Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 69 с



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата12.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8998
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
 
 
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша  
әдістемелік құрал 
 
 
 
Методическое пособие  
по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2016 


 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 22 шілде № 6 хаттама)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 22 июля 2016 года)  
 
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – 
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 68 б.  
 
Методическое  пособие  по  разъяснению  патриотического  акта  «Мәңгілік 
Ел».  Методическое  пособие  –  Астана:  Национальная  академия  образования 
им.И.Алтынсарина, 2016. – 69 с. 
 
Әдістемелік құралда берілген «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру 
бойынша  ғылыми-әдістемелік  және  практикалық  материалдар  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  идеясының  базалық  құндылықтарын  меңгеру  мен  Жаңа 
Қазақстандық Патриотизмді қабылдауға бағытталған. 
Қазіргі  талаптарға  сәйкес  патриоттық  бағыт  бойынша  қызметті 
жоспарлауға көмектесетін тәрбиелік шаралардың әзірленімдері, Білім сабағына 
әдістемелік ұсыныстар, жаңа көзқарастағы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 
және т.б. ұсынылады.   
Осы  басылым  мұғалімдерге,  сынып  жетекшілеріне  және  мектеп 
әкімшілігіне, қосымша білім беру педагогтеріне, сонымен қатар, оқушылардың 
патриоттық  тәрбиесі  жүйесінде  белсенді  жұмыс  істейтін  басқа  да  мамандарға 
арналған.  
 
В  методическом  пособии  представленные  научно-методические  и 
практические  материалы  по  разъяснению  патриотического акта  «Мәңгілік  Ел» 
направлены  на  освоение  и  принятие  базовых  ценностей  общенациональной 
идеи «Мәңгілік Ел», Нового Казахстанского Патриотизма.  
Предлагаются  разработки  воспитательных  мероприятий,  методические 
рекомендации  к  Уроку  знаний,  новое  видение  календарно-тематического 
планирования  и  др.,  которые  помогут  спланировать  деятельность  по 
патриотическому направлению в соответствии с современными требованиями. 
Данное  издание  адресовано  учителям,  классным  руководителям  и 
администрациям  школ,  педагогам  дополнительного  образования,  а  также 
другим  специалистам,  которые  активно  работают  в  системе  патриотического 
воспитания школьников. 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2016 
© Национальная академия 
образования им. И. Алтынсарина, 
2016 


 
Кіріспе 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесі 
жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік 
міндеттер  қатарына  шықты:  әлемдік  дамыған  30  елдердің  қатарына  кіру  үшін 
бәсекеге  қабілетті  адамзат  капиталын  қалыптастыру,  өскелең  ұрпақтың  
Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдени  құндылықтары,  мемлекеттік  тіл, 
мемлекет  тарихын  білуге  негізделген  этномәдени  және  азаматтық  бірегейлікті 
қалыптастыру  бойынша  әдістер  және  инновациялық  технологиялар,  тиімді 
механизмдерді  енгізу,  ашық  азаматтық  қоғам  және  әлемдік  нарықтық 
экономиканың  қажеттіліктеріне  сәйкес  өскелең  ұрпаққа  тәрбие  және  білім 
берудің  сапасы  мен  деңгейін  көтеруде,  тәрбиеленушілердің  патриоттық 
құндылықтарын  қалыптастыру  бойынша  қазақстандық  патриотизм  идеясында 
тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді қолдану. 
Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 
«Тәуелсіздік.  Келісім.  Болашағы  біртұтас  ұлт»  XXIV  сессиясында  «Мәңгілік 
Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  ««Мәңгілік  Ел» 
патриоттық  актісі  –  бұл  –  қазақстандықтардың  біртектілігі  мен  бірлігінің 
ауқымды 
да 
бірегей 
генетикалық 
бағдарламасы. 
Біздің 
рухани 
құндылықтарымыз  бен  ұмтылыстарымыздың  негізгі  форматын  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізуі  тиіс.  Онда  экономика  мен  саясаттың,  мораль  мен  діннің 
мәселелері, Қазақстанның жаһандық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз 
бір  арнаға  тоғыстырылған.  Патриоттық  акті  біріншіден,  халқымыз 
қалыптастырған  және  өз  жан-жүйесінен  өткерген  басты  жалпыұлттық 
құндылықтар,  екіншіден,  мемлекеттің,  қоғамның  және  азаматтардың 
Қазақстанның  тағдыры  мен  оны  дамыту,  өркендету  жолындағы  өзара 
жауапкершілігінің өзегі. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың 
дұрыстығын  компаспен  тексергендей,  Патриоттық  акт  арқылы  анықтайтын 
боламыз» - деді.  
Құжатта  Қазақстан  халқының  тарихи  тағдыры  мен  жалпы  мүдделері, 
біздің  елімізді  дамытудың  базалық  құндылықтары  көрінетін  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. 
Тәуелсіздік  және  Астана,  Жалпыұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім, 
Зайырлы  мемлекет  және  жоғары  руханият,  Инновация  негізіндегі  тұрақты 
экономикалық  өсім,  тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің  ортақтығы,  Ұлттық 
қауіпсіздік  және  Қазақстанның  жалпы  әлемдік  және  өңірлік  проблемаларды 
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.  
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясы  және  басты  құндылықтар  толық 
нұсқада  2014  жылғы  14  қаңтардағы  «Қазақстандық  жол-2050:  Бір  мақсат,  бір 
мүдде,  бір  болашақ»  Елбасының  халқына  Жолдауында  және  2014  жылғы  11 
қарашадағы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  Жолдауында  айтылған 
болатын.  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің  идеялық  негізі  осы  мемлекет 
құраушы  ретінде  жалпыұлттық  құндылықтар  мен  тәуелсіздік  жылдарындағы 


