Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с


Казақстан Республикасының Туы туралы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#7853
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Казақстан Республикасының Туы туралы 
Көк аспанға қараймын
Қыран құс биік самғайды, 
Алтын күннің шапағы  
Жан-жағына тарайды. 
Тау шыңындай көрінер 
Көрініс бұл ұнайды. 
Ұлттық ою-өрнекті  
Шетіне қосу қалғаны. 
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы 
Халыққа мемлекеттен берілген 
Абыройлы Елтаңба мен Туымыз. 
Еркіндігін мәңгі сақтасын 
Тәуелсіз Қазақстан еліміз! 
Біздің Туымыз көгілдір түсті. Көгілдір түс түркі халықтарында дәстүрлі 
түсі  болып  саналады.  Ол  Туда  бүкіл  жер  мен  адамдардың  төбесіндегі  көк 
аспанның  шексіздігін  білдіреді,  сонымен  қатар  жалпы  әл-ауқаттың, 
тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышаны болып табылады. 
Күн  –  өмір  мен  қуаттың  кайнар  көзі.  Сондықтан  күн  бейнесі  өмірдің 
символы  болып  саналады.  Көшпенділер  уақытты  күннің  қозғалысымен 
анықтаған. Геральдика заңдылығы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің 
нышаны болып табылады. Сол себепті Тудағы күннің барлық 32 шуағы береке 
мен әл-ауқаттың негізі – дән пішіндес болуы кездейсоқ емес. 
Көшпенділердің  көзқарасында  қыран  немесе  бүркіт  маңызды  орын 
алады.  Қазақстанды  мекендеген  халықтар  мен  этникалық  топтардың 
елтаңбалары  мен  туларында  оның  көрініс  табуы  ежелден  келе  жатыр. 
Символика  тілінде  қыран  құстың  бейнесі  мемлекет  билігін,  дала  халқының 
жүрегінің  кеңдігін  білдіреді.  Далалықтар  үшін  бұл  –  еркіндіктің, 
тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке талпынудың, болашаққа самғаудың нышаны. 
Сонымен  бірге,  алапат  күшке  ие  қыран  құс  жарқын  болашағына  кедергі 
келтіргендерге  лайықты  жауап  бере  алады.  Қыран  бейнесі  жас  егеменді 
Қазақстанның әлем өркениетінің биіктеріне ұмтылуы идеясынан пайда болды. 
Тудың  сол  жағында,  сабын  өрлей,  Қазақстанның  мәдениеті  мен  салт-
дәстүрлерін  айқындайтын  ұлттық  өрнек  салынған.  Қазақтың  ұлттық  өрнегі 
қошқар  мүйіз  түрінде  жасалған.  Бұл  –  оны  басқа  тулардан  ерекшелендіретін  
мемлекеттің ұлттық белгісі. 
Елтаңба  шеңбер  пішіндес.  Шеңбер  геральдика  элементі  ретінде  көп 
жерлерде қолданыс тапқан, бірақ ол шығыс көшпенділерінде ерекше құрметке 
ие. Бұл – мәңгіліктің, өмірдің нышаны. 
Елтаңбаның ортасында киіз үйдің жоғарғы бөлігі – шаңырақ бейнеленген. 
Әлем  тәжірибесінде  әлі  шаңырақ  бейнесі  бар  елтаңба  кездеспеген.  Шаңырақ 
халық арасында ерекше құрметтеледі. Бұл – отбасылық әл-ауқаттың, берекенің, 
бейбітшілік  пен  тыныштықтың  нышаны.  Бұл  –  біздің  ортақ  үйіміздің, 
Қазақстанда  тұратын  барлық  адамдардың  ортақ  Отанының  белгісі. 

44 
 
Шаңырақтың  беріктігі  оның  әрбір  уығының  мықтылығына  байланысты 
болғаны сияқты ондағы бақыт әр адамның әл-ауқатына байланысты. 
Елтаңбаның  ортасынан  көгілдір  кеңістігіне  бірдей  таралған  уықтар  өмір 
мен жылу  көзі – күннің шуақтары іспеттес. Шаңырақтан бастау алған кереге – 
киіз  үйдің  жылжымалы,  жиналмалы  тор  көзді  негізі.  Ол  оның  беріктігін 
қамтамасыз  ететін  үш  жүздің  бірлігін  білдіреді.  Геральдика  тілімен  авторлар 
қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш болмысын көрсеткілері келген. 
Жылқы – қазақ стихиясы. Ежелден «Қазақ жылқы мінезді» деп айтылады, 
яғни  мінезі  жағынан  қазақтар  жылқыға  ұқсас  келеді.  Елтаңбада  қарапайым 
жылқы  емес  алтын  қанатты  пырақ  бейнеленген.  Бұл  көп  ұлтты  Қазақстан 
халқының  қуатты,  өркендеуші,  дамушы  мемлекет  орнатудағы  арманын 
білдіреді. 
Мемлекеттік  рәміздерде  жылқылардың  бейнеленуі  ежелден  келе  жатыр. 
Осыған  қарамастан,  авторлар  ұсынған  нұсқа  қабылданбас  бұрын  қызу  талқы 
мен  таласқа  түсті.  Жылқылар  бейнесі  арыстанның  айбарлығын,  қыран  құстың 
қырағылығын және адамның ерік күші сияқты ұғымдарды білдіреді. Аңыздарда 
кездесетін  жарты  ай  пішіндес  мүйіздері  мен  алтын  қанаттары  бар  екі  пырақ 
шаңырақты  екі  жағынан  қорғап  тұрғандай.  Олар  ортақ  үйіміз  –  Отанымызға 
қызмет ету идеясын айқын білдіреді.   
Мемлекеттік Елтаңба бейнесінде тағы да бес бұрышты жұлдыз бен біздің 
мемлекетіміздің қазақ тілінде атауы «Қазақстан» бар.  
Адамзат  жұлдызды  ежелден  өмірде  жетектейтін,  мақсатқа  жетелейтін, 
асқақтық  пен  мәңгілікке  ұмтылудың,  биліктің  нышаны  ретінде  колданады. 
Мемлекеттік  Елтаңбада  жұлдыз,  сонымен  бірге,  замануи  жоғары  өркениетті 
қоғамдарға  қосылу,  барлық  мемлекеттер  мен  бес  контитенттің  халықтарына 
ашық болу сияқты біздің асқақ армандарымызды да білдіреді. 
Мемлекеттік  Елтаңбада  қолданылатын  негізгі  түс  –  байлықты, 
шынайылық  пен  мейірбандылықты  білдіретін  алтын  түс.  Алтын  түс 
Қазақстанның  бейбітшілікке,  келісімге,  достыққа  және  ғаламшарымыздың 
барлық  халықтарымен  бірлікте  болуға  ұмтылуының  нышаны  ретіндегі  аспан-
көгілдір түспен  жақсы үйлеседі.   
Тапсырма.  Жаңа  материалды  меңгеруін  тексеретін  «Аукцион»  ойынына 
қатысу.  
 
Астана – еліміздің бас қаласы 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстанның  саяси  және  мәдени  орталығы  жас  елорда  – 
Астана  қаласы  болып  табылады.  Дегенмен,  көрнекті  археолог  К.Акишев 
бастауымен  ғалымдар  зерттеген  қаланың  ежелгі  тарихы  бар.  Орта  ғасырларда 
қала аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жазықтығында Бозоқ қалашығы болған. 
Бозоқ  қалашығы  керуен  жолдарының  тоғысқан  жерінде  орналасқан.  Бозоқ 
маңызды саяси және қолөнер орталығы болған. Қала, сонымен қатар, керуендер 
мен жолаушылардың демалатын және түнейтін орны қызметін атқарған.   
 

45 
 
Астана  бірден  «Астана»  болып  аталмады.  1998  жылға  дейін  әр  түрлі 
атаулары болды. Осылайша, 1830 жылдан 1961 жылға дейін астана Акмолинск, 
1961  жылдан  1992  жылға  дейін  Целиноград,  1992  жылдан  1998  жылға  дейін 
Ақмола деп аталып келді.  
Қазақстанның  жаңа,  замануи  астанасын  құру  идеясы  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаевқа тән. Еуразия құрлығындағы оңтайлы орналасуы Астананы Еуропа 
мен Азия арасындағы экономикалық тиімді көпір етіп тұр. 
Жаңа  астананың  басты  символы  -  «Бәйтерек»  кешені.  Қайталанбас 
архитектуралық  ғимараттардың  ішінен  пирамида  пішіндес  «Бейбітшілік  және 
келісім сарайын», әлемдегі ең биік шатыр пішінді ғимарат «Хан Шатыр» сауда-
ойын-сауық  орталығын,  теңізден  өте  алшақта  орналасқан  «Думан»  мұхит 
аралын,  «Қазақстан»  орталық  концерт  залын,  жасыл  гулзарлары,  түрлі-түсті 
жолдары,  әуенді  субұрқақтары  бар  «Ән  салатын  субұрқақтар  аллеясын»  атап 
көрсетуге болады.  
Астананың  спорт  нысандары  –  30  мың  көрерменге  арналған  «Астана-
Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемдегі ең керемет деп саналған 10 мың 
орындық «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз айдыны.   
1999  жылдың  шілде  айында  ЮНЕСКО  Астананы  «Бейбітшілік  қаласы» 
деп  атады.  2000  жылдан  бастап  Қазақстанның  бас  қаласы  Халықаралық  
астаналар  мен  ірі  қалалар  ассамблеясының  мүшесі  болды  және    әлемнің  ең 
жақсы 30 қалалары тізіміне кірді. 
Астананың басты мақсаты – еуразия кеңістігінде мәдени және зияткерлік 
орталық  болу  және  Қазақстанның  басты  даму  генераторы  болу.  Қысқа  мерзім 
ішінде  Қазақстанның  Бірінші  Президентінің  қалауымен  пайда  болған  жаңа 
астана  тәуелсіздік  символы  және  жас  мемлекеттің  жаһандық  жетістігінің 
символы болды.  
Бүгінгі  таңда  Астанада,  бүкіл  Қазақстандағы  сияқты,  жүзден  астам  ұлт 
өкілдері  тұрады.  Халықтар  достығы,  өзара  түсіністік  пен  ынтамақтастық  – 
Астана мен жаңа Қазақстанның құрылу негізі.   
Сұрақтар: 
1) Астананың бірінші атауын атаңыз. 
2) Қазақ тілінен Астана қалай аударылады? 
3) Қазақ тілінен Ақмола қалай аударылады? 
4) Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы кімге тиесілі? 
5) Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда қандай мағына береді? 
6) Бейбітшілік және келісім сарайы ғимараты қандай пішінде? 
7) Сарыарқа стадионы қандай? 
8) Ақорда деген не? 
Тақырыптық парақ. 
I кезең: Астана туралы мәтінді пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар.  
1.  Атауларды  қолданып,  дұрыс  реттілігін  табыңыз  (Астана,  Целиноград, 
Акмолинск,  Акмола)  Бозоқ  қалашығы,  Акмолинск,  Целиноград,  Ақмола, 
Астана.  
2. Артығын сызып тастаңыз 

46 
 
Қазақстан 
Ресеймен, 
Қытаймен,  Түрікменстанмен, 
Украинамен, 
Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шекаралас. 
3. Суреттер мен атауларды бағдар көмегімен қосыңыз 
Президент Сарайы «Ақ Орда»; 
«Сарыарқа» велотрегі; 
«Бәйтерек»;  
«Бейбітшілік және келісім сарайы»; 
«Хан Шатыр» кешені. 
4. Қазақ тілінен «Астана» сөзі қалай аударылады? 
 
«Бәйтерек» 
 
Монумент  1997  жылы  астананың  Алматы  қаласынан  Ақмолаға 
ауыстырылуының  нышаны  ретінде  президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
қолдауымен  бой  көтерген.  «Бәйтерек»  әлемдер  тоғысқан  жерінде  Әлем  өзені 
ағып жатыр деген ежелгі көшпенділердің танымын көрсетеді. Оның жағасында 
аспанмен тірескен, тамыры тереңге жайылған Өмір ағашы – Бәйтерек (қазақша 
Бәйтерек  «терек»,  «тірек,  қорғаушы»  деген  мағынада)  өсіп  тұрады.  Бұл 
ағаштың тамырлары, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі, оның діңі  – 
жерде, ал жапырақтары – аспан әлемінде болған.   
Әр жылы қасиетті Самұрық құс ағаштың ұшар басына жұмыртқа салады 
екен. Жұмыртқа – Күнді өмір ағашының түбінде өмір сүретін айдаһар Айдархан 
жұтып  қояды.  Бұл  жаз  бен  қыстың,  күн  мен  түннің  ауысуын,  Жақсылық  пен 
Жамандықтың күресін білдіреді. 
«Бәйтерек» жас, мықты, өсіп келе жатқан  ағаш деген сөз. Ол тарихи түп-
тамырларын  сақтай  отырып,  мықты  тірегі  бар  және  болашақ  өркендеуге 
ұмтылатын мемлекетті білдіреді.  
 
«Бейбітшілік және келісім сарайы» 
 
«Әлем уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидалардан қорқады» деген ескі 
мақал  бар.  Шынында  да,  олардың  қарапайым  пішіні  мен  көлемі  біздің 
ойымызда бұл ғимараттардың мықты, бұзылмас келбетін елестетеді. Дегенмен, 
жуық арада, 2006 жылы кейбіреулер Әлемнің сегізінші кереметі деп атап кеткен 
тағы  да бір пирамида қосылды. Әңгіме Астана қаласындағы Бейбітшілік және 
келісім сарайы жайында. 
Бұл ғимарат әлемге әйгілі архитектор Норман Фостермен «Әлемдік және 
дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  Конгресін»  өткізу  үшін  арнайы  салынды. 
Оның ерекшелігі оны салудың мақсатымен ғана шектеліп қоймайды. 
Мұнда  1500  орындық  концерттік-опералық  зал  орналасқан.  Сондай-ақ 
пирамида ішінде конференц-залдар, көрме орындары, т.с.с орын алған. Аумағы 
2000  шаршы  метрден  аса  орынды  алып  жатқан  ең  ірі  «Хеопс  Атриум»  залы 
өзінің  көлемімен  таң  қалдыратын  «Астананың  2030  жылға  дейінгі  бас 
жоспарын» сыйғыза алған. 

47 
 
Бейбітшілік және келісім сарайының ең жоғарғы қабатында бүкіл әлемге 
әйгілі  әлем  діндері  көшбасшыларының  конференциясы  өткен  «Бесік»  залы 
орналасқан.  Залды  айнала  таң  қалдырарлық  «Қысқы  бақта»  дүние  жүзінің  әр 
түрлі  өсімдіктері  өсірілген.  Пирамиданың  төбесі  130  көгершін  бейнесі  бар  
үлкен  шыны  күмбезбен  көмкерілген.  Бұл  көгершіндер  –  Қазақстан 
халықтарының нышаны. 
 
«Ақ Орда» Президент Сарайы 
 
Дүние  жүзіндегі  барлық  астанада  Президенттің  (ел  басшысының) 
Резиденциялары  болады.  Қазақстан  Республикасының  жаңа  астанасын 
жариялағаннан  кейін  5  жылдан  соң  «Ақ  Орда»  Президент  Сарайының  ресми 
таныстырылымы болды. Бірақ бұл ғимарат енді жабық мемлекеттік нысан емес. 
Президенттің қалауымен бұл жерде үнемі экскурсиялар өтіп тұрады.  
Мемлекеттің  бірінші  тұлғасының  Резиденциясы  жаңа  технологияларды 
қолдана отырып, 3 жыл  бойы  салынды.  Ғимараттың биіктігі  80  метрді,  соның 
ішінде бірінші қабаттың биіктігі 10 метрді құрайды. 
Бірінші  қабат бойынша  экскурсия  кезінде 1800  шаршы  метрді  құрайтын 
Орталық  Салтанатты  Холлды,  пресс-конференциялар  залын,  салтанат  залын, 
қысқы бақты көруге болады. Екінші қабатта кеңсе орындары ораналасқан. 
Үшінші  қабат  толығымен  әр  түрлі  халықаралық  сипаттағы  іс-шараларға 
арналған:  Мәрмәр  Залында  шет  мемлекет  басшыларымен  құжаттарға  қол 
қойылады, Алтын Залында тар аядағы тұлғалармен кездесулер өткізіледі, 
Доғал  Залда  жоғары  деңгейдегі  келіссөздер  жүргізіледі.  Сонымен  бірге, 
үшінші  қабатта  киіз  үй  түріндегі  Шығыс  залы,  Қонақ  бөлмесі,  Кеңейтілген 
келіссөздер залы, Қауіпсіздік Кеңес Залы бар. 
Төртінші  қабатта  ел  басшыларының  жоғары  деңгейдегі  жиналыстары 
өтетін  Күмбезді  зал,  Республика  Үкіметімен  жиналыстарын  өткізуге  арналған 
Отырыс  залы,  кітапхана  және  т.б.  орналасқан.  Әр  зал,  әр  бөлме  ерекше  әдемі 
әрленген, көрнекті жиһаздар қойылған.   
Ақ  Орда  ішіне  кіру  үшін  бір  маңызды  шарт  бар:  Президент 
Резиденциясында  болған  жағдайда,  егер  Сіз  басқа  мемлекеттің  Басшысы 
болмасаңыз, онда кіре алмайсыз.  
Дұрыс жауаптарын қойыңыз: 
Бәйтерек мынаны білдіреді........................................................................ 
Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда мынаны білдіреді.............................. 
Бейбітшілік және келісім сарайы мына түрде салынған........................... 
Бейбітшілік және келісім сарайы .... жылы салынған 
Ақ Орда - ....... (кімнің) резиденциясы 
Ақ Орда .......... жылда салынды 
 
Тапсырма: хат жазыңыз. 
Хат үлгісі  
Құрметті менің досым (құрбым) ______ (аты). Саған Қазақстаннан Сенің 

48 
 
досың (құрбың) ______  жазып отыр. Мен  хатымда өзім туралы, елім туралы 
және біздің астанамыз туралы әңгіме қозғағым келеді.  
 Менің  жасым  ___.  Мен  №___  мектепте  _____  сыныпта  оқимын.  Маған 
менің мектебім өте ұнайды, себебі ________________________________.  
Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Қазақстан өте жақсы ел. Біздің 
Президентіміз ___________________________________.  
Біздің Республикамыздың әдемі атауы  бар:_________________.   
Досыңның аты, мен астанамыз туралы толығырақ айтып берейін деп едім. 
Менің  әңгімем  Саған  ұнайды  деген  және  Сен  бізге  қонаққа  келіп,  екеуіміз 
Астана қаласы бойынша серуенге шығамын деген сенімдемін. 
1. «Астана» сөзі нені білдіретінін жаз.  
2. Астананың көрнекті орындарын жаз, оларды атап шық. 
3.  Ең  бірінші  кезекте  қандай  көрнекті  орынды  көруге  барар  едің  және 
неліктен? 
4.  Астананы  қалай  көретініңді  жаз.  Мысалы:  әдемі,  үлкен,  есте 
қаларлықтай, таза, жарық, жарқыраған, керемет .... 
Құрметті  досым  (құрбым),  менің  әңгімем  осымен  тәмам.  Менің  әңгімем 
Саған  ұнаса,  және  осы  хаттан  кейін  өз  көзіңмен  көруге  келетін  болсаң,  өте 
қуаныштымын. Себебі, «Мың рет естігенше, бір рет көзіңмен көр» деген рас.  
Көріскенше! 
 
5.2  5-8 сыныптарда. 
Сабақтың  тақырыбы:  «Мен  өз  Отанымның  патриотымын».  5-8-
сыныптардағы  білім  сабағында  «Мәңгілік  Ел  –  бұл  Жалпы  әлемдік  және 
аймақтық  мәселелерді  шешудегі  Ұлттық  қауіпсіздік  пен  Қазақстанның 
жаһандық қатысуы» жетінші құндылығы түсіндіріледі.  
 
 
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері(тақырыптық бөлімдері):   
1.
 
Ұлттық қарулы күштер. 
2.
 
Батырлар және ерліктер. 
3.
 
Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері. 
4.
 
Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты. 
5.
 
Рефлексия. 
6.
 
Сабақты қорытындылау. 
Технологиялар: ақпараттық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 
туралы    имидждік  видеороликтер  көру:  «Ұлы  Отан  соғысының  70-жылдығы» 
видеоролигі  55  сек.;  «Десанттық биатлон»  видеоролигі  1мин. 26  сек.;  «Күндік 
қызмет»  видеоролигі  2  мин.  47  сек.;  «QR-коды»  видеоролигі  1мин.  22  сек.; 
«Батыр  арулар»  конкурсының  жеңімпаздары»  видеоролигі  2мин.  12  сек.), 
сабаққа  шақырылған  әскери  бөлімнің  офицерлері  және  жауыңгерлері,  құқық 
қорғау  органдарының  өкілдері,  интернационалист-жауынгерлер,  Жас  Ұлан 
Республикалық  мектебі  оқушыларының  қатысуымен  іскерлік  ойындардан  
«пресс-конференцияны» қолдану. 
 

49 
 
Сабақ материалы 
 
1.
 
Ұлттық қарулы күштер 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  1992 
жылғы 7-мамырда ұлттық қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. 
 «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7-қаңтардағы заңына сәйкес, қарулы 
күштерге  ҚР  Қорғаныс  министрлігі  құрылымындағы  барлық  құрамалар  мен 
мекемелер жатады.  
  Қазақстан 
Республикасы  Қарулы  Күштерінің  әскери  басқарма 
органдарының құрамына: 
  әскери басқарма органдары
  қарулы Күштердің түрлері: 
  құрлықтағы әскерлер; 
  әуе қорғаныс күштері; 
  әскери-теңіз күштері; 
  әскер түрлері: 
  аэромобиль әскерлері; 
  арнайы әскерлер; 
әскери-оқу орындары; 
әскери-ғылыми мекемелер; 
басқа да ұйымдар кіреді. 
Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  құрамына  жұмылдыруды 
жариялауда: 
ҚР ІІМ-нің Ұлттық гвардиясы; 
ҚР  ІІМ  Төтенше  жағдайлар  комитетінің  азаматтық  қорғаныс 
басқармасының органдары; 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Қауіпсіздік  комитетінің  шекаралық 
қызметі; 
арнайы құрамалар енгізіледі. 
Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің құрамына 14 облыс және Астана 
мен  Алматы  қалаларындағы  запастағылардан  қажет  болған  жағдайда 
құрылатын 
бригаданы 
көрсететін 
жергілікті 
әскерлерді 
енгізу 
де 
қарастырылуда.  Осы  ереже  2016  жылғы  30-майдағы  заң  жобасына  ұсыныс 
ретінде енгізілді. 
Қарулы Күштердің жеке құрамы: 
келісімшарт  негізінде  әскери  қызметке  өз  еркімен  түскен  әскери 
қызметкерлер; 
жалпы әскери міндеткерлік негізінде шақырылған әскери қызметкерлер
Қазақстан 
Республикасы 
еңбек 
заңнамасы 
және 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы негізіндегі азаматтық 
тұлғалар  негізінде  алынатын  әскери  қызметкерлер  мен  азаматтық  тұлғалардан 
тұрады. 

50 
 
ҚР ҚК Бас Қолбасшысы әскери ұйымдардың құрылысы, дайындығы мен 
қолданылуын,  мемлекеттің  әскери  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде  жалпы 
басшылықты жүзеге асыратын ел президенті болып табылады.  
ҚР  Парламенті  әскери  қауіпсіздік  және  мемлекет  қорғанысы  мәселелері 
бойынша  заңдарды  қабылдайды,  соғыс  пен  бейбітшілік  мәселелерін  шешеді, 
бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қолдау  бойынша  халықаралық  міндеткерліктерді 
орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану туралы шешім қабылдайды, қорғаныс 
пен  әскери  серіктестік  мәселелері  бойынша  халықаралық  келісімшарттарды 
бекітеді және күші жойылған деп жариялайды. 
Сұрақтарына жауап беру: 
Тапсырма. «Армия туралы мен не білемін?». 
ҚР Бас қолбасшысы? 
(Н.Ә.Назарбаев) 
Мылтықтың оқпанына бекітілген шанышпалы қару қалай аталады? 
(найза) 
Гренадерлар деген кімдер? 
(гренадерлар – бұл саптың алдында жүретін гранаметші солдаттар) 
Ағаш пен мылтыққа тән ортақ нәрсе не? 
(ағашта да, мылтықта да дің бар) 
«Минаның жоқтығы тексерілген бе» Осындай жазбаны кім жасайды? 
(саперлар) 
2 Діңінің аяғы кесілген мылтық? 
(шолақ мылтық) 
Қандай құралдың көмегімен улы газдардан қорғануға болады? 
(противогаз) 
Әскери жабдықтар қоймасы қалай аталады? 
(арсенал) 
Дәлдеп ату өнерін меңгерген адам  қалай аталады? 
(мергендер) 
«таран» сөзі нені білдіреді? 
(танкі, корабль немесе самолет тұрқына соққы) 
«Ура!» дауысымен шабуылдау 
(шабуыл) 
«Соғыс құдайы» - әскерінің түрі 
(артиллерия) 
Ұшақтарға  арналған гараж 
(ангар) 
Елдің негізгі Заңы 
(Конституция). 
 
 
 
 
 

51 
 
2.
 
Батырлар мен ерліктер 
 
Интернационалист – жауынгерлер 
 
Интернационалист - жауынгерлер, - олар 1979-1989 жылдары Ауғаныстан 
Демократиялық  Республикасында  соғысқа  қатысқандар.  Антын,  парызы  мен 
әскери бауырмалдығын өзгертпей, ауған халқына батырлық, айбындылық, ерлік 
пен  жолдастық  өзара  көмек  көрсеткен  солдаттар,  офицерлер  және  генералдар. 
Осы  соғысқа  22 269  қазақстандық  қатысты,  оның  924  қайтыс  болған,  1015 
мүгедек болды және 21 адам із-түссіз жоғалып кетті. 
Жауынгерлік  еңбегі  мен  ерлігі  үшін  ондаған  мың  қазақстандықтар 
ордендермен  және  медальдармен  награтталды.  Ауғаныстанда  өздерінің 
интернационалдық  парызын  атқарған  әскерлердің  көпшілігі  бүгінгі  күні 
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында қызмет етеді.  Олар 
генералдар  Бақытжан  Ертаев  және  Сәкен  Жасұзақов,  полковниктер  Юрий 
Кравцов және Александр Алексеев және тағы басқалар. Ауғаныстанда соғысқан 
офицерлердің және солдаттардың бір бөлігі ҚР ҚҚ запаста. 
Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша Ауған соғысының ардагерлері 1200 
адамды  құрайды.  Астана  қаласының  «Ауған  соғысы  мүгедектері  мен 
ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылы 6-мамырда құрылды.  
 
 
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов  
 
Талғат  Жақыпбекұлы  Бигелдинов  – ұшқыш-шабуылшы,  екі  мәрте  Кеңес 
Одағының  батыры,  Қазақстан  авиациясының  генерал-майоры,  1922  жылы  5-
тамызда  Қаз  КСР  Ақмола  облысының  Майбалық  ауылында  туылған.  Ұлты 
қазақ. 
1940  жылы  Саратов  әскери  ұшқыштар  мектебіне  түскен,  содан  кейін 
Орынбор  әскери  авиациялық  ұшқыштар  мектебіне  ауыстырылып,  оны  1942 
жылы бітіреді. 
1943  жылдың  қаңтарынан  Ұлы  Отан  соғысының  майданында  жаумен 
шайқасады. Сол жылы КОКП/БКП(б) қатарына кіреді. Ил-2 ұшағымен соғысқа 
қатысады.  Кеңес  Одағының  батыры  С.П.Плшивальниковтің  эскадрильясында 
ұшқан. Кейіннен оның орынбасары болды.  
1944  жылғы  26  қазанда  гвардия  аға  лейтенанты  Талғат  Жақыпбекұлы 
Бигелдиновке Знаменка, Кировоград қалаларын азат етуде көрсеткен ерлігі мен 
әскери  шеберлігі  үшін,  әуе  соғысында  4  жау  ұшағының  көзін  жойғаны  үшін 
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
1945 жылғы 24 маусымдағы Жеңіс Парадына қатысушы. 
Екінші «Алтын Жұлдыз» медалі гвардия капитаны Талғат Жақыпбекұлы 
Бигелдиновке  1945жылғы  27-маусымда  Краков,  Оппельн  (қазіргі  Ополе), 
Катовице, Бреслау (қазіргі Вроцлав) және Берлин қалалары үшін жаудың әскері 

52 
 
мен техникасын шабуылдаудағы эскадрильядағы шебер басшылығы мен әскери 
ерлігі үшін берілді. 
Соғыстың  екі  жылында  Т.Ж.  Бигелдинов  жаудың  жердегі  әскерін 
шабуылдауда  305  әскери  ұшу  амалын  жасады,  әуе  соғысында  7  самолеттің 
көзін жойды. Өзі де соққы алды. 
Соғыстан  кейін  1950  жылы  Әскери-әуе  академиясын  бітірді  және  1956 
жылға дейін КСРО Әскери-Әуе Күштерінде қызметін жалғастырды.  1957-1970 
жылдары  азаматтық  авиацияда  жұмыс  атқарды.  1968  жылы  Т.Ж.Бигелдинов 
Москва  инженер-құрылыс  институтын  бітірді,  кейіннен  Қазақ  ССР 
Мемқұрылыс жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 
И.С.  Полбин  атындағы  Орынбор  жоғары  әскери-авиациялық  ұшқыштар 
училищесінің құрметті курсанты. 
Фрунзе  қаласында  (қазіргі  Бішкек)  Екі  мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры 
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке қола мүсін орнатылған. 
Ақтөбе қаласында Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты Екі мәрте 
Кеңес  Одағының  Батыры  Талғат  Жақыпбекұлы  Бигелдинов  атымен  аталады. 
Қарағанды қаласында Республикалық Әскери мектеп-интернат Екі мәрте Кеңес 
Одағының  Батыры  Талғат  Жақыпбекұлы  Бигелдинов  есімін  иеленеді.  
Т. Бигелдинов 2014 жылғы 10 қарашада өмірден өтті. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет