледі.
Жазып аяқтаңдар және естірте оқыңдар:
-
Мен ... екенін бүгін білдім.
-
Мен ... туралы ойладым.
-
Мен ... екеніне тым сенімді бола түстім.
-
Мен ... екенін түсіндім.
-
Менің көңіл күйім .... екенін сеземін.
2.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты– «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі контекстінде білім беру
процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.
Міндеттері:
Оқыту:
- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз
ету;
- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, «Мәңгілік
Ел», азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық
идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу;
Дамытушылық:
-
оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды
шешу жолдарын ұсыну;
-
оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және
диалогтік сөз құру) дамыту;
37
-
сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе
білуді дамыту;
-
оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:
- «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде патриоттық тәрбие
міндеттерін шешуге көмектесу;
- жаңа қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық көзқарасты
тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу;
- құнды қасиеттерді: қазақ тілін құрметтеу, қазақ халқының, әр халықтың,
этникалық топтардың әдет-ғұрпын, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
3.
Сабақтың қорлары
Безендіру:
1. Мемлекеттік рәміздер;
2. Стенд (слайд) «Біртұтас Болашақ Ұлт - Мәңгілік Ел», (Қазақстан
халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының фотосуреттері); «Ұлы Дала Елi»;
«Біз – Үлкен Елміз – Үлкен Отбасымыз».
3. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған
салтанатты жиында сөйлеген сөздерінен үзінді. 2014 жылғы 15 желтоқсан;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» халыққа жолдауы; 2050-Қазақстан жолы: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ:
«Халықтың өмірі әрбір келесі ұрпақпен жалғасады. Сондықтан халықтың
Мәңгілігінен асқан арман жоқ. Мәңгілік Елдің бұл идеясы, ертеңгі күнге жол
ашатын, болашаққа сенім артатын, мықты тұрақтылықтың символы...»;
«Мәңгілік Ел негізінде – қарапайым, түсінікті және әрқайсымыз үшін
құнды шындық – біздің отбасымыздың амандығы, қонақжайлылығы мен
еңбексүйгіштігі, тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тұтастығы, ертеңгі күнге
сенімділік жатыр»;
«Мәңгілік Ел – біздің біртұтас ұлт мықты болсын !
Қазақстанның бата алған жері мәңгі жасасын!
Алға, Қазақстан!»;
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп,
аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан
таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа
Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан
қоғамының осындай ұлы құндылығы»;
«Біз, қазақстандықтар, біртұтас елміз! Біздің тағдырымыз ортақ – ол
Мәңгілік Ел, біздің ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің
38
жалпықазақстандық үйіміздің жалпыұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың
арманы. Жиырма бес жылдық тәуелсіз дамуымызда барлық қазақстандықтарды
біріктіретін және болашақ еліміздің іргетасын қалайтын жаңа басты
құндылықтар құралды. Ол аспаннан алынған теория емес. Бұл құндылықтар –
Қазақстан жолындағы уақыттың тезінен өткен тәжірибесі ».
4. Музыкалық безендіру: Классикалық және қазақтың ұлттық музыкасы,
патриоттық тақырыптарға арналған аудио-бейнематериалдар; Отан және
Астана туралы өлеңдер; Заманауи Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар
және т.б.
5. «Ұлт бірлігі – Қазақстанның экономикалық дамуының негізі»
тақырыптық көрмеге арналған материалдар: кітаптар, қазіргі Қазақстан
жетістіктері туралы суреттер; экономиканың дамуына ерекше үлес қосқан
белгілі адамдардың портреттері (еңбек адамдары, ғалымдар, саяси
қайраткерлер, космонавтар, спорт майталмандары); өлкетанулық материал;
балалардың авторлық жұмыстары; анықтамалық материалдар;
6. Бейнефильмдер топтамасы «Мәңгілік Ел» идеясын меңгеруге
арналған иллюстрациялық материалдарды құрайтын әмбебап, көптілді білім
беру платформалары;
7. Оқушылардың жеке жетістіктерінің түрлі формадағы көрінісі:
(авторлық көрме, жеке концерт, презентация, көрсетілім, ел алдына шығу және
т.б.).
4.
Сабақтың формалары
Сабақ аясында мына жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:
1.
1-4- сыныптарда – саяхат- сабақ, викторина- сабақ, жарыс- сабақ, ойын-
сабақ, әңгіме, көрме, сурет конкурсы, фотоколлаж, қолдан жасалған бұйымдар,
музыкалық ісшаралар, фестиваль, ұжымдық шығармашылық жұмыс,
бейнетурлар ( фильмдер, слайдтар, композициялар көру);
2.
5-9- сыныптарда –сынып сағаты, әдеби-поэтикалық шығарма, пресс-
конференция, іскерлік ойын, викторина, конкурс, жарыс, диспут, презентация
оқушы жобасы, эссе, фотокөрме, экскурсия, түрлі ұлттардың белгілі
адамдарымен кездесу және т.б.;
3.
9-11- сыныптарда – сынып сағаты, рольдік ойындар, оқушылардың
жобаларын қорғау, ми шабуылы, пікірталас, дебаттар, саяси сабақ, тренингтер,
газет шығару, ауызша журнал, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, құқық
қорғау
органдарының,
саясаттанушы-ғалымдармен,
заңгерлермен,
тарихшылармен кездесу және т.б.
Сонымен қатар:
−
сабақты заманауи интерактивтік оқыту формаларын қолданып өткізу;
−
психолологиялық-жас ерекшелігін, жекебас ерекшелігін, білім
алушылардың дайындық деңгейін ескеру;
−
ән тыңдауды, патриоттық тақырыптағы бейнефильмдерді көруді
ұйымдастыру;
39
−
Қазақстан
тарихының,
қазақ
әдебиетінің
материалдарын,
,
кинематография, публицистиканың, веб-сайт strategy2050.kz «Қазақстан 2050»
терминологиялық анықтамалық материалдарын пайдалану және т.б.;
−
білім
беру
ұйымдарында
қоғамдағы
этникааралық
және
конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғам
қайраткерлері, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламент және маслихат
депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы мектеп
Ассамблеясының, соғыс және тыл ардагерлерінің, патриоттар форумының
қатысушыларының, «Жас Отан» жастар қанаты және т.б. кездесу ұйымдастыру,
«дөңгелек үстел», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;
−
этномәдени бірлестіктерге, мұражайларға, мемориалдарға және т.б.
қатысу ұсынылады.
5.
Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде
тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар
5.1
1-4- сыныптарда
Сабақтың тақырыбы: «Мен - өз Отанымның патриотымын». 1-сыныпта
«Мәңгілік Ел» – ол жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім» деген
екінші құндылығы түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдері):
1.
Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан.
2.
Бейбітшілік және келісім.
3.
Рефлексия.
4.
Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: ақпараттық (Қазақстан бойынша видеотур), ойын.
Сабаққа материалдар.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Қазақстан – үлкен мемлекет.
Менің Қазақстаным! Менің елім!
Сүйікті жазық кеңістіктерім!
Бізде дала да, теңіз де,
Орман да, егістік те, таулар да бар.
Мұның барлығы біздің басты байлығымыз!
Біздің мемлекетіміздің өз шекарасы бар және оны тәуелсіз деп атайды.
Оны көп ғасырлар бұрын, ер-тоқым үстінде өмірлерінің көп бөлігін
өткізген көшпелі қазақтар құрған.
Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, өзбектер,
украиндар, ұйғырлар, татарлар және т.б. өмір сүреді. Олар өздерінің туған
тілдерінде сөйлейді. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Оны
Қазақстанның әрбір тұрғыны білуі тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс
тілі. Қазақстанда адамдар тату-тәтті өмір сүреді, Рождество, Құрбан айт, Жаңа
40
жыл, Наурыз мейрамдарын бірге тойлайды.
Ғарышқа ракеталар старт алатын, атақты Байқоңыр «ғарыш қаласы»
Қазақстанда орналасқан. Әлемнің басқа жерінде Қазақстан тәрізді ғажайып
мемлекет жоқ!
Біздің Отанымыздың астанасы – Астана қаласы. Бәйтерек – Астананың
символы және басты бірден бір көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Ашық
аспан астындағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені де
бірегей мұражай .
Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматы. Онда Республика тарихына
арналған ескерткіш тәуелсіздік монументі бар, кешенде сақтардың Томирис
патшайымы тарихынан бүгінгі күнге дейінгі тарихи хроника көрсетілген.
Кешеннің ортасында тәуелсіздік символы – «Алтын сарбаз» орналасқан.
Тапсырма. Ұжымдық фотоколлаж жасау.
Бейбітшілік және келісім
Жыл сайын көктемде, 1-мамырда Қазақстанның барлық халықтары
мейрамды тойлайды. Бұл мереке Қазақстан халықтарының Бірлік күні деп
аталады.
Бұл күні барлық ересектер және балалар бір-біріне бейбітшілік,
денсаулық және бақыт тілейді. Бұл күні күннің көзі де өзінің шуағын ерекше
шашып, күлімдейді. Біздің жерімізде адамдардың татулықта, соғыссыз өмір
сүріп жатқандықтарына қуанады. Аспан да көппеңбек.
Күннің көзі мен балаларға – бейбітшілік,
Табиғатқа – тыныштық, көктемге – тыныштық!
Аңызға – бейбітшілік, ғаламшарға – тыныштық!
Жер шарындағы барлық адамға – бейбітшілік!
Бұл бейбітшілік, достық және еңбек мерекесі. Адамдар бірлесіп
еңбектенуі керек. Жалғыздың ісіне қарағанда, бірігіп істеген еңбектің жемісі
көп болады. Бір адам бір ағаш ексе, көп адам бірлесіп бақша отырғызады. Бір
адам бір кірпіш қаласа, бірлесіп үй салуға болады. Достық пен еңбек адамдарды
біріктіреді.
Достықта өмір сүргенде,
Одан жақсы не болуы мүмкін!
Жанжалдасу да қажет емес,
Барлық адамды жақсы көру қажет.
Бейбітшілік пен келісім мейірімнен, күлімсіреуден, қадірлеуден,
шыншылдықтан басталады.
Егер адамдардың бойында осы аталған қасиеттер болса, онда Жер бетінде
соғыс, жанжал жоғалар еді. Адамдар қайғы-қасіреттен және бір-бірін жек
көруден арылар еді. Тек ол үшін барлық адамдар әлемді, осы қалпында сүюді
үйренулері қажет.
41
Тапсырма. Көгершіндер – бейбітшілік пен келісімнің нышаны.
Көгершіндердің
суреттерін
салып,
оларды
біздің
тақтамызға
орналастырыңыздар.
Шеге туралы өсиет әңгіме
Бір әкенің өте ызақор, ашушаң ұлы болыпты. Әкесі ұлына бір қалта шеге
береді және «ашуыңа ырық бергенде, қақпадағы тақтайшаға мына шегелерден
бір-бірден қағып отыр» деп тапсырады.
Алғашқы күні тақтайға бірнеше ондаған шегелер қағылады. Ашуының
санын өз көзімен көріп, жігіт ызаға бой алдырмауға тырысатын болады.
Тақтайға қағылатын шегелердің саны күн санап азая бастайды. Жігіт шегелерді
тақтайға қаққаннан көрі, өзінің ашуын тежеп қалудың оңай екенін түсінеді.
Өз-өзін қалыпты жағдайда ұстай алатын күн де келіп жетті. Ол бұл туралы
әкесіне айтты. Әкесі сәл ойланып, «өзіңді қалыпты жағдайда ұстаған әр күн сайын
қақпадағы шегелерді бір-бірден суырып алып отыр» деп ұсыныс жасайды.
Баласы әкесіне қақпада бір де бір шегенің қалмағанын хабарлаған күн де
келіп жетті. Сонда әкесі ұлын қақпаның жанына алып келіп, былай деді:
– Сен тапсырманы жақсы орындап шықтың. Бірақ мына қақпада қанша
тесік қалдырғаныңды қарашы. Бұл қақпа енді ешқашанда бұрынғыдай
болмайды. Дәл осы шегелердің қалдырған ойығындай ойық сен ренжіткен
адамдардың көңілдерінде де қалады. Ренжіткен соң қанша рет кешірім
сұрағаныңмен, көңілдегі сызат ешқашан өшпейді».
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Әкесі баласын неге үйретті?
2. Неліктен басқа адамға зұлымдық жасамау маңызды?
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – біртұтас ұлт».
2, 3, 4-ші сыныптарда Бірінші құндылық «Мәңгілік Ел – бұл
Тәуелсіздік және Астана» екені түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1. Тәуелсіздік рәміздері.
2. Астана – елімнің басты қаласы.
3. Рефлексия.
4. Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: ынтымақтастықта оқыту (топтық жұмыстар), ойын.
Сабақ материалы.
Тәуелсіздік рәміздері
1991 жылы 16 желтоқсанда Конституциялық Заң Қазақстанды тәуелсіз,
құқықты, демократиялық мемлекет ретінде жариялады. Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлы – Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту,
Әнұран.
42
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, мемлекеттің айрықша
белгілері. Оларға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Әнұраны жатады.
Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Қазақстан
Республикасының Ата Заң мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталоны Қазақстан
Республикасы Президенті «Ақорда» Резиденциясында орналасатын жер болып
саналады. 4 маусым күні Қазақстанда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері күні аталып өтеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы
күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір
түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек
нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын
түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Тудың авторы белгілі
дизайнер және суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек нысанды
және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді
бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар
шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты
пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді
жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың,
шаңырақтың, уықтардың, аңыздардың, қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-
ақ «Қазақстан» деген - алтын түстес жазу бар. Егеменді Қазақстанның бүгінгі
елтаңбасы белгілі екі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман
Уәлихановтардың шығармашылық ізденісінің және ерен еңбегінің нәтижесі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. 1992 жылдың
басында Қазақстан Республикасының жаңа әнұранының әні мен мәтініне
байқау жарияланды. Іріктеп алу коммисиясына 750 жоба жіберілді. Талқылау
барысында жұртшылық алдыңғы әнұранның әнін сақтап қалу қажеттігі туралы
пікір білдірді. Байқаудың нәтижесі бойынша төрт адам жеңімпаз атанды.
Олардың үшеуі орта буын ұрпағына танымал Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай
Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, оларға ақын Жадыра Дәрібаева қосылды.
Бұрынғы музыка сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтарынан бастап 1956 жылы жазылған танымал
«Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны болып
қабылданды, мемлекеттік әнұран мәртебесіне сәйкес болу үшін оның мәтініне
өзгерістер енгізілді. Әнұран мәтініне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев өзгерістер енгізгендіктен, мәтіннің авторлары болып көрсетіледі.
Сонымен қатар әнұранды тыңдау ережесі де өзгертілді. Ресми салтанаттарда
әнұранның орындалуы барысында қатысушылар орындарынан тұрулары, оң
43
қолдың алақанын сол жақ кеудеге қоюлары керек.
Әні сазгер Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімединовтікі (1956),
Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005).
Достарыңызбен бөлісу: |