«Метрология»


Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамамасыз ететін триада



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі73 Kb.
#127359
1   2   3
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамамасыз ететін триада
(Триада обеспечения качества и безопасности продукции)
Қазіргі уақытта өнімдерге, дайын бұйымдарға сапамен қатар қауыпсіздік мәселесі қатар әрі қатаң қойылады.Бұл арнайы Техникалық реттеу заңында көрсетілген.
Мұндай қатаң талапты қамтамасыз ету бір бірімен үнемі тығыз байланыста болып келетін стандарттау, метрология және сертификаттау арқылы жүргізіледі.
Мәселен, компания белгілі бір бұйымды шығарды немесе шығарды делік.
- Шығарылатын өнімге (бұйымға) қойылатын талаптар мен ережелер (нормалар) тиісті стандарттарда көрсетіледі (белгіленеді).
- Бұл талаптар мен нормалардың дұрыс орындалғанын бақылап тексеру үшін олардың барлық параметрлерін, қасиеттерін өлшеу керек. Мұндай жұмыстарды (өлшеулерді) жүргізу метрологияға жүктелген.
Сертификация өлшеу нәтижелеріне (метрологияға) сүйене отырып тиісті стандарт талаптары мен нормаларының орындалғанын растаумен (куәландырумен) айналысады, яғни арнайы сертификат беру.



  1. Практикалық метрологияның міндеттері.

Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрологияның негізгі мәселелеріне:
· өлшеудің жалпы теориясы;
· физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
· өлшеудің әдістері мен құралдары;
· өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);
· өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);
· эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;
· эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.
Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.
Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету. Метрология – өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым. Өлшеу – тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады. Өлшем бірегейлігі – өлшем нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады. Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады. Заңдық метрология – метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі. Физикалық шама – сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сан жағынан әр объект үшін әртүрлі мәні бар қасиетті айтады.

  1. Метрологияның постулаттарының мағынасын түсіндіріңіз.

Өлшеу теориясы олардың алғашқы аксиомаларын сипаттайтын, постулаттар негізінде құрылады. Бүгінгі күні олар аяқталмаған, нақтыланып және толықтырылып отырады.
Бірінші α постулаты: зерттеу объектісінің қабылданған моделінің шеңберінде белгілі өлшенетін физикалық шама және оның шынайы мәні бар. Модель объектіге барабар болып танылғанша, өлшенетін шама мәнінің маңызы болады. Зерттеудің әр түрлі мақсаттары кезінде берілген объектімен әр түрлі модельдер салыстырылуы мүмкін, онда α постулатынан α1 салдары шығады: өлшеу объектісінің берілген физикалық шамасы үшін өлшенетін шамалар жиыны бар болады. Осыдан, объектінің өлшенетін қасиетіне оның моделінің қандай да бір параметрі сәйкес келу керек. Бұл параметр өзгермейтін болып саналу керек, әйтпесе өлшеу тексерілген бола алмайды. Көрсетілген факт екінші β постулатымен сипатталады: өлшенетін шаманың шынайы мәні тұрақты.
Айнымалы физикалық шаманы өлшеу үшін тұрақты параметрді таңдау немесе ерекшелеу және оны өлшеу керек. Жалпы жағдайда мұндай параметр қандай да бір функционалдың көмегімен енгізіледі. Мұндай тұрақты параметр-лердің мысалы орташа түзетілген немесе орташа квадраттық мәндер болып табылады. Берілген аспект β1 салдарында көрсетіледі: айнымалы физикалық шаманы өлшеу үшін оның тұрақты параметрін, яғни өлшенетін шаманы анықтау қажет. Өлшеу объектісінің математикалық моделі қасиеттердің толық сипаттамасын бермейді. Ол берілген есепті шешу үшін мәні бар, олардың кейбіреулерін белгілі жуықтау дәрежесімен сипаттайды.
Өлшенетін шама қабылданған модельдің параметрі ретінде анықталады, ал оның мәні өлшенетін шаманың шынайы мәні ретінде қабылданады, яғни объектінің қасиеттерін идеалдандыру болады, ол модель параметрі мен объекті-нің нақты қасиеті арасындағы сәйкессіздікті себептейді, бұл сәйкессіздік табалдырықты деп аталады. Табалдырықты сәйкессіздік ұғымының сипаты үшінші γ постулатымен анықталады: өлшенетін шаманың объектінің зерттеле-тін қасиетіне сәйкессіздігі бар болады. Сәйкессіздік өлшеудің қол жеткізетін дәлдігін шектейді. Өлшеулерді және өлшеу мақсатын нақтылауды объектінің моделін нақтылау үшін жүргізеді. Модельдің енгізілген параметрі табалдырық-ты сәйкессіздікпен анықталатын қателіктерге тең қателікпен өлшенуі мүмкін, яғни объектінің абсолюттік барабар моделін салу мүмкін емес және табалдырықты сәйкессіздікті жоюға болмайды. Осыдан γ1 салдары пайда болады: өлшенетін шаманың шынайы мәнін іздеп табу мүмкін емес.
Модельді априорлы ақпарат бар болған кезде салуға болады. Сонымен бірге ол неғұрлым артық болса, модель неғұрлым аса барабар болса, оның параметрі соғұрлым дәлірек болады, яғни априорлы ақпараттың ұлғаюы табалдырықты сәйкессіздікті өзгертеді. Бұл жағдай γ2 салдарында өрнектелген: өлшеудің қол жеткізілетін дәлдігі өлшеу объектісі туралы априорлы ақпаратпен анықталады.
Келтірілген постулаттар және олардың салдары өлшеудің теориялық іргетасын салу ұмтылыстарының бірі болып табылады, және де оларды соңғы инстанциядағы ақиқат деп санаудың керегі жоқ.

Тапсырма: ҚР метрология саласындағы нормативтік құжаттардың түрлерін және олардың талаптарының сипатын анықтау керек.


МҚЕ техникалық негізін мыналар құрайды:


- құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;
- республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшем құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;
- заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы.
ҚР МӨЖ нормативтік негізі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
4) мекемелер стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;
6) басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:
- шамалар бірліктері;
- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;
- өлешм құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;
- өлшем құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға қойылатын талаптар;
- өлшемдердің дәлдік нормалары;
- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау әдістемелері;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;
- өлшем құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.
МҚЕ нормативтік құжаттары:
- негізг, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;
- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет