2) Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтартарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзатқоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған
Кезеңдері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
Палеолит[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.
1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.
а) Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.
ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.
б) Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.
2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.
Мезолит[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мезолит (орта тас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.
Неолит[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады
Ерекшелігі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.
Ертедегі тас дәуірі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашельге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғышарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың қазіргі адам түріне айналу кезеңімен тұспа-тұс келді.