 
қазақстандық  жол,  қазақ  халқының  мыңжылдықтардағы  тарихи  тәжірибесін 
жүзеге асыру идеясын алға шығарды.  
Белгіленген  құндылықтарды  жүзеге  асыру  Қазақстан  Республикасының 
білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриотттық актісін түсіндіру бойынша 
жұмыстарды қамтиды.  
Базалық құндылықтар негізінде тұлғаға тәрбие мен білім беру міндеттерін 
шешуде  әлемдік  және  қазақстандық  оңтайлы  тәжірибелерге  сүйенбеу  мүмкін 
емес. 
Патриотизм  және  патриоттық  құндылықтар  әлеуметтану,  педагогика, 
саясаттану,  тарих,  философияда  зерделеніп,  тұжырымдамалық  идеялар  мен 
ғылыми тәсілдер тұрғысынан әртүрлі кезеңдер мен контекстерде ғалымдармен 
қарастырылады.  
Жасөспірімдерге  патриоттық  тәрбие  беруде  басты  үлесті  педагог-
практиктер қосатынын айтып кетуге болады.  
Патриотизм  туралы  түсініктер  мәдени  әртүрлілік  және  мәдениет 
сұхбатында  М.М.  Бахтин,  В.С.  Библер,  К.Ясперс,  қарым-қатынас 
философиясында Л.П. Буева, Е.Г. Злобина, М.С. Каган, этностар теориясы мен 
этникалық  сәйкестікте  Л.Н.  Гумилев,  Ю.  С.Бромлей,  В.А.  Тишков,  сондай-ақ, 
қазақстандық  этнографтар  Ж.Артықбаев,  Х.Арғынбаев;  мәдениеттанушы 
А.Сейдімбек,  М.Ш.  Хасанов,  М.Х.  Балтабаев,  психологтар  Ж.Жарықбаев,  
Ж.Ы.  Намазбаева,  философтар  А.Н.  Нысанбаев,  Р.Б.  Әбсаттаров,  педагогтар 
К.Ж.  Қожахметова,  А.Қ.  Құсайынова,  С.А.  Ұзақбаев  және  т.б.  отандық 
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.  
Әдістемелік  құралдың  мақсаты  –  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісінің 
идеясын зерделеу және түсінуде білім беру қызметкерлерін таныстыру. 
Жұмыста  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  жеті  тұғыры 
сипатталған,  білім  беру  ұйымдарындағы  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісі 
негізінде  білім  беру  процесін  ұйымдастыру,  Ресей,  Беларуссия,  Өзбекстан, 
Тәжікстан,  АҚШ,  Швейцария,  Индия,  Жапония  сияқты  елдердің  мысалында 
қазіргі  әлемдегі  патриоттық  тәрбие  жүйесі  қарастырылған.  2016-2017  оқу 
жылындағы  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарында  «Мәңгілік 
Ел»  патриоттық  актісі  аясында  «Мен  -  өз  Отанымның  патриотымын» 
тақырыбында білім күнін өткізуге әдістемелік ұсынымдар берілген.  
Әдістемелік  құрал  жалпы  білім  беретін  мектептердің  пәндер  бойынша 
жұмыс, сабақтағы, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына қолданылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1 Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі  
 
1.1 Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбиенің тәжірибесі  
 
Жақын  шетелдердегі  патриоттық  тәрбие,  ұлттық  идеяны  қалыптастыру 
мен дамыту тәжірибесі қызығушылық туғызады.  
«Ресей  ұлттық  идеясының»  артикуляциясы  В.Соловьев,  Н.Ф.  Федоров, 
Ф.М.  Достоевский,  Н.А.  Бердяев  және  т.б.  ғалымдардың  және  басқа  көптеген 
орыс  философтарының,  жазушылар  мен  қоғам  қайраткерлерінің  есімдерімен 
байланысты.  Олардың  шығармашылығының  мәні  патриотизмді  Ресей 
азаматының,  кез  келген  жасампаз  ұжымның  болмысы,  Ресей  қоғамы  өмірі 
негізінің  ажырамас  және  маңызды  сипаттамасының  бірі  ретінде  қарастыруы 
тән. 
90-шы  жылдары  Ресей  қоғамын  трансформациялау  қоғамдық  даму 
бағыттарының түбегейлі өзгерістеріне алып келді, ал бұл жекелеген қоғамның 
жіктелуіне,  өмірлік  деңгейінің  төмендеуіне,  жастар  ортасындағы  құндылықты 
қайта ұйымдастыруларға жол берді.  
Көп  ұлтты  Ресей  мемлекетінің  білім  беру  жүйесінде  басқа  халықтарға 
деген  құрмет,  әрі  Отанға  деген  махаббат  сезімі  ретінде  өскелең  ұрпақты 
тәрбиелеу  мәселесі  маңызды  болып  табылады.  Ресейдің  жас  буыны  жаңа 
әлеуметтік  шындықпен  байланысқа  түсіп,  байырғы  қағидалар  мен  бұрынғы 
қоғамдық  жүйенің  құндылықтарын  қабылдамайды.  Тұлғаның  жаңа  әлеуметтік 
түрі  пайда  болды.  Мұндай  жағдайда  патриоттық  тәрбиенің  жаңартылған 
жүйесін  қалыптастыру,  жаңа  міндеттерді  беру  және  оның  тәсілдері  мен 
әдістерінің тиімділігін арттыру маңызды болып табылады. 
Ресей  патриотизмінің  ерекшеліктері  мен  оны  таныту  формаларын 
қарастырайық. А.Н. Вырщиков, М.Б. Кусмарцев, Г.А.  Антипов және т.б. Ресей 
ғалымдары  бәрінен  бұрын,  әсіресе  әртүрлі  себептермен  шетелдерде  тұратын 
ресейліктердің,  орыс  адамдарының  туған  елге,  табиғатқа  деген  қарым-
қатынасын маңызды деп санайды. Олар үшін Ресейдің кең байтақ жазықтарын, 
оның алқаптарын, шабындықтарын, ормандары мен өзендерін ұмыту өте қиын. 
Ал, ақ раушан гүл Ресейдің нышаны болған және қашанда туған өлкеге деген 
махаббат  болып  елестейді.  Отанға  қауіп-қатер  төнген  жағдайда  өздерінің 
барлық  күш-жігерлері  мен  рухани  күштерін  жылдам  жұмылдыруға  қабілетті. 
Ресейліктер  өз  елдерін  және  халқын  төнген  қауіптен  құтқару  үшін,  ел  үшін 
күйзеліс  жағдайында  қолдан  келгеннің  барлығын,  атап  айтқанда,  таңғаларлық 
өмірлік  ауыртпалықтарды  бастан  өткізуге,  қиыншылыққа  шыдауға,  елдің 
мұқтаждығы  үшін  жинаған  ақшалары  мен  құндылықтарын  беруге,  халық 
жасағы  мен  әскер  қатарына өз  бетімен  кіруге  дайын  екендіктерін бірнеше  рет 
дәлелдеді.  Ресей  патриотизмі  интернационалдырылған.  Халқының  көптеген 
бөлігі салыстырмалы түрде өмір сүретін көп ұлтты елге қауіп төнген жағдайда 
барлығы жаулап алушыларға қарсы бірыңғай майдан болып күш көрсетеді, ал 
бейбіт  әлемде  сұмдық  апатқа  және  табиғат  өзгерістеріне  қарсылық  білдіре 
алады.  Ресейліктердің  патриотизмі  олардың  мақтанышы  және  абыройларымен 


 
үйлеседі.  Бұл  елдің  халықаралық  аренадағы  беделіне,  оның  геосаяси 
жағдайына,  ғылым,  мәдениет,  білім  және  әскери  саладағы  жетістіктеріне 
негізделген.  Жастардың  қоғам  үшін  маңызды  әлеуметтік  қажеттіліктерді 
көздеуі,  өздерінің  «керектігін»  жасөспірімдер  мен  жастардың  сезінуі,  жастар 
шығармашылығы  мен  белсенділігі  үшін  әлеуметтік  тапсырыс  патриотизм 
құндылықтарын  меңгеру  үшін  зор  шабыт  береді,  оның  тиімділігін  және 
қоғамдық  санаға  әсер  етуді,  өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  өзін-өзі  жетілдіруді 
арттырады.   
Ресейдің  әлемдік  қауымдастыққа  кіріктірілген  патриоттық  әлеуетіне: 
мәдени-тарихи  рухани  құндылықтар;  жеке  тұтынушылардың  жеткілікті 
парасаттылығы  мен  олардың  ұжымдық,  қоғамдық  және  мемлекеттілікке 
сәйкестілігі;  материалдықтан  бұрын  руханилықтың  артықтығы;  рухани-
адамгершілік  әлеуетті  жаңғырту  қабілеті,  шаруашылық-тұрмыстық  және 
мәдени ортадағы өмірлік іс әрекеті және т.б. жатады.  
Қазіргі  таңда  Ресейде  патриотизм,  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  зорлық 
пен  зомбылықты  насихаттауды  тоқтату  рухында  рухтандырушылық,  халықты, 
әсіресе жастарды тәрбиелеу  жандандырылуда. 
Патриоттық  тәрбиені  іске  асыруда  Ресейдің  революцияға  дейінгі 
неғұрлым 
тығыз 
сабақтастық 
сезімі 
қалпына 
келтірілетін 
жаңа 
тұжырымдамалық  тәсілдер  әзірленеді;  Ресей  Федерациясын  өзіндік  және 
толыққанды  Отан  ретінде  қалыптастыруға  ұмтылумен  байланысты  процестер 
жүргізілуде. 
Беларустың  патриоттық  тәрбие  беру  тәжірибесі  өте  қызықты.  1996 
жылдан  кейін  «Чернобыль  даңғыл  жолы»  кезінде  Минскіде  мыңдаған  жастар 
өкілі  ел  президенті  А.  Лукашенконың  саясатына  қарсы  шықты,  елдің 
басшылары  жастардың  патриоттық  тәрбиесімен  тығыз  айналысу  туралы 
шешімге  келді.  Жастар  туралы  Президенттің  Декреті  шықты.  Содан  кейін, 
жалпы  алғанда  мемлекеттік  жастар  саясатының  тірегі  болған  БЖО  (Беларусь 
жастар  одағы)  жастар  ұйымы  құрылды.  Жастар  қоғамдық  ұйымдарының 
қызметі,  Жастар  ісі  жөніндегі  Мемлекеттік  комитетімен,  ұйымның  мемлекет 
қызметіне нақты қатысуына мүмкіндік беретін ұйымның қызметін құқықтармен 
реттейтін  заңдар  және  нормалармен,  өкімдермен,  жарлықтармен  және 
нұсқаулықтар  жиынтығымен  реттеледі.  Мемлекеттік  жастар  саясатын  іске 
асыруда  мемлекеттің  сенімді  серіктестігі  «Беларусь  жастар  одағы»  қоғамдық 
бірлестігі  болып  табылады.  «Беларусь  жастар  одағы»  ҚБ  қызметі  жастарды 
жан-жақты дамыту, оның шығармашылық әлеуетін ашу, жастарды  ел алдында 
тұрған  өзекті  қоғамдық  маңызы  бар  міндеттерді  шешуге  дайындау  үшін  
жағдайлар жасауына бағытталған. Өздерін елде патриоттық қозғалыстың тірегі 
ретінде  санаған  «БЖО»  мақсаты  Беларусь  халқы  мен  мемлекетіне  деген 
мақтаныштарын  ояту  болып  саналатын  ҚБ  «Квiтней  Беларусь!»,  «Біз  – 
Беларусь  жастарымыз!»,  «Мен  –  Беларусь  азаматымын»  сияқты  дәстүрлі 
акцияларды ұйымдастырушылар болып табылады.  
Беларустағы  азаматтық  және  патриоттық  тәрбие,  басқа  елдердегідей 
тұлғаның  белсенді  азаматтық  ұстанымын,  азаматтың  қоғамдағы  өз  орнын 


 
белгілеуді,  ішкі  еркіндік  пен  өзінің  саяси  және  моральдық  таңдауы  үшін 
жауапкершілікті  қалыптастыруды  ұсынады.  Осының  барлығы  басқа  пікірге 
деген  ерекше  моральдық-психологиялық  қасиеттердің,  шыдамдылық  пен 
сыйластықтың  болуын  талап  етеді.  Бұл  қасиеттер  тек  сабақтан  тыс  іс-
шараларда  ғана  дамымайды,  сондай-ақ,  пәнді  оқыту  кезінде  де  дамиды. 
Патриоттық  сезімге  тәрбиелеудің  кең  мүмкіндіктері,  саяси  және  моральдық 
жауапкершілікті  қалыптастыру  гуманитарлық  ғылымға  жол  ашады. 
Жаратылстану-математикалық  бағыттағы  пәндерде  беларустың  ғылым  мен 
техника,  оның  дамуына  үлес  қосқан  Беларусь  ғалымдарының  өмірбаяндарына 
барынша мән беріледі.  
Білім  алушылардың  белсенді  азаматтық  ұстанымдарын,  патриотизмін, 
ақпараттық-құқықтық 
мәдениетін 
қалыптастыруды 
ұсынатын 
тәрбие 
жұмысының  жүйесін  ұйымдастыруда  білім  беру  мекемелеріндегі  Беларус 
Республикасының  Мемлекеттік  рәміздерінің  бұрыштары,  Конституцияны 
оқыту маңызды рөл атқарады.  
Сынып  жетекшілері  мерейтойлық  күндер  мен  мемлекеттік  мерекелерге 
арналған ақпараттық сағаттарды, азаматтық-патриоттық тақырыптарға арналған 
тақырыптық  сынып  сағаттарын,  байқаулар  мен  фестивальдар  өткізуге  басты 
назар  аударады.  Іс-шараларды  өткізу  форматы  әртүрлі  болуы  мүмкін,  бірақ 
өткізу  барысында  қандай  әдістер  қолданылатыны  маңызды.  Білім  беру 
процесіне  тәрбиеленушінің  белсене  қатысуы  және  педагогтің  алдына  қойған 
мақсатына жетуі үшін белсенді әдістердің өнімділік нәтижесі  жоғары болады. 
Білім  берудің  барлық  субъектілері  арасындағы  қарым-қатынас  бойынша 
оқушылардың  және  педагогтердің  бірлескен  іс-әрекеті  негізінде  күтілетін 
нәтижеге  жетуі  үшін  интербелсенді  әдістер  тиімді  болып  саналады.  Мұнда 
білім  алушылардың  танымдық  процесі  арттырылып,  меңгерілетін  тақырып 
бойынша  аса  қызығушылық  танытады.  Интербелсенді  тәртіпте  жұмысты 
ұйымдастыру  барысында  білімдерімен,  идеяларымен  алмасып,  практикалық 
жаттығуларды орындауда қажетті  біліктіліктерді меңгеруі арқылы  әркім жеке 
үлес қосады. Интербелсенді әдістер жеке-тұлғалық тәсілге сәйкес келіп, жоғары 
қалыптастыру әлеуетін көрсетеді. 
Өзбекстанда Ұлттық тәуелсіздік идеясына көп көңіл бөлінеді.  Өзбекстан 
Президенті   Ислам  Кәрімов  заманауи прогрестің өзіндік заңдылығын өзінше 
ұғынып,  ұлттық  тәуелсіздік  идеясына  халықтың  ұмтылуы  негізіндегі  оқытуды 
енгізді.  Бұл  оқыту  оның  шығармаларында  сипатталған.  2000  жылы  осы 
шығармаларының  негізінде  елдің  білім  беру  жүйесінде  енгізілетін  және 
оқытылатын «Ұлттық тәуелсіздік идеясы: негізгі түсініктері мен қағидаттары» 
атты кітап дайындалып шығарылды.  
Ғылымның  негізгі  мақсаты  жас  ұрпақтың  бойына  ұлттық  тәуелсіздіктің 
негізгі түсініктері мен қағидаттары идеясын енгізу болып табылады.  Қоғамдық 
прогреске әр ұрпақ өкілі өз үлесін қосады, біздің еліміздің ұлы тарихының да өз 
қолтаңбасы бар. Бұл игі іс-әрекет  процесі қоғам алдына қойылған мақсат пен 
міндеттерді іске  асыру  барысында  ұлттық  тәуелсіздік  идеологиясын  кеңейтеді 
және жетілдіреді. 


 
Тәжікстан  Республикасында    патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  үшін 
түрлі  нақты  шаралар  қолданылады.  Тәжікстан  Республикасының  атқарушы 
өкімет  органдары    басқа  атқарушы  органдармен    Тұжырымдама  ережелерін, 
мемлекеттік  бағдарламалар  және  патриоттық  тәрбие  жоспарларын  орындауды 
қамтамасыз  ету  мақсатында  патриоттық  тәрбие  жүйесін  жетілдіру  жолдарын 
мемлекеттік  органдарға  ұсынады;  өңірлік  ұзақ  мерзімді  патриоттық  тәрбие 
бағдарламаларын (жоспар) әзірлейді және оның іске асырылуын жергілікті өзін-
өзі  басқару  органдары,  қоғамдық  және  діни  ұйымдарды  жұмылдыру  арқылы 
патриоттық тәрбие міндеттерін жүзеге асырады. 
Бұл  саладағы  іс-әрекеттің  жалпы  стратегияларын  іске  асыру,    заманауи 
жағдайда  патриоттық  тәрбие  жүйесін  басқару  үшін,  министрліктер  мен 
ведомствалар,  қоғамдық  және  діни  ұйымдар,    ведомствоаралық  құрылымдар 
қозғалысын құру  қажет.  Олардың құрамы  мен өкілеттілігі  құқықтық  актілерге 
сәйкес  анықталады.  Үкіметтік  комиссия  Тәжікстан  атқарушыөкімет 
органдарымен азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламалары 
міндеттерін  іске  асыру  бойынша  белгілі  бір  кезеңге  күш  біріктіреді. 
Азаматтарды 
патриоттық 
тәрбиелеу 
мемлекеттік 
бағдарламаларының 
әзірлемесін 
дайындауды 
ұйымдастырады, 
бағдарламаның 
басты 
орындаушыларын  анықтайды.  Тәжікстан  Үкіметі  патриоттық  тәрбиелеудің 
тиімділігін  арттыру  бойынша  берілген  ұсыныстарды  қарайды,  қаржылық 
қаражаттың  мақсатты  жұмсалуын  қадағалауды  қамтамасыз  етеді.  Үкіметтік 
комиссия  шешімімен  жұмыс  тобы  құрылады,  оның  қызметі  мен  өкілеттілігін 
осы комиссия  анықтайды.  
«Тәжікстан азаматының патриоттық тәрбиесі» мемлекеттік бағдарламаны 
орындау  және  келесі  кезеңдерде  азаматтарға  патриоттық  тәрбие  беру 
мемлекеттік  бағдарламасын  әзірлеу,  мемлекеттік  органдарға  сәйкес  атқарушы 
үкімет  органдары,  Тәжікстан  субъектілерінің  атқарушы  үкіметі,  олардың 
орындалуын ұйымдастыру болып табылады. 
 
 
1.2 АҚШ, Швейцария, Үндістан, Жапония елдеріндегі патриоттық тәрбие 
 
Біздің  қоғамның  барлық  саласында  патриоттық  тәрбиеге  қатысты 
туындаған  мәселелер  МЖБС-та  баяндалған,  сонымен  қатар,  шешу  жолдарын 
анық  көру  үшін,  тарих  пен  дамыған  елдердің  заманауи  геосаясатында  қалай 
шешілгенін  қарастыру  қажет.  АҚШ-тағы  патриоттық  тәрбиені  қарастырайық.  
Біз  нені  «патриоттық  тәрбие»  десек,  АҚШ  педагогтері  оны  мынадай  
категориялармен  өлшейді:  «саясаттық  білім  беру»,  «моральдік  рухты 
қалыптастыру» және т.б. 
АҚШ-тағы патриоттық тәрбие жүйесін мыналар құрайды: 
1. Құрылымдық элементтердің диалектикалық бірлігі: а) тәрбиенің негізгі 
мақсаттары;  б)  оның  субъектісі;  в)  тәрбие  объектісі;  г)  оқушыларды 
тәрбиелеудегі  негізгі  бағыттар;  д)  тәрбие  жұмысының  формалары;  е)  оның 
әдістері; ж) тәрбиелеу құралдары; 


 
2.  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  жетекші  жүйе  құрушы  фактор  болып 
саналады. Негізінен, осы жүйенің  барлық  элементтерінен өтіп, оған дербестік 
пен бірлік  береді. Тәрбиенің негізгі мақсаты американдық оқушыны үнемі өзін 
жетілдіруге ұмтылатын АҚШ-тың патриот-тұлғасы ретінде қалыптастыру және 
дамыту болып саналады. 
3.  Оқушының  патриоттық  тәрбиесінде  отбасы,  оқу  орны,  қоғамдық 
мекемелер және қоғам арасындағы қарым-қатынас ұйымдастырылады. 
4.  Діни  бағыттағы  моралдық-этикалық  тәрбие  американдық  оқу 
ұйымдарының  тәрбие  жұмысындағы  басты  бағыт  болып  саналады.  Моральді-
этикалық тәрбие жалпы діни қағида негізінде жүзеге асады.  
Швейцарияда  білім  беру  және  тәрбиелеу  авторитарлық  болып  келеді. 
Швейцарияда  балаларды  викториан  дәуріндегідей  ағылшынша  тәрбиелейді, 
яғни  мына  ұстанымды  басшылыққа  алады:  «Балалар  көз  алдында  болу  керек, 
бірақ  оларды  ешкім  естімеу  керек».  Швейцарияда  білім  беру  мен  тәрбиелеу 
авторитарлы,  өйткені  олар  берген  білімге  және  берген  тәрбиеге  қарсы 
шықпайды.  Олардың  ата-анасының  жұмыспен  қызығушылығы,  жастарда 
радикалдық көзқарас қалыптастырады. Еуропада оның деңгейі ең жоғары.   
Үндістандағы патриоттық тәрбие. Үндістан тәрбие жағынан «заңнамалы» 
соның  ішінде  патриоттық  болып  есептеледі.  Мыңжылдық  арасында 
қалыптасқан  Үндістан  педагогикалық  дәстүрі  мен  қоғамы  (шығу  тегі  мен 
құқықтары  бойынша  ерекшеленген  топ)  заманауи  педагогиканы  патриоттық 
тәрбиедегі  әр  түрлі  әдістермен  және  тәсілдермен  толықтыра  алады.  Заманауи 
Үндістандағы  тәрбие  жүйесі  үндіс,  будда,  мұсылмандық    педагогикалық 
дәстүрлерден  ең  жақсысын  алған.  Тәрбиеші  мен  педагогтер  шығармашылық 
және  рухани  дамуға  үлкен  мән  береді  (адамгершілік  және  дене  шынықтыру). 
Оқушыларды  ойлауға  жетелейтін  пікірталас  түрінде  сабақтар  өткізеді. 
«Патриоттық  сабақтар»,  «Есте  сақтау  сабақтары»,  «Медитация  сабақтары», 
«Күлімсіреу сабақтары» – үндіс мектептеріндегі шынайы тәжірибе. Балалардың 
өзара  жарысын  мадақтамай  олармен  тіл  табысу  -  көпшілік  мақұлдаған  тәсіл. 
Бала  басқалармен  жарысып  қандай  жетістіктерге  жеткені  маңызды  емес, 
маңыздысы  бала  қаншалықты  өзінің  жетістіктерін  жақсартты.  Үздік 
оқушыларды  «Жетістік  карточкасымен»  марапаттайды.  Кемшіліктер  туралы 
айтпайды, олардың ата-аналары ренжімесін  деп, оларға  тек  қана жетістіктерін 
айтады. Әлбетте, Үндістанда білім беру мен тәрбие жүйесі ерекше және ол осы 
елге  ғана  тән.  Бірақ,  одан  еуропалық  елдер  де  көп  пайдалы  нәрсе  ала  алады. 
Шынайы  мейірімділік,  жоғары  адамгершілік,  өзара  құрмет,  төзімділік  және  
зорлық түрлерінің болмауы – осының бәрі қызықтырады. 
Жапониядағы  патриоттық  тәрбие  өте  қызықты  және  маңызды,  бұл  ел 
моральдық  тәрбие  бойынша  дәстүрге  бай.  Қазіргі  таңда  жасөспірімдердің 
тәрбиесіне  мемлекеттің,  білім  беру  ұйымдарының  және  отбасының  салған 
күшін көтеретін тұтас және күшті жүйе құрылып жатқаны байқалады.   
Қазіргі  уақытта  Жапонияның  жартысынан  көбі  толық  орта  білімді  және 
жоғары  білімді  болып  табылады.  Американдық  және  француз  үлгілерін 
қолданғанына  қарамастан,  Жапония  мектептері  бірегей  ерекше,  Жапониядағы 

10 
 
білім  беру  жүйесі  мен  тәрбие  жүйесі  жапондық,  классикалық  шығыс  және 
батыс  дүниетанымымен  әрекет  жасау  ұстанымдары  негізінде  жасалған. 
Жапондық  мектептер  ұлттық  рухты  таратады,  қажетті  моральдық  қасиеттерді 
қалыптастырады,  ұлттық  сипаттағы  дәстүрлік  қасиеттерді  дамытады,  тірек 
негіздерге:  синто,  бусидо,  будда,  конфуциялық  діни  дүниетанымды,  жетекші 
философиялық,  этикалық  білімдерді  алған.  Сурет  пен  музыка  пәндерін 
оқытуда,  эстетикалық  мұратты  қалыптастыруда  ұлттық  идея,  «дәстүрлі 
моральдік  құндылыққа»  толы.  Жапон  білім  беру  жүйесінің  әсерлігі,  оның 
ерекше  нәтижелілігі  мен  жапондықтардың  дәстүрлі  еңбекқорлығы,  олардың 
тәртіптілігімен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  тарихи  және  мәдени  дәстүрлерімен, 
мәдениет пен тілдің бірлігімен, ұлттық бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді 
(жапондық қоғамда этникалық өзгешелік мәселесі қоғамдық санада болмайды). 
Жапонияда 
«Адамды 
қалыптастыру 
бағдарламасы» 
(Хитодзукури) 
қабылданған,  оның  мәнін:  зияткерлік  және  дене  шынықтыруды  дамыту, 
адамгершілік  тәрбиесі,  мәдени-көркемдік  жетілу  сынды  тұлғаның  үйлесімді 
білім  алу  қажеттігін  мақұлдау  құрайды.  Негізгі  мақсат  ретінде  «жастарда 
мейірімділік  пен  патриотизм,  адалдық  пен  Отан  қорғау  сана  сезімі»,    өзінің 
және  басқалардың  бақыты  үшін  еңбек  өнімділігін  арттыру  құрайды. 
Бағдарламаның  негізінде  конфуцийлік  оқыту  мен  тәрбиелеу  жүйесі,  сонымен 
қатар, белсенді оқыту идеясы жатыр, «Өзінің мүмкіндік шегінде жұмыс жасау» 
ережесі  мектептің  ұраны  болуы  тиіс.  «Қалаулы  адам  образын  қалыптастыру 
бағдарламасының»  жобасы  жарияланды,  оның  ішінде  жапонның  мұраты, 
отбасы  және  қоғам  мүшелерінің  қасиеттері  тұжырымдалған.  Бағдарлама 
«жапон  идеалының  моральдық  қасиеттерінің  таптан  тыс  сипатын»  көрсетті 
және  жас  ұрпақтың  идеологиялық  тәрбиесіне  теориялық  негіз  болды. 
Сұлулықтың  өзі  сындарлы  жапондықтарда  пайдамен  байланысты,  өз  қамын 
ойлайтын түсінік те пайда болуы мүмкін. Этикалық және эстетикалық нормаға 
сәйкес,  Жапонияда  табиғатты  қорғау  өзінің  нақты  шегін  табады.  Мысалы, 
жапондықтар  өз  жерінде  синтоист  ғибадатханалардың  қасындағы  қасиетті  гүл 
шоқтарға тиісуге болмайтынын біледі.   
Қазіргі  әлемде  патриоттық  тәрбиені  дамыту  –  көп  қырлы  үрдіс,  оның 
көлемі  мен  нәтижесі  өте  маңызды.  Адам  өркениетінің  сұранысы  және  осы 
сұраныстарды  педагогикалық  тілге  аудару  қажеттілігі  бойынша  батыл 
өзгерістер  енгізілді.  
Рухтың  негізін,  ұлттық  және  жалпы  адами-мәдени  құндылықтардың 
ошағын  құрайтын  мектепішілік  патриоттық  тәрбиені  және  білім  беруді 
маңызды  беталыс  деп  санауға  болады.  Заманауи  әлеуметтік,  саяси, 
педагогикалық  талаптардың  деңгейіне  жақындап,  мектеп  өзінің  кескінін 
өзгертеді.  
Белгілі  бір  мамандықтарда,  оның  ішінде  қызмет  көрсету  саласы 
қызметкерлері,  іскерлер,  мұғалімдерде  мәдениетаралық  қарым-қатынас 
негіздерін меңгеруге қажеттілік өсіп келеді. Әлемдік педагогикалық ой-пікірлер 
көпмәдениетті  тәрбиенің  жалпы  стратегиясын  әзірлейді.  Оқу  мен  тәрбие 
біріншіден, адамның өз түп-тамырын түсіну және сол арқылы қазіргі әлемде өз 

11 
 
орнын  айқындауға,  екіншіден,  басқа  мәдениеттерге  құрметпен  қарауға 
дағдыландырады.  Қазіргі  заманда  көпмәдениеттілік  рухындағы  патриоттық 
тәрбие  мен  білім  беру  әлдеқашан  өзгерістерге  ұшырап  жатыр:  мәдени 
әртүрлілік  құндылықтарын  мойындайтын  жаңа  үдерістер  көрінуде;  нәсілдік 
және  этникалық  азшылық  топтарды,  иммигранттарды  оқыту,  арнайы 
көпмәдениетті  білім  беру  бағдарламалары  әзірленіп  жатыр.  Педагогикалық 
жобаларды  шағын  этностар  және  олардың  мәдениеті  туралы  ақпараттарды, 
нәсілшілдікке  қарсы  және  басқа  да  ұлттық  нанымдарға  бағытталған  білім 
берудің  тұжырымдамалық  бағдарламалары  алмастырады.  Оларда  басқа 
мәдениетті  дұрыс  қабылдайтын,  мәдениетті  үстем  ететін  әдебиет,  мәдениет, 
тарих бойынша оқу материалдары ұсынылады.  
Әлемнің  көптеген  мемлекеттерінде  көпмәдениеттілікті  қалыптастыру  
педагогикалық  білім  беру  бағдарламаларына  жатады.  Саясатты  көпмәдениетті 
тәрбиенің  патриоттық  негізі  ретінде  қарастыратын  елдер:  а)  ерікті  жаппай 
иммиграция  нәтижесінде  көпмәдениетті  етіп  қоятын  (АҚШ,  Канада, 
Австралия);  б)  өз  өткенінің  көпмәдениеттілік  салдарын  отарлық  метрополия 
ретінде  қоятын  (Ұлыбритания,  Франция,  Голландия);  в)  байырғы  тарихи  және 
терең  ұлттық,  мәдени  ерекшеліктерімен  (Ресей,  Испания)  бөлуге  болады. 
Әлемнің  озық  елдерінде  патриоттықтың  негізі  ретінде  көпмәдениетті  тәрбие 
дамиды: 
- этникалық азшылық өкілдерін педагогикалық қолдау;   
- билингвалдық оқыту;  
- этноцентризмге қарсы шараларды қолдайтын көпмәдениетті тәрбие.  
Бұлардың  барлық  бағыттары  ерекше  оқу  бағдарламаларында  көрінеді. 
Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінде  патриоттық  тәрбиеге  ресми  деңгейде 
ерекше  көңіл  бөлінеді.  Австралия,  Испания,  Канада,  Ресей,  АҚШ-та 
көпмәдениетті білім беру мен тәрбиені күшейту белсендендірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет