Метрология, стандарттау


Өнімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлемесі



бет8/57
Дата26.01.2023
өлшемі7,48 Mb.
#63113
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

1.9 Өнімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлемесі

Жұмыстың мақсаты - өнімнің сапа талаптарын қанағаттандыратындай «Сапа жүйесінің» әр кезеңінің орындалуы үшін қажетті шарттарды құру бойынша шараларды әзірлеу. Өнімнің сапа талаптарын әртүрлі құжат түрлерінде көрсетеді: техникалық тапсырмаларда, нормативті –техникалық құжаттарда (стандартта, техникалық шарттарда). Бұл талаптарды кәсіпорын (техникалық бөлім, техникалық бақылау бөлімі, орталық ғылыми-зерттеу зертханасы) реттейтін өнімнің сапасын көтеретін мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларда (МҒТБ) да көрсетеді. Бағдарламаны белгілі бір өнімге дайындайды. Ол дайындалатын өнімнің техникалық деңгейі мен сапасы бойынша тапсырмадан, «сапа тұзағының» барлық кезеңдерінен ресурсты қамтамасыз ету талаптарынан (мысалы, қажетті сапалы бұйымның өндірісі өндірістік персоналға және т.б. үшін қажет жабдыққа, шикізатқа, жинақтау бұйымдарына, метрологиялық заттарға талаптар), сонымен қатар бұл талаптардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін «сапа тұзағының» барлық кезеңіндегі шараларынан тұрады.


МҒТБ шараларын орындайтын тәртіп, ереже және әдістер кәсіпорын реттейтін сапа жүйесінің құжаттарымен анықталады.


1.10 Стандарттау органдарының және қызметтерінің жүйесі

Қазақстанда стандарттау бойынша жұмыс жетекші органмен (ұлттық), жұмыс органдарымен және бақылаушы ұйымдармен жүзеге асырылады.


Қазақстанда стандарттау бойынша ұлттық орган ол елдегі стандарттаудың мемлекеттік жетекшілік етуін жүзеге асыратын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Қазақстан Республикасының Комитеті (ҚР Мемстандарты).
ҚР Мемстандарты келесі қызметтерді атқарады:

    • стандарттау, сертификаттау және метрология сұрақтарына қатысты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін реттейді;

    • стандарттау, сертификаттау және метрология аумағындағы Қазақстан Республикасының және басқа да Мемлекеттік субъектілердің құрамындағы республика билігіндегі органдармен өзара әрекет етеді;

    • стандарттарды әзірлеу және қолдану бойынша, сонымен қатар өз құзыретіне ұқсас басқа да проблемалар бойынша техникалық комитеттің және шаруашылық іс-әрекет субъектілердің әрекетін бағыттайды;

    • өз құзыретінің шегінде заң жобаларын және басқа да құқық актілерін дайындайды;

    • стандарттау, сертификаттау және метрология жұмыстарын жүргізу бойынша тәртіп және ережелерді бекітеді;

    • мемлекеттік стандарттарды қабылдайды, нормативті құжаттардың, зат және материалдардың стандартты үлгілерінің тіркелуін жүзеге асырады;

    • сынау зертханасын және серттификаттау бойынша органдарды аккредиттеу қызметін басқарады;

    • стандартттардың міндетті талаптарын, метрология ережелерін және міндетті сертификаттаудың орындалуы жайында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    • Қазақстанды халықаралық ұйымдарда және Мемлекетаралық ТМД кеңесінде таныстырады;

    • сәйкес шет ел органдарымен қарым –қатынас жасайды;

    • аумақтардағы Мемстандарт қызметін атқаратын ғылыми - зерттеу институттарының және территориалды органдардың жұмысын басқарады;

    • мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының, сертификаттаудың міндетті ережелерінің орындалуына бақылау және қадағалау жүргізеді;

    • халықаралық, аумақтық және мемлекетаралық (ТМД аумағында) стандарттау және т.б. жұмыстарға қатысады.

Стандарттау бойынша тұрақты жұмыс органдары болып стандарттау объектісіне қарай мамандандырылған стандарттау бойынша техникалық комитеттер (ТК) танылады.
Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің негізгі қызметі:

    • өз аймағындағы стандарттаудың даму концепциясын анықтау;

    • жаңа стандарттардың жобаларын әзірлеу және іс-жүзіндегі стандартты жаңарту;

    • стандарттарды және т.б. әзірлеуге қатысатын ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Халықаралық стандарттау желісі бойынша техникалық комитеттер ұлттық стандарттардың халықаралыққа сәйкес болу сұрақтарымен айналысады, стандарттау бойынша халықаралық (аймақтық) ұйымдардың техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады, сонымен қатар бірқатар басқа да жұмыстар атқарады.
Техникалық комитетті құру үшін ғылыми-техникалық база ретінде қызмет ету профилі оның мамандануына сәйкес келетін кәсіпорын және ұйым қызмет атқарады. Оның қатарына ҚР Мемстандартының және ҚР Мемқұрылысының ғылыми-зерттеу орталықтары да кіреді.
Стандарттау бойынша басқа да қызметтер ретінде ғылыми-зерттеу, конструкциялық және басқа да ұйымдарда құрылатын арнайы қызметтерді (зертханалар, бөлімдер, бюролар, орталықтар) және стандартау, сертификаттау және метрология аумағындағы үйлестіруші жұмыстарды атап айту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет