Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Мұғалім мен тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Тапсырма 1.Мұғалімге қажетті кәсіби-маңызды қасиеттердің қайсысы сізде көп кездесетіні туралы жазып көріңіз.
Орындаған: Шарбаев Е.Е.
Тексерген: Жұбанова Д.О.
Алматы,2022ж
Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі, кәсіби мәдениеті.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі
Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет — адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет — қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз).
Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:
танымдық қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);
зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі);
коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері);
білім берушілік {басқаларға білім беру процесі);
— өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады,
Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде:
ойын;
қарым-қатынас;
еңбек;
оқу қарастырылаады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |