Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі мынадай жасалатын жұмыс сипаттарының тұжырымын негізге алады:
1) Мемлекеттік мөлшер эталонының жүйесі
өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ету негізінде бірдей физикалық шаманың бар болуы болып табылады. Шама мағынасының шартты мағынасы қолданылатынын есте сақтау қажет. Адамдар жай ғана нақты бір уақытта ұзындық шамасы - метр, салмақ шамасы- килограмм, осылай басқа шамаларда келісіп алған. Адамдар арасындағы бұл келісім әлі толық жетпегендіктен, әлемде метрлік (әлемдік шама жүйесі) және дюймдік жүйе кең қолданылатынын дәлелдейді. Шама бірліктерінде бірізділік болмаған соң ол өндіріске, саудаға қолайсыз болған соң, көптеген мемлекеттер АҚІІІ, Англия, Қытай дюймдік жүйеден метрлік жүйеге көшуде.
Барлық мемлекеттерде мемлекеттік эталондар жасап, олардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік қызметтер бар.
«Шама бірліктері туралы» заңға сәйкес ұзындық бірліктерінің эталоны деп ұзындық шамасын сақтауда (қысқа немесе алыс мәндегі ұзындық бірліктері) және қайта дайындауда қолданылатын өлшеу құралдары болып табылады.
Аталған мақсаттарға қолданылатын барлық эталондарға қатысты бұл анықтама, ал нақтылай айтатын болсақ өлшеу құралдарын тексеру үшін қателіктерді табу.
Достарыңызбен бөлісу: |