Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 69 с


    2.3  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  құндылықтары  негізінде



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата12.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8998
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

24 
 
2.3  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  құндылықтары  негізінде 
білім алушыларға патриоттық тәрбие берудің формалары 
 
Қазақстанның  білім  беру  ұйымдарында  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 
идеясының  негізіндегі  тәрбие  процесінің  мазмұны  белгіленген  формалар 
арқылы іске асырылады. Нақты процесте қарастырылатын тәрбие жұмысының 
түрі  –  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  негізінде  тәрбие  процесін 
ұйымдастыру  тәсілдері,  оқушылардың  қызметін  шығармашылық  және  жеке 
ұйымдастыру  тәсілдері.  Білім  беру  ұйымдарының  жағдайында  бұқаралық 
(тақырыптық  кештер,  спорттық  жарыстар,  аймақты  жақсарту  жөніндегі  іс-
шаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (сұхбаттар, 
кеңестер, жеке тапсырмалар) жұмыстар қолданылады. Бұқаралық және топтық 
іс-шараларды  дайындау  және  өткізу  әдістемесі  әдістемелік  мәдениет 
деңгейімен  және  іс-шараны  ұйымдастырушылардың  қызығушылығымен 
анықталатын жеке сипатқа ие.  
Жастарға  патриоттық  тәрбие  беруді  жүзеге  асырудың    мынадай 
формалары ұсынылады: экскурсия, саяхат, тақырыптық кештер, брейн-рингтер, 
дөңгелек  үстел,  қызықты,  іскерлік,  рөлдік  ойындар,  қабырға  газеті, 
конференциялар,  олимпиадалар,  кездесулер,  фестивалдар,  викториналар, 
тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар. 
Білім беру ұйымдарында, әсіресе жоғары сыныптарда оқушылар әртүрлі 
іс-шаралар  мен  қоғамдық-саяси,  көркем,  еңбек,  спорттық,  еріктілік,  туристік, 
экологиялық  және  т.б.  түрлі  қызмет  түрлеріне  өздері  ұйымдастырушылар 
болады.  Әрбір  қызмет  түрінің  өз  мақсаты,  міндеті,  мазмұны  болады.  Оларды 
процесте  іске  асырушылар  осы  қызмет  түріне  қатысушылар  болып  табылады. 
Тәрбие  жұмысын  ұйымдастырушылар  іс-шараның  негізгі  мақсатын  ұсыну 
қажет. 
Сынып сағаттарын өткізудің бірнеше түрлерін қарастырайық. 
Патриоттық  тәрбиедегі  рөлдік  ойын  –  патриоттық  мақсаттардың 
практикалық  тәжірибелері  мен  өмірлік  құндылықтарын  дамытатын  тәрбие 
процесінің неғұрлым тиімді белсенді формаларының бірі. Рөлдік ойындар үшін 
тақырып таңдау сынып сағаттарын өткізудің осы формасына тән «рөлдік» және 
«ойын» деген екі негізгі сөзге байланысты алдын ала анықталады. «Рөлдік» сөзі 
барлық  қатысушылар  ерекшеленетін  құрама  бөліктерге  бөлінеді  дегенді 
білдіреді және өзгешеленіп және өз бетінше қолданыстағы бөлімдердің өзара іс-
әрекетін білдіретін тұтас қандайда бір құрылымды құрайды. Ойынның мұндай 
түрінің  өзара  іс-әрекеті  қоғамдық  процестерге  арналған.  Сондықтанда  рөлдік 
ойын қоғамдық проблемалар мен әрекеттерді тәрбиелеу тұрғысынан меңгеруге 
барынша  қолайлы,  ойынның  рөлдерін  бөлу  формасы  сыныпты  нақты  қоғамға 
немесе  жекелеген  қоғамдық  процестерге  сәйкестендіреді,  оқу  формасында 
қоғамды  немесе  оның  жекелеген  процестерін  қайталауға,  көшіруге,  ұқсатуға 
болады. 
Рөлдік ойындардың  мынадай тақырыптары  ұсынылады:  
1.Мен Қазақстанның азаматы және патриотымын. 

25 
 
2.Азаматтық және патриотизм. 
3.Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік және  Астана. 
4.Мәңгілік Ел – бұл  Тарих, Мәдениет пен Тіл бірлігі. 
5. Қазақстанның  мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі! 
6. Мәңгілік Ел – бұл тіл мен мәдениет, тарихтағы ортақтық.  
7. Біз -  Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз. 
8. Оқушының  құқықтары мен міндеттері. 
9.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  әлеуметтік-экономикалық 
құқықтары мен міндеттері. 
10.Отан неден басталады? 
11. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары. 
12. Зияткерлік меншік және оны қорғау. 
Рөлдік  ойындарды  өткізу  үшін  қатысушылар  шын  мәнінде,  мазмұны 
жағынан  рөлдерді  дайындап  қана  қоймай,  нақты  кейіпкерлерді,  нақты 
түптұлғаларды  және  олардың  өмірдегі  рөлдерін  (партия  көшбасшысы,  мектеп 
директоры,  белгілі  кәсіпорынның  директоры  және  т.б.)  ұсынуы  қажет.  Бұл 
эмоциялық ойын. 
Іскерлік  ойын  –  еркін  меңгеру  дағдыларын  және  жинақталған  біліммен 
жедел құрамдастыруды, сондай-ақ, практикалық тәжірибені дамытатын тәрбие 
процесінің  қарапайым  және  тиімді  белсенді  формасы;  қойылатын  міндеттерді 
анықтау  қабілеті  және  оларды  шешуде  өз  бетінше  немесе  командада  жұмыс 
істеу;  кәсіпқойлар  командасында,  яғни  ұжымда  жұмыс  істеу  қабілеті  және  
тәсілі. 
Іскерлік  ойындар  үшін    тәрбие  міндеттері  түрінде  баяндалған  нақты 
немесе  арнайы  құрастырылған  жағдаяттар  келеді.  Ойын  ережесі  осындай 
міндеттер  нақты  өмірде  бар  шектеулері  мен  мүмкіндіктерді  қайталаудан 
тұрады. 
Қатысушылар  әртүрлі  қоғамдық  мүдделермен  қоғамдық  субъектілерді 
ұсынатын  рөлдік  ойындардан  айырмашылығы,  іскерлік  ойында  барлық 
қатысушылар  бір  қоғамдық  мүддеде  болады,  немесе  олардың  қоғамдық 
мүдделерінің  айырмашылықтарының  мәні  жоқ.  Олардың  мүддесі  –  жүктелген 
міндетті  тиімді  шешу.  Іскерлік  ойында  кәсіпті  ойнау  керек,  тақырып  кәсіптік 
салаға қатысты болу керек. 
Іскерлік ойындарға арналған үлгілік тақырыптар: 
1.ХХІ ғасырдың көшбасшылары. 
2. Еуразияшылдық және Қазақстан идеясы. 
3. Мәңгілік Ел - бұл инновация негізінде тұрақты экономикалық өсім.  
4.Мен Қазақстандықпын. 
5.Отанымыздың белгілі ұлдары. 
6. Менің ата тегімнің тарихы. 
7. Қазақстанның  Елтаңбасы, туы, әнұраны. 
8.Менің көшемнің тарихы  және  т.б. 
Тәрбие  әдістері  –  тұлғаның  рухани,  этикалық,  эстетикалық,  және  күш-
қуат  қасиеттерін  мақсатты  бағытталған  қалыптастыруды  жүзеге  асыратын 

26 
 
педагогикалық  жұмыс  тәсілдері.  Тәрбие  әдістері  –  тұлғаны  қалыптастыру 
мақсатында  тәрбиеленушіге  қарым-қатынас  жүйесі  мен  тәртіптері,  бала  мен 
педагог арасындағы өзара әрекеттестік тәсілдері. 
Жоғарыдағы  айтылғандардан  тәрбие  жүйесінің  жалпы  әдістерін 
ұсынамыз: 
• тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері; 
•  іс-әрекет  түрлерін  ұйымдастыру  және  тұлғаның  қоғамдық  тәртібі 
тәжірибесін қалыптастыру әдістері; 
• тұлғаны әрекеті мен тәртібін ынталандыру және уәждеу әдістері; 
тәрбиедегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері. 
«Мәңгілік Ел» идеясы контекстінде тұлғаның патриоттық тәрбиесін 
қалптастыру әдістеріне жан-жақты тоқталамыз. 
Кез  келген  іс-әрекет  неғұрлым  тиімді  болады  және  сапалы  нәтижелер 
береді,  ол  үшін  белсенді  әрекет  етуге  ықпал  ететін  барлық  күш-жігерін 
жұмсауға  дайын  болатындай  тұлғаның  күшті,  мықты,  терең  уәждері  болуы 
керек,  кейбір кездесетін қиыншылықтарды, қолайсыз жағдайларды және басқа 
да жағдайларды артқа тастап, жоспарланған мақсаттарды іске асыру үшін алға 
қарай  ұмтылу  қажет.  Әрекет  уәждемесі  оның  ынтасымен  тығыз  байланысты. 
Ынталандыру  –  ойлануға  қозғау  салуға,  итермелеуші  күшке,  сезімге  түрткі 
болу.  Тұлғаға  ықпал  етуді  күшейту  және  нығайту  мақсатында  патриоттық 
тәрбиелеу  факторы  ретінде  ынталандырудың  әртүрлі  әдістері  пайдаланылады, 
олардың  арасында  жарыстар,  мадақтаулар,  жазалау  және  т.б.  барынша  көп 
тараған түрлері болып табылады. 
Мысалы,  ынталандыру  әдісін  ұлы,  танымал  адамдардың  үлгісінде 
тәрбиелеу кезінде пайдалануға болады.Ұлы тұлғалар – саяси не болмаса рухани 
қызметі қоғамның қажеттілігін толық көрсеткен және оның дамуына айрықша 
әсер еткен, қызметі мемлекеттен тыс жерлерге таныс және бүкіләлемдік маңыз 
бен  танымалдылыққа  ие  болған  адамдар.  Сондықтан  кез  келген  мемлекеттің 
тарихы неғұрлым жарқын және  әсерлі көрініс беруі  ұлы адамдардың істерімен 
байланысты  болуы  кездейсоқ  емес.  Заман  ағымыныа  қарай  ұлы  адамдардың 
өмірі мен қызметін зерделеу егер бұл адамдар тек тарихты қана жасап қоймай, 
мәдени  құндылықтардың,  адамгершілік  принциптер  мен  аталған  қоғамның 
салт-дәстүрлердің жетекшісі болып табылса айрықша мәнге ие болады.  
Даңқты  тарихқа  ұлы  бабаларымызды  қосу  адамда  өз  еліне,  өзінің  ұлы 
тарихына,  ұлы  адамдарына  деген  мақтаныш  сезімін  қалыптастырады.  Л.Н. 
Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  студенттерінің  алдында 
жасаған  өз  лекциясында  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  біздің  ата-бабаларымыз 
Қазақстанның ұлан байтақ жерін қорғап, оны ұрпаққа мұра ретінде, сондай-ақ, 
төл мәдениетін және өмірді қабылдау мен танудың ерекше рухын  тастап кетті. 
Бұл бостандықты сүю және дала айбыны рухы  тарихтың қатал бетбұрыстарына 
жол  бермеді,  оны  кейінгі  ұрпақ  сақтап  қалды.    Сол  себепті,  Қазақстан 
тарихында  ұлы  тұлғалардың  өмірлік  іс-әрекет  тарихы  Жаңа  қазақстандық 
патриотизмді қалыптастыру факторларының бірі болып табылады. 

27 
 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идеясы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің 
маңызды  шартына  тәрбиелеу  жағдайларының  нақты  соңғы  нәтижесіне 
бағдарлау,  білім  беру  процесінің  сапасын  арттыру;  оқушылардың 
шығармашылық белсенділігіне тірек болу; тәрбие процесінде ынталандырудың, 
мадақтау  мен  жазалаудың  үйлесімді  жүйесін  тиімді  пайдалануды,  жастардың  
әлеуметтік  қамқорлығы  туралы  мәселелерді  шешумен  бірге  тәрбиелік  ықпал 
ету  міндеттерінің  байланысын;  тәрбие  жұмысында  мектеп  оқушыларымен 
жұмыс жасауда мұғалімдердің белсенді ұстанымын; тәрбие жұмысын оңтайлы 
жоспарлауды және т.б. жатқызуға болады
Патриотизм  –  Отанымыздың  бостандығы  мен  тәуелсіздігі  жолында 
ғасырлар бойы қалыптасқан неғұрлым терең сезімдердің бірі, сондықтан сынып 
жетекшісі,  педагог,  мұғалім  өзінің  тәрбиеленушісіне  аталған  сезімдерді  бере 
білуі  қажет,  сонда  ғана  біздің  қоғамымыз  ұйымшыл  және толерантты  болады. 
Мұғалімдердің өздерінің Отанға және оның құндылықтарына деген патриоттық 
қатынасы көп үлгі бола алады. 
 
 
Ұсынылатын сабақ әзірлемелері  
 
«Мен - өз Отанымның патриотымын»  
тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы  
1-4-сыныптар  
 
Мақсаты: 
- Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру; 
- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу. 
Міндеттері:  
-
 
оқушылардың  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісін  жүзеге  асырудағы 
белсенділігін қалыптастыру және арттыру; 
-
 
Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту; 
-
 
білім  алушылардың  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік 
жылдарында жеткен  жетістіктері  мен табыстары  туралы білімдерін  тереңдету, 
ой-өрістерін кеңейту; 
Құрал-жабдықтар: 
-
 
«Қазақстан-2050  Стратегиясы:  бір  халық  –  бір  ел  –  бір  тағдыр» 
плакаттары; 
-
 
«Менің  Отаным  –  Қазақстан»,  «Мен  –  Қазақстан  азаматымын»,  «ҚР 
Конституциясы»; 
-
 
шарлар, гүлдер.  
Сынып жетекшісі:  

 
 Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен, Білім күнімен 
құттықтаймын.  Сендерге  жаңа  жаңалықтар,  жаңа  білім,  жаңа  табыстар  мен 
жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы 
демалыс  та  аяқталып,  алғашқы  қоңырау  соғылды.  Енді  9  ай  бойы  біз  білім  

28 
 
алып, оқып, сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда бір-бірімізбен қарым-
қатынаста  болуға  тура  келеді.  Бұл  дегеніміз  –  1085  оқу  сағаты,  210  оқу  күні. 
Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ біз мына сұраққа жауап 
беріп  көрейік:  «Сендер  осыншама  уақыт  бойы  кіммен  болғыларың  келеді: 
мектептегі  досыңмен  бе,  әлде  ешқашан  көмекке  келмейтін,  «Қал-жағдайың 
қалай?»  деп  сұрамайтын,  сабақты  айтып  жібермейтін,  үзіліс  кезінде  сенімен 
сөйлеспейтін адаммен бе?». Әрине, жауап анық – досыңмен.  
Оқушы:  
–  Достық – әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос 
керек!   
Ән. «Берік достық». 
Сынып жетекшісі:  

 
Балалар,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы:  «Мен  өз  Отанымның 
патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - 
бұл  барлығымызға  ортақ  ұлттық  мүдделер.  «Бір  халық»  –  бұл  біз  бірге  өткен 
қиындықтар  мен  жеңістер!  Бұл  біздің  ортақ  келешегіміз  –  игілікті  және  өсіп- 
өркендеген  Қазақстан!  Мұның  барлығы  –  Стратегияны  табысты  жүзеге  асыру 
үшін  біртұтас  қоғам  керек  деген  сөз.  Жиырма  бес  жылда  Қазақстан  жаңа 
тәуелсіз  мемлекеттер  үшін  ұлттық  жетістіктің  үздік  үлгісі  бола  алды.  Бұл  – 
барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл – тек 
күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және 
осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан  – бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, 
бір  мүдде.  Алдымызда  ұлы  жоспарлар  тұр.  Оларды  іске  асыру  жаһандық 
өзгерудің  күрделі  жағдайларында  өтпек.  Бұған  бүгіннен  бастап  дайын 
болуымыз  керек  және  бар  күшімізбен  халықтың  біртұтастығын  қамтамасыз 
етуіміз  керек.  Өйткені,  бізде  бір  халық  –  бір  ел  –  бір  тағдыр!  Қазақстан  140 
ұлыс пен 17 конфессия өкілдері үшін ортақ үйіне айналды. Біздің Қазақстанның 
ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде 
бейбітшілік  пен  тұрақтылықты  сақтап  қалғанымызды  мойындаймыз.  Қзақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  саясаты  көптеген  ұлыстарды 
мәдениет  пен  діндерді  біріктіреді.  Біздің  елімізді  «өркениеттер  тоғысы»  деп 
атайды.  Қазақстан  ислам,  христиан  және  буддизм  сияқты  ірі  әлем  діндерінің 
арасындағы  көпір  болып  табылады.  Ғасырлар  бойы  мұнда  әртүрлі  халықтар 
мен ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Өзара баю мен өркендеуге ықпал 
ететін берік мәдени байланыстар орнады.  
Әртүрлі  діндер  мен  рухани  дәстүрлері  бар  барлық  Қазақстан  халқы 
атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға 
ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанмыздың басты байлығы 
–  әлемдік  үлгі  ретінде  әділетті  түрде  мойындалған  азаматтық  бейбітшілік  пен 
конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен 
діндердің 
ара 
қатынасын 
қолдауға 
әзірміз. 
Біз 
Отанды 
сүюге, 
қазақстандықтардың  ұлттық  салт-дәстүрлері  мен  үрдістерін  құрметтеуге  бар 
күш-жігерімізді  саламыз.  Біз  ортақ  үйіміз  Қазақстанның  көркеюі,  өркендеуі, 

29 
 
дамуы,  әл-ауқаты  мен  жағдайының  жақсаруы  жолында,  бейбітшілік  жолында 
қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.  
Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.  
Сынып жетекшісі: 
– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың 
бірі  біріктіреді:  БІЗ  –  Қазақстан халқы.  Біз  біртұтас  елміз және біздің  күшіміз 
бен жетістігіміз осыда.  
Балалар,  енді  Қазақстан  туралы  не  білетінімізді  тексерейік.  Кішігірім 
сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.  
1.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Рәміздері  (Ту,  Елтаңба, 
Әнұран) 
2. Ұлттық валюта (Теңге) 
3. Ақындар жарысы (Айтыс) 
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров) 
5.  Қазақ  фольклоріндегі,  халық  ертегілеріндегі  әзіл  әңгімелер  кейіпкері 
(Алдар көсе) 
6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй) 
7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран) 
8. Ұлттық сусын (Қымыз) 
9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев) 
10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз) 
11. Түйелер тізбегі (Керуен) 
12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 
13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр) 
14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя) 
15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр) 
16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)  
Сынып жетекшісі : 

 
 Біздің  еліміздің  көркеюі,  өсіп-өркендеуі  үшін  мемлекет  ішінде 
тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. 
Және  де  осы  іс-шарамызды  Қазақстан  туралы  мына  өлең  шумақтарымен 
аяқтағым келеді. 
Оқушы: 
Қазақ елі қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі. 
Қазақстан аясында бұрыннан  
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді. 
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады, 
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.  
 
 
 
 

30 
 
«Мен - өз Отанымның патриотымын»  
тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы  
(5-8- сыныптар)  
 
Мақсаты:  оқушыларды  төзімділікке,  қазақстандық  отаншылдыққа 
тәрбиелеу. 
Міндеттері: 
-
 
ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту; 
-
 
әр түрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу; 
-
 
оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру. 
Сынып жетекшісі: 
Көптеген  ғасырлар  бойы  қазақ  халқына  тәуелсіздік  пен  еркіндік  үшін 
күресуге  тура  келді.  Қауіп  төнген  кездерде  біріге,  жұмыла  білу,  басқа 
халықтармен  бейбітшілікте,  келісім  мен  достықта  өмір  сүруге  ұмтылу  сияқты 
жақсы  қасиеттерінің  арқасында  қазақ  халқы  тарих  толқындарында  жоғалып 
кетпей, ондаған жылдардан соң өзінің мемлекеттігін қайта құра алды.  
Дамудың  жаңа  жолына  түскен  Қазақстан  халықтың  ғасырлар  бойғы 
егемендік  туралы  армандарын  орындай  алды.  Қазақстанды  мекендеген  әрбір 
халықтың  өз  мәдениетін,  тілін,  сенімін,  дінін  және  дәстүрлерін  дамытуға 
мүмкіндігі  бар.  Қазіргі  таңда  республиканың  әрбір  азаматы  өз  елінің 
тәуелсіздігімен мақтанады.  
Қазақстанда 17 миллионнан аса адам, жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері 
бір  жанұядай  өмір  сүріп  жатыр.  Қазақ,  орыс,  ұйғыр,  неміс,  корей,  татар 
тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылуда, ұлттық театрлар мен эстрадалық 
ансамбльдер жұмыс жасауда, ұлттық теле-радио бағдарламалар берілуде. Біздің 
барлығымызды,  әр  түрлі  ұлт  өкілдерін  ортақ  біріктіретін:    БІЗ  –  Қазақстан 
халқы.  Осылайша,  Қазақстан  мәдениеті  мен  діндерінің  қөптүрлілігімен 
ерекшеленетін бірегей мемлекет. 
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жылы да жарық, көңілді 
мамыр мерекелерін ұнатпайтын адам жоқ шығар. Жапырақ жайып, көгеріп келе 
жатқан  ағаштар,  ашық  аспан,  күлкі  мен  жымиюлар  жыл  бойы  ұмытылмастай 
көңіл-күй  сыйлайды.  Қазақстан  халықтарының  бірлігі  күні  егемен 
республикамыздағы басты мерекелердің бірі болды. 
Тақтада «Біздің күшіміз – бірлікте» деген плакат ілулі тұрады. 

 
 Бұл үндеуді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар жауаптары) 

 
 Жарайсыңдар!  Басқа  республикалар  мен  елдерде  келіспеушіліктер 
мен  тартыстар  болып  жатқан  заманда  осы  сөздердің  мағынасын  түсінгендерің 
қандай жақсы! Бұл Бейбітшілік болмағанда өте қорқынышты.  
Оқушы: 
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық –  
Бабалардан қалған дәстүр айтулы. 
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр, 
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы. 
 

31 
 
Оқушы: 
Тілі басқа, тілегі бір біргеміз,  
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.  
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп, 
Татулықтан бұзылмасын іргеміз. 
Оқушы: 
Қазақ жері достықтың гүлстаны, 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы. 
Күрестерде, еңбекте,мерекеде  
Мұнда сан ұлт қолдасып, ту ұстады. 
Оқушы: 
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден, 
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден  
Достығымыз ғасырларға жарасқан  
Туған елім,шарықтай бер кемелден! 
 
Ұлттық киім киген балалар «Үлкен қол ұстасу» атты 
достық хормен жүру орындайды 
Сынып жетекшісі: 
–  «Құстың  күші  –  қанатында,  ал  адамның  күші  -  достықта»  деген  қазақ 
мақалы бар. Өмір осы мақалдың тура айтылғандығын дәлелдеп отыр.  
– «Достық» сөзін қалай түсінесіңдер? 
–  Сөйлемді  жалғастырыңдар:  «Достық  –  бұл  ......».  (Оқушылар 
жауаптары)  
«Мақалдарды жина» ойыны. 
– Ал сендер достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қазір тексеріп 
көрейік. Екі топқа бөлінуіміз керек. Мына конверттердің ішіне мақалдардың бір 
бөліктері  салынған.  Сендердің  тапсырмаларың:  достық  туралы  мақалдарды 
біріктіріп, оқуларың керек. 
1. Ескі дос жаңа екі достан артық. 
2. Досты ізде, тапсаң, сақта.  
3. Достық қиындықта білінеді. 
4. Доспен дос болғанша шаттан, 
    Дұшпанмен дос болғаннан сақтан. 
5. Досыңа өтірік айтпа,  
    Дұшпаныңа сырыңды айтпа. 
6. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 
7. Досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның. 
8. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. 
Сынып жетекшісі: 
Отансүйгіштік  дегеніміз  –  қоғамның  бірігуінің,  үйлесуінің,  алуан  түрлі 
адамзат  қауымдастығында  оның  болмысы  мен  ерекшелігінің  негізі  болып 
табылатын  аса  маңызды  рухани  құндылық.  Бұл  ұғымды  тар  аяда,  бір  жақты 
қарастыруға болмайды. Ол күрделі, көп жақты және әртекті. Отаншылдық – бұл 

32 
 
әрі  өз  еліне  деген  сүйіспеншілік,  әрі  оның  тарихы  мен  мәдениетіне  деген  зор 
құрмет, әрі өз күші мен қоғамның күшіне деген сенім. Өткен жылдарда еліміз 
мемлкет болып қалыптасу, тәуелсіздік пен бірлікті нығайту жолында көптеген 
жетістіктерге  жетті.  Өзінің  орта  ғасырлық  және  қазіргі  заманғы  тарихында 
Қазақстанның беделі соңғы жылдардағыдай ешқашан жоғары болған емес. 
Қазіргі  таңдағы  әлеуметтік-саяси  тұрақтылық  қазақстандықтардың  өз 
Отанының  гүлденіп,  өркендеуіне  деген  сенімін  нығайта  түседі.  Қазақстан 
демократиялық, зиялы, құқықтық және басты құндылықтары адам, оның өмірі, 
құқықтары  мен  еркіндігі  болып  табылатын  әлеуметтік  мемлекет  ретінде  өзін 
танытып, бекітті.   
Біз  ұлттық-мәдени  құндылықтарға,  ұлтаралық  келісімге,  мейірімділікке, 
балаларға деген махаббатқа бай заманда өмір сүріп жатырмыз. Алда әлі де көп 
қиындықтар  күтіп  тұр,  алайда  бүгінде  Қазақстан  дамудың  жаңа  орамына 
шықты және ертеңгі күнге сенімділікпен қарайды. 
Оқушы: 
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да, 
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. 
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар, 
Өзіңдей ұлан-байтақ далам барында. 
Оқушы: 
Тәуелсіздік кіндігін  
Кескен халық бірлігі. 
Ынтымағы барша ұлттың  
Нұрын шашқан күн бүгін. 
Оқушы: 
Ақ, қара деп алдымен, 
Елім бөлмес адамды. 
Дәстүр, өнер, салтымен 
Таңғалдырған ғаламды. 
Оқушы: 
Достық бізге тым ыстық, 
Бірлік – байлық, ырыс – құт. 
Жарқырасын күніміз, 
Жаса, жаса, тыныштық. 
Оқушы: 
Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет