«Метрология»


Метрологияның философиялық



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі73 Kb.
#127359
1   2   3
Метрологияның философиялық маңызы - өлшеулер объектілерді, физикалық құбылыстар мен үрдістерді танып білудің, сөйтіп игерудің кешенді әдісі болып табылады.
Метрологияның ғылыми маңызы – өлшеулер арқылы теория мен практаканың өзара байланысы жүзеге асырылады. Сондықтан өлшеулерсіз ғылымның дамуы, гылыми гипотезаларды тексеру, бағалау мүмкін емес.
Метрологияның техникалық маңызы - өнімнің сапасын қамтамасыз ету, яғни сапаны қамтамасыз ететін технологиялық процестерді бақылау, жетілдіру, басқару мен бағалау, сандық ақпарат алу мүмкін емес.
Метрологияның мақсаты - өлшенетін объектілер мен үрдістер туралы сандық ақпарат алу және бұл ақпарат белгілі бір дәлдікпен және нақтылықпен алынуы керек.
Метрологияның негізгі міндеттері:
- өлшеулер жүйесін бірлігін қамтамасыз ету;
- өлшеу бірліктерін бір жүйеге келтіріп, ол жүйенің заңдылығын, ғылыми тұрғыда дұрыстығын қамтамасыз ету;
- өлшеу бірліктерінің мөлшерлерін жұмыс өлшеу құралдарына беруді қамтамасыз ету.
Метрология ғылымы (пәні) бірін бірі толықтырып отыратын және бірімен бірі тығыз байланыста болатын үш бөлімнен тұрады.
Теориялық метрология өлшеу жұмыстарының іргелі мәселелерін зерттейді, атап айтқанда, физикалық шамалар жүйесін, эталондарды қалыптастыруды немесе бастапқы өлшеу құралдарын зерттеу. Өлшеу жұмыстарында болатын өрескел, жүйелі және кездейсоқ ауытқулар оларды болдырмау, болған жағдайда түзетулер енгізу арқылы ауытқулардың өлшеуге теріс әсерін барынша төмендету. Сонымен қатар, теориялық метрология жаңа өдшеу әдістерін әзірлеу, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын жетілдіру жұмыстарымен шұғылданады.
Заңдық метрология физикалық шамалардың бірліктеріне, эталондарға, өлшеу әдістері мен құралдарына қойылатын міндетті техникалық эәне заңдық (құқықтык) талаптарды белгілейді. Мұндай талаптар өлшеу жұмыстарының бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылады.
Қолданбалы метрология теориялық және заңдық метрология әзірлеген зерттеулердің нәтижелерін практикалых тәжрибелік жұмыстарда қолданылуымен шұғылданады.
Осылайша метрологияның үш бөлімі бірін бірі толықтырып, өлшеулердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз етіп отырулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет