Методика обучения химии



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#9320

86 

Вестник Карагандинского университета 



ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ 

МЕТОДИКА ОБУЧЕНИЯ ХИМИИ 

METHODS OF TEACHING CHEMISTRY 

ƏОЖ 004:372:854 

К. Сəдуақасқызы

1

, Г.Т. Кокибасова





1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; 

2

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: kokibasova@mail.ru) 

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын оқыту кезінде  

оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру 

Логикалық  заңдар  оқушыларда  жүйеленген  сұрақтар,  жаттығулар,  есеп  шығару  əрекеті  барысында 

қалыптасады.  Соңғы  уақытта  əдістемелік  əдебиетте  мектептегі  химия  пəні  ғылыми  тəртіп  бойынша 

емес,  жиында  есте  сақталу  үшін  мағлұмат  беру  мақсатында  өтілуі  əділ  бағалануда,  соның  ішінде 

бейорганикалық химия курсына қатысты. Оқушылардың жеке оқу пəніне үлесі, химияға деген дүние-

танымының қалыптасуы жаңа білімді алу жолында емес, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойының 

жəне ғылымға танымдық қабілетінің дамуы мақсатында жүзеге асады. Мұғалімнің мақсаты — химия 

пəні бойынша оқушылардың саналы жəне терең білім алуы, жалпы логикалық ойлауын дағдыландыру 

мақсатында логикалық қабылдауды пайдалану тəсілін жəне мүмкіндіктерін көрсету. 

Кілт  сөздер:  логикалық  ойлау,  тотығу-тотықсыздану,  электронды  баланс,  белсенді  ойлау,  дəлел, 

күкірт жəне оның қосылыстары. 

 

«Логика»  деген  сөз  гректің  «легос», «логос»  деген  сөздерінен  алынған. «Легос» — сөйлеу, 



түсіндіру, «логос» — ақыл, ой деген сөз. Логика деп дұрыс ойлаудың заңдары жəне ережелері туралы 

ғылымды айтамыз. Адам баласының тұрмысында дұрыс ойлау күрделі рөл атқарады. Адамның ойы 

дұрыс болу үшін ол белгілі бір ережелерге, зандарға бағынуы тиіс. Ойлау қабілеті — адамның рухани 

тұрмысының ең жоғарғы формасы. 

Дүниені білудің екі жолы бар: тікелей жəне жанама білу. Тікелей білу деп затқа, нəрсеге тікелей 

қатынас жасай білуді айтады. Жанама білу деп затпен тікелей байланыс жасамай, бір пікір мен екінші 

пікірді байланыстырып, дəлелдеуді айтады. Тікелей білуге керекті шарттарды материалды шарттар, 

немесе ақиқаттың материалдық критерийі, дейміз. 

Логиканы ғылым еткен гректің атақты философы Аристотель. Логика диалектиканың негізінде 

шықты.  Логиканы  ғылым  етіп  шығарған,  ойлаудың  ережелері  мен  жүйелерін  қалыптастырған 

Аристотель.  Ол  логикалық  формаларды  белгілі  мазмұндармен  байланысты  болады  деп  көрсетті. 

Аристотель логикасы — материалистік философия. Аристотель материализм мен идеализм арасында 

қобалжығанымен,  материалистік  жағы  басым  еді. Диалектикалық  материалистік  логиканы  алғашқы 

дамытқандар  К. Маркс  пен  Ф. Энгельс.  Оны  табиғатпен  байланыстыра  дамытқан  марксизм 

классиктері болып есептеледі. 

Логикалық  ойлаудың  ерекшелігі — қорытындылардың  қисындылығында,  олардың  шындыққа 

сай  келуінде.  Логикаға  түскен  құбылыс  түсіндіріледі,  себептері  мен  салдары  анықталады.  Ұғымдар 

арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен 

қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны жайлы пікірлер де көрсетіледі [1]. 

Логикалық танымның өзіне тəн заңдары дəстүрлі формалды логикамен анықталған. Аристотель 

формалды логика ойлаудың төрт негізгі заңдарын ашты: тепе-теңдік заңы, қарама-қайшылық заңы, 

үшіншіні ескермеу заңы, жеткілікті негіздеу заңы. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Тотығу-тотықсыздану реакцияларын … 

Серия «Химия». № 3(83)/2016 

87 

Бұл заңдар адам ойлауының шын мəніндегі заңдары болса, екінші жағынан, адамның ойлауының 



əмбебап табиғатын білдіреді — оның дүниесінің шексіз алуан түрлі кез келген сапалық тану қабілеті. 

Сондықтан  логика  заңдары  нақты  өзіне  тəн  заңдарының  аясында  ерекше  орын  алады,  философия 

ғылымында ойлауды зерттейтін идеалды заңдар ретінде танылады. 

Логикалық  заңдар — субъективтік  заңдар.  Логикалық  заңдар — заттардың  объективті 

байланысы бейнесінің мəні, сондықтан мазмұны объективті болады. Сонымен қатар ой заңдары бола 

отырып,  ой  табиғатынан  құралады,  олар  ойдың  қимылының  заңдары  ретінде  қалыптасады,  бірақ 

объективті ақиқатты білдірмейді. 

Логикалық  заңдар  адамның  практикалық  əрекеті  арқылы  көрініс  табады.  Соңғы  уақытта 

əдістемелік  əдебиетте  мектептегі  химия  пəні  ғылыми  тəртіп  бойынша  емес,  жиында  есте  сақталу 

үшін  мағлұмат  беру  мақсатында  өтілуі  əділ  бағалануда,  ол  əсіресе  бейорганикалық  химия  курсына 

байқалады.  Оқушылардың  жеке  оқу  пəніне  үлесі,  соның  ішінде  химияға  деген  дүниетанымының 

қалыптасуы  тек  жаңа  білімді  алу  жолында  емес,  оқушылардың  ақыл-ойының  жəне  ғылымға 

танымдық қабілетінің дамуы мақсатында жүзеге асады. 

Оқыту үдерісінде оқушылардың логикалық ойлауын дамыту дегеніміз: 

1)  пəндердің  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  тауып,  оларды  салыстырып,  ептілігін  дамыту; 

салыстыру — бұл заттардың индукция арқылы танымның алғашқы сатысы; 

2)  балаларға пəнді құрам бөліктерге талдату мақсатында əр құрам бөліктің танымын жəне ойша 

талданған  пəнді  біртұтас  жинақтау  арқылы  бөліктердің  өзара  əрекеті  мен  пəннің  біртұтас 

екендігін тануын ойша үйрету; 

3)  пəннің  елеулі  қасиетін  бөлу,  қарастыруды  қалыптастыру  жəне  басқа  елеусіз  қасиеттерден 

абстракциялау; 

4)  бақылаудан немесе деректен дұрыс тұжырым жасауды үйрену, осы тұжырымды тексеру; 

5)  деректерді жиынтықтауды дағдыландыру; 

6)  оқушылардың өзінің ой-пікірінің шынайылығын сендіре дəлелдеуді дамыту жəне жалған ой-

тұжырымын теріске шығару; 

7)  оқушылардың  ойларының  айқын,  дəйекті,  қайшылықсыз,  жүйелі  түрде  айтылуын  қадағалау 

керек. 

Мұғалімнің  мақсаты — химия  пəні  бойынша  оқушылардың  саналы  жəне  терең  білім  алуы, 



жалпы логикалық ойлауын дағдыландыру мақсатында логикалық қабылдауды пайдалану тəсілін жəне 

мүмкіндіктерін көрсету. 

Белсенді  ойлау  проблема  туындаған  кезде  ғана  пайда  болады.  Осыдан  логикалық  ойлауды 

дағдыландыруды шешу шартының бірі проблемалық болып табылады. Жаңа мəліметтерді баяндауды 

жалпы  проблеманы  қоюдан  бастаған  дұрыс.  Бұл  проблема,  мүмкіндігінше,  баяндаудан  алдыңғы 

мəліметтен  логикалық  қажетті  кезекті  таным  ретінде  шығуы  керек.  Осылайша,  жалпы  түрде 

проблеманы шешу жолы көрсетіледі [2]. 

Тақырыпты  баяндау  үдерісінде  белгіленген  жоспар  бойынша  тəжірибе  не  анықтама  арқылы 

шешілетін жаңа ішінара мəселелер, болжамдар, баламалар туындайды. Логикалық ойлауға дағдылану 

үшін тапсырмалар шешілмеуі мүмкін емес, мысалы, арнайы станоктағы жұмыс істеу тəсілін сол істің 

нағыз  маманы  ұстаз  ғана  көрсетіп  үйретеді.  Оқушылардың  ақыл-ой  іс-əрекетін  жұмылдырудың 

қажетті  шарты  жаңа  білімді  жинақтау  үдерісі  болып  табылады.  Бұл  мақсатқа  қолжеткізудің  тура 

жолы — эвристикалық əдісті пайдалану [3]. 

Жоғары  сыныптағы  оқушылардың  логикалық  ойлауын  жетілдіруді  қалай  жүзеге  асыру  керек 

деген мəселені нақты сабақ арқылы қарастырып көрейік. 

Тотығу-тотықсыздану реакция(ТТР) теңдеуі үшін электронды балансын құрау 8-сыныпта өткен 

«Күкірт  жəне  оның  қосылыстары»  тақырыбында  жүзеге  асады.  Яғни,  бұл  жерде  қиын  деңгейдегі 

теңдеу түрін қарастырамыз, мысалы: 

 

 

тсш, 



тотығады 

ттш, 


тотықсызданады 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У



К. Сəдуақасқызы, Г.Т. Кокибасова 

88 


Вестник Карагандинского университета 

 

ттш, 



тотықсызданады 

 

тсш, 



тотығады 

 

 



ттш, 

тотықсызданады 

 

тсш, 


тотығады

 

Осы жəне басқа  да  мысалдарда  оқушылар  атом  құрылысы,  оның қасиеттерін  анықтайды деген 



логикалық  дұрыс  тұжырым  жасауын  жалғастырады.  Сонымен,  күкірт  атомы  ішкі  энергетикалық 

деңгейінде  алты  электрон  болуымен,  тағы  екі  электрон  қабылдауға  қабілетті  жəне  осылайша  оның 

тотығу  дəрежесі –2 көрсетеді (H

2

S)  немесе  екі  электрон,  не  төрт  электрон,  не  алты  электрон  беріп, 



олардың тотығу дəрежесі, сəйкесінше, +2, +4, +6 (SCl

2

, SO



2

, H


2

SO

4



) тең болады. 

Оқушылар  мысалда  тотығу-тотықсыздану  үдерісін  қарастыра  отырып,  а)  күкірт  атомы  алты 

электрон  беру  арқылы –2 тотығу  дəрежесінен +4 тотығу  дəрежесіне  өтетінін  байқайды;  ə)  күкірт 

атомы S(+6) күйінде тек электрон қабылдай алады. Сөйтіп, оқушылар электронды бергенде элемент 

қасиетінің  төмен  тотығу  дəрежесі  артатындығы,  ал  электронды  қабылдағанда  тотығу  дəрежесі 

төмендейтіндігі жайлы қорытынды жасайды. 

9-сыныпта химия бойынша элементтердің тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысты заңдылықтар 

күрделене  түседі.  Осылайша  тотықтырғыш  ретінде  азот  қышқылын  оқытудың  алдыңғы  «Азот 

топшасы»  тақырыбы  түрінде  өтетін  «Тотығу-тотықсыздану  реакцияларының  заңдылықтары» 

тақырыбы басты орынға ие болады. Бұл сабақта оқушылар ТТР анықтамасын қысқаша қайталағаннан 

кейін тотығу-тотықсыздану үдерісінің заңдылықтарымен танысады. 

– Бірінші  заңдылық — тотығудың  тотықсызданумен  байланысы, «тотықтырғыш», «тотығу», 

«тотықсыздандырғыш», «тотықсыздану» түсініктерінде берілген жəне қабылданған электрондардың 

тепе-теңдігі. 

– Екінші  заңдылық — ТТР-ның  күшті  тотықтырғыш  немесе  тотықсыздандырғыштан  əлсіз 

тотықтырғыш  немесе  тотықсыздандырғыш  түзілу  жағына  қарай  өтуі. (Тотығу-тотықсыздану 

потенциалы қатары туралы түсінік беріледі жəне оның қолданылу тəсілі талқыланады.) 

– Үшінші заңдылық — қосылыстың рекцияда күшті тотықтырғышпен немесе тотықсыздандыр-

ғышпен қатысуы. 

Барлық  заңдылықтарды  «Азот  жəне  оның  қосылыстары»  тақырыбы  бойынша  мысал  түрінде 

қарастырамыз. Одан кейін келесі сабақта оқушылардың ТТР заңдылықтары туралы білімін пайдалана 

отырып,  құрамында  тотығу  дəрежесі  жоғары  азот  атомы  болатын  азот  қышқылы  молекуласының 

қасиетін түсіндіреміз. 

Оқушылардың  барлық  алған  жаңа  білімдері  сабақ-тренингте  бекітіледі  жəне  осы  тақырып 

бойынша арнайы өтетін өзіндік жұмыста тексеріледі. Осылайша оқушылар бейорганикалық химияны 

оқуын  аяқтай  отырып,  тотығу-тотықсыздану  үдерісін  қарастыруды  үйренеді  жəне  олардың  өту 

себебін түсіндіре алады. Органикалық химияда заттардың əр түрлі класын өткен кезінде 8-сыныпта 

алған  ережені  есте  сақтай  отырып,  нақты  мысалда  тотығу  дəрежесі  туралы  түсінікті  қарастыруға 

тырысамыз. Мысалы: 

 

 



 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Тотығу-тотықсыздану реакцияларын … 

Серия «Химия». № 3(83)/2016 

89 

Бұл  мысал  арқылы  оқушыларда  молекуладағы  байланыс  полярланады  жəне  С-Н  байланыстың 



əлсіз  полярлығын  есепке  ала  отырып,  электронды  тығыздықтың  оттегі  атомына  қарай 

жылжитындығы  жайлы  пікір  қалыптастырамыз.  Органикалық  заттардың  қатысуымен  өтетін  ТТР 

теңдеуін  жазу  кезінде  қарапайым  жағдайда  «тотығу  дəрежесі»  деген  түсінікті  қолдануға  болады. 

Бейорганикалық  химияда  ТТР  үшін  коэффициенттері  осы  ереже  бойынша  анықталатын  реакция 

теңдеуін келтіреміз: 

 

 



 тсш, 

тотығады 

ттш, 

тотықсызданады 



 

 

тсш, 



тотығады

ттш, 


тотықсызданады

 

Жоғары  сыныптағы  оқушылардың  жалпылама  қайталауды қорытындылау  кезеңінде  логикалық 



ойлау деңгейін көтеру үшін 11-сыныпта химиялық реакциялардың жіктелуі туралы білімін жалпылай 

отырып,  алынған  заттардың  құрамына  кіретін  атомның  тотығу  дəрежесі  өзгеруі  бойынша 

жіктеулердің  бірін  талдаймыз.  Бұл  сабақта  оқушылардың  «электртерістілік», «тотығу  дəрежесі», 

«тотықтырғыш», «тотығу», «тотықсыздандырғыш», «тотықсыздану»,  ТТР  заңдылықтары,  ТТР 

теңдеулерін  дұрыс  жазу  жəне  электронды  баланс  əдісі  көмегімен  коэффициенттерді  табу  туралы 

түсініктерін қолдана отырып, ТТР бойынша барлық білімін жинақтай түсеміз. ТТР қарастыру кезінде 

қабілеттілігі  жоғары  сынып  үшін  электронды-ионды  теңдеуі  туралы  мəліметті  беруге  болады. 

Мысалы: 


 

 

Бұл сабақта элементтің реттік нөмірі артқан сайын жай заттардың тотықсыздандырғыш қасиеті 



төмендейді,  ал  тотықтырғыш  қасиеті,  сəйкесінше,  жоғарылайтындығын  еске  салғанымыз  жөн. 

Мысалы, екінші периодта ең белсенді тотықсыздандырғыш — литий, ал ең белсенді тотықтырғыш — 

фтор  (бұл  атомның  ішкі  энергетикалық  деңгейіндегі  электрон  санымен  жəне  оның  радиусымен 

байланысты). 

Негізгі  топтағы  элементтердің  реттік  нөмірі  жоғарылаған  сайын  тотықсыздандырғыш  қасиеті 

өседі  жəне,  сəйкесінше,  тотықтырғыш  қасиеті  төмендейді  (бұл  атом  радиусының  жоғарылауына 

байланысты).  Ең  күшті  тотықсыздандырғыш — сілтілік  металдар (Fr, Сs),  ал  ең  күшті 

тотықтырғыш — галогендер (F, Сl). 

Бейметалдар,  металдарға  қарағанда,  тотықтырғыш  та,  тотықсыздандырғыш  та  бола  алады. 

Мысал ретінде күкіртті алуға болады 

 

 

ттш, 



тотықсызданады

тсш, 


тотығады 

 

Оқушылармен  бірге  күрделі  заттардың  тотықтырғыш  жəне  тотықсыздандырғыш  қасиеті  оның 



құрамына  кіретін  элемент  атомының  тотығу  дəрежесіне  (т.д.)  байланысты  екенін  дəлелдейміз. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


К. Сəдуақасқызы, Г.Т. Кокибасова 

90 


Вестник Карагандинского университета 

Мысалы, HNO

3

 -те азот атомы т.д.= +5 көрсетеді, бұл оның ең жоғарғы тотығу дəрежесі. Демек, ол 



өзінің  тотығу  дəрежесін  төмендетіп,  тек  электрон  қабылдай  алады.  Сол  себепті  азот  қышқылы — 

күшті  тотықтырғыш. NН

3

 -те  азот  атомы  төмен,  т.д.= –3 көрсетеді,  ол  тек  электрон  бере  алады. 



Сондықтан  аммиак — тотықсыздандырғыш.  Оқушылардың  ТТР  бойынша  барлық  білімін  жүйелей 

отырып, оның жіктелуін қарастырамыз. 

ТТР  сабағы  олардың  табиғатта  жəне  техникадағы  рөлін  қарастыруынан  кейін  аяқталады. 

Сондай-ақ заттардың алмасуы, шіруі, ашуы, фотосинтезі, тыныс алуы жайлы мəліметтерді келтіреміз. 

Сонымен  қатар  ТТР-дың  көмегімен  халық  шаруашылығына  қажетті  бағалы  заттар  алатынын  жəне 

химиялық энергиядан электр энергияға түзілу негізінде ТТР жататындығын еске саламыз. 

Бағдарламада,  оқулықтарда  жəне  оқыту  үдерісі  қойылуында  логикалық  тəсілдер  ішінен  осы 

айтылған тəсіл жиі қолданысқа ие. Ол оның тиімділігінің жоғары екенін көрсетеді. Оқытушы өзінің 

пəнін біліп қана қоймай, сыныпта көптеген оқушыларды оқыту мүмкіндігіне ие болады. Бұл мақсатқа 

жету үшін оқытушы оқытудың мақсатын түсінуі, оқыту əдісін игеруі, оқушылардың жас ерекшелігі 

психологиялық сұрақтарын талқылауы қажет. 

Оқыту  үдерісіне  бағдарламаға  бірнеше  өзгерістер  енуімен  байланысты,  оларды  салыстыра 

отырып, келесі жағдайларды есте сақтаған жөн: 

1) химиялық ғылымдағы жаңаша баяндалған мəлімет логикалық заңдылықтармен сəйкес келеді; 

2) мəліметтердің қиындығына қарамастан, 8-сынып оқушыларына түсінікті болуы шарт; 

3) оқу  мəліметі  логикалық  жəне  реттілікпен  баяндалатындықтан,  оқушыларда  түсініспеушілік 

туғызбайды; 

4) оқушылардың жауаптары ғылыми негізделген жəне дұрыс тұжырымдалған болады; 

5) оқытудың  бірден-бір  мақсаты  логикалық  ойлауды  дамыту  болып  табылады.  Білім 

алушылардың  логикалық  ойлауын  дамыту  бойынша  оқытушының  жұмысы  айтылғандармен 

шектелмейді.  Пəнді  зерттеу  ойлау  қабілетін  дұрыс,  бірізділікпен  жəне  дəлелді  түрде  дамуына 

мүмкіндік береді. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Андриенко А.Л. Формирование понятий об окислении-восстановлении в курсе неорганической химии средней школы 

// Вопросы преподавания химии в средней школе. — Ульяновск, 1975. — 256 с. 

2  Гневина Н.А. Привитие интереса школьников к знаниям: сб. метод. материалов. — Ч. 2. — Астрахань, 1993. — 324 с. 

3  Зуева М.В. Совершенствование организации учебной деятельности школьников на уроках химии. — М.: Просвеще-

ние, 1989. — 223 с. 

 

 



К. Садуакаскызы, Г.Т. Кокибасова 

Развитие логического мышления учеников  

при обучении окислительно-восстановительных реакций 

К овладению логикой учащиеся приходят не произвольно, а в результате решения продуманной сис-

темы вопросов, упражнений и задач. Мышление формируется в единстве противоположных приемов 

умственной  деятельности  логического  анализа  и  синтеза,  абстрагирования  и  конкретизации,  класси-

фикации  и  систематизации.  Логический  синтез  знаний  и  труда  оказывает  глубокое  воздействие  на 

личность ученика. В психологии большое значение в развитии мышления отводится памяти. Для со-

единения  логического  мышления  и  памяти  ученик  должен  уметь  анализировать  учебный  материал

находить в нем главное, сущностное. При этом задача учителя — помочь учащимся представить ре-

зультаты анализа через синтез учебного материала в виде различного рода блоков или укрупненных 

единиц. 

 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Тотығу-тотықсыздану реакцияларын … 

Серия «Химия». № 3(83)/2016 

91 

K. Saduakaskyzy, G.T. Kokibasova  



The development of logical thinking of students  

at training of redox reactions 

The pupils do not randomly come to mastering logic, and as a result of the decision of the thought system of 

questions, exercises and tasks. The thinking is formed in unity of opposite methods of cerebration of the logi-

cal analysis and synthesis, abstraction and a specification, classification and systematization. Logical synthe-

sis of knowledge and work make deep impact on the identity of the pupil. In psychology the great value in 

development of thinking is allocated for the memory. For connection of logical thinking and memory the pu-

pil has to be able to analyze a training material, to find in it the main thing, intrinsic. Thus a task of the teach-

er is to help pupils to present results of the analysis through synthesis of an educational material in the form 

of different blocks or integrated units. 

 

 



References 

4  Andrienko A.L. Questions of teaching chemistry in high school, Ulyanovsk,1975, 256 p. 

5  Gnevina N.A. The pupils’ interest inoculation to knowledge, Astrakhan, 1993, 324 p. 

6  Zueva M.V. Organization advance pupils’ learning activity at Chemistry’s lessons, Moscow: Prosveshchenie, 1989, 223 p. 

 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет