МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі


-топ сендер орындаған жаттығуларыңда еңбек туралы айтылады. Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер,  дәптерлеріңе жазыңдар. 2-топ



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

1-топ сендер орындаған жаттығуларыңда еңбек туралы айтылады. Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер, 

дәптерлеріңе жазыңдар.



2-топ. Сендер жабайы қояндар мен үй қояндарының қандай айырмашылығы бар екенін естеріңе түсіріп Венн 

диаграммасы арқылы салыстырыңдар.



3-топ. Сендер спорт тақырыбын әңгіме еттіңдер. Олай болса «Спорт денсаулық кепілі» атты тақырыпта эссе жазыңдар.

Сергіту сәті

Электронды оқулықтан бейне ролик көрсетіледі.

Бейне роликтің ішінен «не істеді?, не қылды?,қайтты?» деген сұраққа жауап беретін сөздер жазыңдаршы.

4-жаттығу.

- Негізгі етістік болу үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр?



Шашпа, шықшы, таста, аса, оқы, тоқта, шоқы.

!  Ал кейбір болымды етістіктер де –ма, -ме, -ба, -бе буындарына аяқталады.

Мысалы: жама, қама, күрме, серме. 

III. Қорытынды.

-Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды?  (Оқушылардың ойын  сұрап, сыныппен ақылдасып  тақырыпты 

табамыз.


Бағалау.

 Топбасшыларының өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқандығын бағала

Белсенділігін бағала

Мұғалімнің бағалауы

1

2



3

4

5



6

7

8



 Үйге тапсырма. 5-жаттығу. 

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БИ ӨНЕРІ

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедұлы атындағы 

орта мектебі Саз пәні мұғалімі Қанатқали  Талғат Қуанғалиұлы

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық би өнері

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға халқымыздың ұлттық би өнері туралы түсінік беру.

  2.Дамытушылық:Қазақтың ұлттық би өнері және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың би

өнерімен таныстыра отырып,биге, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

 3.Тәрбиелік: Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық би өнерінің көркем эстетикалық тұстарын

тереңірек талдау арқылы оқушыларға өз отанынының нағыз азаматы болуға баулып,оның ұлттық көзқарасымен санасын 

ояту.


Көрнекілігі: Интерактивті тақтаны пайдалану.Сырнай,музыкалық  аппаратура,компазитордың суреттері.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,білім дағдысына қалыптастыру.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі.  2) Әуенді тап ойынымен өткен тоқсанда өтілген әндерді қайталау.  

1) И.Нүсіпбаевтың әні   ( Домбырасыз сән қайда)

2) Сегіз серінің әні ( Ақбақай)

3) Е.Хасанғалиев әні ( Анаға сәлем )

4) М.Омаров әні ( Анашым)

5) Е.Хасанғалиев әні( Атамекен)

6) Абайдың әні ( Көзімнің қарасы)

I.Жаңа сабақ.Қазақтың ұлттық би өнері.



Сабақтың жоспары:

         1.Халық өнерінің бір түрі –би.

         2.Қазақтың ұлттық би өнерінің иесі-Шара Жиенқұлова

         3.И.Нүсіпбаевтың әні «Биші болам өскенде»-әнін үйрену.

1.Халық өнерінің бір түрі-би. 

  Би-музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі.Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып,күні 

бүгінге дейін өркендеп келеді.Би өнері халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне,салт-дәстүріне байланысты туындаған.

    Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда,ертегілерде,

батырлар жырларында айтылып отырады.Белгілі музыкалық шығармалар,күй әуендері биді сүйемелдеу үшін 

пайдаланылған.Мысалы: «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қаз қатар», «Насыбайшы», «Құсбегі-дауылпаз», «Аю-би», «Киіз 

басу», «Өрмек тоқу», «Аққу», «Ортеке» және т.б.билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.

2.Ән үйрену:    Биші болам өскенде  Әні:И.Нүсіпбаев    Өлеңі:Х.Талғаров

1.Ақ көйлегім үстімде,

Би Билесем «Айгөлек»

Қой демейді ешкімде,

Шаршамаймын дөңгелеп.

2.Достарым бар қуанып,



Тамашалар кештерде.

Тал шыбықтай бұлалып,

Биші болам өскенде.

3. Сабақты бекіту.  Топтастыру

4. Сергіту сәті. Қаражорға биін билеу. 

5.Оқушыларды бағалау.  

6.Үйге тапсырма. Қазақстанның бишілері туралы мәліметтерді ізденіп, қосымша оқу.

                  Қазақтың ұлттық би өнері оқу, «Биші бола өскенде»-әнін жаттау.

* * * * *

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ақтөбе облысы Мәртөк  ауданы Ақмоласай негізгі мектебінің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қаржауова Нұрлықыз

Қазіргі таңда оқушыларға білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін ұстаздар қауымына үйрету

мақсатында ұйымдастырылған « Өрлеу курсы» бойынша дәріс алып, оқушыларға білім беруде

тәжірибемізде қолдану басты мақсатымыз. Жеті модульді ұстана  отырып, бағдарламаның екінші

кезеңінде   мектептегі практикадағы байқаған өзгерістерді өзімнің іс-тәжірибемде үнемі енгізіп

отырсам , оқушыларым үлкен жетістіктерге  жетеді деп ойлаймын. Кембридж әдіс-тәсілдерінің

жеті модульін ұстана отырып, болашақта Қазақстанның ертеңі-жас ұрпақ екенін ескере отырып,

білімді, өмірге бейімді, бәсекеге қабілетті, дарынды, белсенді ұрпақ оқытып, тәрбиелеуге өзімнің кішкентай болса да 

үлесімді қосамын деп ойлаймын.Құрметті әріптестер орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен орта мерзімді және қысқа 

мерзімді сабақ жоспарларын ұсынып отырмын.

 Күнтізбелік – тақырыптық жоспар 2013-2014 оқу жылында  Қазақстан Республикасының орта  білім беру ұйымдарында 

оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік 

жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 

жылғы3 сәуірдегі  №115 бұйрығымен бекітілген  оқу бағдарламалары негізінде құрастырылды

        Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 5-сыныпта 4 

сағат, жылына 136 сағат оқытылады.

Оқулық авторы:  - Т.М.Артыкова,Ж.Н.Қыстаубаева,  - Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова. Алматы «Атамұра» 2010 жыл

Қазақ тілі пәнінен орта мерзімді жоспар

№ Тақырып

Негізгі 

мақсаты

Жұмыс істеу 

формалары

Оқып 

үйренудің 

нәтижесі

Барлық 

оқушыларды 

сабаққа тарту

Бағалау

Негізгі 

ресурста

р

Жалпы мақсат

Жаһандану заманының талабына сай, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, 

балаға сапалы да саналы білім беру, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын, АКТ-ны кеңінен 

қолдану мүмкіндіктерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, ауызекі сөйлеу тәсілін қолдану

арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтық қарым – қатынас жүйесін 

дамыту.

1

.



Үндестік 

заңы


Грамма- 

тикалық 


құрылым- 

ның жаса лу 

жолын 

түсіндіру, 



үндестік 

заңының 


түрлерін 

ажырата 


білуге 

үйретуұйымш

ыл дыққа 

тәрбиелеу 

сыни 

тұрғыдан 



ойлауды 

дамыту.


 Миға шабуыл, 

топпен, жұппен 

жұмыс, 

,сөздікпен 



жұмыс,

Топ ережесін 

құруды үй- 

ренеді, бірін- 

бірі тыңдайды, 

ынтымақ- 

тастық 

атмосфера- сын



қалып- 

тастырады

Өзін-өзі реттеуі 

қалыптаса- ды

Сөздік қоры 

молаяды


Сыни 

тұрғыдан 

ойлауға үйрету

АКТ-ды 


пайдалану 

Өзін-өзі 

бағалау

Табыс 


өлшем- 

дері 


туралы 

түсінік 


беру, оны 

қолдануға 

ықпал 

жасау.


Флейвел

(1976), 


Выготски

й (1978)


CD

Сөздік, 


грамм. 

Кесте.


2

.

Менің 



отбасым

Грамма- 


тикалық 

құрылым- ды 

ауыз- екі 

сөйлеуде 

қолдана білуді

үйрету. Сөздік

қорын 

дамыту, жаңа 



тәсілдерді 

пайдалану 

арқылы 

оқушы- ның  



сабаққа  

ынтасын, 

қызығу- 

топпен жұмыс. 

ДЖИГСО 

әдісі,диалог  



постер құру 

«сұрақ лақтыру» 

әдісі,диалог

 Топ ереже- сіне

бағы-нады, 

өзара келісімге 

келуге 

дағдылана- ды, 



сөздік қоры 

қалыптаса- ды

Диалог АКТ- 

ды пайдалану 

Сыни 

тұрғыдан ой- 



лауға үйрету 

Оқытуды бас- 

қару және 

көшбасшылық 

Талантты және

дарынды 


балаларды 

оқыту.


Өзін-өзі 

бағалау


Критерий 

бойынша 


бірін-бірі 

бағалайды

Нұсқаулы

қ Оқыту 


мен оқуда

АКТ-ны 


қолдану

шылығын 

арттыру.


3

.

Отбасында



ғы 

дәстүрлер

Диалогтік 

оқыту арқылы

мәтіннің 

мағынасын 

ашу ,сурет 

арқылы тілін 

дамыту, 

жауапкер- 

шілігін 

арттырып ой 

белсен- 

ділігін 


шыңдау

Сұрақ қою, оның 

дұрыс қойылуын 

түсіну, «Ыстық 

орындық» 

әдісі,Джигсо,суре

тті сөйлету

Өз сөздерімен 

тақырыпқа 

байланысты 

әңгімелей  

біледі.Сөйлемд

егі сөздердің 

орын тәртібін  

дұрыс қолдана 

біледі, . Өз 

түсінгенін еркін

жеткізе отырып,

өзгені 

тыңдайды.



Оқушылар- 

дың жас 


ерекшелікте- 

ріне сәйкес 

оқыту және 

оқу АКТ-ны 

пайдалану 

Сыни 


тұрғыдан 

ойлауға үйрету

Талантты және

дарынды 


балаларды 

оқыту.


Бағалауды 

түсінеді, 

ойлауға 

дағдылана

ды өзіндік 

жеке және 

топтық 

бағалауды 



іске асыра 

ды

Александ



ер (2004),

Мерсер 


мен 

Литлон-


(2007)

4

.



Біздің үй

Сыни 


тұрғыдан 

ойлау арқылы 

топпен жұмыс

істеуге, 

ойларын еркін

жеткізуге 

үйрету 

шығар- машы-



лық  қабілетін

шыңдау           

Тренинг, топпен 

жұмыс,,жұппен 

жұмыс, «Қара-

оқы-жап-жаз-

айт»әдісі,рөлдік 

ойындар


Рөлдік ойында 

шығармашылық

қабілетін 

дамытады,сөз 

мағынасын 

талдайды,мазмұ

ндама жазуға 

үйренеді.

Сыни 

тұрғыдан 



ойлауға      

үйрету АКТ- 

ды пайдалану 

Талантты және

дарынды 

балаларды 

оқыту 

Оқушылар дың



жас 

ерекшелікте 

ріне сәйкес 

оқыту және 

оқу 

Диалог


Табыс 

өлшемдері

н құру 

арқылы 


бірін- бірі 

бағалайды

Wolfe and 

Alexander

(2008)

Апта

Күні


Сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

Аялдамада.

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар қазақ тілі 5 класс Т.М. Артыкова, Ж.Н. Кыстаубаева, Л.З. Бисенова, 

Н.Ж. Сагирова.Ғаламтордан алынған бейнефильм.

Мақсаты:


Мәтіннің идеясымен мағынасын аша білуге мүмкіндік жасау, өмірмен 

байланыстыру.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.Топпен,жұппен жұмыс істеуге 

дағдыландыру.

Оқытудың нәтижесі:

Өзін-өзі реттей алады. 

Топпен жұмыс жасай біледі.

Топ ережесіне бағынады.

АКТ-ны қолдануды біледі.

Бір-бірін бағалауға үйренеді.

Ресурстар

Интербелсенді тақта, ақ қағаз, стикерлер, бағалау қағазы,маркер.

Сергіту-тренинг:

Шаттық шеңбері арқылы сергіту.

Топтарға бөлу:

Түстер арқылы.

Сабақ бөлімдері

Мұғалімнің әрекеті Оқушы әрекеті



Қызығушылығын ояту

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Бір - біріне тілек айту арқылы

сыныпта психологиялық ахуалды

көтеру;

Ә) Түстер арқылы топқа бөлу.



Б)бағалау парақтарынтаратып, 

бағалауды түсіндіру.

В) Миға шабуыл.Ғаламтордан алынған

бейнефильм.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы

орнайды.


Топқа бөлінеді.

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, тақырыпты 

ашады.

Мағынаны ажырату

"Джиксо" әдісі.

Түсінгендерін постерге түсіріп, қорғау.

11- беттегі мәтіндермен жұмыс. Оқушылар 

мәтіннің мағынасын ажыратады.

Тапсырмалар

1.Жұптық жұмыс өткізу.

2.Топтық жұмыс. 

3.Диалог.

1.Мәтінді аудару.

2.Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрайды.

3.Оқушылар сұрақ қояды,жауап береді.

Бағалау

Топтар бірін бірі бағалайды, критерий 

бойынша қайта бағалау

Рефлексия

Екі жұлдыз,бір тілек 

Оқушылар сабақтан алған әсерін жазады.

Үйге тапсырма: 

1-ші модульдің материалдарын 

қайталап,бақылау жұмысына 

дайындалу.Оқулықта берілген тестті  

орындау.


Апта

Күні

Сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

Үндестік заңы

Менің   отбасым

Сілтеме:


Күнтізбелік жоспар қазақ тілі 5 класс Т.М. Артыкова, Ж.Н. Кыстаубаева, Л.З. Бисенова, 

Н.Ж. Сагирова

Мақсаты:

Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, 

сабақты әрі қызықты, әрі жүйелі етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру.

Оқытудың нәтижесі:

Өзгеріс болған жағдайда сыныпта не болғанын бағалау.                                  Бір – біріне 

деген ұжымдық қарым – қатынасын анықтау.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау.

Оқушы белсенділігін анықтау.

Сергіту сәті

Есіміне сын есім қосып атайды

Ресурстар

Интербелсенді тақта, ақ қағаз, стикерлер, бағалау қағазы.

Топтарға бөлу:

Түрлі-түстер арқылы.

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу, оқу құралдарын даярлау, сабаққа назар аудару)

Сыныпты түрлі-түсті стикерарқылы үш топқа бөлу,бағалау парақтарын тарату.

Миға шабуыл

Джигсо әдісі бойынша

Жаңасабақты түсіндіру

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

Адасқан әріптер.(тақырыпты ашу)

Топ бір-біріне түсіндіреді.

Тапсырмалармен жұмыс (1-4) Қосымшаларды дұрыс тауып жалғап қандай үндестік 

екеніні айту.(жұппен жұмыс). 

Мәтінмен жұмыс (оқулықта №3, №6 тапсырма)

Бағалау

Әр оқушы өзінің жұмысын  парақшаға белгілейді.



Үйге тапсырма

 Ереже 14 бет. Сөздік 13 бет, үндестік заңына 6 сөз жазып келу



«ӨЛКЕ ТАРИХЫ – ҰРПАҚҚА МҰРА»

Авторлық қолданбалы курс бағдарламасы 

Жалпы орта білім  беретін мектептің 7–8сыныптарына арналған

Еңбекші орта мектебінің жоғары санатты  тарих пәнінің мұғалімі Мадирова Болдыхан Тілепқызы

Түсінік хат

«Тарих – адамзаттық одан қала берді әр халықтың өткенінің тәжірибесін 

жинақтап, жақсысынан  үлгі, жаманынан сабақ алатын ұлы мектеп».     Н.Ә.Назарбаев 

Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам тұжырымдамасы. Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды

қамтамасыз ететін ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР мемлекеттік

саясатын жүзеге асырудың жаңаша құрылған, ұйымдастырушылық негізі болып отыр. Бағдарламаның басты мақсаты:

Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,

білімнің   бәсекеге  қабілеттілігін   арттыру.   ҚР   президенті   Н.Ә.Назарбаев   тарихтың   маңызы   туралы   «өркениетті   алға

бастырар   ғылым   десек,   соның   бірден   –   бір   саласы   жас   ұрпақты   дәл   тарихтай   отаншылдыққа,   әділдікке   тәрбиелей

алмайды» Отансүйгіш елжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім

беру   жүйесіндегі   Отан   тарихын   оқытуды   «Өлкетану»   пәні   арқылы   бекітетін   болсақ,   оқушының   тарихи   санасы

қалыптасумен патриоттық сана-сезімі арта түсер еді. Себебі «Өзгені тану үшін алдымен өзінді тани біл» деген жалпы

адамзаттық   қағиданы   басшылыққа   ала   отырып,   Қазақстан   мектептерінде   «Өлкетану»   пәнін   енгізіп,   оқыту   –   Отан

тарихын өлке тарихы арқылы тануға  негіз  болар еді.  Сондықтан  осы өзекті  мәселе  менің бағдарламамның басты

мақсатына айналып отыр. 

Бағдарламаның мазмұндық құрылымы:

Бағыты: гуманитарлық  Бағдары: тарих  Тақырыбы: Өлке - тарихы ұрпаққа мұра                     

Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе, іскерлікті игере отырып, мектептегі өзекті мәселелердің бірі-өлкетану жұмысын

ұйымдастырудың жолдарын айқындап, бір жүйеге келтіру де тарихшы ұстаздардың үлесіне тиіп отыр.

           «Өмір – кіндік қан тамған жерден басталады» десек, балалардың туған жер тарихынан білімдерінің олқы қалып

жатқаны жасырын емес. Егер әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір – қасиетін ұққанда, өткен жолын, рухын,

тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде елдің басын біріктірген тарихи тұлғалардың жат

жұрттан жерін, суын, даласын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға,

халқына деген мақтаныш сезімі оянады. Бүгінгі өзі басып жүрген топырақтың қадір – қасиетін жете түсініп ата – баба

рухына бас иетін болады. 

Өзіміздің өлке тарихына байланысты зерттелмей, тарихи айналымға енгізілмей отырған мәселелер өте көп. Солардың

бірі – аудандарға қарасты ауылдар тарихы. Құрманғазы ауданы ғасырлар қойнауының тұңғиық  тереңіне шежіре сырын

бай   тарихын   сақтаған   кең   байтақ   Қазақстанның   асқақ   қазыналы   өңірлерінің   бірі   саналады.   Халқымыздың   ерлікке

бастаған ұлы күрес жолын күй тілінде сөйлетіп, асқақ шығармаларды тудырған талант иелерін өмірге әкелген қасиетті

топырақ.


      Белгілі біреудің, отанның тарихын оқулықтардан, оқып білуге болады. Ал өз ауылыңның тарихын қайдан білмексің?

Ол туралы оқулықта айтылмаған,  әдебиеттерде жоқ. Сондықтан авторлық бағдарламам тақырыбын «Өлке тарихы –

ұрпаққа  мұра деп  алдым».

           Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі – мектеп қабырғасында

қабілеті анықталған жастардың талаптарын  дамыту» керек екені айтылған.

Осы   орайда     «Өлке   тарихы   –   ұрпаққа   мұра»   таңдау   курсын   жүргізудің   тарих   пәні   бойынша   болашақта   білімін

жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор. 


«Өлке тарихы – ұрпаққа мұра» бағдарлы курсының мақсаты мен міндеті:

Мақсаты:  Ұлан – ғайыр қазақ даласында туған өлкеміздің өз орны, өз тарихы бар екендігін түсіндіру. Құрманғазы 

өлкесі – бәріміз үшін де қасиетті мекен, қастерлі топырақ. Әрбір азамат оның тарихы әдебиеті мен мәдениетін, ең 

бастысы, адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне, келешегін қорғай білгені абзал. Өлке тарихын елдік, ерлік 

дәстүрін ұрпақ санасына сіңіре білуі қажет. Сабақ барысында оқушыларға құжаттарды оқыту арқылы елінің тарихын 

жете түсінуге, өзіндік баға беруге үйрету. Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, қосымша деректерді пайдалана 

отырып рефераттар, тірек – схемалар, ғылыми мақалалар жазуға үйрету. Еңбексүйгіштікке, халқының ұлы тұлғаларын 

құрметтеуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

1) Оқушылардың таным қызметін дамыту және тарихи сананы қалыптастыру,

2) Оқушылардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлке тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өлке тарихының

беймәлім тұстарын зерделеу білуге, ізденіс жұмыстарына баулу. 



Міндеттері:

1)Оқушылардың тарихи біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, 2) Оқу үрдісінің сапасын  арттыру, 3) Өзіндік ізденіске,

шығармашылыққа баулу және жетелеу  

1.Өлке тарихы жайлы жаңа мағлұматтар беру және тереңдету.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту қосымша деректерді пайдалану арқылы  ой – өрісін дамыту.

3.Пікір алмасу қабілеттерін арттыру, өлке тарихына деген сүйіспеншілігін оятып, қызығушылығын арттыру.

4.Өзіндік ізденіс шығармашылыққа жетелеу.

Бұл курс аптасына бір рет, барлығы – 34 сағатқа жоспарланған курс сабақтары әр түрде өткізіледі:

Саяхат сабақ, шығармашылық ізденіс сабағы, ескерткіштерді зерттеу, семинар сабақ, т.б.

Өлке тарихын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған. Оқыту оқушы түсінігіне жақын және

лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт – бағдар беріп өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша

әдебиеттер ұсынылады. 



Пән аралық кіріктіру: тарих, әдебиет, география, биология

Кәсіпке бағдарлау: өлке экономикасына қажетті мамандықтарға баулу.

Курсты ұйымдастыру формалары: 

Баспасөз конференциясы, дебат, тарихи орындарға саяхат, дөңгелек стол, кездесу, презентация жасау, т.б.   



Курсты аяқтау формасы: реферат, баяндама, жоба қорғау.

Оқушылар   үшін   жаңалық   дәрежесі:  бағдарлама   базалық   жалпы   білім   беретін   пәндердің   оқу   бағдарламаларында

берілмеген өлке тарихы жайлы білімдерді қамтиды.



Бағдарламаның   жаңашылдығы:  Осы   өлкенің   аяулы   азаматтары   жөнінде   материалдардың   жалпы   білім   беру

бағдарламаларында берілмеуі немесе аз қамтылуына байланысты осы курста оқытылуы.   



Күтілетін нәтиже:  «Өлке тарихы – ұрпаққа мұра» бағдарлы курсы бойынша жеке тұлға төмендегі білімді меңгеріп

шығулары керек. Қиын қыстау кезеңде жазықсыз жазаланған қуғын – сүргін құрбандары, Еңбекшіліктердің Ұлы Отан

соғысы   жылдарындағы   майдандағы   ерліктері,   тылдағы   ерен   еңбегі,   Қошалақ   топырағында   дүниеге   келген   біртуар

перзенттердің   ғұмырнамасы,   әдеби   мұраларын   терең   оқытуға,   ауған   жерінде   интернационалдық   борышын   өтеуде

қыршын кеткен жерлестеріміздің ерлік істерін, туған өлке жер – су   атаулары тарихын терең оқып білуге, ой – өрісін

кеңейтуге негізделген.



Негізгі тұжырымдама:           

1.Мектепте тарихи – өлкетану жұмысын жүргізу;

2.Өлке тарихын,Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;

3.Оқушыны өзіндік іс – әрекет жасауға үйрету, ой – өрісін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет