Сертификаттаудың халықаралық тәжірибесімен қабылданған ережелерге және ИСО/ХЭК ұсыныстарын есепке ала үшінші жақпен қолданылатын келесі сертификаттау сұлбаларын қолдану әзірленді және ұсынылды.
1-сұлба. Типтік сынақ.
2-сұлба. Типтік сынақ және одан кейінгі сауда сферасындағы өнімдер (іріктеме) үлгілерінен алынатын кезеңдік сынау арқылы қадағалауды жүзеге асырады.
3-сұлба. Типтік сынақ және одан кейінгі жасаушы өнеркәсіптерден алынатын іріктемелерді кезеңдік сынау арқылы қадағалауды жүзеге асырады.
4-сұлба. Типтік сынақ және одан кейінгі сауда саласында және жасаушы өнеркәсіптерден алынатын іріктемелерді кезеңдік сынау арқылы қадағалауды жүзеге асырады.
5-сұлба. Жасаушы кәсіпорыннан және сауда саласынан алынатын үлгілерді (іріктемелер) тексеру және сынау нәтижелерін ескеретін және қадағалауды жүзеге асыратын типтік сынақ және кәсіпорындағы сапаны басқару жүйесінің бағасы, басқармамен келісім жасау.
6-сұлба. Кәсіпорындағы сапа жүйесін бағалау.
7-сұлба. Өнім партиясын сынау.
8-сұлба. 100%-дық өнімді сынау.
1-сұлба. Өнім үлгілеріне типтік сынақтардың сынақ жасайтын ұйымдармен арнайы бекітілген стандарттар талаптарына сәйкестігін жүргізуге ғана негізделеді. Сертификаттаудың бұл түрін қолдануда тек ұсынылған үлгінің қалыптасқан талаптарға сәйкестігінің сыналуы ғана расталады. Қарапайымдылығы және салыстырмалы аз шығынды болғандығынан ол сауда-экономикалық қатынастарда және ұлттық, халықаралық ауқымдарда таралған.
2-сұлба. Сауда сферасынан алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге негізделеді. Бұл сұлбаны қолдану ұсынылған үлгілердің сапасын бағалаумен қатар сериялы шығарылатын өнімнің сапасын да бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығында, алайда мұнда шығындар алдыңғы әдіске қарағанда жоғары болып келеді. Оның кемшіліктеріне жататыны, мұнда бақылау сынақтарының шешімі бойынша өнімнің стандарттар талаптарына сәйкес келмеуінің анықталуы өнімнің іске асырылуында ғана болады. Сауда сферасының стандарттарына сәйкес келмейтін өнімдерді алу қиындатылған.
3-сұлба. Сауда желісіне немесе тұтынушыға жіберу алдында алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге негізделеді. 2-сұлбаға қарағанда бақылау сынақтарын өнімдердің сауда желісіне түспес бұрын өткізеді, бұл стандарттарға сәйкес келмеу жағдайларын анықтағанда оның тиелуін тоқтатуға мүмкіндік береді.
4-сұлба. Сауда сферасынан және өндірістен алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге (1 – 3 сұлбалардағыдай) негізделеді. Алайда мұнда да өнім жасап шығарылуынан кейін және оның өндірісіне қаражат жұмсалғаннан кейін ғана өнімдердің стандарттар талаптарына сәйкес келмеуі анықталынады.
5-сұлба. Сауда сферасынан және өндірістен алынған үлгілерді кезеңдік бақылау сынақтары арқылы өнімнің сапасын ары қарай бақылаумен арнайы бекітілген сынау ұйымдарында өнім үлгілерін типтік сынақтан өткізуге негізделеді. Сертификаттаудың бұл түрі өнім сапасын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге кәсіпорынның талап етілетін сапа дәрежесінде өнімді шығару мүмкіндігін бағалай алады. Сапаны қамтамасыз ету жүйелерін бағалауды жүргізгенде кәсіпорында оның критерилерін анықтау қалыпты жағдай. Бұл сұлба өнеркәсібі дамыған әлем елдерінде және сертификаттаудың халықаралық жүйелерінде кең таралған. Жоғарыдағы ерекшеліктердің түрлілігіне қарағанда бұл сұлба едәуір күрделі және қымбат, алайда оның артықшылығы тұтынушы өнімнің жоғары дәрежеде екендігіне көз жеткізе алады.
6-сұлба. Кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ету жүйелерін бағалауды жүргізумен ғана негізделеді. Бұл түрді кейде жасаушы кәсіпорындардың аттестатталуы деп атайды. Бұл түрдің сертификатталуын қолдануда кәсіпорынның көрсетілген сапа дәрежесіне сай өнімді шығару қабілеттілігі ғана бағаланады. Сертификаттаудың бұл жүйесін стандарттың соңғы өнімге талабын регламенттемегенде (себебі ол әртүрлі формаларды қабылдауы мүмкін) қолданады, талапты тек өндіріс түріне ғана анықтайды.
7-сұлба. Өнімнің әрбір жасалынған партиясының іріктемелеріне сынақ жүргізумен негізделеді. Партияны тиеу туралы шешімді іріктеу сынақтарының нәтижелері бойынша қабылдайды. Сертификаттаудың бұл түрі үшін анықталған қабылдауға лайықты сапа дәрежесі мен жасалынған партия өлшемдерінен тәуелді іріктемелердің көлемін анықтау қажет. Қабылданған ережеге сәйкес іріктеулер уәкіл органдармен қалыптасады. Сертификаттаудың бұл түрін пайдалану статистикалық талдау әдістерін қолданумен байланысты.
8-сұлба. Жасалынған әрбір жеке бұйымның стандарттар талаптарына сәйкестігі үшін сынақтар жүргізуге негізделеді. Бұл жағдайда өнімнің анықталған талаптарға сай болуына жеткізушінің жауапкершілігі сертификаттаудың жоғарыдағы барлық сұлбаларын қолдануға қарағанда өте жоғары. Сынақтан сәтті өткендерінің ғана сертификат алуы немесе сынақтан сәтті өткен бұйымдардың ғана таңбалануы қалыпты жағдай.
Өнімнің ғылыми-техникалық құжаттамаға сәйкестігін анықтаудағы қажетті құрал ретінде өнімді сынақтан өткізу осы сұлбалардың маңызды элементі болып табылады. Осыған орай сынақ жүргізетін зертханалар құзырлы болуы қажет.
Аталған сұлбалар жасаушы кәсіпорындардың өндірісін үздіксіз қадағалауды және кәсіпорындардағы сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің қызметін тексеруді талап етеді.
Тұтынушылар мүдделерін қорғаудың бір түрі ретінде оның денсаулығын қорғауда ақпараттық заттаңбалаудың сертификаттауға бірден-бір қатысы бар. Ақпаратты жасаушы тақтайшаларда және зат таңбаларда көрсетеді. Өнімдерді заттаңбалағанда жалған ақпарат беруді болдырмау мақсатында кейбір елдерде тағам өнімдерінің сапасы туралы мағлұматтың жасандылығы үшін санкциялар туралы заңдар қолданыста. Мысалы, 1989ж. мұндай заң Францияда енгізілген.