ҰБТ СҰРАҚТАРЫ: 1. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылған өзен аңғары:
Жауабы: Есіл. 2.Мезолит заманы тұрғындарының өмір сүру үрдісі қалай болды?
Жауабы: Үнемі жайын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді.
Мезолит кезеңінің тұрақтары: -Жалпы Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған. Бірақ мезолит заманының тұрақтарының аз кездесуі сол дәуірде Қазақстан жерін мекендеген адамдардың аздығын білдірмейді.
-Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948-інші жылы археолог Александр Формозов ашты. Кейінірек 1970-1980-інші жылдары ғалымдар Виктор Зайберт, Виктор Логвин, Гиндиндер археологиялық зерттеулер жүргізді.
-Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақ белгілі. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: - Евгеньевка, Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2;
-Көкшетауда – Виноградовка;
-Қостанай маңында – Дачная;
-Атбасар өңірінен табылған -Тельман;
-Торғай өңірінде – Дүзбай-6 тұрақтары;
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН: -Маңғыстауда – Қызылсу;
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: -Қарағандыда – Әкімбек, Қарағанды-15;
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ: 1. Мезолит дәуірінің тұрақтары:
Жауабы:Тельман, Әкімбек, Виноградовка, Дүзбай, Қызылсу 2. Солтүстік Қазақстанда Мезолит дәуіріне жататын тұрақтар:
Жауабы: Мичурин, Боголюбово, Явленка 3.Мезолит дәуіріне жататын Атбасар маңынан табылған тұрақ
Жауабы:Тельман 4.Қазақстан аумағында табылған мезолиттік тұрақтар саны:
Жауабы: 20-дан астам. 5. Қазақстан жеріндегі тас дәуірінің ескерткіштері аз табылған кезеңіне жататын:
Жауабы: Мезолит.
Мезолит кезеңінің еңбек құралдары: -Мезолит заманының үлкен жаңалығы микролиттер болды, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тас дегенді білдіреді. Адамдар сүйектен, мүйізден құралдар жасауды үйренді. Сүйек пен мүйізден садақ жебелері, балық аулайтын түрлі шанышқылар, қармақ ұштары, біз, тебен инелер жасалды.