М.ӘУезов атындағы оңТҮстік-қазақстан


Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады



бет11/45
Дата10.03.2022
өлшемі118,07 Kb.
#27509
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

  • – бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),

  • – жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,

  • – рөлдік және іскерлік ойындар,

  • – пікірталастар,

  • – ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),

  • – шығармашылық жұмыстар,

  • – кейс-стади,

  • презентациялар,

  • – компьютерлік оқыту бағдарламалары,

  • – тренингтер,

  • – интервью,

  • – сауалнама, т.б.

Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады [5, 49-52].

Қорыта келгенде, білім беру жүйесінде инновациялық оқыту технологиясын қолдану оқыту процесінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.Оқыту технологияларының қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шындай түскенде ғана жүзеге асады. Сондықтан, мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі сапалы білім және тәрбие алатынына сенімдіміз.
5. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Жоғары деңгейдегі мамандар даярлау, білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына 2001 ж. 5 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен ерекше мәртебе берілді. Олар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; С.Ж. Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті; Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық музыка академиясы.

Бұлармен қатар республикада 35 мемлекеттік жоғары оқу орны бар. Олар: Ақмола мемлекеттік медициналық академиясы, Ақмола аграрлық университеті, Ақтау мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік университеті, Алматы технол. университеті, Атырау мұнай және газ институты, Атырау университеті, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Жезқазған университеті, Жетісу мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы, Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды металлургия институты, Көкшетау мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік университеті, Қызылорда мемлекеттік университеті, халықаралық қазақалатүрік университеті, Павлодар мемлекеттік университеті, Рудный индустр иялық институты, Солт. Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік медицина академиясы, Семей мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. ҚР Қорғаныс мин-нің әскери оқу орындары Қазақстанның Қарулы Күштері үшін командалық, инж.-техникалық және арнаулы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатын көздейді.

ҚР әскери оқу орындарына: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиац. училищесі, Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери ф-т, ҚР Қорғаныс мин-нің кадет корпусы, “Жас ұлан” республикалық мектебі, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардағы офицерлер құрамын даярлау және қайта даярлау курстары жатады. Алғашқы мемлекеттік емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана пайда болды.

Өзінің он жылдық дамуы барысында жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік емес секторы жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға мемлекеттік лицензия алған 121 мемлекеттік емес жоғары оқу орны болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет