М.ӘУезов еңбектеріндегі дәСТҮр мен жаңашылдық



бет3/5
Дата01.10.2022
өлшемі11,99 Mb.
#41046
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 дәріс

«Түнгі сарын» (1934)
«Тастүлек» (1935)
«Алма бағында» (1937)
«Шекарада» (1938)
Әуезов М. Өскен өркен: Роман-Алматы: Жалын,1977-264 б.
«Өскен өркен»-Мұхат Әуезовтың ең соңғы романы. Өз халқының роволюцияға дейінгі өткен өмірінен «Абай жолы» сынды төрт томдық эпопея жазып, ұлы ағартушы Абай есімін әлемге мәшһүр еткен жазушы қазақ халқының революциядан кейінгі өміріне, советтік жаңа заман тақырыбына арнап, құлашы кең жаңа эпопея жазу ниетінде болды. «Өскен өркен» – жазушы жоспарлап жүрген осы көп томдық еңбектің бір кітабы ғана.
М.О.Әуезов және қазіргі заман әдебиеті-Алматы:Арда, 2009.-488 б.
Бұл кітапта ұлы жазушының көркем сөздегі өміршең дәстүрі қазіргі қазақ әдебиетімен жан-жақты байланыстырыла отырып, әр қырынан нақты талданады. М.Әуезовтің көпшілікке белгілі көркем шығармаларының жазылу тарихы, эпикалық баяндау үрдістеріндегі табиғат пен тұлға мәселесі, әдеби байланыстар, ұлт тәуелсіздігі мен текстологиялық ұстанымдары және қазіргі қазақ прозасындағы дәстүр жалғастығы жаңа қырынан талданған.
М.Әуезов шығармашылығындағы этномәдени дәстүрлер,- Алматы: «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы, 2004-210 б.
Ұжымдық жинақта ұлы жазушы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтің аса бай, сан салалы ғылыми, мәдени мұрасы жаңа көзқараспен пайымдалады. Еліміз егемендік алған кезеңнен бастап барлық мәдени қазына уақыт тудырған соны талаптарға сәйкес қайта қолға алынып, зерттеле бастады.
Драмалық шығармаларының бірқатары
Айман -Шолпан
Еңлік Кебек
Бекет
Абай

Қазақтың тұңғыш музыкалық театрының шымылдығы «Айман – Шолпан» комедиясымен ашылды. Пьесадағы сюжет жыр сюжетінің негізінен ауытқымайды. Драматург тартысты тереңдетіп, образдарды айқындап, идеяны ұштап, жаңа бояулар, соны өрнектер қосқан. Пьесадағы 17 кейіпкердің жетеуі жырда бар, өзгелерін автор қиялы, шығармашылық мақсат тудырған.

Бекет батыр тарихи жыр аталғанымен, фольклорлық шығарманың синкреттілігін бойына сіңірген. Онда лиро-эпостың, балладаның, лирикалық және тұрмыс-салт өлеңдерінің нышандары да ұшырасады. Әуезов 1942 жылы осы жыр негізінде 4 актілі драма жазды.


«Абай»-1939 ж. М.Әуезов пен Л.Соболев бірігіп жазған 4 актілі 7 суретті трагедия. Пьеса алғаш рет 1940 ж. 30 қазанда қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылды. (режиссері - А. Тоқпанов, суретшілері - Э.Чарномский, Қ. Қожықов). 1950, 1960 ж. қазақ тілінде, 1941, 1944, 1948 ж. орыс тілінде жарияланған. Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейінің мұрағатында «Абай» трагедиясының үш түрлі нұсқасы сақтаулы тұр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет