Интербелсенді оқу/оқыту студенттің өз тәжірибесі және өзге де студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Студенттер таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым- қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; -ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
ақпаратты жан-жақты талдау;
өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
-оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
басқа да балама пікірлерді ескеру;
шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
ортақ жұмысқа жұмыла білу;
басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;
студенттік топты ұжым ретінде қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |