Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас нәтижесі



Дата27.06.2023
өлшемі41,49 Kb.
#103601

Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас нәтижесі
Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1.Мұғалім-басшы. Оның «беделі» - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады. 2.Мұғалім – компьютер. Оның «беделі» - белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады. 3.Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі» - қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 4.Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі» - әйгілілік. Оқушылардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерт-

телінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі: 1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады. 2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес. 3.Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;


-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
-қарым-қатынаста мұғалімнің – оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі; -сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.
Мысалы, класс жетекші және орыс тілі мұғалімі ретінде 8-А класс ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі. Сонда да сол класты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы жеке тұлғалар – лидерлер – бар. Атап айтсақ, Карибаев Ерғазы, Құрмаш Бексұлтан, Айтбекова Жансая, Нұрлаби Талшын. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты ұйымдастырып, білім мен тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек көрсетеді.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1.Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, оқып-үйренгенде, яғни әр мұғалім психологиялық тұрғыдан білімді болғанда, жетістікке жетері анық. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары болады:
1. Оқып үйрену

2. Тәжірибе алмасу.


3. Әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдану.
4. Әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану керектігін білу.
5. Ерік жігерді талап ету.
6. Үлгі алу.
7. Көңілге ықыласпен тоқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет