Метрология, стандарттау, сертификаттау


Индустрия және даму Министрлігінің



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата14.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#107634
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Лекции МССУК-Каз

 
Индустрия және даму Министрлігінің
 
«Стандарттау, метрология және 
сертификаттау Комитетінің» ережелеріне сәйкес және де «Техникалық реттеу 
туралы» (2004 ж., 9 қараша), «Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету туралы» (2000 
ж., 7 маусым), «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» (2004 ж., 4 мамыр) 
Заңдарына сүйене отырып өзінің қызметін орындайды. 
 
Жаңа заңдар халықаралық талаптардың барлығына сәйкес. Комитет 
стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредитациялау салаларындағы 
мемлекеттік саясатын құрастырып, іске асырады, стандарттау бойынша 
нормативті құжаттар талаптарын орындалуының, сертификаттау ережелерін
сертификаттанатын өнімнің сапасын, өлшеу құралдарының күйлері мен 
қолдануын, сертификаттау бойынша органдар мен сынау зертханалардың
қызметтерін мемлекеттік бақылауын орындайды. Комитет саудадағы 
техникалық кедергілерді жою мақсатымен стандарттау, метрология және 
сертификаттау бойынша халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты 
қамтуға тырысады.
Стандарттау бойынша тұрақты жұмыс органдары 
техникалық 
комитеттер 
болып табылады

бірақ сонымен бірге нормативті құжаттарды 
кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, шаруашылық қызыметінің басқа да 
субъекттері жасаулары мүскін. 
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [2-5,8,9] алуға болады. 


36
№9 дәріс. Халықаралық стандарттау 
Дәріс мазмұны:
стандарттау бойынша ұйымдар.
 
Дәріс мақсаты:
халықаралық стандарттау ұйымдарының құрылымын, 
функциялары мен есептерін оқу.
Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым – ұлттық 
ұйымдардың Халықаралық ассоциациясы 1926 ж. құрылған, бірақ 1939 ж. 
екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін ыдырады.
Қазірдегі стандарттау бойынша Халықаралық ұйым
 –
ISO (International 
Organization for Standardization, ISO)
1946 ж. 25 елмен құрылды. ISO 
ұйымының қызмет саласы электротехника мен электроникадан басқа барлық 
салалардан тұрады.
Электротехника мен электроника салаларындағы стандарттаумен 
Халықаралық электротехникалық комиссиясы
(International Electrotechnical 
Commission - IEC)
айналысады. Кейбір жұмыстарды ISO мен IEC бірге 
орындайды.
ISO есептері
: тауарлар мен қызметтермен халықаралық алмасу, және 
интеллектуалды, 
ғылыми-техникалық, 
экономикалық 
салаларында 
ынтымақтастықты дамыту мақсаттарымен әлемдегі стандарттау және 
жапсарлас қызметтерінің дамуына жәрдемдесу. ISO стандарттары өнімдер мен 
қызметтер қауіпсіз, сенімді жане сапалы болатынына кепілдік береді. Бизнес 
үшін шығындар мен қателерді минимумдау және тиімділікті жоғарлатудың 
олар стратегиялық құралы болады. Осы стандарттар компанияларға жаңа 
нарықтарға қол жеткізу, дамитын елдерге бірдей шарттарды қамтамасыз етуге, 
еркін және әділетті халықаралық саудаға көмектеседі. ISO стандарттары 
дуниежүзіндегі мамандармен жасалады, сондықтан олар халықаралық 
тәжірибе мен білімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезде ISO-ға 162 ел уәкілдері кіреді, оның құрамында 
стандарттарды құрастыратын 
3368 техникалық органдары бар, 
151 адам ISO-
ның Орталық хатшылығында (Женева, Швейцария) жұмыс жасайды. 
ISO-ның жоғарғы басшылығы Бас ассамблея болып табылады, ол үш 
жылда бір рет өткізіледі. Тікелей басшылықты ISO Кеңесі орындайды. Негізгі 
үйлестіруші жұмыстар 7 негізгі комитеттерде өткізіледі: СТАКО (STAKO - 
Standard Commitee)– стандарттаудың ғылыми принциптерін оқу комитет, 
ПЛАКО (PLACO - Planning Committee) - техникалық бюро, КАСКО (CASCO - 
Committee on conformity assessment) – сәйкестікті бағалау комитеті, ИНФКО 
(INFCO- Information Committee) - ғылыми-техникалық ақпарат бойынша 
комитеті, ДЕВКО (DEVCO — Committee on developing country matters) – 
дамушы елдерге көмек беру комитеті, КОПОЛКО (COPOLCO - Committee on 
consumer policy)– тұтынушылардың мүдделерін қорғау комитеті, РЕМКО 
(REMCO - Committee on reference materials) – стандартты үлгілер комитеті. 
Халықаралық стандарттарды жасаудың тікелей жұмысын техникалық 


37
комитеттер мен кіші комитеттер орындайды. Олар жұмыс топтарын құра 
алады. ISO ұғымының ресми тілдері ағылшын, француз, орыс. ISO
19000
астам 
стандарттар құрастырды, жыл сайын 500-600 стандарттар әзірленеді, өңделеді. 
Орыс тіліне барлық стандарттардың 70% астам аударылған. 
ISO халықаралық стандарттары барлық мүше елдер үшін міндетті 
статусы жоқ. Әр ел оларды қолдануларына немесе қолданбауларына болады.
Қазақстанда ISO стандарттарының жартсысы қолданылады. Стандарттардың 
тек қана 20%-да белгілі өнімдерге талаптар орнатылған. Стандарттардың 
көбісі қауіпсіздік, өзара алмасушылық, техникалық сәйкестік, өнімдерді 
сынаудың әдістерін және жалпы методологиялық сұрақтарын қарастырады.
Халықаралық электротехникалық комиссия (IEC)
1904 ж. 13 елдің 
конференциясында құрастырылды. Осы елдердің ынтымақтастығының 
басталуының мерзімі – 1881 жыл. IEC бірінші салалық стандарттау бойынша 
халықаралық ұйым болып табылады. IEC электротехника, электроника, 
радиобайланыс, аспап жасау салаларындағы стандарттау есептерін 
қарастырады. IEC 1946 жылдан бастап ISO құрамындағы бірінші автономдық 
ұйымдастыру. Барлық мүше елдердің ұлттық комитеттері IEC-тің жоғарғы 
басқару органын - Кенесті құрастырады. IEC-тің негізгі үйлестіруші органы – 
Әрекет комитеті. Ол жұмыстың жаңа бағыттарын дамытудың қажеттіліктерін 
анықтайды, 
әдістемелік 
құжаттарды 
жасайды, 
басқа 
ұйымдармен 
ынтымақтастық сұрақтарын шешуге қатысады. Кеңестің тапсырмаларын 
орындайды.
IEC стандарттарын екі түрге бөлуге болады – салааралық болатын жалпы 
техникалық, және белгілі өнімге талаптардан тұратын техникалық с.тандарттар 
Жыл сайын IEC халықаралық стандарттау бойынша 500 астам тақырыптарды 
қарастырады. IEC 2000 астам стандарттарды қабылдады. ISO–ның 
стандарттарына қарағанда бұл стандарттар нақтылау болып табылады.
ISO-мен бірге IEC сынау зертханаларының және әдістемелік сұрақтарының 
стандарттау, сертификаттау, аккредитациялау ISO/IEC Нұсқаулықтары мен 
директиваларын жасайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) стандарттау, 
метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңесі
ТМД-
ның стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша келісілген 
саясатын қалыптастыру және жүргізудің үкіметаралық органы болып 
табылады.
Мемлекетаралық
 
Кеңесі «Стандарттау, метрология және сертификаттау 
саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы келісім» (1992 ж. 13 наурыз) 
негізінде стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы 
жұмыстарды үйлестіру, стандарттау, метрология, сертификаттау және 
аккредитациялаудың 
негізгі 
бағыттарын 
анықтауға 
құрастырылған. 
Мемлекетаралық Кеңес мемлекетаралық стандарттарды қабылдайды.
Мемлекетаралық Кеңес мүшелерінің отырысы Мемлекетаралық 
Кеңестің жоғарғы органы болып табылады, ол жылына екі рет кезекпен мүше 


38
елдерде – Келісімге қатысушыларда өткізіледі. Отырыстар арасында Кеңес 
жұмысын Төраға басқарады. Мемлекетаралық Кеңес төрағасының 
функцияларын кезекпен стандарттау, метрология және сертификаттау ұлттық 
органдарының басшылары орындайды. Регионалды ақпараттық орталық пен 
эксперттер тобынан тұратын стандарттар бойынша Бюро Мемлекетаралық 
Кеңесінің жұмыс органы болып табылады. 
1995 ж. Мемлекетаралық Кеңес стандарттау бойынша Халықаралық 
ұйымдастыруымен (ISO) - 
Стандарттау, метрология және сертификаттау 
бойынша
Еуразиялық Кеңес ретінде 
бекітілді. Стандарттаудың еуропалық 
жүйесінің негізгі принциптері тәуелсіздік және билік органдарымен 
ынтымақтасу. Америкалық жүйеден өзгеше стандарттаудың еуропалық жүйесі 
реттелген және ұйымдасқан. Стандарттау бойынша Еуропада үш ұйымдастыру 
бар: телекоммуникациялық стандарттардың Еуропалық институты ETSI


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет