Метрология, стандарттау


Мемлекеттік стандарттау жүйесі



бет9/57
Дата26.01.2023
өлшемі7,48 Mb.
#63113
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
1.11 Мемлекеттік стандарттау жүйесі

Қазақстанда стандарттаудың құқықтық негізі «Техникалық реттеу туралы» мемлекеттік заңда бекітілген, Қосымша A. Бұл заңнан басқа Қазақстанда стандарттау аумағында оған сәйкес шығарылатын заңнама актілері де реттеледі.


Мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) стандарттаудың мақсат және тапсырмаларын, стандарттау органдарының және қызметінің құрылысын, олардың құқығы және міндеттері, халық шаруашылығының барлық салаларындағы стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу әдістері және ұйымдастырылуы, әзірлеу тәртібі, рәсімдеу, келісім, қабылдау, басылымы, стандарттарды және басқа да нормативті – техникалық құжаттаманы енгізу, сонымен қатар олардың енуі мен бұзылмауын бақылауды анықтайтын өзара байланысқан ережелер мен жағдайлардың жинағы. Осылайша МСЖ ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәжірибелік стандарттау негізін халық шаруашылығының барлық буындарында анықтайды.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі келесі негізгі стандарттау мақсатттарын анықтайды:

  1. Техникалық прогрестің жеделтетуін, қоғамдық өндірістің және еңбектің өнімділік тиімділігін жоғарылату, ондағы инженерлік және басқарушылық, өнімнің сапасын жақсарту және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету;

  2. Өнімнің өндіру және жобалау аумағындағы мамандандырылуды дамыту үшін жағдай жасау; елді қорғау қажетттілігімен өнімге қойылатын байланыстыру талабын қамтамасыз ету; әлемдік нарықтың талаптарына жауап беретін жоғары сапалы тауарлар экспортының кең дамуы үшін жағдай жасау;

  3. Өндірістік қорды тиімді пайдалану және материалдық еңбек ресурстарын үнемдеу; халықаралық экономикалық және техникалық қарым – қатынасты дамыту; елдің денсаулығын сақтауға, жұмысшылардың еңбегін қорғауға және т.б. кепілдік беру.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін стандарттау алдына келесі мақсаттар қояды:

    • берілген өнімнің сапа көрсеткіштерінің комплексті стандарттау негізінде дайын өнім сапасына талаптар қою, сонымен қатар (оның дайындалуына қажет) шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға және жинақтаушы бұйымдарға;

    • алдыңғы қатардағы ғылым, техника және өндірістің деңгейіне сәйкес келетін және оның жобалануы, сериялық өндірісі және қолданылу (пайдалануы) кезеңіндегі қажетті сапалы дайын өнімді қалыптастыру үшін жағдай жасайтын стандарттар жүйесін әзірлеу;

    • өнімнің сапа көресеткіштерінің, бақылау және сынау әдіс - тәсілдерінің бірыңғай жүйесін, сонымен қатар бұйымның тағайындалуына қарай қажетті сенімділік деңгейін анықтау;

    • тиімді сапаны қамтамасыз ету және түрлердің, маркалардың және түр өлшемдердің ұтымсыз емес көп болуын болдырмау мақсатында өнімді жобалау және өндіру аумағындағы нормаларды, талаптарды және әдістерді бекіту;

    • мамандандырудың маңызды шарты және өндірістің үнемділігін қамтамасыз ету, өзара ауысымдылық деңгейін көтеру, пайдалану тиімділігі және бұйымдарды жөндеу ретінде өнеркәсіптік өнімнің бірыңғайлығын және машиналарды агргегаттауды дамыту; елде өлшеудің біртұтастығын және шүбәсіздігін қамтамасыз ету; физикалық шамалардың мемлекеттік эталондарының бірліктерін жетілдіру; сонымен қатар жоғары дәлдікті өлшеу әдіс-тәсілдері 1.11.1 – сұлбада көрсетілген.



1.11.1 - Сұлба - ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің қағидалы әдістемелік және ғылыми-техникалық негіздері.


Сонымен бірге келесі бекітулер қарастырылады:

    • құжаттандырудың бірыңғай жүйесі (ондағы басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолданылатын құжаттандырудың бірыңғайланған жүйесі) техника-экономикалық ақпараттының және өндіріс ұйымының жүйесін және еңбектің ғылыми ұйымының техникалық тәсілдерін топтастыру және қолдану жүйесі;

    • ғылым және техниканың маңызды салаларындағы бірыңғай терминдер мен белгілер, сонымен қатар халық шаруашылығының салаларында;

    • еңбек қауіпсізділігінің стандарттау жүйесі;

    • табиғатты қорғау аумағындағы және табиғат ресурстарын қолдануды жақсарту аумағындағы стандарттар жүйесі.

Жоғарыда аталған тапсырмалар жинақты және жоспарлы болу керек және стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлы жүргізілуіне қол жеткізу керек. Стандарттарды кезеңмен қайта қарастыруға негізделген және олардың ғылым, техника және өндіріс жетістіктерінің негізінде тұрақты жаңартылатын оның халық шаруашылық сипаты және динамизмі де мағынаға ие.
Стандарттаудың әдістемелік сұрақтары, оның ұйымдастырылуы және қызмет етуі мемлекеттік негіз салушы «ҚР Мемлекеттік стандартау жүйесі» стандартар кешенінде берілген.
Бұл кешен келесі құжаттарды қосады:

  1. ҚР СТ 1.0-2003 «ҚР МСЖ. Негізгі жағдайлар»

  2. ҚР СТ 1.3-2003 «ҚР МСЖ. Стандарттау және ұқсас қызмет түрлері»

  3. ҚР СТ 1.4-2004 «ҚР МСЖ. Әзірлеу, келісім, бекіту, және техникалық шарттарды мемлекеттік тіркеу тәртібі»

  4. ҚР СТ 1.1-2003 «ҚР МСЖ. Фирмалық стандарттар»

  5. ҚР СТ 1.5-2004 «ҚР МСЖ. Құрылымына, мазмұнына, баяндалуына және мазмұнына жалпы талаптар»

  6. ҚР СТ 1.10-2004 «ҚР МСЖ. Өнімді каталогтау. Негізгі жағдайлар»

  7. ҚР СТ 1.11-2004 «ҚР МСЖ. Өнімнің каталогты беттерін толтыру, ұсыну және есептеу мен сақтау тәртібі»

  8. ҚР СТ 1.14-2004 «ҚР МСЖ. Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары»

  9. ҚР СТ 1.16-2004 «ҚР МСЖ. Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың орындалуын, сертификаттау ережелерін және сертификатталған өнімдерді мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру тәртібі»

  10. ҚР СТ 1.18-2004 «ҚР МСЖ. Мемлекеттік қадағалау мен бақылау және оларды тапсыру тәртібінің нәтижесі бойынша жазбаша өкімнің түрлері»

  11. ҚР СТ 1.28-2002 «ҚР МСЖ. Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі жағдайлар»

  12. ҚР СТ 1014-2000 «ҚР МСЖ. Қызмет көрсету стандарты. Негізгі жағдайлар» ж.т.б. стандарттар, Қосымша Б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет