«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған
- Абай(Ибраһим) Құнанбайұлы— ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
- Құнанбай - би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер.
- Зере – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы.
- Ұлжан - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы.
- Біржан сал — Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.
- Еркежан - Оспанның бәйбішесі. Сұлу, қылықты, мінезді, көзі ашық
- Ділда - Абайдың бірінші әйелі.
- Базаралы - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам.
- Шөже - шыншыл жыршы, ақын.
- Бөжей - Жігітек руының билеушісі
- Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл ару.
- Қуандық - ақын қыз
- Салтанат - Абайдың досы, ақын қыз,
- Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының аяулы үлгісі...
- Дәркембай - кедей жатақтардың бас көтерер адамы, намысшыл,
- Мәкен - Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа
- Ербол - Абайдың жан досы.
- Тәңірберген (Тәкежан) -Абайдың ағасы,Құнанбайдың үлкен баласы.
- Өскенбай Ырғызбайұлы - Абайдың атасы, тобықты руының атақты биі
Кітап кейіпкерлері
«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз.
Абай бейнесі
Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай - кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға.
Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай - жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар - жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы...
Достарыңызбен бөлісу: |