Мезолит кезеңі адамзаттың жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленді. Бұл кезде адамдар Еуразияның қиыр шығысы мен Америка құрлығын игере бастады



бет3/5
Дата06.10.2023
өлшемі125,24 Kb.
#113208
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.2.Орта тас ғасыры (Мезолит)

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1.Мезолит заманының басты жаңалықтарының бірі:
Жауабы: Садақ пен жебенің жасалуы.
2.Мезолит кезеңіндегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі:
Жауабы: Аңшылық.
3.Малда қолға үйрету басталған кезең:
Жауабы: Мезолит.
4.Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір:
Жауабы: Мезолит.
5.Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай:
Жауабы: Терімшіліктің дамуы.
6.Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:
Жауабы: Жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдарды өсіру.
7.Алғашқы егіншілердің егін оратын қарапайым құралы:
Жауабы: Тас орақ.
8.Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы:
Жауабы: Тесе.
9.Бумеранг қай ғасырға жатады?
Жауабы: Мезолит.
10. Мезолит дәуірінде домалақ ұштары бар садақтарды не үшін пайдаланды?
Жауабы:Терісі бағалы андарды аулау үшін.
11. Мезолит заманында аңды алыстан аулауға мүмкіндік берген қару түрі:
Жауабы:Жебелі садақ
12. Уланған немесе өртегiш жебелер пайдаланылды:
Жауабы: Мезолитте.
13. Мезолиттік аңшылар мекендеді:
Жауабы: Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауын
14. Егіншіліктің пайда болған мерзімі:
Жауабы:10 мың жыл бұрын

Мезолит кезеңінің баспанасы:
-Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырды. Мезолит заманының адамдары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Адамдар бір тұрақта тек бір немесе екі маусым тұрақтайтын.
-Жоғарыда айтқандай Б.з.б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады. Адамдар тұрақсыз болғандықтан, Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырыла құрылып, үстінен аң терісі жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет